Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Темирбеков_З.Т._ПАНКРЕАТИТТІҢ_АСҚЫНҒАН_ТҮРЛЕРІН...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Лабораторлы диагностика

Қандағы амилазаның көрсеткіштердің маңызы үлкен, ол панкреатиттің формасымен мерзіміне байланысты. Жедел панкреатит кезінде амилазаның қан мен зәрдегі динамикалық белсенділігіне зерттеу жүргізу қажет. Қандағы амилазаның жоғарлауы және қайтып төмендеуі панкреонекроз дамуын көрсетеді. Қалыпты жағдайда ұйқы безінің ферменттері эластаза мен трансаминаза қанда анықталмайды. Жедел панкреатиттің барлық түрлерінде бұл ферменттердің көрсеткіші жоғары болады. ұйқы безінің ісінуінде эластаза белсенділігі 4,37-5,53, майлы панкреонекрозда 3,59-5,11, геморрагиялық панкреонекрозда 3,24-4,54. Трансаминаза 1)2,29-3,91; 2)1,97-3,95 және 1,83-4,29 мкмоль/мин/мл (ісік, майлы, геморрагиялық панкреонекроз).

Жедел панкреатитте плазмадағы, эритроциттер мен зәрдегі электролиттік жылжудың маңызы зор. Көбінесе өзгерістер деструктивті панкреатитте кездеседі. Көбінесе плазмалық гипокалиемия немесе гиперкалиемия анықталады. Гиперкалиемия ауру асқынулары кезінде, яғни шок немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі кезінде көрініс береді. Бұл панкреатит кезінде калий деңгейінің өзгеруі біркелкі заңдылықпен жүрмейтінін көрсетеді. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастардағы кальций құрамын зерттегенде гипокальциемия мен кальций деңгейінің төмендеуі, сарысудағы паратгормонның екі есеге өскені (1143 пг/мл) байқалған. Сарысудағы дигидроксивитамин Д-ның 26-дан 107 пг/мл-ға өскенін көреміз.

Постнекротикалық инфильтрат кезеңінде қанда аздап анемия, лейкоциттер санының 10,0-107л дейін болуы, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуын, ЭТЖ (эритроциттердің тұну жылдамдығының) өсуі байқалады. Қанды биохимиялық зерттеуде мочевина, креатинин, трансаминаза, амилаза, билирубин көрсеткіштері қалыпты болады. Уроамилаза көрсеткіштері қалыпты кейде төмендеген болады; зәрде цилиндр мен белок анықталуы мүмкін, бұлар бүйрек паренхимасының іріңді зақымдануының пайда болуын көрсетеді. Анемияның өрлеуі, тұрақты лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы ЭТЖ көтеріледі іріңді процесстің болуын көрсетеді. 95%-да С-реактивті белок анықталады. Лейкоцитоз 100% науқастарда кездеседі.

Қанда фибриноген, зәрде ақуыздың, цилиндрлер мен эритроциттердің пайда болуы, өсіп келе жатқан іріңді интоксикацияны көрсетеді. Қосымша көрсеткіштері бұл қан мен зәрде амилазаның төмендеуі.

Аспапты диагностика

Клиникалық көріністерін ескере отырып ультрадыбыстық симптомдарды анықтау арқылы қатесіз диагностикалауға болады. ультрадыбыстық белгілер тікелей және жанама болып бөлінеді.

1-іншісіне келесі спецификалық өзгерістер жатады:

- ұйқы безінің көлемі,

- контурлары,

- паренхиманың құрылысы,

- ұйқы безінің аймағы (проток),

- шарбы қалтасы.

Жанама ЭХО белгілері де маңызды болуы мүмкін:

  • Ішек және плевральды қуыстарында сұйықтықтың болуы,

  • Гастростаз болуы,

  • Ішек парезі белгілері (айқын метеоризм, жіңішке ішектегі иілім дилатациясы және т.б. )

  • Токсикалық гепатиттің белгілері.

Аурудың ісінулік түрінде бездің құрылысы біркелкі болмайды, әсіресе үлкен кісілерде және өтті тас ауруы бар науқастарда.1(сурет)