- •С.5. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті квалификациалық ситуациялық есептер терапиялық стоматологиядан
- •Алматы,2007 г
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •1. Витальді экспирпациялау әдісі
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •4. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы.
- •1. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. .Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •2. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •2.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •3. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •3. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •5. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
- •1. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •2. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •3. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
- •5. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
- •2.Ұлпаның созылмалы жай қабынуы
2.Ұлпаның жедел іріңді қабынуы
3.ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі
4.ұлпаның созылмалы гангренозды қабынуының өршуі
5.периодонттың жедел қабынуы, улану сатысы
Есеп№76. 1. Деген науқастың жағындысында Тцанка клеткалары табылған . Бұл клеткалар қандай ауру кезінде пайда болады?
1. герпестік жедел гингивостоматит
2. лейкоплакияның эрозивті-жаралы түрі
3.жалпақ қызыл теміреткі, эрозивті-жаралы түрі
4.Қызыл жегі., эрозивті-жаралы түрі
5. тұрпайы көпіршік (вульгарная)
Есеп № 77. Науқас 35 жаст1. Тағам жегенде ауыз қуысының шырышты қабатының және жұтқыншағының эрозиялану салдарынан ауыру сезімі пайда болған. Науқас үйде антисептикалық ертінділермен аузын шайып, облепиха майын жаққан, бірақ нәтижесіз.
Объективті: шырышты қабық өзгеріссіз. Жұмсақ және қатты таңдай доғасында үлкен қызыл түсті эрозия көрініп тұр, ауырады, науқастың дауысы қырылдап шығады. Болжамды диагноз қойыңыз:
1.қызыл жалпақ теміреткі, жаралы-эрозиялы түрі
2.лейкоплакия, эрозиялы түрі
3.қызыл жегі (красн.волчанка) эрозиялы-жаралы түрі
4.жедел герпестік стоматит
5. тұрпайы (вульгарная) көпіршік
Есеп №78. Науқас 28 жаст1. Ауыз қуысында қатты ауыру және күю(өртену) сезі бар. Сөйлеуі қиындаған. Жалпы жағдайы : мазасыз, дене қызуы 390С. Бұл ауру көп жылдар бойы қайталанып келеді. Үнемі респираторлы аурумен ауырады. Ангинасы бар.Объективті: Шырышты қабатында , ерін, ұрттаәр түрлі марфологиялық элементтер; көпіршіктер, эрозиялар, папулалар, олардың беті фибринді қабықпен қапталған, түсі ақшыл-сары. Никольский белгісі оң . Қолдың артында , иық үстінде табанда, бетте бөрткендер пайда болған, түсі көкшіл-қызыл түсті. Болжамды диагнозыңыз:
1.қызыл жегі эрозивті –жаралы түрі
2.көптүрлі жалқықты эритема
3.созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
4.тұрпайы көпіршік
5.лейкоплакия, эрозивті түрі
Есеп №79. Науқас 18 жаста, Ернінің күюіне, қызаруына және ісінуіне шағымданып келді. Аллергиясы бар. Объективті: жоғарғы және төменгі еріні қызарған, көпіршіктенген, ісінген, эрозивті жаралар бар, ауырады.Қандай диагнозды таңдайсыз?
1.атипиялық хейлит
2.эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі
3.актиникалық хейлит, жалқықты түрі
4.жай гландулярлы хейлит
5.экзематозды хейлит
Есеп №80. Науқас 18 жаст1. Төменгі жақ ернінің жиегінде, жіңішке жұқа қабыршақ бар,қоңыр түсті. Астындағы тінмен тығыз жанасқан. Ерні құрғақ, ауыз қуысында дискамфорт, күю сезімі бар. Диагноз қойыңыз
1.экзематозды хейлит
2.жай гландулярлы хейлит
3.эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі
4.атипиялық хейлит
5.актиникалық хейлит
Есеп №81.18 жастағы қыз бала дәрігер-стоматологқа мынандай шағыммен келді;
еріннің күюіне және ауыратынына әсіресе ерінді ерінге тигізгенде ерінінің жиегінде сары-қоңыр түсті қабықтар ауырады. бұл ауыруы бала кезінен бар. Бойында ашуланшақтық реакциясы бар.Қарап тексергенде; Ернінің қызыл жиегінде езуінен езуіне дейін Клейн зонасынан бастап қызыл жиектің ортасына дейін сары-қоңыр түсті қабықтар бар. Қабықты алғаннан кейін айқын қызыл ылғалданған еріннің қызыл жиегі ашылады. Диагноз қойыңыз:
1. эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі
2. жай гландулярлы хейлит
3. атопиялық хейлит
4. аллергиялық жанасу хейлиті
5. метеорологиялық хейлит
Есеп №82. Ер адам 45 жаст1. Төменгі ернінің кеуіп кетуіне және ( шелушение) --- шағымданып келді. Объективті: төменгі еріннің шырышты қабатында гипертрофияланған сілекей безі байқалады. Ұсақ сілекей тамшылары көрінеді- симптом «росы». Диагноз қойыңыз.
1. экзематозды хейлит
2. жай гландулярлы хейлит
3. эксфолиативті хейлит, жалқықты түрі
4. актиникалық хейлит, жалқықты түрі
5. актиникалық хейлит
Есеп №83.Әйел адам 35 шағымданады: Ерінінің құрғауына, аздап қабыршақтануына, қышып, күюіне . Осы құбылысты жаңа тіс пастасын қолдана бастағанымен байланыстырады. Қарап тексергенде ; ернінің қызыл жиегінде айқын шектелген эритема көрінеді бетінде ұсақ көпіршектері және суланған аймақтары байқалады. Диагноз қойыңыз:
1. жәй гландулярлы хейлит
2. аллергиялық жанасу хейлиті
3. экзематозды хейлит
4. актиндік хейлит
5. эксфолтативтік хейлит
Есеп №84. 14 жасар бала стоматологқа ернінің қызаруына (терісімен қызыл жиегінде) шағымданып келді
Көріп тексергенде; Ерінінің қызыл жиегі инфилтрацияланған, ұсақ қабыршықтармен түлейді, қарқынды түлеуі ауыз бұрышындағы мол инфильтрацияланған жерде және жақын жер аймақтарында жүріп жатыр. Диагноз қойыңыз:
1. экзематозды хейлит
2. актиникалық хейлит, жалқықты түрі
3. атопиялық хейлит
4. аллергиялық жанасу хейлиті
5. грандулярлы хейлит
Есеп№ 85. Ер адам, 48 жаста, төменгі ернінде кішігірім көлемдеі, ауырмайтын құрылымға шағымданып дәрігер- стоматологқа келді.Объективті көрнісі: Төменгі ернінің қызыл жиегінде диаметрі 1см., жартышар тәрізді элемент орналасқан.Қызыл еріннің жиегінен 5мм көтеріліп тұр, консистенциясы тығыздау, түсі бірқалыпты, бетінде тығыз жабысқан сұр қабыршықтары бар.. Сипап тексергенде ауырмайды. Алдын ала диагноз қойыңыз:
1. папиллома
2. кератоакантома
3. тері мүйізшесі
4. сүйел тәріздес обыр алды
5. шектелген обыр алды гиперкератоз
Есеп№86. Науқас 49 жаста, стоматологиялық емханаға езуіндегі кілегей қабықтың кедір-бұдыр болуына, жиырылу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен анықталды: өте көп шылым шегеді. Қарап тексергенде: Оң жақтағы езінің кілегійлі қабығынада ұш бұрышты сұрлау түсті ошақ байқалды, ұшы молярларға қараған, көлемі 0,5-0,3см. Еріннің қызыл жиегінен бөлек орналасқан, қырылмайды. Алғашқы диагнозды қойыңыз:
1. қызыл жалпақ теміреткі
2. қызыл жегі , әдетті түрі
3. лейкоплакия,жазық түрі
4. созылмалы гиперпластикалық кандидоз
5. лейкоплакия веррукозды түрі
Есеп №87. Ер адам, 56 жаст1. Ас қабылдағанда ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен анықталды-2 жыл бойы тілдің бүйірінде бұдыршақ тәрізді, шығыңқы құрылым анықталады, ішқандай ыңғайсыздық мазаламайтын.
объективті көрнісі -ауыз қуысы-сауықтырылмаған 35-38 тістерде сапасыз көпір тәрізді протез бар. Тілдің сол жақ бүйір бетінде терең жара орналасқан. диаметрі 0,3-0,5 см. түбі тегіс емес, өліеттенген тінмен жабылған, жиектері аздап тығыздалған, сипап тексергшенде ауырады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
1. лейкоплакия, жаралы түрі
2. үшіншілік гуммозды мерез
3. тілдің түлей қабынуы
4. екіншілік папулезді мерез
5. декубитальды терең жара
Есеп №88. Науқас 46 жаста стоматология бөліміне ауыз қуысын сауықтырып. протез ге дайындауға келген.
Объективті көрнісі: Қатты таңдайдың шырышты қабығының өзгергені анықталады, артқы бөлігінде ұсақ қызыл түйіншектер көрінеді, түйіншектердің ортасында кеңейген нүктелі түтікшелері көрінеді. Сіздің диагнозыңыз?
1. Қызыл жалпақ теміреткі. әдеттегі түрі
2. қызыл жегі , әдеттегі түрі
3. лейкопплакия. жазық түрі
4. созылмалы гиперпластикалық кандидоз
5. таппейнер лйекоплакиясы
Есеп №89. науқас Қ.,23 жаст1. Ұртының құрғап ,кедір-бұдыр болғандығына шағымданады. Анамнезінен – жаман әдеті бар, ұртын тістеп жүреді. Көріп тексергенде – ауыз қуысының кілегей қабатында тістесу сызатында ақшыл-түсті борпылдаған аймақтар байқалады, ұсақ эпителий қиықтары бра, жартылай қырылады.. Диагноз қойыңыз?
1. созылмалы гиперпластикалық кандидо
2. лейкопплакия, жазық түрі
3. жұмсақ лейкоплакия
4. қызыл жалпақ теміреткі, әдеттегі түрі
5. қызыл жегі, әдеттегі түрі
Есеп №90. науқас М. 48 жаст1. Тілінің бүйір бетінде ,бұдыр және күю сезімі пайда болған. Анамнезінде – дәрігер –эндокринологта «Д» есепте тұрады. Диагнозы «қант диабеті» ауырғанына 4 жыл болған. Объективті: Тілінің бүйір бетінің, ұртының оң жағындағы шырышты қабық қақпен жабылған. Шпательмен қырғанда бөлініп алынады. 7жылдай алмалы протез қолданады. Қандай диагноз қоясыз:
1. қызыл жегі , типтік түрі (кр. Волчанка)
2. қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі
3. созылмалы гиперпластикалық кандидоз
4. лейкоплакия, веррукзоды түрі
5.лейкоплакия,жалпақ түрі
Есеп №91. Науқас Н. 37 жаст1. Ауыз қуысын санациялау мақсатымен келген. Өзін сау деп санайды. Шылым шегеді. Объективті; Оң жақ ұртының шырышты қабатында қоңыр түсті үшбұрыш пішінді ошақ көрінеді. Ошақ қырылмайды, кілегей қабаттан көтерілмеген. Диагноз қойыңыз;
1. қызыл жалпақ теміреткі әдеттегі түрі
2. қызыл жегі әдеттегі түрі
3. лейкоплакия жалпақ түрі
4. лейкоплакия виррукоды түрі
5. созылмалы гиперпластикалық кандидоз
Есеп№ 92. Науқас 51 жаст1. Тағам жегенде ауыз қуысындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде – көп жылдар бойы гипоацидті гастритпен және созылмалы холециститпен ауырады. Объективті – оң және сол ұрт шырышты қабатында фиброзды қақпен қапталған , жанында ұсақ элементтер бар. Иық үстінде қызыл-күлгін түсті көпіршіктер шыққан. Болжамды диагноз қойыңыз:
1. лейкоплакия жалпақ түрі
2. қызыл жегі типтік түрі
3. лейкоплакия эрозивті түрі
4.қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі
5. қызыл жегі, эрозивті-жаралы түрі
Есеп№ 93. Науқас 50 жаст1. Ауыз қуысын протездеуге дайындау үшін келген. Объективті;
Ауыз қуысы санацияланбаған, көп мөлшерде тіс шөгінділері бар . Ернінің қызыл жиегінде диаметрі 0,3-0,5 см қоңыр түсті ошақ бар, ауырады беті қабыршықпен жабылған.
Диагноз қойыңыз:
1. қызыл жалпақ теміреткі, әдеттегі түрі
2. қызыл жегі типтік түрі
3. лейкоплакия , веррукозды түрі
4. лейкоплакия , жазық түрі
5. лейкоплакия, шылым шегушілердікі
Есеп №94. науқас П. 46 жаста, өзін жыл бойы ауырдам -деп санайды. тамақ қабылдағанда болатын ауыру сезіміне шағымданады. осыдан бұрын –тілінің бүйірі, тіл беті құрғап ,жиырылып мазалаған – дейді. Соңғы кезде ауыз ішіндегі қатты ауыру сезіміне де шағымданады. Анамнезінде. Қант диабетінің компенсаторлы түрімен ауырады. Объективті көрнісі: Ұрттың кілегей қабығының тістесу сызаттарында пішіні дұрыс емес жұқа жаралар бар, фибринді қақпен жабылған.. Никольский сынамасы – теріс. Жара жиектерінеде, тілдің бүйірі мен бетінде (арқасынада)
арнайы шілтер тәрізді немесе әйнекке қатқан мұз тәрізді сурет байқалады. Сурет ұсақ инфильтрацияланған ақшыл –сұр түсті элементтерден тұрады. Білек –буын терісінде, білектің ішкі жағында ұсақ инфильтрацияланған ақшыл-күлгін түсті элементтер бар. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
1. Екіншілік мерез
2. лейкоплакия ,жаралы түрі
3. лейкоплакия, веррукозды түрі
4. қызыл жегі , жаралы түрі
5. қызыл жалпақ теміреткі. жаралы түрі
Есеп№95. НауқасП., 52 жаста . Ұртының кілегей қабығының тегіс емес, кедір- бұдырлығына шағымданып стоматологқа келді. анамнезінде – асқазан –ішек жолдарының, бауырының созылмалы ауруы бар, шылым шегеді. Объективті көрнісі: ауыздың бұрышына жақын кілегей қабығында екі симметриялы ылайланған ақ-сұр түсті ошақ бар, үш бұрышты, ұшы азу тістерге қараған. Ұрттың бұрыштарындағы ошақ өзгермеген аймақпен шектелген. Ошақтың ақ – сұр беті қырылмайды. Ауыз іші сауықтарылмаған, емделмеген, тісжегі қуыстары бар. ортопедиялық конструкциясының сапасы кеткен. Алғашқы диагноз қойыңыз.
1. Қызыл жалпақ теміреткі әдеттегі түрі
2. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз
3. Қызыл жегі әдеттегі түрі
4. Леикоплакия жазық түрі
5. Екіншілік мерез
Есеп №96. 65 жастағы науқас дәрігер стомалтологқа мынандай шағыммен келген: Аузының құрғауы, тілінің күйіп ауыратындығы. Анамнезінде: жарты жыл бұрын қатерлі ісікке байланысты асқазанына операция жасатқан. Объ.көрнісі: Ауыз қуысы сауықтырылмаған көптеген тіс тастары бар. Ауыз ішіндегі кілегей қабығы ақшыл түсті. Тілі қызыл, жылтыр, тегістелгенсияқты, жіп тәрізді бүртктері атрофияланған. алғашқы диагноз қойыңыз.
1. Гентер – Меллер глосситі
2. Тілдің түлене қабынуы
3. Ромба тәрізді глоссит жазық түрі
4. Глоссолгия
5. Тілдің аллергиялық катаральді қабынуы
Есеп№ 97. Науқас 17 жаст1. Басының айналуына, лсіреуіне, тез шаршағыштығына, дәм сезуінің бұзылуына шағымданады. Анамнезінде: созылмалы гипоацитті гастрит. Объективті .көрнісінде: Бет терісі бозғылт түсті құрғақ, шаштары, тырнақтары тез сынғыш. Ауыз қуысы санацияланбаған, емделмеген тістері көп. Тіс кіреукесінің табиғи жылтырлығы жоғалған. Ауыздың шырышты қабығы бозғылт, тілі айқын қызыл (жылтыраған), жіп тәрізді бүртіктері атрофияланған. Ауыз бұрыштарында тіліктер бар. Жалпы қан анализі: эритроцит саны азайған түрлі – түсті көрсеткіші- 0,5. Осы аурудың диагнозын қойыңыз:
1. Адиссон – Бирмердің гиперхромды анемиясы
2. В1-гиповитаминозы
3. А-гиповитаминозы
4. Тілдің түлене қабынуы
5. Темір тапшылықты анемия
Есеп№ 98. Науқас 61 жаста, ащы тағам қабылдағанда-аузының құрғауына, жиырылып тұруына, ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру 2 ай бойы мазалағанын айтады. Өте көп шылым шегеді, ащы тағамдарды жақсы көреді. Объективті.көрнісі: ауыз табанында ақ-сұр түсті екі құрылым көрінеді, кілегей қабығынан көтеріңкі орналасқан, диаметрі 0,5-0,7 см. Сипап тексергенде ауырмайды, қырылмайды.алғашқы диагнозды қойыңыз:
1. веррукозды лейкоплакия, табақша түрі
2. шылым шегушілердіңлейкоплакиясы
3. қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератозды түрі
4. қызыл жегі , әдеттегі түрі
5. созылмалы гиперпластикалық кандидоз
Есеп №99. Науқас 25 жаста, ас қабылдағанда ауыз қуысының шырышты қабатының қатты ауыру сезіміне , бұлшық еттерінің, буындарының басының ауыруына, дене қызуының көтерілуіне 37,50 С. шағымданады. Анамнезінеде: созылмалы тонзиллит, жиі баспамен ауырады. Объективті көрнісінде ерін, ұрт, тіл асты шырышты қабатында фиброзды қақпен жабылған жұқа жаралар пайда байқалады. Никольский симптомы –теріс. Еріннің қызыл жиегінде –қара –қошқыл геморрагиялық қабықтар бар. Қол терісінде
«кокардтар»бар. Бұл айтылған клиникалық сурет қай ауруға тән;
1. лейкоплакияның эрозиялы түрі
2. қызылжалпақ теміреткі, эрозиялы-жаралы түрі
3. қызыл жегі, эрозиялы-жаралы түрі
4. көптүрлі жалқықты эритема, инфекциялы-токсикалық түрі
5. тұрпайы көпіршік
Есеп№ 100. 25жастағы ер адам, ас қабылдағанда ауыз қуысындағы ауыру сезімге, қызыл иегінің ашуына және қанағыштығына шағымданып келді. Жалпы жағдайының нашарлауы байқалады; дене температурасы37,6 С, мазасыздық тәбетінің нашарлауы, әлсіздік, шаршағыштықтың жоғарылауы. Қарап тексергенде: ауыз қуысынан жағымсыз иіс сезіледі.иек асты және жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы, сипап тексергенде ауырады. бетінің тері жабындысының тұсі бозғылт, Ауыз қуысындағы жоғарғы және төменгі жақ тістер аймағындағы қызыл иек жиегі қызарған, ісінген, кір-сұр түсті қақпен жабылған, оны алғанда айқын жара беті ашылады. Көптеген тіс шөгінділері бар. Диагноз қойыңыз;
1. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі
2. қызыл иектің жедел жаралана қабынуы
3. қызыл иектің жедел катаральды қабынуы
4. жедел ұшықтық гингивостоматит (герпетический гингивостоматит)
5. көптүрлі жалқықты эритема
101. 27 жастағы науқас тісінде тұрақты түрде,сыздап ауыратын және тісіне тиіп кетсе ауыру сезімі ұлғаятынына басының ауыратындығына, әлсіздігіне шағымданады.
Обьективті: 15 тісінде терең тісжегі қуысы бар, тісжегі қуысының түбін шұқып тексергенде ауырмайды. Қағып тексергенде қатты ауырады, өтпелі қатпар ісінген, тегістелген және 15 тістің түбір ұшы маңындағы өтпелі қатпарқызарған, сипап тексергенде ауырады. Температуралық тітіркендіргішке реакциясы жоқ. ЭОД -150мк1.
Диагноз қойыңыз;
1. Созылмалы ұлпаның шіри қабынуының өршуі
2. периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы.
3. ұшкіл нервтің невралгиясы
4. ұлпаның жедел іріңдей қабынуы
5.ұлпаның жедел толық қабынуы
102. 28 жастағы жас әйел 25 тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауырып себепті тітіркендіргішті алғаннан кейін тез басылатын ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде
бірінші рет ауыру сезімі осыдан бір ай бұрын пайда болған. Объективті: 25 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, ол дақталған (пигменттелген) жұмсақ дентинмен толы. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанында ауыру сезімі бар, перкуссия ауырмайды,
ЭОД 8мк1. Диагноз қойыңыз:
1. орта тісжегі
2. терең тісжегі
3. ұлпаның жедел жартылай қабынуы
4. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы
5. периодонттың созылмалы фиброзды қабынуының өршуі
103. 39 жастағы ер адам төменгі және жоғарғы тістерінің вестибулярлы бетінде ақ түсті дақтар бар екендігіне шағымданады.Анамнезінеде – тістерінің түстерінің өзгеруін бала жасынан байқаған. Туған-туыстарында, жанұя мүшелерінде және таныстарында осындай өзгерістер бар. Объективті; Жоғарғы және төменгі жақ тістерінің шайнау төмпешіктерінде, кесу қырларында және вестибулярлы бетінде бор тәріздес, сары-қоңыр түсті, әртүрлі мөлшердегі дақтар бар. Кіреукенің табиғи жылтырлаға сақталған. Шұқып тексергенде, шұқығыш дақ бетіне тірелмейді. Дақтар 20/0 метилен көгімен боялмайды. Диагноз қойыңыз;
1. кіреуке гипоплазиясы
2. бастапқы тісжегі (дақты түрі)
3. флюороз
4. беткей тісжегі
5. жетілмеген амелогенез
Есеп №404. 44жастағы ер адам тіс кіреукесіндігі дақтарға, косметикалық ақауға шағымданады.Анамнезінде – тістерінің түсі нің өзгерісін бала кезінен байқаған. Туған-туыстарында, таныстарында осындай өзгерістер бар. Объективті: Жоғарғы және төменгі жақбарлық тістерінің кіреуке түсі өзгерген. Тістердің бетіндегі сары, ақ, қоңыр түсті дақтар себебінен тістері ала-ала болып көрінеді оған қоса өте терең емес кіреуке ақаулары бар, олардың мөлшері және пішіндері әртүрлі. Ақаудың табаны және қабырғылары тегіс, жылтыраған, шұқығыш тірелмейді және шұқығанда ауырмайды.Кіреукенің беті 20/0 метилен көгімен боялмайды. Диагноз қойыңыз;
1. жергілікті гипоплазия
2. кіреуке эрозиясы
3. кіреуке некрозы
4. флюороз (эрозивті түрі)
5. жүйелі гипоплазия (сызат тәрізді түрі)
Есеп №105. 20 жастағы жас қыз стоматолог-дәрігерге тістерінің кіреукесінің түсі өзгергеніне, эстетикалық ақауға шағымданып келді. Тістерінің түсі бала жасынан өзгерген. . Объективті; Жоғарғы және төменгі жақ тістерінің шайнау төмпешіктерінде, кесу қырларында және вестибулярлы бетінде бор тәріздес, сары-қоңыр түсті, әртүрлі мөлшердегі дақтар бар. Кіреукенің табиғи жылтырлаға сақталған. Шұқып тексергенде, шұқығыш дақ бетіне тірелмейді. Дақтар 20/0 метилен көгімен боялмайды. Диагноз қойыңыз;
1. флюороз (деструктивті түрі)
2. флюороз (шұбар, бортәрізді түрі)
3. жүйелі гипоплазия (дақты түрі)
4. жүйелі гипоплазия ( толқынды түрі)
5. флюороз (сызық тәріздес)
Есеп №106. 59 жастағы ер адам тісінің тағам жегенде ауыратына шағымданып келді.Анамнезінен – тамақ ішкенде жағымсыз сезімнің пайда болуы бірнеше айдан бері мазалап жүргендігін айтады. Объективті: 44 тісінің медиальды шайнау бетінде терең емес тісжегі қуысы бар, жұмсарған және аз пигменттелген дентинге толы. Шұқығанда кіреуке-дентин шекарасында ауырады, перкуссия-ауырмайды. ЭҚ-6мк1. Диагноз қойыңыз:
1. орта тісжегі
2. терең тісжегі
3. кіреуке эрозиясы
4. флюороз (эрозивті түрі)
5. сына тәрізді ақау
Есеп №107. 37 жастағы әйел жоғарғы алдыңғы тістерінің косметикалық ақауына шағымданып келді. Химиялық комбинатта жұмыс істейді. Объективті: Жоғарғы жақтың ортаңғы және бүйір күрек тістерінің сауыттарының экваторына жақын вестибулярлы бетінде кіреуке-дентин деңнейіне дейін созылған сопақша тәрізді қаау бар.табаны тығыз, жылтыраған, шұқығанда ауырмайды. ақау аймағы 20/0 метилен көгімен боялмайды. Диагноз қойыңыз;
1. тістің қатты тіндерінің некрозы
2. терең тісжегі
3. сына тәрізді ақау
4. тістің қатты тіндерінің эрозиясы
5. гипоплазия (сүйел тәрізді түрі)
Есеп №108. 59 жастағы ер адам самай-төменгі жақ буынындағы ауру сезіміне, тістерінің анатомиялық пішінінің бұзылуына байланысты эстетикалық ыңғайсыздыққа шағымданады. Анамнезінде – қалқанша безі ауры бойынша эндокринологта тіркеуде тұрады. объективті: Қарап тексергенде бетнің төменгі үштен бір бөлігі қысқарған, ерін-мұрын қатпары айқындалған. Тістің қатты тіндерінің ауыз қуысы деңгейіне дейін қажалуына байланысты тістердің анатомиялық пішіні бұзылған. Диагноз қойыңыз;
1. физиологиялық қажалу
2. тістің қатты тіндерінің некрозы
3. І-дәрежелі патологиялық қажалу
4. ІІ-дәрежелі патологиялық қажалу
5. ІІІ-дәрежелі патологиялық қажалу
Есеп №109. 32 жастағы бала емізетін жас әйел. Кез келген тітіркендіргіштердің әсерінен болатын жоғарғы және төменгі жақ тістеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі тітіркендіргіш әсері тоқтаса тез басылады. Өзін саумын деп санайды. Объективті : Ауыз қуысы санацияланған, кейбір тістерінде клиникалық талапқа сай тұрақты пломбалар бар. Тіс мойындары жалаңаштанған. Аздаған жұмсақ қақтар бар.
Температуралық тітіркендіргіштерге аз уақытқа созылатын ауыру сезімі бар. ЭОД-көрсеткіші -6-8мк1.. Диагноз қойыңыз:
1. патологиялық қажалу
2. тістің қатты тіндерінің некрозы
3. тістің қатты тіндерінің эрозиясы
г тістің қатты тіндерінің гиперестезиясы
5. сына тәрізді ақау.
Есеп №110. 31 жастағы науқас әйел өздігінен пайда болатын, түнде күшейетін тісіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде - тісінің ауырғанына 2 күн болды, ауыру ұстамасы және интенсивтілігі күшейгіш. Бірнеше жылдар бойы бойы қалқанша бездің гипофункциясымен ауырады, үнемі гормональды препараттармен орынбасқыш терапия жүргізіледі.
Обективті; 35 тістің дистальды –шайнау беткейінде терең тісжегі қуысы бар, жұмсарған дентинге толы, табанын шұқып тексерегенде тез пайда болатын ауыру сезімі бар,перкуссия –ауырады, ЭҚ-45 мк1.. Емдеу үшін витальды экстирпация әдісі таңдалды. Төменде көрсетілген жансыздандырғыштардан ең оптимальдісін таңдаңыз:
а 2% лидокаин
2. ксилостезин (ксилокаин) 1:100000
3. септанест 1:200000
4. кабакаин 1:200000
5. 20/0 скандикаин ертіндісі
Есеп №111. 52 жастағы пациент тісінің тоқтаусыз, солқылдап ауыруына шағымданады, тістегенде ауыру сезімі күшейе түседі. Тісінің ауырғанына 2 күн болды. Анамнезінде –бірнеше жылдар бойы белгілі бір көрсеткіш бойынша трицикликалық антидепрессант-амитриптиллин қолданады. Объективті : 36 тісінд терең тісжегі қуысы бар, жұмсарған және пигменттелген дентинмен толы. Шұқып тексергенде ауырмайды, перкуссияда қатты аурыру сезісі бар.себепші тістің түбір проекциясындағы өтпелі қатпар дың шырышты қабығы домбыққан, қызарған. ЭҚ-120мк1. Төменде көрсетілген жансыздандырғыштардан ең оптимальдісін таңдаңыз:
1. (ксилокаин) 1:100000
б ультракаин ДСфорте 1:100000
3. ксилодонт 1:50000
4. септонест 4 %
5. арнайы скандикаин 1:100000
Есеп №112. 37 жастағы ер адам тамақ ішкенде ауыз қуысында пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде- асқазанның жаралы ауруымен ауырады.
Объективті: Сырт көрнісі қалыпты, ауыз қуысының шырышты қабаты ұрт аймағында тістердің түйісу сызығы бойынша домбыққан, қызарған. Қызарған аймақ үстінде көптеген майда инфильтративті элементтер, түсі ақ-сұр, өзара өосылып анық емес ою-өрнекті сурет құрып орналасқан. Диагноз қойыңыз:
1. қызыл жалпақ теміреткі (қарапайым түрі)
2. қызыл жалпақ теміреткі (жалқықты-қызарған түрі)
3. қызыл жегі (жалқықты-қызарған түрі)
4. лейкоплакия –жазық түрі
5. қызыл жегі -әдеттегі түрі
Есеп №113. 45 жастағы науқас ерін және ұрттың шырышты қабатының кедір-бұдырлығыны және жиырылып тұратындығына шағымданды. Анамнезнен – 10 жыл бойысозылмалы гастритпен және созылмалы голециститпен ауыратындығын айтады
Объективті: ауыз қуысы шырышты қабығы ал-қызыл түсті, ақтаңдақ аймақтары бар. Ұртының ерінге жақын аймағында ақ түсті, үшбұрыш пішінді симметриялық ошақтар бар, ауыз бұрышынан өзгермеген шырышты жолақтармен шектелген. Шпательмен қырғанда ақтаңдақ беті қырылмайды. Диагноз қойыңыз:
1. қызыл жалпақ теміреткі (қарапайым түрі)
2. қызыл жегі -әдеттегі түрі
3. қызыл жалпақ теміреткі- атиптік түрі
4.веррукозды лейкоплакия
5. лейкоплакия –жазық түрі
Есеп №114. 27 жастағы жігіт ауыз қуысында ас қабылдағанда күшейетін ауыру сезіміне, жағымсыз иістің шығуына , жалпы әлсіздікке, дене температурасының 37,5 0С .дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезі –жақында ОРВИ-мен ауырған
Объективті ; Жоғарғы және төменгі жақ тістер аймағындағы қызыл иек шырышты қабығы ісінген, қызарған. Қызыл иек жиегі және бүртіктерінің ұшы жараға айналған, беті кір-сұр өліетті қақпен жабылған. Тісте көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар. Қанның клиникалық талдауында лейкоциттің жалпы мөлшері жоғарылаған, лейкоцитарлық формула солға ығысқан. ЭТЖ(СОЭ)-жылдамдаған.Диагноз қойыңыз:
1. қызыл иектің өсе қабынуы, ісінген түрі
2. қызыл иектің өсе қабынуы, фиброзды түрі
3. көптүрлі жалқықты эритема
4. қызыл иектің жаралана қабынуы,
5. қызыл иектің созылмалы катаральды қабынуының өршуі
Есеп№115. 65 жастағы ер адам қызыл иек аймағындағы қайталанып тұратын жағымсыз сезімге шағымданады. анамнезінде – науқастың айтуы бойынша 15жасынан ауырады.Дәрігер-стоматологтың қабылдауында болып тұрады. Объективті: қызыл иек шырышты қабаты жұқарған, бозғылт. Пародонтальды қалта жоқ.. Тіс түбірінің 1/3 жалаңаштанған, тіс шөгінділері жоқ. төменгі және жоғарғы оң, сол жағындағы премолярларында сына тәрізді ақау бар.ортопантомограммада альвеола өсіндісіннің биіктігі түбір ұзындығыныңң1/2 аласарған. диагноз қойыңыз:
1. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы. ремиссия
2. пародонтоздың жеңіл дәрежесі
3. пародонттың созылмалы жайыла қабынуы. стабилизация.
4. орта дәрежедегі пародонтоз
5. папийон-Лефевр синдромы
Есеп №116. 17 жастағы қыз төменгі ернінің күю сезіміне , құрғақтығына ,түлеуіне шағымданады. Анамнезінен – алғаш рет ерініндегі жағымсыз сезім 2-ай бұрын пайда болған. ерінін тістейтін әдеті бар. эндокринологтың бақылауында тұрады, диагнозы «қалқанша бездің гиперфункциясы» Объективті: Төменгі ерінінің қызыл жиегі құрғақ, клейн сызығының орта бөлігінде сұр түсті жұқа қабыршақ бар, оның бір жағы қызыл жиекке тығыз жабысқан ал екінші жағы көтеріңкі. Қабыршақты алып тастағаннан соң құрғақ ,зақымданбаған, қызарған беткей ашылады. Диагноз қойыңыз:
1. актиндік хейлит, жалқықты түрі
2. эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі
3. жәй гландулярлы хейлит
4. экзематозды хейлит
5. атопиялық хейлит
Есеп №117. 48 жастағы әйел адам ауыз бұрышына тіліктің пайда болуына шағымданады. Анамнезіне – қант диабетінің компенсирленген түрімен ауырады.
Объективті: ауыз бұрышында әлсіз ылғалданған эрозия көрінеді, шет жағына таман сұр қабыршықтары көрінеді.Сипап тексергенде негізі тығыз емес, әлсіз ауру сезімі бар.. диагноз қоб үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек?
1. люминесцентті диагностика
2. қанның жалпы толық анализі
3. кандидаға қырынды алу
4. биопсия
5. стомотокскопия
Есеп №118. 25 жастағы жігіт жоғарғы ортаңғы күрек тістерінің эстетикалық ақауына шағымданады. анамнезінде – тіс кіреукесінің өзгерісібала күнініе бар. Бала кезінде рахитпен ауырған. Объективті; Күрек тістердің және бірінші азутістердің кесу қырлары мен төмпешігіндеәртүрлі көлемді бор тәріздес дақтар көрінеді. шекарасы айқын емес, жылтыр, беті тегіс. Шұқып тексергенде зонд дақ бетінде тайғанайды. дақ 20/0 метилен көк ертіндісімен боялмайды. Диагноз қойыңыз:
1. флюороздың штрихты түрі
2.тісжегінің дақты кезеңі
3. гипоплазияның дақты түрі
4. флюороздың сұр-бор тәрізді түрі
5.флюороздың эрозиялы түрі,
Есеп №119. 55жастағы әйел адам. Төменгі жақ тіссауытының ақауына шағымданады. Объективті: 36, 35, 34, 44, 45, 46, тістерінің вестибулярлы бетінде , мойын аймағында дентин деңгейінде қабырғалары бұрыштына бірігетін ақаулар анықталды. Шұқып тексергенде ауырмайды, ақау беті тегіс, жылтыр. Диагноз қойыңыз:
1. қатты тіндердің некрозы
2. қатты тіндердің эрозиясы
3. беткей тісжегі
4. орта тісжегі
д, сына тәрізді ақау
Есеп №120. 17 жастағы қыз эстетикалық ақауға, қышқыл және тәтті тағам қабылдағандағы жағымсыз сезімге шағымданады.Объективті; 22 тісте домалақ пішінді ақ түсті, бұлыңғыр, беті кедір- бұдыр дақ көрінеді. Дақ 20/0 метилен көк ертіндісімен боялады. ЭОД-2мк1. Диагноз қойыңыз:
1. гипоплазия , дақты түрі
2. флюороз , сұр- бор тәрізді
3. гипоплазия , сүйелді түрі
4. Бастапқы тісжегі дақты дәрежесінде
5. беткей тісжегі
Есеп №121. 24 жастағы жігіт химиялық тітіркендіргіштерден тәтті, қышқыл қысқы уақыттық ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: 34, 44 тістердің мойын бөлігінде ұшбұрыш пішінді дентин деңгейінде ақау бар. Ақаудың қабырғасы жылтыр, тегіс. ЭОД -4мк1. Диагноз қойыңыз:
1. қатты тіндердің некрозы
2. қатты тіндердің эрозиясы
3. сына тәрізді ақау
г беткей тісжегі
5. қатты тіндердің гиперестезиясы
Есеп №122. 26 жастағы әйел адам төменгі жақ тістерінің химиялық, температуралық тітіркендіргіштерден болатын ауру сезіміне шағымданады. Тітіркендіргіштерді алған соң ауыру сезімі тез басылады. Объективті 46 тістінің шайнау бетінде жұмсарған, әлсіз пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде кіреуке- дентин шекарасында ауырады, перкуссия- ауырмайды .ЭОД-6мк1. Диагноз қойыңыз;
1. қатты тіндердің некрозы
2. қатты тіндердің эрозиясы
3. орта тісжегі
4. беткей тісжегі
5. созылмалы периодонтит
Есеп №123. 34 жастағы жігіт тістерінің химиялық, механикалық тітіркендіргіштерден болатын ауру сезіміне шағымданады. Тітіркендіргіштерді алған соң ауыру сезімі тез басылады. Объективті 16 тістінің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде тісжегі табаны түгел ауырады, перкуссия- ауырмайды .ЭОД-12мк1. Диагноз қойыңыз;
1. орта тісжегі
2. жедел ошақты ұлпа қабынуы
3. созылмалы фиброзы ұлпа қабынуы
4. терең тісжег
д, созылмалы периодонтит
Есеп №124. 22 жастағы қыз қызыл иектегі ауыру сезіміне, жағымсыз иістің шығуына шағымданып келді. Анамнезінен – 2жыл бұрын тісті метал сауытпен жапқан. Объективті: 26 тістің қызыл иек жиегі іркілісті қызарған , шұқып тексергенде қанайды, тереңдігі 5мм пародонтальды қалта анықталды.Қалтадан серозды-іріңді жалқық бөлінеді, метал сауыт жиегі қызыл иекке терең енген. 26 тіс горизонтальды перкуссида ауырады. Рентгенде - тісаралық қалқан сүиектің ½ деструкциялануы және металды сауыт көрінеді. басқа жердегі альвеола өсіндісі өзгеріссіз.Диагноз қойыңыз:
1. жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі
2. жайылмалы пародонт қабынуының орта дәрежесі
3. жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі
4. пародонттың ошақты қабынуы
5. созылмалы катаральді гингивит
Есеп №125. 34 жастағы әйел адам қызыл иегінің қанауына, өсуіне, шағымданады. Анамнезінде – осы шағым жүктіліктен кейін пайда болған. Объективті: Тісте жұмсақ қақ бар. Федоров-Володкин индексі -2,5. Жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек бүртіктері қызырған, іркіліс бар, ұлғайған,жылтырайды, домбыққан, тіс сауытының 1/3 жауы тұр, шұқығанда қанайды. Тіс-қызыл иек байламы бұзылмаған. Шиллер-Писарев сынамасы оң. Диаггноз қойыңыз:
1. пародонттың жедел қабынуы
2. жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесі
3. созылмалы қызыл иек қабынуының өршуі
4. қызыл иектің өсе қабынуы, домбыққан түрі
5. қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі
Есеп №126. 22жастағы жігіт қызыл иектегі ауыру сезіміне, жағымсыз иістің шығуына, қызыл иегінің қанауына, тамақ ішкенде күшейетіндігіне шағымданады.Ауырғанына 4 күн болған. Жақында ОРВ-мен ауырған.Объективті: науқас бозғыл, адинамиялы, температурасы37,9С. оң жағындағы аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады, қозғалады. 48, 47, 46, 45, 44, 43 тістерінің маңындағы маргинальды қызыл иек жараланған, кір сұр түсті некрозды қабықпен жабылған. Тіс- қызыл иек байламы бұзылмаған. Ауыз қуысы сауықтырылмаған, көптеген жұмсақ қақтар бар. Диагноз қойыңыз:
1. қызыл иектің жедел катаральді ошақты қабынуы
2. созылмалы катаральді қызыл иек қабынуының өршуі
3. созылмалы жайылмалы пародонтиттің жеңіл дәрежесінің өршуі
4. қызыл иектің жаралана қабынуы
5. қызыл иектің өсе қабынуы, домбыққан түрі
Есеп№ 127. 20жастағы қыз бала- аузын жуғанда- қанағыштығына, үнемі жағымсыхз иістің шығуына шағымданады. Қатты тағам шайнағанда да қызыл иегі қанайды. Анамнезінен- осы симптомдардың пайда болуына 6 ай болған. Объ.көрнісі: жоғарғы және төменгі жақтың қызыл иек бүртіктері қызарған, домбыққан, борпылдақ. Шұқып тексергенде қызыл иек қанайды, тістерінде тіс тастары мол, тістерінің қозғалғыштығы жоқ, пародонтальді қалтасы жоқ, Грин – Вермилион индексі 3,4. Диагноз қойыңыз?
1. қызыл иектің созылмалы катаральді қабынуы
2. қызыл иектің созылмалы катаральді өсе қабынуының домбыққан түрі
3. қызыл иектің созылмалы катаральді өсе қабынуының фиброзды түрі
4. пародонттың созылмалы жайылмалы қабынуының жеңіл дәрежесі.
5. пародонттың созылмалы жайылмалы қабынуының жеңіл дәрежесі, ремиссия
Есеп№ 128. Ер адам 45 жаст1. Аузының ауыратынына, тағам қабылдағанда, тіс тазалағанда қызыл иегінің қанайтындығына және қызыл иектің қатты ауыратындығына тағам қабылдаудың қиындауына, жалпы әлсіздікке шаршағыштыққа, температурасының 37,80 болуына шағымданады. Анамнезінде: осыдан 4 күн бұрын тамағы ауырып бастаған. Өзінің ауруын жақында өткен гриппен байланыстырады. Шылым көп шегеді. Созылмалы гастрит, панкреатитпен ауырады. Объ.көрнісі: бет терісі бозғылт, оңжақ аймақтағы лимфа түйіні ұлғайған, ауырады, қозғалмалы. Тіс тастары көп. Грин – Вермилион индексі 3,1 – ге тең. Төменгі оң жақ тістерінің маңындағы қызыл иек қырлары қызарып ісінген, 48 тістің сауыты шырышты қабық қалпашығының астында (под капюшоном), шетінде кір сұр некрозды қақ бар, алғанда терең жара беті жалаңаштанады, ауырады. Азу тістерінің маңындағы қызыл иек бүртіктерінің ұшы некроз әсерінен деформацияланған, кір сұр түсті қабықпен жабылған. Осы ауруды тудыратын себептерді көрсетіңіз:
1. шылым шегу
2. тумау, организмнің реактивтілігінің төмендеуі
3. дұрыс тамақтанбау, суық тию
4. бойында аурулардың болуы, ауыз қуысының нашар гигиенасы
5. аталғандардың бәрі
Есеп№ 129. Жасы 29 жастағы жас адам төменгі жақ тісінде устама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Анамнезі: ауырғанына 1 күн болған, түнде күшейе бастаған. Объ.көрнісі: 46 тісте іші жұмсарған және пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады. Тіс қуысы ашылмаған, суыққа ұзақ ауырады, ЭОД 25 мкА перкуссияда ауырмайды. Диагноз қойыңыз:
1. ұлпаның жедел ошақты қабынуы
2. жедел дифузды ұлпа қабынуы
3. периодонттың жедел қабынуының улану сатысы
4. созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі
5. жедел дамыған терең тіс жегі
Есеп № 130. 30 жастағы жас адам төменгі оң жағындағы тісінің үздіксіз солқылдап ауруына, баяу басылып, бірақ толығымен басылмайтын, үшкіл нерв бойымен таралатын ауру сезіміне шағымданады,. Анамнезі: тісінің ауырғанына бірнеше күн болған, ыстықтан ауру сезімі күшейеді. Объективті көрнісі: 47 тісте іші жұмсарған және пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Шұқып тексергенде бүкіл табанында ауру сезімі бар. Шұқығышты қатты басқанда тіс қуысы ашылып жалқықты тамшы көрінеді. Перкуссия ауырмайды. ЭОД- 47 мк1. Диагноз қойыңыз:
