Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ермағанбетов М.Е., Чугунова Н.И., Керімқұлова А...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

Контакттық ақпарат

Кеңсе: Мұнай, газ және полимерлерді өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасы

Мекен-жайы: 480013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22. Бас оқу ғимараты, 821, 1031.

Тел: 8 (3272) 92-70-19, 92-58-26 (3-53, 3-40, 2-03)

Факс: 8 3272 926025

E-mail: aigul_kerimkulova@mail.ru

Кафедрада болу уақыты: 1031, 821 кабинеттер. Сабақ кестесі бойынша.

1.2 Пән бойынша мәліметтер:

Аты Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы

Кредит саны 4

Жүргізілетін орны 1016 кабинет

  1. кесте

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Бақылау түрі

Дәріс

Зертханалық сабақ

Тәжірибелік сабақ

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы

2

3

4

2

1

1

4

4

2

Емтихан

1.3 Пререквизиттері: «Алифатты қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнін толық игеру үшін студенттердің мына пәндерді жете білгендері жөн: жалпы химия,физика, математика,коллойдты химия , беттік құбылыстар; препаративтік химия

1.4 Постреквизиттері: «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнінен алған білімдерін «Циклдық қосылыстардың химиясы», «Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері», «Мұнай және газ химиясы», «Мұнай-химиялық және органикалық синтез технологиясы», «Мұнай мен газдарды талдау әдістері» пәндерінде қолдану.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны

«Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» - бұл сызықты құрылымды оттегі, азот атомдары бар туындылары. Мұнда ароматтық және гетероқосылыстар қарастырылмайды, тек май қатарындағы қосылыстар қарастырылады. Пән алифаттық қатардағы қосылыстардың химиялық және физикалық қасиеттерін, өндірісте және зертханаларда алу жолдарын, олардың халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы қолдану мүмкіндігін қарастырады.

Пәннің мақсаты «Алифаттық қатардағы қосылыстардың органикалық химиясы» пәнін оқудағы мақсат студенттерді органикалық химияның фундаменталды негіздерімен таныстыру, оның басты химиялық өнеркәсіптің теориялық негізінің маңызы мен ролін ұғындыру.

Пәннің міндеттері

  • нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатында студентердің теориялық дайындықтарының негізін қамтамасыз ету;

  • студентердің ғылыми түйсіктерін қалыптастыру, айталық, органикалық қосылыстардың құрылымы мен реакция жүру қабілеттілігінің ортасындағы логикалық байланысты сол қосылыстар және оларды алу жолдары арқылы түсіндіру;

  • қосылыстарды синтездеу барысында немесе және идентификацияланғанда студенттерді практикалық машықтануға баулу;

  • алған білімін күнделікті өмірде, өндірісте, табиғатты қорғау мәселерін шешкенде қолдана білуге үйрету.