Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

10 Дәріс. Альдегидтер мен кетондар

Альдегидтер мен кетондар класына, құрамында карбонилі тобы бар (=С=0) органикалық қосылыстар жатады.

Карбонил тобының көміртегі кем дегенде бір сутегі атомымен байланысқан органикалық қосылыстарды альдегидтер деп атайды.

Ал карбонил тобының көміртегі екі көмірсутек радикалымен байланыса оларды кетондар деп атайды. Аталмыш қосылыстардың жалпы формулалары:

О

О

R - C R - C -

H

альдегид кетон

Альдегидтер үшін тән карбонил тобы ( ) альдегидтер, ал кетондар үшін тән топты (= C = O ) кетондар тобы деп атайды.

Альдегидтердің аталуы. Рационалдық аталу бойынша альдегидтерді екі жолмен атауға болады.

1) Сірке альдегидінің туындылары, яғни сірке альдегидіндегі метил тобы сутектерінің басқа радикалдармен орын алмастыруы.

2) Қалыпты альдегидтер туындылары. Бұл үшін үлкен тізбекті грек жазбаларымен белгілейді, сонан кейін бүйір тізбек радикалдарының алдына грек әріпін қояды. Мысалы:

α - метил - май альдегиді

Жүйелік номенклатура бойынша, альдегидтер өздеріне сәйкес көмірсутектерінің соңына - аль жұрнағын жалғау арқылы аталады. Тізбекті нөмірлеуді альдегид тобындағы көміртегінен бастайды, бірақ оған бір санын қоймайды.

Мысалы: 2-метилпропаналь

CH3 - пропаналь

Кетондар номенклатурасы. Рациональды номенклатура бойынша кетондарды, карбонил тобын қоршаған радикалдарды, орынбасарлардың өсу ретімен атап, соңынан “кетон” деген сөз жалғау арқылы атайды.

Мысалы: диметилкетон (ацетон)

диэтилкетон

метилизопропилкетон

Халықаралық номенклатура бойынша кетондарды сәйкес көмірсутек аттарына - он жалғауын қосу арқылы атайды. Тізбекті нөмірлеуді, кетотобына жақын жағынан бастайды. Кетотопты көрсетуші көміртегінің нөмірін он жалғауынан кейін қояды.Мысалы:

пропанон-2,

гексанон-3

Изомерлері. Бұлардың изомерия құбылысы, біріншіден, олардың көміртегі қаңқасының құрылымына, екіншіден, карбонил тобының (кетондар үшін) тізбекте орналасуына байланысты

а) көміртек қаңқасына байланыстылығы, альдегидтер үшін:

,

Кетондар үшін: ,

б) карбонил тобының тізбекте орналасуына байланыстылығы, кетондар үшін:

Физикалық қасиеттері. Альдегидтердің қарапайым өкілі (метаналь) қалыпты жағдайда газ. Келесі мүшелері сұйықтар. Жоғары альдегидтер - қатты заттар. Олардың төменгі өкілдері суда жақсы ерісе, жоғары өкілдері ерімейді. Кетондар арасында газ тәріздес заттар жоқ. Олар көбінесе сұйық заттар.

Химиялық қасиеттері. Альдегидтер мен кетондар реакциялық қабілеттілігі жоғары белгілі заттар. Олардың реакцияларының көпшілігі активті карбонил тобына байланысты. Мұндағы С=О арасындағы қос байланыс сияқты активті орталық болып есептеленеді. Десекте, оттек, көміртекке қарағанда, электр терістігі күштірек элемент. Сондықтан электрон тығыздығы оттек атомының жанында көміртек атомының жанындағыдан гөрі күштірек. Осының салдарынан көміртегі атомында электрофильдік қасиет пайда болады да, нуклеофильді реагенттермен әрекеттесуге бейім келеді. Қосылу реакциялары жүргенде қосылатын молекуланың теріс зарядталған бөлігі әр уақытта көміртек атомына қарай бағыт алады.

Қосып алу реакциялары. Альдегидтерге және кетондарға сутектің қосылу реакциясы сутектендіргіш катализаторлардың (Nі, Co, Cu, Pt, Pd және басқалар) қатысуында жүреді. Бұл процестерде альдегидтер біріншілік, ал кетондар екіншілік спирттерге айналады.

сірке альдегиді біріншілік этил спирті

ацетон екіншілік пропил спирті

Магний галогеналкилдермен қоcылу реакциясы

құмырсқа бромды магний этил магний бром алкоголяты

альдегиді

пропил спирті

Ацетон бромды этил магний бромалкоголяты

Алынған қосылыс оңай гидролизденіп, сәйкес спиртті береді

Көгерткіш қышқылымен қосылып α-оксинитрилдерді түзеді.

α-оксимайқышқылының эфирі

Натрий бисульфитінің қосылысы кристалды заттар түзеді, әдетте олар альдегидтердің немесе кетондардың бисульфиті туындылары деп аталады.

OH

R -C=O+HSO3Na R-C SO3Na

CH3

Басқа топтармен оттектің орын басу реакциялары. Альдегидтер мен кетондар бес хлорлы фосформен әрекеттескенде құрамындағы оттек атомын хлордың екі атомына ауыстырады:

Cl

R-C=O+PCl5 R-CН + POCl3

Н Cl

R 2C=O+PCl5 R2CCl2+POCl3

Тотығу реакциялары. Кетондарға қарағанда, альдегидтер әлдеқайда оңай тотығады. Альдегидтердің тотығуы:

2R-CH=O + O2 > 2R-COOH

Күміс тотығының аммиактағы ерітіндісін [Ag(NH3)2]OH альдегидтермен (бірақ кетонмен емес) араластырып қыздырса альдегид тотығып қышқылға айналады да, металл күйіндегі күміс түзіледі. Егер реакция жасалатын пробирканың іші майлы болмайтындай етіп тазартылған болса, онда күміс жұқа қабыршақ тәрізденіп пробирканың ішкі қабырғасына отырады - күміс айнасы түзіледі.

CH3-CHO + 2[Ag(NH3)2]OH >CH3COONH4 + 3NH3 + H2O + 2Ag

Бұл реакция альдегидтерге тән күміс-айна реакциясы деп аталады.

Кетондардың тотығуы, кетонның құрылысына қарай әр бағытта, көміртек тізбегінің үзілуі арқылы жүреді (Попов-Вагнер ережесі).

1) Тотықтырғыштар (мысалы, хромды қоспа) әрекеті карбонилмен көрші көміртек атомдарының біріне қарай бағытталады, алдымен оксикетон, одан кейін дикетон түзіледі.

O OH O

C H3 - CH2 - C - CH2 - CH3 O CH3 - CH- C - CH2 - CH3 O

диэтилкетон α-оксикетон

2-окси-3-пентанон

O O О O

2HО

C H3 – C - C - CH2 - CH3 CH3 – C- OH + OH – C - CH2 – CH3

дикетон (H2О+О) екі карбон қышқылдары түзіледі

Полимерлену реакциясы. Полимерлену реакциялары тек альдегидтерге ғана тән. Ол реакциялар альдегидтерге қышқылдармен әрекеттескенде жүреді:

R

CH

O O

3 R - CH = O R - HC CH - R

O

Негізгі әдебиеттер: 1 [213-235], 3 [159-183]

Қосымша әдебиеттер: 4 [201-220]

Бақылау сұрақтары

1. Альдегид пен кетондардың жалпы формуласы.

2. Альдегид пен кетондардың алыну жолдары қандай?

3. Рациональдық және жүйелік атау бойынша кетондар мен альдегидтерді қалай атайды? Бірнеше мысал келтіріңіз.

4. Альдегид пен кетондардың химиялық реакциялары.

5. Альдольды және кротонды конденсацияға мысал келтіріңіз?