Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Квал.ситуац.есепрер3.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591 Кб
Скачать
☆

4. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

5. периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

Есеп №145. 52 жастағы ер адам дәрігерге ауыз қуысының құрғауына , тартылу сезіміне шағымданып келді. Ащы тағам жегенде жағымсыз сезімнің пайда болуын айтады. Анамнезіннен - өзін 3 айдан бері ауру сезінеді. Осы уақыт аралығында ащы тағам жегенде жағымсыз сезімнің пайда болуынанықтайды, Шылым көп шегеді. Объективті; Ауыз қуысының шырышты қабаты ал-қызыл түсті. .Ауыз қуысы түбінің шырышты қабатынан 2 көтеріңкі ақ-сұр түсті беті тегіс емес ,көлемі0,5-0,7 см түзінділер бар. Сипап тексергенде ауырмайды. шпательмен қырғанда ақтаңдақ беткей қырылмайды.Болжамжы диагноз қойыңыз:

1. веррукозды лейкоплакия, табақша түрі

2. қызыл жегі

3. созылмалы гиперпластикалық кандидоз

4. қызыл жалпақ теміреткі, гиперкератозды түрі

5. екіншілік мерез

Есеп№146. 30 жастағы ер адам 16 тісіндегі ұстама тәрізді, аз уақыт ауыратын сезімге шағымданады. температуралақ. механикалық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі күшейе түседі. Анамнезі – тісі бұрын ауырмаған.

Объективті; 16 тісте іші жұмсарған және пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Тіс қуысы ашылмаған, шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады. Суыққа ауыру сезімі ұзақ. ЭОД- 25мк1. Перкуссия ауырмайды. Диагноз қойыңыз:

1. жедел ошақты ұлпа қабынуы

2.ұлпаның жедел толық қабынуы

3. периодонтиттің жедел қабынуы, улану сатысы,

4. созылмалы жай ұлпа қабынуының өршуі

5. тез дамыған терең тісжегі, прогрессивті ағымы.

Есеп №147. 30 жастағы жас әйел, стоматолгқа ернінің құрғауына , дискамфортқа, күюіне шағымданып келді.анамнезі: Оңтүстікте демалғаннан кейін 1 айға жуық аралығында қабыршақтар пайда болған. Объективті Төменгі ерін жиегі құрғақ, қызарған, домбыққан, ақ-сұр түсті тығыз жабысқан қабыршақтармен жабылған, кіші бірнеше тіліктер бар,. Диагноз қойыңыз:

1. эксфолиативті хейлит, құрғақ түрі

2. атопиялық хейлит

3. актиндік хейлит, құрғақ түрі

4. экзематозды хейлит.

5. контактілі-аллергиялық хейлит

Есеп №148. 35 жастағы әйел стоматологқа төменгі ернінде күю сезімінің және қабық пайда болуына шағымданады. Анамнезінде - қалқанша безінің гиперфункциясымен ауырады. Депрессивті реакциялардың жиі болатындығын айтады. Объективті : төменгі ерін қызарған, домбыққан, пішіні ұлғайған. Еріннің қызыл жиегінде Клейн сызығынан бастап ортасына дейін салбыраған қабықтар бар, сұр-сары түсті. Қабықтар алынғаннан кейін беті тегіс, ашық- қызыл түсті , сәл ылғал беткей жалаңаштанды. Диагноз қойыңыз:

1. эксфолиативті хейлит, экссудативті түрі.

2. жәй гландулярлы хейлит

3. атопиялық хейлит

4. контактілі-аллергиялық хейлит

5. актиндік хейлит, экссудативті түрі

Есеп №149. 32 жастағы жас әйел төменгі және жоғарғы жақтарындағы алдыңғы тістерінің кіреукесінің түсінің өзгеруіне байланысты косметикалық ақауға шағымданады. Анамнезінеде – тісінің түсінің өзгеруін бала жасынан байқаған. Объективті: төменгі және жоғарғы жақтарындағы алдыңғы тістерінде ашық-қоңыр түстен қоңыр-қошқыл түске дейінгі дақтар бар. Әртүрлі тереңдік пен пішінді. Диагноз қойыңыз:

1. флюороз, деструктивті түрі

2. флюороз, эрозивті түрі

3. жүйелі гипоплазия, дақты түрі

4. флюороз, штрихты түрі

5. кіреуке эрозиясы.

Есеп№150. 49жастағы ер адам жоғарғы сол жақтың тістерінің температуралық тітіркендіргіштерден пайда боатын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде- 27 тістің медиальды бетінде терең тісжегі қуысы, ашық түсті жұмсарған дентинге толы. шұқып тексергенде бүкіл табанында ауыру сезімі бар, перкуссида –ауырмайды.ЭОД-13мк1. Диагноз қойыңыз:

1. тез дамитын ,жылдам ағымды терең тісжегі

2. созылмалы жай ұлпа қабынуы

3. жедел, ошақты ұлпа қабынуы

4. орта тісжегі

5. созылмалы ұлпаның шіри қабынуы

Есеп №151. 34 жастағы жас әйел қызыл иегінің домбығыуына, тамақ ішкенді, тісті тазалағанда болатын қанағыштығына, ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады.Анамнезінде – жүкті-20 апта болған. Ішкі аурулаының патологиясы жоқ. Объективті; жоғарғы және төменгі жақ тістер аймағындағы қызыл иек бүртік қырлары іркілісті, қызарған. қызыл иек бұртіктері жылтыр, домбыққан, борпылдақ, тіс сауыттарының 1/3 жауып тұр.тиіп кеткенде оңай қанайды. Тіс-қызыл иек байламы бұзылмаған. Қызыл иек үсті тіс шөгінділері көп. Шиллер-Писарев сынамасы оң. Диагноз қойыңыз;

1. Созылмалы жайылған пародонт қабынуының өршуі

2. қызыл иектің өсе қабынуы, домбыққан түрі

3. қызыл иектің өсе қабынуының фиброзды түрі

4.созылмалы катаральді қызыл иек қабынуының өршуі

5.жедел катаральді қызыл иек қабынуы

Есеп -152. Науқас 32 жаста, дәрігер-стоматологқа ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келген. Ауыз қуысын тексергенде 46, 47 салбыраған жиектері бар үлкен тісжегі қуыстары анықталды. Сол жақ тілдің бүйір бетінде диаметрі 5мм шамасында дұрыс емес фестонды жиектері бар шырышты қабықтың ақауы анықталды. Түбі тегіс емес, бұдырлы, көп мөлшерде лайлы-сұр қақ бар, жиектері тығыздалған. Сипап тексергенде қатты ауырады. Болжам диагноз қойыңыз.

1. туберкулездік жара

2. қатты шанкр

3. трофикалық жара

4. декубитальды жара

5. обыр жара (рак )

Есеп -№153. Науқас 64 жаста, ауыз қуысының шырышты қабығының ақауына, тағам қабылдағанда және сөйлегенде ыңғайсыздық сезімдерге шағымданып елді. Анамнезінде – ревмокардит, гипертониялық ауру. Қарап тексергенде – ауыз қуысының шырышты қабығы көгілдір түсті, тіл астында және оң жақ тілдің бүйір бетінде жиектері тегіс емес

шырышты қабықта ақау бар, түбінде ақ-сұр түсті некрозданған қақ бар. Қоршап жатқан шырышты қабық ақшыл-қызыл, сипап тексергенде жиектері жұмсақ, аз ауырады. Болжам диагноз қойыңыз.

1. туберкулездік жара

2. қатты шанкр

3. трофикалық жара

4. декубитальды жара

5. обыр жара (рак)

Есеп -№154. Науқас 25 жаста, тілдің арқасына «жарашықтар» пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен: науқастың айтуы бойынша - ақау 10 күн бұрын шыққан және шүлтеуір (облепиховое) майымен аппликация жасағанмен, жазылу тенденциясы анықталмайды. Қарап тексергенде - тілдің ұшындағы шырышты қабатта диаметрі 7-8мм-дей, жиектері тығыз, көтеріңкі, түбі тегіс ақау бар. Сипап тексергенде ауымайды. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз, сипағанда ауырмайды. Болжамды диагноз қойыңыз:

1. туберкулездік жара

2. қатты шанкр

3. трофикалық жара

4. декубитальды жара

5. обыр жара (рак)

Есеп -№155. Жас әйел тағам қабылдағанда және сөйлеген кезде ауыз қуысының ауру сезіміне шағымданып келді: Соңғы жарты жылда дене салмағының түсуіне, әлсіздікті, тершеңдікті анықтайды. Қарап тексергенде – тілдің арқасында ойылған, жиектері дұрыс емес, жұмсақ, саңылау тәрізді ақау анықталды, сипағанда- жиектері қатты ауырады. Түбі тегіс емес, дәнді сары-сұр қақпен жабылған. Болжамды диагноз қойыңыз:

1. туберкулездік жара

2. қатты шанкр

3. трофикалық жара

4. декубитальды жара

5. обыр жара (рак)

Есеп -№156. Ер адам 36 жаста, тілдің бүйір жағындағы «жараға», тілдің әдеттегіден өзгешеленуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде тілдің бүйір бетінде- эрозивті беткей, жиектерінде (шеттері) үлкен мөлшерлі диаметрі 1-ден 1,5 см-ге дейін папулалар анықталады, қажалған, шпательмен қырған кезде папула тез жараланады, жараланған бетінің негізінде тығыз инфильтрат бар. Көмекейі қып-қызыл. Тілдің арқасында –жіп және саңырауқұлақ тәрізді бүртіктердің атрофия аймағы анықталды, олар тіл тарқасындағы бетінен төмен орналасқан. Болжамды диагноз қойыңыз

1. қатты шанкр

2. екіншілік мерез

3. көп түрлі жалқықты эритема

4. туберкулездік жара

5. қызыл жалпақ теміреткі

Есеп -№157. Науқас 18 жаста жалпы әлсіздікке ауыз қуысының ауру сезіміне ол сөйлеген кезде және тағам қабылдағанда күшейеді. 3 күннен бері ауырады, жалпы жағдайының бұзылуын айтады, температурасының жоғарлауына , тамағының , буындарының ауырғандығына щағымданады, шаршағындықты байқайды. Анамнезінде- жиі баспа болады.Қарап тексергенде – ернінде қанды қабықтар, ауыз қуысының түбінде және шырышты қабығында беткей жаралар , беті сарылау қақпен жабылған. Қоршаған шырышты қабық қып-қызыл , ісінген. Никольский симптомы оң .Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған , сипап тексергенде ауырады. Болжамды диагноз қойыңыз:

1. Медикоментозды стоматит

2. күлдіреуікшенің тұрпайы түрі

3. жедел герпестік стоматит

4. екіншілік мерез

5. көп түрлі жалқықты эритема

Есеп-№158. Науқас 47 жаста , ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келген.Тістердің оральді және вестибулярлы бетіне жақын жерде – пигменттелген темекі шегетіндердің қағы бар.Ұрттың шырышты қабығында , сол жақ бұрышына жақын жерінде - ұшы бар үшбұрышты пішінді ағарған ошақ ,молярға жақын орналасқан. Қоршаған шырышты қабық өзгермеген. Қатты таңдайдың шырышты қабатында жұмсақ таңдайға жақын жерінде – эпителидегі ошақтың жылтырлығы жойылған , бетінде ұсақ қызғылт түйіндері бар. Болжам диагноз қойыңыз.

1. қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

2. созылмалы атрофиялық кандидоз

3. Таппейнер лейкоплакиясы

4. жалпақ лейкоплакия

5. дұрысы 3 және 4 жауаптар

Есеп-№159. Әйел адам 45 жаста,төменгі ернінде ұзақ жазылмайтын ақауға шағымданып келді. Қарап тексергенде- төменгі ернінің ортасының қызыл жиегінде ауыратын эрозия көрінеді, беті фиброзды қақпен жабылған. Ауыз қуысының шырышты қабатында оң жақ молярдың аймағында- ұсақ, ағарған топтасып орналасқан зақымдану ошақтары – папулалар анықталады, қоршаған шырышты қабық өзгермеген. Сипап тексергенде-ауырмайды,шырышты қабықтың кедір – бұдырлығы байқалады .

Болжам диагноз қойыңыз:

1. қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

2. медикоментозды стоматит

3. лейкоплакия эрозивті түрі

4. қызыл жалпақ теміреткі , эрозивті-жаралы түрі

5. дұрысы 1 және 4 жауаптар

Есеп-№160. Әйел адам 48 жаста,ауыз қуысындағы ауру сезіміне , оның тағам қабылдағанда және сөйлеген кезде күшеюіне шағымданады.Тексергенде – ұрттың шырышты қабатында және ауыз қуысының түбінде ауыратын эрозиялар анықталады, беті тез алынатын фибринозды қақпен жабылған. Қоршаған шырышты қабық өзгермеген ,пинцентпен созған кезде эрозия жиегіндегі эпителий қабығы (пленка) сау шырышты қабыққа дейін сыдырылады. Болжам диагноз қойыңыз:

1. буллезды пемфигойт

2. ауыз қуысындағы қатерсіз күлбіреуікше

3. герпетеформды дерматит

4. күлбіреуікшенің тұрпайы түрі

5. қызыл жалпақ теміреткі , эрозивті-жаралы түрі

Есеп-№161. Жас қыз 18 жаста төменгі ернінің құрғауына және күю сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде төменгі ернінің қызыл жиегінде Клейн сызығынан төмен жерінде жұқа мөлдір қабыршақ бар, ортасы ерінге тығыз жабысқан, жиектері көтеріңкі. Қабыршақтар оңай алынады, орындарында қызарған аймақ қалады.

Болжам диагноз қойыңыз:

1. жанаспалы аллергиялық хейлит

2. метеорологиялық хейлит

3. актиндік хейлит, құрғақ түрі

4.эксфолиятивтік хейлит , құрғақ түрі

5. атопиялық хейлит

Есеп -№162. Науқас 46 тісте ыстық тағам қабылдағанда сыздаған, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде – тіс сауытының түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальды шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар, іші толған тағам (ас) қалдықтарымен

және ыдыранды дентинмен толған. Шұқып тексергенде – тіс қуысымен байланыс бар, терең шұқығанда ауырады, зонд ұшында кір-сұр қақ бар. Болжам диагноз қойыңыз:

1. созылмалы түбір ұшы пермодонтиті