Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Психиатрия kaz,,, - копия.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24 Мб
Скачать
☆

Этиологиясы және патогенезі.

Инфекциялық психоз кезіндегі клиникалық көріністер науқастың жеке ерекшеліктеріне, оның экзогендік зияндылықтарға жауап беру қабілетіне байланысты.

Әртүрлі инфекциялық аурулар кезінде психикалық бұзылыстардың патогенезі бірдей емес.Жедел инфекция кезінде нейрондардың дегенеративті өзгерістерімен жүретін психикалық энцефалопатия көрінісі байқалады: созылмалы инфекциялар кезінде гемо - және ликвородинамика бұзылыстарымен жүретін қантамырлар патологиясының маңызы зор.

И.В. Давыдовтың инфекциялар жөніндегі жалпыпатологиялық іліміне сүйеніп инфекциялық психоздардың негізгі патогенетикалық заңдылықтарын түсінуге болады. Осы ілім бойынша инфекциялық үрдістің табиғаттағы әрбір құбылыс тәрізді белгілі сатысы бар және ағымы циклды болады; оның жеке сатыларының клинико–анатомиялық синдромдары ағзаның иммунологиялық жағдайының алмасуымен байланысты.

Инфекция дамуының шыңында ағзаның спецификалық емес сипаттағы (қызба, астения және т.б.) жалпы типті реакциялар түріндегі аса сезімталдығы байқалады, олар инфекция типіне, ағзаның нақты ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір психопатологиялық синдромдармен, осы синдромдардың әрқайсысына тән даму қарқынымен, пайда болу мерзімі мен ұзақтығына байланысты көрініс береді.

Емдеу жолы

Инфекциялық аурулар кезінде дезинтоксикациялық терапиямен бірге (полиглюкин, реополиглюкин) негізгі ауруды емдеу, витаминотерапия жүргізіледі. Қозу немесе сана күңгірттенуімен сипатталатын жедел психоз жағдайында транквилизаторларды (седуксен б/е. 0,01- 0,015 грамнан тәулігіне 3-4 рет), ал қозу жағдайы күшейгенде - галоперидол (0,005- 0,01 г тәулігіне 2-3 рет б/е) тағайындалады.

Галлюцинарторлы–параноидты синдром кезінде нейролептиктерді тағайындау ұсынылады.

Амнестикалық синдром мен басқа да психоорганикалық бұзылыстарда ноотропил (пирацетам) (тәулігіне 0,4 г-нан 2-4 г-ға дейін), аминолон (тәулігіне 2-3 г), седуксен, грандаксин (тәулігіне 0,02 -0,025 г), витаминдер тағайындаған тиімді.

20 Тарау.

МИ МЕРЕЗІ ЖӘНЕ ҮДЕМЕЛІ САЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

Бас миының мерездік зақымдануы нәтижесінде психикалық бұзылыстар аурудың әртүрлі сатыларында әртүрлі психопатологиялық синдромдармен байқалады және үдемелі ағымға тенденциямен жүреді.

Нейромерез кезінде ми мерезі (ми қантамырлары мен қабықтарының 1- ші реттік зақымдануы) және үдемелі салдануды (бас миының 1-ші реттік зақымдалуы) жеке нозологиялық формалар ретінде бөледі. Ми мерезі де, және үдемелі салдану да бозғылт спирохетамен зақымдалу нәтижесінде туады, бірақ олар аурудың басталған уақытына, патологиялық үрдістің сипаты мен орналасқан жеріне, сонымен бірге клиникалық көрінісі бойынша күрт ерекшеленеді.

Соңғы кездерде үдемелі салдану өте жиі кездеседі.

Өткен ғасырдың ортасында Г.Вирхов нейромерез кезіндегі патогистологиялық өзгерістерді атап өткеннен кейін, бұл аурудың клиникалық суреттемесі де пайда болды. ОЖЖ-де бозғылт спирохеталар табылған соң (Х.Ногуши) бас миының мерезі кезіндегі нервтік және психикалық бұзылыстар этиологиясының бірлігі жөніндегі ілім дами бастады.

Бас ми мерезінің психопатологиялық синдромдары мен симптомдары анықталып, суреттелуіне байлансты Ф.Жоллидің (1901) мерез кезінде бақыланбайтын және пайда болмайтын психикалық бұзылыстардың формасы жоқ деп айтуына негіз болды.

Мерезді және осы ауру кезіндегі психикалық бұзылыстарды зерттеу мен емдеудегі жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдарда мерезбен ауыру жиілігі артуда.