- •С.5. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық ситуациялық есептер терапиялық стоматологиядан
- •Алматы,2007 г
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •1. Витальді экспирпациялау әдісі
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы.
- •1. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •2.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •3. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2.Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
4. ұлпаның жедел іріңдей қабынуы
5. созылмалы периодонт қабынуының өршуі
Есеп -№168.Науқас 36 тістің тағам қабылдағанда қақсауына шағымданып келді. Қарап тексергенде 36 тістің медиальды-шайнау бетінде өткір салбыраған шеттері бар кең көлемді тісжегі қуысы байқалады, іші тін өскінділерімен толы, аз ауырады, шұқығанда қанайды. Перкуссияда - ауырмайды. Тіс сауытының айналасын зондпен жүргізгенде қызыл иек бүртігі тісжегі қуысынан алшақ орналасқан. Рентгенограммада түбірдің бифуркациясы аймағында өзгеріс жоқ. Диагноз жоқ.
1. ұлпаның созылмалы гипертрофиялана қабынуы
2. қызыл иек полипі
3. сауыт қуысы түбінің тесілуі (перфорациясы)
4. созылмалы түбір ұшы периодонтының қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Есеп -№169. Науқас өз бетімен болатын, тұрақты сыздап тұратын ауру сезіміне, оның 26 тіске тістегенде күшейетініне шағымданады. Анамнезінде – тісжегінің асқынуы салдарынан емделу кезеңінде жүр. Қарап тексергенде – 26 тіс уақытша пломбамен жабылған, тістің перкуссиясы ауырмайды, түбір ұшы аймағындағы шырышты қабық өзгермеген, сипағанда ауырмайды. Болжамды диагноз қойыңыз:
1. периодонттың жедел қабынуы, жалқықты түрі
2. периодонттың жедел қабынуы, улану сатысы
3. периодонттың созылмалы қабынуының өршуі
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
Есеп -№170. Науқас 46 тісте тісжегі қуысының пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде – 46 тістің дистальды –шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысқан. Терең шұқығанда ауырады, перкуссияда және сипап тексергенде ауырмайды, түбір ұшы аймағындағы шырышты қабықтың түсі өзгермеген. Температуралық тітіркендіргіштерге ауырмайды. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында периодонт саңылауының біркелкі кеңейгені көрінеді. Диагноз қойыңыз:
1. периодонттың созылмалы гранульдене қабынуы
2. периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы
3. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Есеп -№171. Науқас 37 тісінде керіп тұру сезіміне, ыңғайсыздық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде - 37 тістің дистальды-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен байланысады. Терең шұқығанда және перкуссияда ауырмайды. Рентгенограммада дистальды түбір ұшы аймағында диаметрі 5мм-ге дейін жиектері дұрыс емес сүйек тінінің ыдыраған ошағы көрінеді. Жазылған клиникалық сурет сәйкес:
1. периодонттың созылмалы гранульдене қабынуы
2. периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы
3. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Есеп- №172. Науқас 20 жаста, тістерінде пигменттелген дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезіне – бала шағынан тістерінің түсінің өзгеруін байқаған, мұндай тістердің өзгеруі туысқандарында да бар.
Қарап тексергенде – тістердің кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кей аймақтарда пигменттелген дақтар тістің барлық бетінде анықталады (орналасқан). Дақ аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зақымдану аймағын зондпен тексергенде сырғанайды, метилен көгі ертіндесімен боялмайды. Жазылған клиникалық көрніс сәйкес келеді:
1. бастапқы тісжегі
2. кіреуке эрозиясы
3. флюороз
4. сына тәрізді ақау
5. кіреуке некрозы
Есеп -№173. Науқас 20 жаста, алдыңғы тістеріндегі косметикалық ақауға шағымданып келді,ол бала кезінен байқалған. Жоғарғы орталық күрек тістерінің пішіні бөшке тәрізді, кесу қырында жарты ай тәрізді ойықтар бар. Жазылған клиникалық сурет сәйкес:
1. беткей тісжегі
2. кіреуке эрозиясы
3. кіреуке некрозы
4. флюороз
5. Гетченсон тістері
Есеп -№174. Науқас 45 жаста, тістер сауытының көптеген ақауына шағымданып келді. Қарап тексергенде - 14, 15, 24, 25, 34, 35, 44, 45 тістердің вестибулярлы беттерінің мойын бөліктерінде дентин деңгейіне дейін, қабырғалары тығыз және жылтыр ақаулар анықталады, қызыл иек маңы қабырғасы көлденең, ал екіншісі өткір бұрыш жасап орналасқан. Зонд беткей бойынша сырғанайды. Жазылған клиникалық сурет сәйкес:
1. тісжегі
2. флюороз
3. кіреуке некрозы
4. кіреуке эрозиясы
5. сына тәрізді ақау
Есеп -№175. Науқас 43 жаста, косметикалық ақауға және химиялық тітіркендіргіштерден және суықтан тістерінің ауыратындығына шағымданып келді. Қарап тексергенде – жоғарғы жақтағы орталық күрек тістердің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде кіреуке және дентин деңгейінде домалақ пішінді ақау бар, ақаулардың түбі пигменттелген. Шұқып тексергенде – тегіс беткей бойынша зонд сырғанайды. Жазылған клиникалық сурет сәйкес:
1. тісжегі
2. флюороз
3. кіреуке некрозы
4. кіреуке эрозиясы
5. сына тәрізді ақау
Есеп – №176. Науқас 20 жаста, тістерінде пигменттелген дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – балалық шағынын тістерінің түсінің өзгеруін байқайды, мұндай өзгерістер туысқандарында да бар. Қарап тексергенде – тістердің кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кей аймақтарда пигменттелген дақтар барлық беткейлерде орналасқаны көрінеді. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс ,жылтыр, зонд зақымдану аймақ бетімен сырғанайды, метилен көгімен боялмайды. Аурудың түрін ата:
1. штрихті
2. дақты
3. эрозивті
4. бор тәрізді –дақты (меловидно- крапчатая)
5. деструктивті
Есеп -№177. Науқас 25 жаста, тістерінің сауытының бұзылуына және түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауға шағымданып келді, ол бала кезінен байқалған. Туысқандары мен жанұядағы адамдардың да тістерінде өзгерістер бар. Қарап тексергенде – тістердің сауыты жұқа, пішіні бұзылған, қажалудың әсерінен биіктігі төмендеген. Осы аурудың түрін ата:
1. штрихті
2. дақты
3. эрозивті
4. бор тәрізді – дақты (меловидно- крапчатая)
5. деструктивті
Есеп – №178. Науқас 25 жаста, тістерінің сауытының бұзылуына және түсінің өзгеруімен байланысты косметикалық ақауға шағымданып келді, ол бала кезінен байқалған. Туысқандары мен жанұядағы адамдардың да тістерінде өзгерістер бар. Қарап тексергенде – тістердің сауытының кіреукесінің түсі өзгерген. Алдыңғы фронталды тістердің тістеу қырлары пигметелген –«күйген» тістерге ұқсас . Осы клиникалық сурет сәйкес:
1. тісжегі
2. флюороз
3. кіреуке эрозиясы
4. кіреуке некрозы
5. сына тәрізді ақау
Есеп -№179. Науқас 20 жаста, тістерінде пигменттелген дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – балалық шағынан тістерінің түсінің өзгеруін байқайды, мұндай өзгерістер туысқандарында да бар. Қарап тексергенде – тістердің кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кей аймақтарда пигменттелген дақтар көрінеді, олар барлық беткейлерде орналасқаны көрінеді. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс ,жылтыр, зонд зақымдану аймақ бетімен сырғанайды, метилен көгімен боялмайды. Аталған аурудың себебі не:
1. ауыз қуысының гигиенасының нашарлығы
2. көмірсуларды қалыпты жағдайдан көп қолдану
3. ас судағы фтордың көп болуы
4. ас суында фтор құрамының жеткіліксіздігі
5. ас суында йод құрамының жеткіліксіздігі
Есеп – №180. Науқас 20 жаста, тістерінде пигменттелген дақтардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – балалық шағынан тістерінің түсінің өзгеруін байқайды, мұндай өзгерістер туысқандарында да бар. Қарап тексергенде – тістердің кіреукесінде көптеген бор тәрізді, кей аймақтарда пигменттелген дақтар көрінеді, олар барлық беткейлерде орналасқаны көрінеді. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс ,жылтыр, зонд зақымдану аймақ бетімен сырғанайды, метилен көгімен боялмайды. Аталған аурудың алдын алу үшін не істеу керек?
1. су көзін(водосточник) ауыстыру
2. гигиеналық тәртіп (оқыту)
3. фтор құрамды препараттарды ішу ,қабылдау
4. витамин С және Д-ға бай тағамдарды қабылдау
5. дұрысы 1 және 4 жауаптар
Есеп -№181. Науқас 45 жаста, тістер сауытының көптеген ақауына шағыманып келді. Қарап тексергенде 14, 15, 24, 25, 34, 35, 44, 45 тістердің вестибулярлы беттерінің мойын бөліктерінде дентин деңгейіне дейін орналасқан ақау көрінеді, қабырғалары тығыз және жылтыр, қызыл иек маңы қабырғасы көлденең, ал екіншісі - өткір бұрыш жасап орналасқан. Зонд беткей бойынша сырғанайды. Аталған аурудың себебі не?
1. ауыз қуысының гигиенасының нашарлығы
2. көмірсуларды қалыпты жағдайдан көп қолдану
3. ас судағы фтордың көп болуы
4. ас суында фтор құрамының жеткіліксіздігі
5. механикалық фактор
Есеп -№182. Жас қыз бала 20жаста косметикалық ақауға – алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – бұрын дақ болмаған. Қарап тексергенде – вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде жылтырлығы жойылған ақ дақ көрінеді, шұқып тексергенде – кедір-бұдыр анықталады. Ұлпаның электр қозғыштығы 2мк1. Дақ 2%метилен көгі ертіндесімен боялады. Жазылған клиникалық суретсәйкес келеді:
1. жергілікті гипоплазияға
2. сына тәрізді ақауға
3. кіреуке эрозиясына
4. бастапқы тісжегі
5. флюороз
Есеп -№183. Жас қыз бала 20жаста косметикалық ақауға – алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – дұрын дақ болмаған. Қарап тексергенде – 11тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде жылтырлығы жойылған ақ дақ көрінеді, шұқып тексергенде – кедір-бұдыр анықталады. Қосымша тексеру әдісін таңда:
1. рентгенография
2. трансиллюминация әдісі
3. электроодонтометрия
4. витальдыі бояу әдісі
5. дұрысы 2 және 4 жауаптар
Есеп -№184. Жас қыз бала 20жаста косметикалық ақауға – алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – дұрын дақ болмаған. Қарап тексергенде – 11тістің вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде жылтырлығы жойылған ақ дақ көрінеді, шұқып тексергенде – кедір-бұдыр анықталады . Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізеді:
1. гипоплазия
2. кіреуке некрозы
3. тісжегі
4. сына тәрізді ақау
5. кіреуке эрозиясы
Есеп -№185.Науқас 26 жаста ,ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Тіс қатарларын қарап тексергенде 35 тістің шәйнау бетінде кіреуке ақауы көрінеді ,шұқып тексергенде барлық бағытта сезімтал .Температуралық тітіркендіргіштерге реакция әдеттегідей.Ұлпаның электр қозғыштығы-4 мк1. Жазылған клиникалық көрініс сәйкес:
1. бастапқы тісжегі
2. беткей тіс жегі
3. кіреуке эррозиясы
4. гипоплазия
5. сына тәрізді ақау
Есеп-№186. Науқас 26 жаста ,ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Тіс қатарларын қарап тексергенде 35 тістің шәйнау бетінде кіреуке ақауы көрінеді ,шұқып тексергенде барлық бағытта сезімтал. Температуралық тітіркендіргіштерге реакция әдеттегідей.Ұлпаның электр қозғыштығы-4 мк1.Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз:
1. бастапқы тісжегі
2. сына тәрізді ақау
3. кіреуке эррозиясы
4. гипоплазия
5. дұрысы 2, 3 және 4 жауаптар
Есеп-№187.Науқас 35-жаста 46 тістің механикалық және температуралық тітіркендіргіштерге аз уақыт болатын ауру сезіміне шағымданады.Қарап тексергенде- 46 тістің дистальді-шайнау бетінде тістің қатты тіндерінде жабынды дентин деңгейінде ақау көрінеді , іші ас қалдықтарына және ыдыранды дентинге толы. Жазылған клиникалық көрініс сәйкес:
1. бастапқы тісжегі
2. беткей тісжегі
3. периодонттың созылмалы қабынуы
4. орта тісжегі
5. терең тісжегі
Есеп-№188. Науқас 35-жаста 46 тістің механикалық және температуралық тітіркендіргіштерге аз уақытқа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде-46 тістің дистальді-шайнау бетінде тістің қатты тіндерінде жабынды дентин деңгейінде ақау көрінеді , іші ас қалдықтарымен және ыдыранды дентинге толы.Қандай аурулармен салыстырмалы диагностика жүргіземіз:
1. бастапқы тісжегі
2. беткей тіс жегі
3. созылмалы периодонтит
4. терең тісжегі
5. дұрысы 3 және 4 жауаптар
Есеп-№189. Әйел адам 42 жаста, ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде 36 тістің шайнау бетінде кіретін тесігі кең және түбі пигменттелген терең ақау көрінеді.Түбін шұқығанда ауырмайды ,температуралық тітіркендіргішке реакция жоқ.Ұлпаның электр қозғыштығы 6 мкА жазылған клиникалық көрініс сәйкес :
1. терең тісжегі,қарқынды ағымды
2. терең тісжегі баяу ағымды
3. периодонттың созылмалы қабынуы
4. орта тісжегі
Есеп-№190. Жас қыз бала 20жаста ,косметикалық ақауға – алдыңғы тісінің кіреукесінде ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен – бұрын дақ болмаған. Қарап тексергенде – вестибулярлы бетінің мойын бөлігінде жылтырлығы жойылған ақ дақ көрінеді, шұқып тексергенде – кедір-бұдыр анықталады. Ұлпаның электр қозғыштығы 2мк1. Дақ 2%метилен көгі ертіндесімен боялады. Емдеу шарасының жоспарын таңда:
а егеу , композиттік материалмен пломбалау
2. дақты егеп, фторлакпен жабу
3. реминералдық емдеу курсы
4. винир дайындау
Есеп-№191. Ер адам 35 жаста ,45 тістің температуралық тітіркендіргіштерге ауыратынына, тітіркендіргішті алғаннан соң ауру сезімі тез кетеді.Қарап тексергенде 45 тістің дистальді бетінде тістің қатты тінінің жиектерінің бор тәрізді өзгеріп салбыраған ақауы көрінеді, іші ақшыл ыдыранды дентинге толы.Түбін шұқығанда ауырады.Электр қозғыштығы 12 мкА жазылған клиникалық көрініс сәйкес:
а ұлпаеың жедел ошақты қабынуы
