- •1 Тармақ
- •1 Тарау
- •2 Тарау психиатриядағы негізгі даму бағыттары
- •Клиникалық бағыттар
- •Психологиялық бағыттар
- •Биологиялық бағыттар
- •3 Тарау
- •Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың
- •Қысқа тарихи мағлұмат
- •Корсаков с.С. Атындағы Мәскеулік психиатриялық клиника
- •Психиатриялық көмек
- •Іі тармақ психогигиена және психопрофилактика
- •4 Тарау Психогигиена, мазмұны мен міндеті
- •Еңбек психогигиенасы
- •Жасқа байланысты психогигиена
- •Ерте балалық шақ және психогигиена мәселелері
- •Мектеп жасы және білім берудің психогигиеналық аспекті
- •Жанұя және жыныстық өмір психогигиенасы
- •Зиянды әдеттермен күрес
- •Психопрофилактика Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
- •Психикалық бұзылыстарға ұшырау қаупі жоғары тұрғындар тобы
- •Өндіріс жағдайларындағы қауіп факторлары және психопрофилактика
- •Соматикалық аурулар, психикалық бұзылыстар пайда болу қауіпі жоғарғы контингент ретінде
- •Балалық және жасөспірімдік шақ психиатриялық аспектілері және психопрофилактика мәселелері
- •Егде жас кезеңінде психикалық бұзылыстар даму қаупінің жоғарылауы
- •Психикалық аурулар профилактикасы жүйесінде медико-генетикалық консультация
- •Психикалық бұзылыстармен науқастардың реабилитациясы жайлы түсінік
- •III тармақ
- •6 Тарау психикалық аурулар жөніндегі жалпы мәліметтер психикалық аурулар этиологиясы
- •Психикалық аурулар патогенезі
- •Психикалық аурулар ағымы және нәтижесі
- •Психикалық ауруларды зерттеу әдістері Клиникалық әдіс
- •Экспериментальды - психологиялық зерттеу
- •Электрофизиологиялық зерттеу
- •Басқа аспаптық зерттеу әдістері
- •Сурет 2. Бас миының атрофиясы бар науқасты зерттеу нәтижесінде алынған томограмма
- •Лабораториялық зерттеулер
- •Нейроморфологиялық зерттеулер
- •Эпидемиологиялық әдіс
- •8 Тарау психикалық бұзылыстар симптомдары психикалық үрдістердің құрылымы және оның бұзылысының белгілері жөнінде жалпы мәліметтер
- •Симптомдардың информативтілігі
- •Продуктивті және негативті психопатологиялық симптоматика
- •Қабылдау бұзылысы
- •Ес бұзылысы
- •Ақпаратты бекіту қабілетінің бұзылысы
- •Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы
- •Еске түсірудің сандық бұзылыстары
- •Еске түсірудің сапалық бұзылыстары
- •Таныстық сезімінің бұзылысы
- •Ойлау бұзылысы
- •Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы
- •Ойлау мазмұнының бұзылуы
- •Эмоция бұзылыстары
- •Эмоциональды көріністер және олардың бұзылысының белгілері
- •Маниакальді жағдайдағы науқас кейпі
- •Қозғалыстық және еріктік бұзылыстар
- •Зейін бұзылысы
- •Әуестік бұзылысы
- •Қозғалыстық бұзылыстар
- •Қимылдық мелшиіп қалу
- •Тежелген депрессия жағдайындағы науқас кейпі
- •Қимылдық қозу
- •Негізгі психопатологиялық синдромдар Психикалық аурулар кезінде синдром түзілу заңдылықтары
- •Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
- •Мнестикалық бұзылыс синдромдары
- •Интеллектуальды бұзылыс синдромдары
- •Аффективті синдромдар
- •Қимылдық және еріктік бұзылыстар синдромдары
- •Геберфрениялық қозу
- •Алаңғасарлықпен науқастың бос көңілшектігі Бұзылған сана синдромдары
- •Ұстамалар
- •Невротикалық синдромдар
- •Психопатиялық синдром
- •10 Тарау психикалық аурулар кезіндегі диагностика мәселелері Психиатрияда диагноздың методологиялық негіздері
- •Психикалық аурулар жүйесі және диагнозды шифрлау
- •11 Тарау психикалық науқастар терапиясының негіздері Психофармакология дамуына байланысты психикалық науқастар терапиясының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
- •Психотропты препараттардың терапиялық тиімділік шегі
- •Шокты емдеу әдістері
- •Пиротерапия
- •Психотерапия
- •12 Тарау
- •13 Тарау
- •Реактивті психоздардың этиологиясы мен патогенезі
- •14 Тарау
- •15 Тарау
- •16 Тарау
- •Клиникалық көрінісі және дифференциальды диагностикасы
- •Алкогольді энцефалопатияның созылмалы формалары
- •17 Тарау.
- •Наркоманиялар мен токсикоманиялар емі және профилактикасы
- •18 Тарау
- •Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
- •19 Тарау.
- •Этиологиясы және патогенезі.
- •Емдеу жолы
- •20 Тарау.
- •Ми мерезі кезіндегі психикалық бұзылыстар
- •21 Тарау.
- •Эндокриндi аурулардағы психикалық бұзылыстар
- •22 Тарау.
- •23 Тарау.
- •V Тармақ
- •24 Тарау.
- •25 Тарау
- •26 Тарау
- •27 Тарау
- •28 Тарау
- •Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
- •А) кататониялық ступор
- •I т а р а у. Жалпы ережелер
- •II т а р а у. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
- •III т а р а у. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар.Медицина қызметкерлерін және өзге де мамандардың құқықтарымен міндеттері.
- •1V т а р а у. Психиатриялық жәрдемдің түрлері және оны көрсету тәртібі
- •V т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қоғмдық бақылау
- •VI т а р а у . Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсетудегі қызметті бақылау
- •Психиатриялық стационарындағы жүріп-тұру ережесі
- •Психикалық науқаспен қарым-қатынас жасау ережесі
- •Психиатриялық стационарға еріксіз түрде госпитализациялау негіздері (шұғыл госпитализация)
- •Науқастарды тасымалдауды ұйымдастыру
- •Депрессиялық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылау ұйымдастыру
- •Ступорлық жағдайдағы науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Әлсіреген науқастарға күтім мен бақылауды ұйымдастыру
- •Сырқатнама келесі бөлімдерден тұрады:
- •Мазмұны
- •Психиатрияға кіріспе
- •Жалпы психопатология
- •Жеке психиатрия
Психиатрия және наркология бойынша өз білім деңгейін бақылауға арналған тестілік тапсырмалар (жауап эталондарымен)
1. 30 жастағы ер адам, қандай-да бір халықаралық ұйым «оны әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі аңдып, оны басқаратынын» сеніммен айтады
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы
Б) сандырақтық
Г паранойяльды
Г) психикалық автоматизм
Д) парафренді
2. Криминальды жүріс-тұрыспен 20 жасар бозбалада, транквилизаторларға, кокаинге және героинге компульсивті құштарлық бақыланады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы дәлірек?
А) наркомания
Б) психопатия тәрізді синдром
Г физикалық тәуелділік
Г) токсикомания
Д) полинаркомания
3. 19 жасар бозбалаға бүкіл денесі үлкейіп бара жатқандай, басы шар тәрізді дөңгеленіп, үрленіп, дәп қазір жарылатындай болады. Осы сезімдерін көзбен көріп тексергенде өз денесінде ешқандай-да өзгерістің болмағанына көзі жетеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) метаморфопсия
Б) деперсонализация
В) аутопсихикалық галлюцинация
Г) егіздер сандырағы
Д) дереализация
4. 18 жасар бозбала өз бетінің «ұсқынсыздығына» шағымданады. Мұрынының, құлақтарының “ақауын” түзету мақсатында косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп қорқытады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) нигилисттік сандырақ
Б) дене схемасының бұзылысы
В) депрессивті сандырақ
Г) дисморфомания
Д) ипохондриялық сандырақ
5. Қандай ауру кезінде толеранттылықтың аса жоғарылауы бақыланады?
А) алкоголизмде
Б) апиындық наркоманияда
В) гашишизмде
Г) темекі тартуда
Д) токсикоманияда
6. 27 жастағы әйел қоршаған ортаның бөтенденуі, өзгеруі, шынайылығын жоғалту сезіміне шағымданады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сахналау сандырағы
Б) метаморфопсия
В) көру иллюзиясы
Г) дереализация
Д) деперсонализация
7. Рибо заңы бойынша жады бұзылысының қандай формасы дамиды?
А) антероградты амнезия
Б) фиксациялық амнезия
В) ретроградты амнезия
Г) үдемелі амнезия
Д) конградты амнезия
8. Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 30 жасар ер адамда, интоксикация нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдарлау бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны бақыланады. Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайта мазасызданады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы дәлірек?
А) бұзылған сана синдромы
Б) психомоторлы қозу
В) аментивті синдром
Г) делириозды синдром
Д) галлюцинаторлы синдром
9. Реккурентті шизофрения ұстамасының алдын-алу үшін қандай медикаментозды терапия тағайындаған дұрыс?
А) фенотиазин туындылары
Б) бутирофенон туындылары
В) калий тұздары
Г) литий тұздары
Д) антидепрессанттар
10. Шизофрения үшін сана бұзылысының қандай формасы аса тән?
А) аментивті синдром
Б) онейроидты синдром
В) сананың күңгірттенген жағдайы
Г) делириозды синдром
Д) сана шатасуы
11. 18 жасар бозбала мақал-мәтелдердің астарын түсінбейді. Ойы аса қарапайымдылықпен сипатталады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы дәлірек келеді?
А) дементті
Б) психоорганикалық
В) ақыл кемістігі (слабоумие)
Г) эйфориялық
Д) ақыл аздығы (малоумие)
12. 27 жасар ер адам өзінің артынан адамдарды көретініне шағымданады, олардың әрекеттерін сипаттайды.
Төменде аталған қабылдау бұзылысының қайсысына сәйкес келеді?
А) гипногогиялық галлюцинациялар
Б) көру иллюзиялары
В) экстракампинді галлюцинациялар
Г) гипнопомпиялық галлюцинациялар
Д) жалпы сезім галлюцинациялары
13. Қабылдау бөлімінде 17 жасар балада тырысулық ұстама дамыды. Ұстамалар бірінің соңынан бірі жалғасқан. Ұстамалар арасындағы кезеңде науқас санасына келмеген.
Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес?
А) эпилепсиялық ұстама
Б) ұстамалардың жиілеуі
В) коматозды күй
Г) бұзылған сана синдромы
Д) эпилепсиялық статус
14. Наркомания түзілуіне төменде аталған барлық препараттардың қайсысын жүйелі қолдану ықпал етеді БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) реланиумды
Б) гашишті
В) марихуананы
Г) кокаинді
Д) героинді
15. Шизофренияға төменде аталған белгілердің барлығы тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) егіздер сандырағы
Б) онейроид
В) амбулаторлы автоматизм
Г) кататониялық ступор
Д) дисмофомания
16. Пик ауруына қандай бұзылыс тән?
А) гидроцефалия
Б) нейрофибриллдердің қайта өніп-өсуі
В) тамырлар атеросклерозы
Г) локальды атрофия
Д) ақыл кемдігі
17. 26 жастағы әйел «үлкен мысықтың» жалған қабылдауына шағымданады.
Төменде аталғандардан қандай психикалық бұзылыс сәйкес?
А) жалған тану
Б) макропсия
В) иллюзия
Г) галлюцинация
Д) сандырақ
18. П.Б. Ганнушкин психопатия критериясына қандай белгіні жатқызған?
А) психиканың жеке компоненттерінің жетілуінің кешігуі
Б) тұлғаның патологиялық сипаттарының тотальдылығы
В) патологиялық фантазиялауга бейімділік
Г) интеллектуальды жеткіліксіздік
Д) жүріс-тұрыс демонстративтілігі
19. Кандинский-Клерамбо психикалық автоматизм синдромына қандай бұзылыс тән?
А) егіздер сандырағы
Б) дене схемасының бұзылысы
В) уландыру сандырағы
Г) амбулаторлы автоматизм
Д) психикалық үрдістердің бөтенденуі
20. 72 жастағы ер адамда, сезімдер сферасындағы лабильділікпен көрініс беретін эмоциональды әлсіздік. Оның күйі болмашы себептен пайда болатын көңіл-күйдің тербелістерімен сипатталады. Аса жасаурағыштық, ал көңіл-күйі жоғарылағанда – сентиментальдылық бақыланады.
Аталған болжам диагноздардың ішінен қайсысы нақтырақ?
А) реактивті депрессия
Б) церебральды атеросклероз
В) циклотимия
Г) маниакальды-депрессивті психоз
Д) сенильді деменция
21. 29 жасар ер адамда, бас-ми жарақатынан кейін жады бұзылысы бақыланды.
Аталған дәрілік заттардың ішінен жалпы ем жоспарына қайсысын енгізген дұрысырақ?
А) аминалон
Б) аминазин
В) анафранил
Г) рисполепт
Д) золофт
22. 37 жасар ер адам, сөздерінде жиі жаңа сөз тіркестерін қолданады, олардың мазмұны тек өзіне түсінікті.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) шығармашылдық сандырағы
Б) ойлау үзілуі
В) резонерлік
Г) неологизмдер
Д) ойлау байланыссыздығы
23. Аментивті синдромға төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) әрекеттердің мақсатсыздығы
Б) инкогеренция
В) сахналық сандырақ
Г) артынан амнезиялану
Д)бағдарлау бұзылысы
24. Шизофренияның үздіксіз ағымды формасына төменде аталған варианттардың БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) параноидты
Б) баяу ағымды
В) қатерлі (ядролы)
Г) гебефрениялық
Д) рекуррентті
25. Сананың қарауытқан күңгірттенуіне төменде аталған белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) аффективті кернеліс
Б) автоматтталған әрекеттер
В) агрессивті әрекеттер
Г) полимпсесттер
Д) пароксизмальдылық
26. Төменде көрсетілген препараттардың барлығы эпилепсиялық статусты басуға қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) күкірт қышқылының магнезиясын көк тамырға енгізу
Б) седуксенді көк тамырға енгізу
В) жүрек-қан тамыр қызметін стимуляциялайтын инъекциялар
Г) аминазинді көк тамырға енгізу
Д) хлоралгидратты клизма түрінде енгізу
27. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы апиндық наркомонияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) толеранттылықтың жоғарылауы
Б) мнестикалық-интеллектуальдылықтың төмендеуі
В) физикалық тәуелділік
Г) психикалық тәуелділік
Д)сананың бұзылыстары
28. Депрессия күйіндегі 42 жастағы әйелдің көңіл-күйі төмендеген, оған айналадағы әлем өзгерген, жасанды, таныс емес болып көрінеді.
Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН?
А) дереализация
Б) сандырақтық қабылдау
В) деперсонализация
Г) метаморфопсия
Д) иллюзия
29. Қандай психикалық бұзылыстар реактивті жағдайдың критерийлеріне (Ясперс бойынша) жатады?
А) жедел басталуы
Б) дерттік симптоматиканың қарқындылығы
В) психогенді жағдайларды ойлау
Г) өзін-өзі кінәлау ойлары
Д) көңіл-күйдің төмендеуі
30. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы атеросклерозды церебрастениямен науқаста байқалады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) бас ауруы
Б) бас айналуы
В) дімкәстіктің жоғарылауы
Г) апатия
Д) тітіркенгіштіктің жоғарылауы
31. 55 жастағы ер адам көңіл-күйдің төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Науқаста барлығына пессимисттік көзқарас анықталады. Жанұясында өзінен басқа ешкім үй жұмыстарымен айналыспайтындығын айтады. Көршілерімен арасында соттық дау-дамай шыққан.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) эндогенді депрессия
Б) атипті депрессия
В) психогенді депрессия
Г) маникальді-депрессивті психоз
Д) циклотимия
32. 57 жастағы ер адам үреймен бірге жүретін көңіл-күйінің төмендеуіне, ойлаудың тежелуіне, қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне шағымданады. Кезеңді түрде қозғалыстық қозу жағдайы байқалады. Осы кезде науқас тынышсызданады, ыңырсып, қатты уайымдап, қайғырады, суицидальді тенденция байқалады.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) кеш шизофрения
Б) реактивті депрессия
В) маникальді-депрессивті психоз
Г) инволюциялық меланхолия
Д) инволюциялық параноид
33. Кезеңдік шизофрениямен 19 жастағы бозбалада психоз жағдайынан кейін, аффективті тұрақсыздықпен ремиссия дамыды.
Сүйемелдеуші емдеу жоспарына қандай дәрілік препаратты тағайындау КЕРЕК?
А) аминазин
Б) финлепсин
В) сиднокраб
Г) тизерцин
Д) ноотропил
34. 26 жастағы ер адам басынан пульсацияны сезетіндігіне шағымданады. Оны аңдып жүргендер «әдейілеп істеді», деп сендіреді.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А)ипохондриялық синдром
Б) Кандинский-Клерамбо
В) параноидты
Г) тактильді галлюциноз
Д) параноидты синдром
35. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы сананың сапалық бұзылыстарына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) аменция
Б) делирия
В) есеңгіреу
Г) онейроид
Д) сананың қарауытқан бұзылысы
36. Науқаста ойлау процесінің баяу қозғалысына байланысты бір ойдан екінші ойға ауысу қиындаған. Науқас маңыздысын екінші дәрежедегі ойдан ажырата алмайды, негізгі тақырыптан ауытқып кетеді.
Төменде көрсетілген ойлау бұзылысының қайсысы болуы мүмкін?
А) персеверация
Б) айқай салу
В) резонерлік
Г) байымдылық
Д) паралогикалық
37. 27 жастағы ер адамда иісті газбен уланғаннан кейін фиксациялық және ретроградты амнезия түріндегі ес бұзылысының формасы анықталды. Науқас естен шығарған жағдайларды жалған ойлармен толтырып, болмаған жағдайларды еске алады және әңгімелесу кезінде болып жатқан оқиғаны бұрмалап, уақытына немесе болған жеріне сәйкес емес қылып айтады. Бұл бұзылыс нейропатиямен бірге жүреді.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) амнестикалық синдром
Б) конградты амнезия
В) үдемелі амнезия
Г) деменция
Д) парамнезия
38. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы маниакальді синдромға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) ойлар ағымының жеделдеуі
Б) зейіннің тез ауысуы
В) көңіл-күйдің жоғарылауы
Г) гиперестезия
Д) гипермнезия
39. Төменде көрсетілген шаралардың барлығы наркоманияның алдын-алуда қолданылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) наркотикалық заттарға тиым салу жүйелері
Б) санитарлық ағарту жұмыстары
В) наркотиктердің таралуын қылмыстық жазалау
Г) наркобизнеспен күрес жүргізу
Д) наркотиктерді қолдануды жасқа байланысты шектеу
40. Төменде көрсетілген аурулардың барлығында сананың аментивті бұзылыстары дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА:
А) бас-ми жарақатында
Б) менингоэнцефалитте
В) күйік ауруларында
Г) реактивті жағдайда
Д) алкогольді улануларда
41. Қандай симптом маниакальді синдромның тұрақты белгісі болып табылады?
А) гипермнезия
Б) өзінің мүмкіншілігін жоғары бағалау
В) қоршаған ортаны қабылдаудың анықтығы
Г) сөйлеу-қимылдық қозу
Д) аса бағалы идеялар
42. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы қарауытқан сана синдромына жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) сананың пароксизмальді тарылуы
Б) әрекеттердің автоматизирленуі
В) антероградты амнезия
Г)психоз кезіндегі амнезия
Д) қозудың жедел аффекті
43. Қандай эмоциональді бұзылыстар шизофренияға ТӘН?
А) эмоциональді тұрақсыздық
Б) эмоциональді кедейлену
В) дисфория
Г) жігерсіздік
Д) гипомания
44. Кемақылдық дәрежесін анықтауда төмендегі критериялар ескеріледі, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) сөйлеудің даму деңгейі
Б) сананың бұзылу деңгейі
В) оқуға қабілеттің болуы
Г) еңбек дағдысы
Д) жүріс-тұрысының ерекшелігі
45. Төменде көрсетілген жағдайлардың барлығы психогенді бұзылыстарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) реактивті ступор
Б) индуцирленген сандырақ
В) реактивті қозу
Г) кататониялық қозу
Д) истериялық психоз
46. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы психогениялардың психопатологиялық феноменіне жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) тітіркендіргіш әлсіздігі
Б) көңіл-күйдің төмендеуі
В) пуэрилизм
Г) аменция
Д) псевдодеменция
47. Алкоголизммен науқасқа наркопсихотерапия тағайындалды.
Қандай дәрілік препаратты емдеу жоспарына қосу КЕРЕК?
А) аминазин
Б) анафранил
В) трифтазин
Г) реланиум
Д) тизерцин
48. Шизофренияның клиникасына қандай синдром ТӘН?
А) амнестикалық
Б) апато-абулиялық
В) психоорганикалық
Г) дисмнестикалық
Д) тырысулық
49. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы психопатияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) аффективті тұрақсыздық
Б) жүріс-тұрысының бұзылысы
В) интелектуальді төмендеу
Г) әлеуметтік дезадаптация
Д) тотальді бұзылыстар
50. Төменде көрсетілген аурулардың барлығында жасқа байланыссыз ұстамалар дамиды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНДА:
А) инволюционды депрессия
Б) реактивті депрессия
В) истериялық психоз
Г) маникальді-депрессивті психоз
Д) реактивті параноид
51. Төменде көрсетілген сана бұзылыстары дисфорияда болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) есеңгіреу
Б) ұйқылы жағдай
В) онейроидты
Г) аффективті-тарылған
Д) аментивті
52. Сананың қарауытқан бұзылысында төменде көрсетілген клиникалық белгілер болмайды, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) шамадан тыс ұйқышылдық
Б) жүріс-тұрысы мен мимикасының адекватсыздығы
В) кататониялық тежелу
Г) қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру
Д) конфабуляторлы шатасу
53. Төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы шизофренияға тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) псевдогаллюцинация
Б) сандырақ
В) неологизм
Г) ойлау байымдылығы
Д) символикалық ойлау
54. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың барлығы апиындық наркотикалық заттарға жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) дионин
Б) кодеин
В) морфин
Г) гашиш
Д) промедол
55. Төменде көрсетілген бұзылыстардың барлығы импульсивті әуестікке жатады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) дромомания
Б) дипсомания
В) дисморфомания
Г) клептомания
Д) пиромания
56. Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің барлығы патологиялық аффектке тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) сананың күңгірттенуі
Б) ұйқы тәрізді жағдай
В) тітіркендіргіштің күші мен сапасына адекватсыз реакциялар
Г) жүріс-тұрысының мақсаттылығын жоғалту
Д) аффективті күй кезеңінің амнезиялануы
57. Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлардың қайсысы науқастардағы селқостыққа және енжарлыққа ТӘН?
А) депрессия
Б) кататониялық синдром
В) гебефрениялық синдром
Г) апато-абулиялық синдром
Д) дереализация
58. Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы делириозды синдромда болмайды:
А)псевдогаллюцинация
Б) психоматорлы қозу
В) өзін-өзі кінәлау сандырағы
Г) аутодезориентировка
Д) психоз кезеңінің толық амнезиясы
59. 27 жастағы ер кісі, шизофренияның қайталамалы үздіксіз ағымымен емделуде.
Қандай терапияны науқасқа жүргізген ДҰРЫС?
А) психотерапиялық
Б) психофармакотерапиялық
В) инсулинотерапия
Г) шартты-рефлекторлы терапия
Д) электротырысулық терапия
60. Дене қызуы жоғары баланың сезім мүшелеріне сырттан келіп жатқан тітіркендіргіштер бір сәтте ертегілік сюжеттерге біртіндеп ауысты, ол оларды өз ойымен құрастырады. Қабырғадағы жарықтарда, тұсқағаздардағы суреттер кенеттен жануарлар кескінін алып, қозғала бастайды.
Төменде аталғандардан қандай болжам диагноз ТӘН?
А) есеңгіреу
Б) парейдолиялық иллюзия
В) көру галлюцинациясы
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) аффективті иллюзия
61. Төменде көрсетілген факторлардың барлығы шизофренияның этиологиясында маңыздылығы бойынша екінші дәрежелі болып табылады, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) психикалық жарақаттар
Б) экзогенді
В) ерте балалық шақта дұрыс тәрбиелемеу
Г) тұқым қуалайтын патология
Д) босану кезіндегі жарақаттар
62. 27 жастағы ер адамда кенеттен қабылдау шеңбері тарылды, осы шеңбер деңгейінде күрделі әрекеттер мүмкіншілігі сақталды, қоршаған ортаны бағдарлауы бұзылды және осы кезең артынан толық амнезияланды.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) аментивті жағдай
Б) делириозды жағдай
В) онейроидты жағдай
Г) қарауытқан жағдай
Д)сананың истериялық тарылуы
63. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазовегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды.
Төменде аталғандардан қандай болжам диагноз болуы мүмкін?
А) физиологиялық аффект
Б) психогенді қозу
В) истериялық қозу
Г) патологиялық аффект
Д) дисфория жағдайы
64. Шындыққа сәйкес келмейтін және коррекцияға келмейтін, науқастың санасын толық билейтін патологиялық негізде дамитын ойларды қалай атайды?
А) фантастикалық
Б) доминерлеуші
В) жабысқақтық
Г) жоғары бағалы
Д) сандырақ
65. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы сананың делириозды қарауытуына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) уақыт дезориентировкасы
Б) психиомоторлы қозу
В) ориентировканың толық жоғалуы
Г) бөліктік амнезия
Д) көру галлюцинациясы
66. Эпилепсияға төменде көрсетілген клиникалық белгілердің БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫНЫҢ барлығы тән:
А) сананың ерекше жағдайы
Б) абсанстар
В) сананың қарауытқан жағдайы
Г) психикалық автоматизм
Д) дисфория
67. 47 жастағы ер адам иісті газбен уланғаннан кейін көңіл-күйі сөзшеңдікпен, шатасумен жүретін үрейлерге және қорқыныштарға дейін өзгеріп, мазасыздық күйі дамып, анық көріністер формасында елестер орын алды. Науқасты түнгі уақытта мазалайтын және жиі оянуға алып келетін, қорқынышты түстер көріп, ұйқысы беткей болды. Артынан айналаны иллюзиялы қабылдап, тежелу жағдайы дамыды. Психиканың бұзылысы науқастың өзі қатысатын галлюцинаторлы бейнемен ауысты.
Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН?
А) деперсонализациялық синдром
Б) дереализация синдромы
В) метаморфопсия
Г) аментивті бұзылыс
Д) делириозды бұзылыс
68. Төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы шизофренияда болады?
А) делириозды бұзылыс
Б) психикалық автоматизм
В) психоорганикалық синдром
Г) амбулаторлы автоматизм
Д) амнестикалық деменция
69. 17 жастағы қыз балада бағдарлау мен өзіндік сана бұзылысымен, кататониялық симптоматикамен бірге жүретін және субъективті ортада қабылданатын түс тәрізді сананың қияли күңгірттенуі дамыды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) қарапайым шизофрения
Б) невроз тәрізді шизофрения
В) кезеңдік шизофрения
Г) реактивті психоз
Д) аментивті жағдай
70. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы Корсаков синдромына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) ретроградты амнезия
Б) конградты амнезия
В) конфабуляция
Г) фикцациялық амнезия
Д) полинейропатия
71. Стенокардиямен зардап шегетін 57 жастағы науқас өз денсаулығын ойлап мазасызданады. Ең басты қорқынышы жүрегі кенет тоқтап қалатын секілді. Оның негізсіз екенін, тіпті өз қорқынышының жөнсіз екенін түсінеді, бірақ өз күшімен оларды жеңуге дәрменсіз.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) фобиялық синдром
Б) эпилепсиялық синдром
В) обсессивті-фобиялық синдром
Г) обсессивті синдром
Д) фобофобия
72. 16 жастағы жасөспірім тәртібі өзгерген, ата-анасынан, достарынан бөлектеніп сөйлеспейді, көңіл-күйі түсіңкі, айналаға жиі және ұзақ уақыт өз бетімен қарап отырады. Пластикалық хирургияға қызығушылық танытады, өзінің сыртқы бейнесіне көңілі толмайды, әсіресе мұрыны, көзі және құлақтарына.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) депрессивті сандырақ
Б) ипохондриялық сандырақ
В) дисморфомания
Г) нигилисттік сандырақ
Д) аса бағалы ойлар
73. Миокард инфарктімен науқастың психикалық жағдайы өзгерген. Уақыт пен орын бойынша бағдары бұзылған, ұйқысы бұзылып, үрей және қорқыныш сезімі билейді. Науқас қозған, бір жаққа ұмтылады, критика жоқ. Көру және есту галлюцинациялары бар.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) фобиялық синдром
Б) аментивті бұзылыс
В) мусситирленген делирий
Г) делириозды бұзылыс
Д) галлюцинаторлы бұзылыс
74. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, “күнәhармын, өмір сүруге хақым жоқ” деп есептейді, түзетуге келмейді. Суицидальды әрекет бақыланған. Ипохондриялы, астенизирленген.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) ипохондриялық сандырақ
Б) астениялық синдром
В) депрессивті синдром
Г) депрессивті-сандырақтық синдром
Д) өзін-өзі кінәлау сандырағы
75. 73 жастағы ер адам, бас-ми тамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, бөлімшеде тұйық, сезікті. «Мүлікке ие болу үшін мені аңдиды, уландырғысы келеді», деген ойлар айтады. Науқастардан, әсіресе өзіне келушілерден қашқақтайды. Палатада науқастардың арасында «жалдап жіберілген адамдар» бар деп есептейді. Бұл ойды олардың айтқан әңгімелерінен жорамалдайды, «өзіне бағытталған қауіпті сөздерді естиді». Науқастар палатада өздері сөйлесіп отырады, ал ол кіргенде олар тынышталып қалатын сияқты көрінеді. Өзін жазаламас бұрын ауруханадан тезірек шығаруын өтінеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) парафренді синдром
Б) интермеморфозды сандырақ
В) параноидты синдром
Г) паранойялды синдром
Д) Кандинский-Клерамбо синдромы
76. Төменде көрсетілген симптомдардың барлығы алкоголизмнің бастапқы сатысына тән, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) құсу рефлексінің болуы
Б) алкогольге обсессивті әуестік
В) қызғану сандырағы
Г) палимпсесттер болуы
Д) мастану сипатының өзгеруі
77. 40 жастағы әйел ажырасқаннан кейін апатиялы жағдайда. Жалпы дімкәстікке, өмірге деген қызығушылығын жоғалтуына, бітпес қайғыға, уайымға шағымданады. Жұмысқа еңбек ету үшін және балаларын асырау үшін барады, бірақ қандай-да бір талпынысы мен қызығушылығы жоқ. Оның айтуы бойынша негізгі мәселесі ажырасқаннан кейін қалай өмір сүретінін білмейді, критикалы көзқарас сақталған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жедел депрессивті жағдай
Б) апатиялық депрессия
В) невротикалық депрессия
Г) реактивті жағдай
Д) неврастения
78. 59 жастағы әйел, мамандығы экономист, ұзақ уақыт холецистит және қант диабетімен зардап шеккен. Күйеуінің өлімінен бір жыл өткен соң, дәрігерге тез шаршағыштық, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, басының айналуына, профессиональды қызметін атқара алмауына, эмоциональды лабильділікке шағымданып келген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) бас-миының дегенеративті аурулары
Б) реактивті психоз
В) прогрессивті салдану
Г)ми тамырларының зақымдануы
Д) ми ісігі
79. 59 жастағы ер адамның соңғы жылдары мінезі өзгерді. Міншіл, сараң болды, жиі ақша санайды, әлсіздікке және есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Тез ренжігіш және жасаурағыш.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) психопатия
Б) атеросклерозды ақыл-кемістігі
В) алкоголизм
Г) шизофрения
Д) эпилепсия
80. 43 жастағы ер адам, ғылыми қызметкер, ешбір себепсіз мінез-құлқы өзгерді: күнделікті көңіл-күйі көтеріңкі, өз балалары мен бөтен адамдардан ұялмай, жыныстық қабілеттілігімен мақтанды, өз жұмысын меңгере алмайтын болды, ештеңемен шұғылданбайды, өзін аурумын деп санамайды
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) псевдодеменция
Б) концентриялық деменция
В) маниакальді жағдай
Г) тотальді деменция
Д) лакунарлы деменция
81. 37 жастағы ер адам соңғы 3 айдан бері қозу жағдайында, тежеусізденген, әйелдерге ибасыз комплементтер айтады. Күнде көтеріңкі көңіл-күйде жүреді, анық сөйлемейді, жөнсіз қалжыңдайды. Қарапайым есепте қателіктер жібереді, бірақ мақал-мәтелдерді тікелей талдайды. Өз жағдайына сыни көзқарас жоқ.
Диагнозды қорытындылау үшін қандай қосымша зарттеуді жүргізу КЕРЕК?
А) электроэнцефалография
Б) Вассерман реакциясы
В) психологиялық зерттеу
Г) реоэнцефалография
Д) қандағы тиреотропты гормонды анықтау
82. 19 жастағы шұғыл әскери қызметтегі солдат, әскери кезекшілікте тұрғанда аяқ астынан қаруын жерге лақтырып, киімдерін үстінен шеше бастаған, ол жасалған ескертуге мән берген жоқ. 3 минуттан кейін өз-өзіне келіп, үстіндегі шешілген киіміне таң қалды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) психикалық автоматизм
Б) онейройдты синдром
В) аффективті бұзылыстар
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) императивті галлюцинация
83. 35 жастағы әйел, шаршаған, тұнжырыңқы көрінеді. Бас ауруына, үрейленуге, беткей ұйқыға шағымданады. Үнемі миында ісік бар деген ой мазалайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі болады. Дәрігерден осы жағымсыз ойдан құтқаруына көмек сұрайды.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А) депрессивті
Б) истериялық
В) астениялық
Г) обсессивті-фобиялық
Д) паранойяльді
84. 30 жастағы ер адамда әрбір түн сайын кенеттен ұстамалар болған, ұстама кезінде қатты айқайлаған, кейіннен клоникалық және тоникалық тырысулар болған. Бұл кезеңде қоршаған ортаға реакциясы жоқ. 2-3 минуттан кейін өзіне келді, бірақ болған жайт есінде қалмайды.
Төменде берілген бұзылыстардың қайсысы ТӘН?
А) абсанс
Б) үлкен құрысулық ұстама
В) кіші ұстама
Г) моторлы автоматизм
Д) фокальді ұстама
85. 35 жастағы әйел, сатушы. Мерез ауруын жұқтырудан қорқынышқа және осы ойдан құтыла алмауына шағымданады. Бала кезінде күмәнданғыш, ұялшақ болған. Ер адамдармен, әсіресе танымайтын адамдармен сөйлесуге, араласуға қорқады. Қазіргі кездегі жағдайының төмендеуін жұмысындағы бейтаныс ер адамның қолынан ұстауымен байланыстырып отыр.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) астениялық психопатия
Б) шизотипті бұзылыс
В) реактивті параноид
Г) психастения
Д) паранойяльді психопатия
86. 20 жастағы бозбалада бала кезінен жабысқақ ойларға айқын бейімділік бақыланған.
Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?
А) психастениялық психопатия
Б) тұрақсыз психопатия
В) паранойяльді психопатия
Г) қозғыш психопатия
Д) астениялық психопатия
87. 30 жастағы ер адам бала кезінен аса бағалы ойлар түзілуіне аса бейім болған. Жұмысында әріптестерінен сезіктенеді, ескерту жасаса, қатты ашуланады, өзін ешкім бағаламайды деп есептейді. Қызметтестерімен жиі жанжалдасады. Осындай қарым-қатынас оның жанына батады.
Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?
А) қозғыш психопатия
Б) паранойяльді психопатия
В) истериялық психопатия
Г) шизоидты психопатия
Д) тұрақсыз психопатия
88. 18 жастағы бозбала әскери экспертизадан өтуде. Бала кезінен тынышсыз, төбелеске үйір. Мектепте тәртіп бұзған, құрбыларымен төбелескен, мұғалімдерімен дауласқан. «Өзі үшін жауап бере алатын адаммын», бірақ аздап ұстамсызбын деп санайды, ал шамадан тыс ашу-ызаға булығу оның өміріне кедергі келтіреді. Тәртіпті бұзуына байланысты бөлімшеде жиі-жиі медициналық персоналдармен дауласады. Аффект жағдайында санитарканы ұрған.
Төменде аталған аурулардың қайсысына осы бұзылыс тән?
А) паранойяльді психопатия
Б) истериялық психопатия
В) қозғыш психопатия
Г) тұрақсыз психопатия
Д) шизоидты психопатия
89. 42 жастағы ер адам 20 жыл бойы алкогольді қолданып, ал соңғы жылдары алкогольдің суррогаттарын қолданған. Салынып ішкен. Тәулігіне бірнеше реттен, аз дозадан қабылдаған. Табанындағы ауру сезімі төмендеген, жүрісі өзгерген. Соңғы уақытта ұмытшақ, жерді немесе уақытты шатастырады, бірнеше минут бұрын өткен нәрсе есінде жоқ. Мүлдем болмаған нәрсені «есіне түсіреді».
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) созылмалы алкоголизм
Б) фиксациялық амнезия
В) конфобуляция
Г) амнестикалық синдром
Д) психоорганикалық синдром
90. 32 жастағы ер адам15 жыл бойы алкогольді шектен тыс қолданады, ал соңғы жылдары алкоголь суррогаттарын қолданған. Салынып ішкен. Тәулігіне бірнеше реттен, аз дозадан қабылдаған. Аяқ басындағы ауру сезімталдығы төмендеген, жүрісі өзгерген. Соңғы уақытта ұмытшақ, орын немесе уақытты шатастырады, бірнеше минут бұрын өткен оқиға есінде жоқ. Мүлдем болмаған нәрсені «есіне түсіреді»
Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысы ТИІМДІ?
А) тетурам (антабус)
Б) унитиол
В) аминазин циклодолмен бірге
Г) ноотропил және В тобындағы витаминдер
Д) циннаризин
91. 35 жастағы ер адам наркология бөлімшесіне алкогольді тоқтатқаннан кейін дамыған жалпы дімкәстікке, қорқынышқа, ентігуге, жүрегінің соғуына, ұйқысыздыққа шағымданып келді. 10 жылдан аса уақыт алкогольді қолданады, ал соңғы кездері алкогольді күнделікті қолданады. Жұмысында алкогольдің иісі шығып тұрады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) абстинентті
Б) делириозды
В) психоорганикалық
Г) психопатия тәрізді
Д) энцефалопатиялық
92. 35 жастағы ер адам наркология бөлімшесіне алкогольді тоқтатқаннан кейін дамыған жалпы дімкәстікке, қорқынышқа, ентігуге, жүрек тарсылына, ұйқысыздыққа шағымданып келді. 10 жылдан аса уақыт алкогольді қолданады, ал соңғы кездері алкогольді күнде, көп мөлшерде ішеді, бірақ мас болмайды. Жұмысында ауызынан алкоголь иісі шығып тұрады.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) тұрмыстық маскүнемдік
Б) алкогольді делирий
В) алкоголизмнің 1-ші сатысы
Г) алкоголизмнің 2-ші сатысы
Д) алкоголизмнің 3-ші сатысы
93. 32 жастағы ер кісі 19 жыл бойы алкогольді шектен тыс қолданады. Спирттік ішімдіктерге компульсивті әуестік сезінеді. Жұмысына алкоголь иісімен бара береді. Ауруханага түсер алдында бір апта бұрын кешкі уақытта оның іс-әрекетін өзара талқылап жатқан «дауыстарды» естиді. Күндізгі уақытта, әсіресе науқас бір іспен айналысса, «дауыстар» жоғалып кетеді, бірақ кешкі уақытта қайта пайда болады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) делириозды
Б) абстинентті
В) параноидты
Г) галлюциноз
Д) корсаков психозы
94. 23 жастағы қыз бала, сән көрсетуші. Бала кезінен ерке өскен, әжесінің сүйіктісі болған. Мектепте сәнді киінген, шашын ашық түске бояған, шылым шегуді бастаған. Бәрін өзіне қаратуға тырысқан, «ешкімге бағынбайтынын» көрсеткен. Сыныптастары оның ешкімге «тәуелсіз» екеніне «таң» қалса, ол қанағаттану сезімін тудырған. Достарының ортасында өзін басты рөлге қойып, әртүрлі сыйлықтар жайлы, шетелдік достары туралы болмаған ерекше оқиғаларды әңгімелеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) қозғыш психопатия
Б) истериялық психопатия
В) паранойяльді психопатия
Г) психастениялық психопатия
Д) тұрақсыз психопатия
95. 27 жастағы әйел күйеуімен жанжалдасқаннан кейін иық аймағы жансызданған және дәлізде айқай салып жүгірген. Көршісі жедел жәрдем шақырған. Қарап тексергенде науқас демонстративті, мәнерлі, жиі театрдағыдай басын артқа лақтырады, самайын қысып, ауыр тыныс алады, бетін қолдарымен жабады. Бәріне күйеуін кінәлі деп есептейді, себебі ұрыстың артынан күйеуі ажырасуды талап еткен, өзін «бағаламаған, қатігез болған», «мұндай жағдайды көтере алмағандықтан» өз-өзіне қол жұмсағысы келеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) қозғыш психопатия
Б) тұрақсыз психопатия
В) паранойяльді психопатия
Г) истериялық психопатия
Д) психастениялық психопатия
96. 30 жастағы ер адам, мамандығы слесарь. Мінез-құлқы жинақы, жауапкершілігі жоғары. Өндіріс орынында жұмыскерлердің техникалық қауіпсіздікті сақтамаудың кесірінен өндірісте болған апатқа байланысты, науқаста қорқыныш сезімі оянды. Бұл қорқыныш үнемі мазалайды. Өзінің көңілін тыныштандыру үшін, жұмыс орнындағы техникалық қауіпсіздік шараларын бірнеше рет тексеріп шығады. Осы әрекеттерді жасай отырып, ол ойлардан арыла алмайды.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) жабысқақ невроз
Б) депрессивті невроз
В) истериялық невроз
Г) психопатия
Д) неврастения
97. 40 жастағы ер адамда өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту идеяларымен депрессивті жағдай дамыды.
Төменде көрсетілген қандай дәрілік препараттарды қосып тағайындауға БОЛАДЫ?
А) аминазин мен мелипрамин
Б) аминтриптиллин мен трифтазин
В) пиразидол мен галоперидол
Г) тизерцин мен аминазин
Д) циклодол мен аминазин
98. 19 жастағы бозбала, тон тәрізді шизофрения ұстамасынан кейін, тітіркенгіштік, жанжалшылдық байқалады. Туған-туысқандарына күдікпен қарап, олардың айтқан ескертулерін ауыр қабылдайды. Оғаш киіне бастаған, үйде қонбайтынды шығарған, ата-анасына дөрекі сөйлейді, асоциальды өмір салтын ұстанған.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) психопатиялық синдром
Б) истериялық психопатия
В) психопатия тәрізді синдром
Г) қозғыш психопатия
Д) паранойялды психопатия
99. 20 жастағы бозбалада іс-әрекеттерінің, қозғалысының және сөйлеуінің мәнерлілігімен, есерсоқтықпен қозу бақыланады. Науқас бетін тыжырайтып, билейді, ерекше сөздер мен фразаларды айқайлап айтады. Алайда күлкісі, қалжыңы, бос сөйлеуі айналасындағы адамдарға әсер етпейді
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кататониялық
Б) гебефрениялық
В) пихопатия тәрізді
Г) психопатиялық
Д) маниакальді
100. 58 жастағы ер адам әйелінің өлімінен кейін көңіл-күйі жабырқаулы. Әйелінің бейнесі оның көз алдына келеді. Бірлесіп өмір сүрген кездері жөніндегі ойлар жаулап алған. Науқас әйеліне мұқият қарамағаны үшін өзін кінәлайды. Ұйқысы бұзылған, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) реактивті параноид
Б) реактивті депрессия
В) индуцирленген параноид
Г) невротикалық депрессия
Д) истериялық невроз
101. 30 жастағы науқас, бала кезінде бас-ми жарақатын алған. Жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін, инженер болып жұмыс жасайды. Соңғы айларда көп жұмыс жасап, дұрыс ұйықтамаған. Тітіркенгіштікке, зорығу күйіне шағым айтады. Интеллектуальды қызмет жасағанда тез шаршайды, басының ауырғаны күшейеді, назары шашыраңқы. Жарақат алғаннан бері көлікті, ыстықты көтере алмайды. Бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуы қиындаған
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) жарақаттық энцефалопатия
Б) астениялық синдром
В) психопатия тәрізді синдром
Г) жарақаттық астения
Д) психоорганикалық синдром
102. 32 жастағы ер адам, мамандығы физик. Ол өзін «мафия аңдып жүргеніне», мафия оның «қарсыласының барлық қарулы армиясын қатардан шығару» мақсатында жасаған «ультрадыбысты» құралын оның «миынан» «әлемдік шығармашылығын» ұрлайды деп сендіреді. Ол туралы «біледі» және олардың өзара «ақылдасып» жатғанын «естиді». Оны «өшіру» үшін «олар маған радио сәулемен әсер етеді» және «менің миымнан информацияларды көшіріп алуға әрекеттенеді. Олардың басыма кіріп, бірнәрселерді іздеп жатқанын сеземін. Мені өз өнер шығармамды беруге мәжбүрлейді» дейді.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) ұлылық сандырағы
В) соңына түсу сандырағы
Г) психикалық автоматизм
Д)ойлап табу сандырағы
103. 79 жастағы ер адам соңғы жылдардағы және он жылдың ішіндегі жағдайларды еске түсіре алмайды. Осыған қарамастан «ерте жастық шағын» және әскери жылдарын жақсы есіне алады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А) ретроградты амнезия
Б) антероградты амнезия
В) амнестикалық синдром
Г) үдемелі амнезия
Д) конградты амнезия
104. 19 жастағы бозбала шизофрения ұстамасынан кейін өзінің «ауруы» жөнінде көп талқылайды. «Өзіңізді аурумын деп есептейсіз бе?», деген сұраққа ол «ауруды қалай түсінуіңе байланысты, дейді, егер ауруды тіршілік ету түрінде санайтын болсақ, онда тіршілік ету - өмір сүру, ауру –сол өмір. Өмір сүру ащылығы қайғымен тікелей байланысты. Қайғы қанша көп болса, өмір ащылығы сонша көп болады. Егер менде ешқандай қайғы болмаса, онда мен ауырмаймын және өмір сүрмеймін. Онда менің өмірім физиологиялық бөліністер деңгейінде формальды, бұзылмаған»
Төменде аталған ойлау бұзылыстарының қайсысы болуы мүмкін?
А) үзілуі
Б) байланыссыздық
В) резонерлік
Г) персеверация
Д) сандырақ ойлар
105. 30 жастағы әйел, мінез-құлқы күдікті. Қарау кезінде өте сақ, еріндерін жиырып алған, қабағының астынан қарайды, жұмысындағы қиын жағдайларды көп айтады, өзінің әріптестері жамандық ойластырады дейді. Жамандықпен байланысты ойларға көп көңіл бөледі. Сөзінің соңында бөлім меңгерушісімен сөзге келіп қалғаны айқындалды. Өзінің кабинетіне кірген сәтте онда бейтаныс адамның столдың үстін ақтарып жатқандығын көрген. Ол адамды бөлім меңгерушісі құжаттарды ұрлап алуға жіберген деп ойлайды.
Төменде көрсетілген психопатия формасының қайсысына ТӘН?
А) паранойяльді
Б) шизоидты
В) қозғыштық
Г) истериялық
Д) эпилептоидты
106. 30 жастағы науқас әйел, белсенді және көп сөзбен күйеуінің үнемі «жүйкесін тоздырып, бұлай өмір сүру мүмкін емес» екендігін әңгімелейді. Кезекті жанжалдан кейін білек аймағына бірнеше тілім салып, айқайлап, жылап, көршілеріне жедел жәрдем шақыруларын өтініп жүгіріп барған. Өз күйзелістерін әңгімелеу кезінде дәрігердің реакциясын бақылап отырады, дауысы бірде көтеріңкі, бірде төмендетеді, қолдарын бейнелі майыстырады.
Төменде аталған психопатия формаларының қайсысы болуы мүмкін?
А) паранойяльді
Б) шизоидты
В) истериялық
Г) қозғыштық
Д) психастениялық
107. 40 жастағы ер адам кезекті алкогольді салынып ішуден кейін ұйықтауды қойған. Тынымсыз, үрей мен қорқыныш билеген. Науқаспен қарым-қатынас формальды. Өзінің аты-жөнін дұрыс айтады, бірақ уақыт пен орналасқан жерін дұрыс айта алмайды. Жиі төсектен атып тұрып, еденнен бір нәрсе іздеп, төсектің астынан, шкафтың астынан тышқан ұстап алуға тырысады.
Төменде аталған синдромдардың қайсысы болуы мүмкін?
А) галлюциноз
Б) параноидты синдром
В) делирий
Г) қарауытқан бұзылыстар
Д) аменция
108. 40 жастағы ер адам арақты салынып ішкендіктен ұйқысы бұзылған. Тынымсыз, үрей билеген. Науқаспен қарым-қатынас толық емес, өзінің аты-жөнін дұрыс айтады, бірақ уақыт пен орналасқан жерін дұрыс айта алмайды. Жиі төсектен атып тұрып, еденнен бір нәрсе іздеп, төсектің астынан, шкафтың астынан тышқан ұстап алғысы келіп, қорқыныш сезінеді.
Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған ДҰРЫС?
А) нейролептиктер, танквилизаторлар
Б) антидепрессанттар, танквилизаторлар
В) барбитураттар, ноотроптар
Г) антидепрессанттар, гипотензивті заттар
Д) нормотимиктер, ұйықтатқыштар
109. 47 жастағы ер адам үш күн бойы салынып ішкеннен кейін, жалпы жайсыздыққа, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуға, бас ауруына, жүрек қағуына, көңіл-күйінің жоқтығына, қозғыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде беті қызарған, үрейленген, жалпы тремор байқалады.
Төменде берілген синдромдардың қайсысы ТӘН?
А) абстинентті
Б) фобиялық
В) психоорганикалық
Г) ипохондриялық
Д) делириозды
110. 47 жастағы ер адам үш күн бойы салынып ішкеннен кейін, жалпы жайсыздыққа, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоқтығына, жүрек айнуға, бас ауруына, жүрек қағуына, көңіл-күйінің жоқтығына, қозғыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде беті қызарған, үрейленген, жалпы тремор байқалады.
Төменде аталған емдік шаралардың қайсысын тағайындаған дұрыс?
А) дезинтоксикациялық терапия, транквилизаторлар
Б) дегидратационды терапия, нейролептиктер
В) нейролептиктер, транквилизаторлар
Г) ноотропты терапия, антидепрессанттар
Д) қан тамырлық терапия, нейролептиктер
111. 52 жастағы 30 жыл бойы ішімдікке салынған. Соңғы 10 жыл бойы алкоголь суррогаттарын қолданып келген, алкоголь және алмастырушы заттарды тәулігіне жиі, аз мөлшерде ішіп отырған. Табанымен жерді сезінуі жоғалып, жүрісі бұзылған. Соңғы күндері ұмытшақ, күндерді шатастырып және бірнеше минут бұрын болған дүниені есіне түсіре алмағасын туыстары ауруханаға алып келген .
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) алкогольді делирий
Б) алкогольді параноид
В) Корсаков психозы
Г) паталогиялық салынып ішу
Д) полинейропатия
112. 42 жастағы ер адам 20 жыл бойы салынып ішкен, бас жазуды әдетке айналдырған, күнде арақ ішуге әуестеніп тұрады, ішімдікті тәулігіне жиі және аз мөлшерде ішеді. Екі күн арақты қойғаннан кейін кешкі уақытта теледидардан ер және әйел адамның дауысын естиді, олар өзара оның іс-әрекеттерін талқылайды, оны «агкоголик өз отбасын ойран еткен» деп айтады. Бірақ науқас өзінің кім екенін және қайда тұрғанын анық біледі.
Қандай болжам диагноз ТӘН?
А) абстинентті синдром
Б) алкогольді делирий
В) алкогольді галлюциноз
Г) алкогольді параноид
Д) Гайе-Вернике энцефалопатиясы
113. 42 жастағы ер адам екі жақты пневмониямен емделуге түсті. Анамнезінде ішкілікке салынғандығына байланысты бірнеше рет емделген. Терапиялық бөлімге түскеннен кейін үшінші күні кешке қарай мазасыздана бастады, төсекте жата алмай, қорқыныш сезімі билеп, төсегіне көп тышқандардың секіріп жатқанын көреді. Оларды көрпенің үстінен қағып тастап, төсектен тұруға әрекеттенеді, өзін үйдемін деп сезініп, әйелінің дауысын естиді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкогольді делирий
Б) алкогольді галлюциноз
В) алкогольді параноид
Г ) корсаков психозы
Д) Гайе-Вернике энцефалопатиясы
114. 25 жастағы бозбала қозған, тежеусіз, көп сөйлейді, тез ашуланады, кейде агрессивті. Беті бозарып, көз қарашығы кеңейген, тахикардия байқалады, артериалды қан қысымы жоғары және тұмаурату белгілері бар, жөтел мазалайды.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) героин
Б) кофеин
В) морфин
Г) кокаин
Д) гашиш
115. 29 жастағы ер адам тежеусізденген, эйфориялы, көп сөйлейді. Бірақ сөзі түсініксіз, орынсыз қалжыңдайды, қозғалыс координациясы бұзылған, тербеліп жүреді. Қарашықтары кеңейген, беті аздап қызарған, алкогольдің иісі жоқ
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаин
Б) барбитурат
В) гашиш
Г) эфедрон
Д) тұрмыстық химиялық заттар
116. 25 жастағы бозбала көп сөйлейді, өнімсіз бірмәнді әрекетке талпынады. Қарашықтары кеңейген, сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығы жоғарылаған. Алкогольдің иісі жоқ.
Төменде аталған препараттардың қайсысының әсері болуы мүмкін?
А) кокаин
Б) эфедрон
В) гашиш
Г) героин
Д) барбитурат
117. 30 жастағы ер адам соңғы 5 жылда алкогольді жүйелі ішкен. Ішімдікке жабысқақ құштарлық сезінеді, ішімдіктің жоғары дозаларын көтере алады. Кейбір жағдайда 2-3 күн бойы тоқтамай ішеді. Бұл эпизодтардан кейін бас ауырып, жүрегі айнып, кейде құсады. Келесі күні ішімдік қабылдау оның жағдайын жеңілдетпейді. Тез шаршағыш, әлсіз, еңбекке қабілеттілігі төмендеген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкоголизмнің 1-ші сатысы
Б) алкоголизмнің 2-ші сатысы
В) алкоголизмнің 3-ші сатысы
Г) тұрмыстық мастану
Д) алкогольді эпизодты қолдану
118. 18 жастағы бозбала төсекте жатыр, жан-жағына немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспейді. Тамақтандыру кезінде ерінін қысады, аузын аштыртпайды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) каталепсия
Б) апатиялық ступор
В) активті негативизм
Г) пассивті негетавизм
Д) истериялық ступор
119. 35 жастағы әйелде айқын қайғы, үрейлену жағдайы байқалады. Мимикасы уайымды бейнелейді. Кейде, жылап, менің «күнәларым» үшін жауапқа тартыңдар деген сөздермен, қозу жағдайы бақыланады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) истериялық қозу
Б) депрессивті ступор
В) жедел сандырақтық жағдай
Г) ажитацияланған депрессия
Д) дисфория
120. 40 жастағы әйел адамда еш себепсіз көңіл-күйі түсіп кетті. Үйден шығуды қойды, төсекте жата беретін әдетті шығарды, өз-өзіне қарамайды. Тәулік бойы көңіл-күйі өзгеріп отырады, әсірісе ертеңгісін өзін-өзі нашар сезінеді, тәбеті төмендеп 7 кг салмақ тастады. Емделгеннен кейін көңіл-күйі орнына түсті, бұрынғысынша эмоциональды, ақкөңіл күйіне түсті, жанұясынмен айналысты, шамамен 2-3 жылда бір рет осы тәріздес жағдайлар қайталанды. Емделуден кейін психикалық жағдайы бастапқы күйіне оралып отырды.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) рекурентті шизофрения, депрессивті синдром
Б) депрессивті невроз
В) маникальді-депрессивті психоз, депрессивті фаза
Г) маниакальді-депрессивті психоз, биполярлы тип
Д) инволюциялық депрессия
121. 45 жасар әйел, сауда қызметкері. Шапшаң, мимикасы жанданған, көздері жылтырайды, көп және жылдам сөйлейді. Қимыл-әрекет кезінде жиі ән айтады. Бөлімшеде барлығына араласады, сексуальды тежеусізденген , сексуальды тақырыпта көп және тамсанып әңгімелейді, өзін ерлерге жіберуді талап етеді. Осымен қатар тітіркенгіш, кейде төбелеске бейім тұрады. Қарсылыққа төзбейді, ескертулерге қарқынды және агрессивті реакция береді.
Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?
А) көңілді мания
Б) шатасқан мания
В) ызалы мания
Г) продуктивсіз мания
Д) типті мания
122. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды десе болады. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.
Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?
А) лакунарлы деменция
Б) ақыл аздығы (малоумие)
В) психоорганикалық синдром
Г) тотальды деменция
Д) концентриялық деменция
123. 17 жастағы бозбала. Әкесі – маскүнем, ұлы өзінен туылмағандығына күдік туғандықтан 13 жасынан балаға ішкізе бастаған. Алғашқы мастанулардан кейін науқас ішкілікке аса әуестікті сезінген. Соңғы жылда мастануға қажет қабылдайтын мөлшері күрт жоғарылаған, 800 гр араққа дейін. Таңертеңгі уақытта бас жазуға қажеттілік туындаған, немесе еңбекке қабілетсіз. Екі рет анаша тартып көрді, мастану болмады, араққа қайта оралды. Психиатриялық ауруханаға мас күйінде түсті, балағат сөздер айтып, өзін тізгінсіз ұстады.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкоголизм 1-ші сатысы
Б) алкоголизм 2-ші сатысы
В) алкоголизм 3-ші сатысы
Г) тұрмыстық салынып ішу
Д) алкогольді мастану
124. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді.
Аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы дұрысырақ болып табылады?
А) күштеп емдеу
Б) дезинтоксикациялық терапия
В) психотропты терапия
Г) психотерапия
Д) антиалкогольды терапия
125. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкоголизациямен психопатия
Б) тұрмыстық ішкілікке салыну
В) алкоголизм 1-ші сатысы
Г) алкоголизм 2-ші сатысы
Д) алкоголизм 3-ші сатысы
126. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сананың аментивті бұзылысы
Б) сананың онейроидты бұзылысы
В) сананың қарауытқан бұзылысы
Г) сананың делириозды бұзылысы
Д) кататониялық бұзылыс
127. Зерттелуші ер адам, 35 жаста, үйлену тойы күнінде, жеңіл алкогольді мастану жағдайында кенеттен жүріс-тұрысы өзгерді. Ызалы, үрейшіл күйге түсті, қорқыныш сезінді, қонақтардың бірін шайтан, робот деп атады. Жолдастарының сұрақтарына «ия, жоқ» деп жауап берді. Көздері біресе күдікшіл, бірде немқұрайлы, бірақ қимыл-әрекеттері сенімді болды. Кенет ас бөлмесіне шықты, жылдам қайтып келді, жолдасына жақын келіп, сен шайтансың деп, үш рет кеудесіне пышақ салды. Осы жағдайына байланысты байланып, милицияға жеткізілді. 2 сағаттан кейін өз-өзіне келді, қайда және не болғанын түсіне алмады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) алкогольді делирий
Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі
В) кататониялық қозу
Г) алкогольді мастану
Д) сананың онейроиды күңгірттенуі
128. Сынақталушы 40 жасар, кассир. Аса ірі көлемде ақша жұмсағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Тергеушімен әңгімелесу кезінде көздерін бақырайтады, орынсыз жымияды, өз есімін, жасын атай алмайды, жұмысымда отырмын дейді. Өзінің үлкен жопарлары жөнінде айтады, сол уақытта қарапайым арифметикалық операцияларды орындай алмайды, аяқ киімін қолдарына киеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кататониялық ступор
Б) истериялық ступор
В) реактивті ступор
Г) пуэрилизм
Д) псевдодеменция
129. 35 жасар әйел, бухгалтер, ірі көлемдегі банк ақшасының ұрлануына қатысы бар. Өзге қалаға қашып кеткен, сонда ұсталды. Тергеу кезінде – жүріс-тұрысы адекватсыз: уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған, айналадағыларды танымайды, көздерін бақырайтады, өзін буындыратын «кірпіктерімен үлкен көз» көреді, қарапайым сұрақтарға қисынсыз жауап береді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) шизоаффективті бұзылыс
Б) аффективті психоз
В) сананың делириозды бұзылысы
Г) реактивті психоз
Д) реактивті параноид
130. 29 жасар әйел көңілдесінің бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) симуляция
Б) реактивті психоз
В) шизофрения
Г) истериялық психоз
Д) агравация
131. 30 жасар ер адам, әйелімен бірге қызының туылған күнін атап отырды, алкоголь қабылдап отырды. Отырыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтты. Нәтижесінде ұрыс-керіс басталды, кеудесінен ұстап алып бірнеше рет жұдырықпен ұрды, әйелі құлап, басын соғып, санасын жоғалтты. Тоқтамастан бүкіл денесін аяқ-қолымен ұруды жалғастыра берді. Бұл әрекеті үйге кірген үй иесімен тоқтатылды. Науқас қарсылық көрсетпестен құлап түсті. Өзіне келген соң болған жайтты есіне түсіре алмады. Тағылған кінәға қатты таң қалды.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) физиологиялық аффект
Б) алкогольді мастану
В) патологиялық аффект
Г) реактивті психоз
Д) импульсивті әрекет
132. Ер адам 55 жаста, жұмысшы. Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) біріншілік қызғаныш сандырағы
Б) алкогольді галлюциноз
В) алкогольді параноид
Г) Корсаков психозы
Д) алкогольді псевдопаралич
133. Ер адам 55 жаста, жұмысшы. Алкогольді 30 жыл шектен тыс қолданады. Салынып ішеді, абстиненция жағдайында үрейлі, мазасыз. Соңғы кездерде толеранттылық күрт төмендеді. Жұмысына, жанұясына көзқарасы өзгерді, немқұрайдылық, эгоизм пайда болды. Мастану жағдайында әйелімен конфликтті қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда, әйелінің үйіне кеш келетінін, өзіне нашар көзқарасын байқаған. Табанды түрде қайда болғанын анықтайтын болған. Көзіне шөп салып жүр деп күдік пайда болып, соңынан аңди бастаған. Кезеңмен әйелінің алдап жүргенін дәлелдейтін “дауыстар” естіген.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) тұрмыстық маскүнемдік
Б) салынып ішетін маскүнемдік
В) алкоголизм 1-ші сатысы
Г) алкоголизм 2-ші сатысы
Д) алкоголизм 3-ші сатысы
134. Ер адам 37 жаста, соматикалық ауруы бойынша2-ші топ мүгедегі. Соңғы жылдары физикалық денсаулығы әлсіреген, тітіркенгіш, өз өміріне күдіктеніп, үрейленеді. Құқық бұзушылық күнінде 30-жасар әйелі, онымен ажырасатынын, өйткені өзге адамды жақсы көретінінін айтады. Осыған реакция ретінде науқас дірілдеп, әйелін мүсінмен ұра бастағанын бұлыңғыр есіне алады. «ары қарай барлығы басымда күңгірттеніп кетті, есімде жоқ». Шамамен таңғы 6-да диванда жатқан жерінен оянды. Жанында еденде қан-жоса мүсін жатты.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) кататониялық қозу
Б) психомоторлы қозу
В) патологиялық аффект
Г) аффективті бұзылыс
Д) аментивті бұзылыс
135. 29 жасар әйел көңілдесінің өзі бұрын кездеспеген, бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін өлтіруге байланысты сот-психиатриялық сараптамаға түсті. Ісіне өкінбейді. Марқұм әйел оны «уландырды», күйеуіне келген балалары арқылы «уландырылған радиоактивті азық-түлікпен дуа» жасады деп түсіндіреді. Мәнерлі, гримасалар жасайды, өзінің тағдырына немқұрайды. Сөзшең, ой-пікірі мақсатсыз. Өнімсіз философиялық талқылауларға бейім.
Аталған қорытындылардың барлығы дұрыс, БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ:
А) науқаста созылмалы психикалық бұзылыс
Б) шизофрения
В) симуляция
Г) құқық бұзушылық сәтінде өз әрекетіне жауап бере алмаған
Д) күштеп емдеуді қажет етеді
136. 16 жасар жасөспірім, оқушы. Крупозды пневмонияға байланысты амбулаторлы ем қабылдап жүр, антибиотиктер, сульфаниламидтер қабылдаған. Қарау кезінде тері жабындылары бозарған, Т-37,4. Өкпесінде оң жағында жекелеген құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенограммада – оң жақтық пневмония қалдық белгілері. Орын, уақыт бойынша бағдары бұзылған, өз есімін дұрыс атайды. Үреймен мазасызданып айналаға көз тастайды. “Көптеген жылжып жатқан бақаларды, жыландарды, биттерді көретінін” айтады. Үнемі өз денесінен бірдемені қағады.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Б) сананың аментивті күңгірттенуі
В) жедел реактивті қозу
Г) сананың делириозды күңгірттенуі
Д) интоксикациялық психоз, параноидты синдром
137. 70 жастағы әйел, пневмонияға байланысты терапия бөліміне түсті. Жағдайы ауыр, төсектен тұрмайды, басымен, аяқ-қолдарымен үнемі қимылдар жасайды, қолдарымен жаялықты тартады. Кезеңмен жылайды, біресе күледі, сөзі байланыссыз, өзінің қайда және кіммен әңгімелесіп отырғанын, фамилиясын айта алмайды. Спонтанды түрде жеке сөздер айтады, қандай-да бір фамилияларды атайды. Кешкі уақытта мазасыздық күшейеді, қорқыныш сезінеді: “бақалар, жыландар, тышқандар” көрінеді.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
А) сананың делириозды күңгірттенуі
Б) сананың қарауытқан күңгірттенуі
В) корсаков психозы
Г) сананың аментивті күңгірттенуі
Д) кататониялық қозу
138. Қыз бала 17 жаста, студент. 2 апта бұрын тұмаумен ауырғаны белгілі. Дене температурасының жоғарылауына, жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдерге, ентігуге шағымданған. Уақыт және орын бойынша бағдары бұзылған. Үрейлі, контакт мүлдем жоқ. Қашуға тырысады, ұстауға тырысқанда күшті қарсылық көрсетеді. Анасын шақырады, біреуге айғайлайды. Соңымнан біреу аңдып жүр, өлтіруге тырысады дейді. Айтқан сөздеріне критика жоқ.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) шизофрения, параноидты формасы
Б) соматогенді психоз, параноидты синдром
В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
Г) интоксикациялық психоз, аментивті синдром
Д) соматогенді психоз, психопатия тәрізді синдром
139. Науқас, 36 жаста. Анамнезінен: екі жыл 12-елі ішек ойық жара ауруымен ауырады, осы ауруына байланысты 2-ші топ мүгедегі. Мінез-құлқы үрейшіл, тұйық. Клиникалық, лабораториялық және рентгенологиялық зерттеулер соматикалық аурудың өршуін көрсетті. Әңгімелесу кезінде бағдары дұрыс, контакт шектелген: жай дауыспен, бірмәнді жауап береді. Асқазанның ауыр ауруымен ауырамын, ол жазылмайды деп есептейді. Көңіл-күйі жабырқаулы, тамақтан бас тартады, бөлімшеде ешкіммен араласпайды. Суицидальды ойлар айтады. Критика жоқ.
Төменде аталғандардан қандай синдром аса тән?
А) галлюцинаторлы-сандырақтық
Б) реактивті параноид
В) депрессивті-ипохондриялық
Г) сенесто-ипохондриялық
Д) обсессивті-фобиялық
140. 16 жастағы жасөспірім, оқушы. Бес күн бұрын тұмаумен ауырып қалған, температурасы 40°C дейін жеткен, жөтел, мазалаған. Мазасыз, үрейшіл. Айналадағының барлығы ”әдейі ойластырылып қойған”, ”қос ойын” жүргізіліп жатыр дейді. Біресе ол ауруханада, біресе тергеу изоляторында. Айналадағы дәрігерлер – дәрігерлер емес, оған қылмыстық іс жүргізіп жатқан тергеушілер, ал медициналық персонал ”киімдерін ауыстырып алған агенттер”. Көндіруге келмейді, толығы мен өзінің дертті күйзелістерінің қармауында.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы-параноидты синдром
Б) жедел шизофрениялық эпизод, әсер ету сандырағы
В) интоксикациялық психоз, сананың аментивті күйі
Г) интоксикациялық психоз, сахналау сандырағы
Д) интоксикациялық психоз, қарым-қатынас сандырағы
141. 17 жасар қыз балада жоғары температурамен тұмау болған. Қарау кезінде мазасыз, үрейшіл, зейіні тез ауысады. Қайда екенін білмейді, қоршаған ортадағы жағдайды бағдарлауы бұзылған. Жиі төсектен ыршып тұрады, жастық астынан әлденені іздейді, төсек астына қарайды, көз алдына елестеген жәндіктерді ұстауға тырысып, қолдарымен қабырғаны сипалайды. Кезеңмен қорқынышпен жан-жағына қарайды, өз-өзімен сөйлеседі.
Төменде аталғандардан қандай синдром болуы мүмкін?
А) галлюцинаторлы
Б) параноидты
В) делириозды
Г) сананың қарауытқан бұзылысы
Д) аментивті
142. 42 жастағы әйел, сауыншы. 5 жылдан бері бруцеллезбен науқастанған. Бас ауыруына, әлсіздікке, температураның жоғарылауына, бүкіл деенсіндегі сырқыраған ауру сезіміне шағымданады. Қарау кезінде тері жабындысы бозарған, перифериялық лимфа түйіндерінің барлық топтарының аздап ұлғаюы, бауыр, көкбауыр ұлғаюы, ірі буындар аймағындағы ауру сезімі. Көңіл-күйі төмен, әлсіреген. Бөлменің тереңінен оны өлтіремін деп қауіп төндірген әйел дауысын «естиді». “Дауыс” шынайы адамның дауысы тәрізді естіледі.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Б) шизофрения, параноидты формасы
В) реактивті параноид
Г) интоксикациялық психоз, депрессивті синдром
Д) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
143. 48 жастағы ер адам. Мастану жағдайында 2-ші және 3-ші дәрежедегі күйік алған. Күйік бөлімінде ем алып жатыр. Қарау кезінде: беті, құлақтары, қолдары, кеудесі іріңді қабыршықтармен жабылған, температурасы – 39,3. Науқас өзін үйімдемін деп ойлайды, мазасыз, қозған, тоқтамастан бірдеңені іздейді, ауадан қармайды. Төсектен тұруға талпынады, өз денесінен дәкелерді алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. өз есімін дұрыс атайды «денсаулық үшін» алып қоюға «шақырып» тұрған “достарын” кіргізуді өтінеді.
Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) интоксикациялық психоз, галлюцинаторлы синдром
Б) интоксикациялық психоз, сананың қарауытқан күйі
В) интоксикациялық психоз, делириозды синдром
Г) алкогольді делирий
Д) интоксикациялық психоз, аментивті синдром
144. 47 жастағы әйел жедел жәрдеммен өз үйінің өртінен кейін жеткізілді. Қозғалыссыз қалыпта отыр, жанары кеңістікке қадалған, қоршаған ортада болып жатқан жайттарға қатыссыз, контакт мүмкін емес. Осындай жағдайда болғанына алты сағаттай өтті.
Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?
