- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Мазмұны
- •Жедел панкреатиттің этиологиясы
- •Жедел панкреатиттің жіктелуі
- •Клиникалық көрінісі
- •Лабораторлы диагностика
- •Аспапты диагностика
- •1 Сурет. Жедел панкреатиттің ісіну формасы. Ұйқы безінің біркелкі емес паренхимасы (көлденең сканирлеу).
- •2 Сурет. Панкреонекроз. Ұйқы без өзегінің кеңеюі (көлденең сканирлеу)
- •Жедел панкреатиттің емдеу принциптері
- •Панкреатикалық жолды катетерлеу және панкреатикалық секреттің аспирациясы
- •3 Сурет. Панкреаттық сөлдің аспирациясымен эпст әдістемесі
- •Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
- •Жедел панкреатиттің асқынған түрлерін хирургиялық емдеу
- •Қорытынды
- •Тесттік бақылау сұрақтары
- •Жауап эталондары:
- •Әдебиеттер
- •Лобанов с.Л., Степанов а.В., Лобанов л.С. Современные подходы к лечению острого панкреатита. – 2008.
- •Полушин ю. С., Суховецкий а. В., Сурков м. В., Пащенко о. В., Широков д. М. Острый послеоперационный панкреатит//Фолиант – 2003.
- •23. 06. 2011 Ж. Басуға қол қойылды
1 Сурет. Жедел панкреатиттің ісіну формасы. Ұйқы безінің біркелкі емес паренхимасы (көлденең сканирлеу).
1 — іштің алдыңғы қабырғасы; 2 — бауыр паренхимасы; 3 — өт қабы; 4 — өт қабы қуысындағы конкремент; 5 — ұйқы безінің ісінген паренхимасы; 6 — көкбауыр артериясы; 7 — жоғарғы шажырқай артериясы; 8 — қолқа; 9 — төменгі қуыс венасы; 10 — омыртқа
Сонымен қатар ұйқы без тінінде кішкене көлемді нүктелі эхопозитивті құрылымдар пайда болады. Аутолиз механизмінің жүктелуін ұйқы безінің өзегін гипертензия тудыруы мүмкін, сондықтан УЗИ-да оның дилатациясы көрінеді. Ісінуі кезінде өзек 4-6 мм дейін ұлғайған болады және паренхима ортасындағы эхонегативті сызық түрінде көрінеді. Жедел панкреатиттің ісінулік формасында 20-25% науқастардың ұйқы безі өзегі ұлғайған болады. ісінулі панкреатит кезінде майлы қалташада сұйықтық жиналуы сирек болады (9% жағдайда). Көлденең сканерлегенде асқазан мен без тінінде эхонегативті жолақ 3-7 мм көрінеді. Көп мөлшерде сұйықтықтың жиналуын біз анықтамадық.
Ультрадыбыс кескіні түрлі формадағы панкреонекроздың ісінулі формасына қарағанда тым өткір. Бездің көлеміне қарағанда біршама үлкенірек . Науқастардың 65 пайыз компрессиялық салдарынан тамырлары жоғалуы, сондықтанда бірінші олеиіндер алған кезден-ақ қиыншылықтар туады. Сонғы жылдары әр-4-5 науқаста субтатальды немесе тотальды некроз бар, сонымен түрлі безді бөлімдердің қабынуы көлеміне байланысты үлкеюі мүмкін. Паренхима мүшесі мүлдем біркелкі емес.
Әр екінші панкреонекрозбен ауыратын науқаста Вирсунгов өзегі ұлғайған. Содан басқа, әр үшінші науқаста токсемия фазасы кезінде Сольников қалтасында сұйықтықты айқын көруге болады. ол көбінесе біркелкі құрылымды емес, қалтаның түрлі бөлімдерінде эхонегативті құрылым түрінде жиналады және одан кеиін өтетін сигналдар күшейеді.
2 Сурет. Панкреонекроз. Ұйқы без өзегінің кеңеюі (көлденең сканирлеу)
1 — іштің алдыңғы қабырғасы; 2 — бауыр паренхимасы; 3 — өт қабы; 4 — өт қабы қуысындағы конкремент; 5 — ұйқы безінің ісінген паренхимасы; 6 — көкбауыр артериясы; 7 — жоғарғы шажырққай артериясы;
Ісіну формасына қарағанда панкреонекроздың ультрадыбыстық белгілері өте көп науқастардың 90,8% ішінде сұйықтық болады. Іштің барлық бөлімдерін әсіресе төмеңгісі аса маңызды емес бөлімінде және немесе диафрагма астындағы қуыстың едәуір көлемдегі сұйықтықты анықтауға мүмкіндік туғызады. Науқастардың 12% іріңді фибро-некрозға ұқсас шұңқырлар байқалған.
Панкреонекроз ауруы 1-2 аптадан кейін іріңге айналады немесе дегенеративті поснекротикалық кезеңде өтеді. Паренхиманың қабынуы көлеміне байланысты ұйқы безі, құрсақасты жасушасы және микроорганизмдердің вируленттілігі инфекцияны қайта тудырушылар асептикалық немесе антисептикалық жолмен жүреді.
Некроз ошағының бірінші жағдайында байланыстырушы ұлпалар сорылады және араласады немесе капсуланады.
Науқастарда жедел панкреатитке күдігі болғандықтан іштің басқа да жедел ауруларымен диференциалды диагностикасы үшін лапароскопия қолданылуы мүмкін. Оны панкреатитті белгілерін перитониттің таралуын анықтау үшін және сонымен қатар әртүлі диагностикаларда жүргізу, емдеу амалдары үшін қолданады. Ферменттерді анықтау үшін аспирация эксудаты үшін құрсақ бөлімін дренаждап құрғату. Лапараскопияны науқастардың құрсақ бөлімі мүшелерінде екінші операциядан кейін қолдануға болмайды. Тыныс алудың және жүрек қызметі бұзылған, үлкен винтральді грижалар болған кезде.
