Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану дәрістері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
242 Кб
Скачать
☆

№3 Дәріс. Экскурсиялық әрекеттің психологиялық және педагогикалық әрекеті

Экскурсия әрекетінің психологиялық және педагогикалық негізі

Экскурсоводттың іс-әрекетінде маңызды орынды алады

№4 Дәріс. Экскурсиялардың құрылымы және жіктелуі

Экскурсияда оқыту, тәрбие беру, насихаттау сияқты өзінің құрылымы болады. Сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері бар. Композиция бойынша экскурсия 3 бөліктен тұрады. Композиция дегеніміз – құрылу, құрастыру, жеке бөліктерді бір тұтас қылу.

1. Кіріспе. Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа дейін болады. Ол экскурсияның тақырыбына, түріне байланысты. Мәліметтерді жүйестіру жағынан кіріспе 2-ге бөлінеді – ұйымдастыру және ақпараттық бөліктер.

а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет береді. Оның ұзақтылығы, маршруттың ұзындығы, өткізі ерекшелігі, экскурсияның міндетімен таныстырады. Экскурсия қай жерде бітетіндігіде осы бөлімде айтылады.

Көлік ішінде, су жағалауында, тауда өзін ұстау туралы ережелерімен таныстыру – жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып жүрмеуі, тазалықты. тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпау, көшелерді өткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі.

б) ақпараттық бөлігінде экскурсанттардың назарын экскурсияға аударады, оның бөліктеріне, мазмұнына кысқаша шолу жасайды. Қызықты объектілерді, маршруттың бөліктерін, кіші тараулардың тақырыптарын айта кету қажет.

2. Негізгі бөлік. Бір неше кіші тараудан тұрады, олар арасында бір-біріне көшу кезінде қисынды ауысуды қолданады. Әр кіші тақырып бір, немесе бірнеше объектілер арқылы ашылады. Ол экскурсияны сапалы өткізіп есте сақталуына көмек береді.

3. Қортынды. Қортынды 2 бөліктен тұрады.

а) негізгі мазмұны бойынша қортынды жасау, тақырып бойынша қортынды жасау.

б) басқа экскурсиялар туралы ақпарат беру.

Кез келген экскурсия қортындымен аяқталады ол уақты бойынша 1-3 минуттан 5-7 минутқа дейін созылады. Экскурсияға қысқаша қортынды жасап, тағы да көрген объектілерге, естігендеріне назар аударады. Соңында ұнады деп үміт білдіре отырып, тағы да басқа тақырып бойынша өткізілетін экскурсияға келулерін сұрау қажет Қортындыныңда, кіріспе мен негізгі бөлік сияқты маңызы өте зор.

Топтастыру

Экскурсияларды топқа бөлу жаңа экскурсия дайындаған процесінде үлкен мағынасы бар. Экскурсияларды жүйелеу мәселесіне көптеген экскурсия саласының жұмысшыларының, зерттеушілердің көңілі көп кеткен. Бірінші рет бұл проблема туралы өткен ғасырдың 20-шы жылдарында айта бастаған. Экскурсиятану ісі дамыған сайын түрлі жүйелер ұсынылған, бірақ 1970 жылдарында ғана келесі жүйеге тоқталды:

  1. Мазмұны бойынша

  2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай

  3. Өткізген орнына қарай

  4. Жылжу тәсіліне қарай

  5. Экскурсияның ұзақтылығына қарай

  6. Өткізу түріне қарай

1. Мазмұны бойынша – екі шағын топқа болінеді – шолу және тақырыптық.

Шолу экскурсиялар көп тақырыпты қамтиды, бұндай экскурсиялар көп планды деп аталады. Оларда тарихи және кәзіргі материалдарды қолданады. Бұндай экскурсия көптеген түрлі объекттерді (тарихи және мәдени ескертеіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды, табиғи объекттерді, қәсіп және ауылшаруашылық орындарын) көрсету арқылы құрастырылады.

Шолу экскурсияларында оқиғалар ірі план мен баяндалады. Ол қала, мемлекет, аудан туралы жалпы түсінік береді. Бұндай экскурсияның хронологиялық шегі – қаланың бірінші күнінен пайда болуынан осы күнгедейін, және болашағы. Шолу экскурсиясының ерекшеліктері бар, кез келген қалада олар бір бірімен құрылымы жағынан ұқсас болады. Қаланың тарихы, қәсіп орындарының қысқаша сипаттамасы, ғылымы, мәдениеті сияқты тақырыпшалардың болуы. Шолу экскурсиялардың бір-бірінен айырмашылығы қала тарихының спецификасына байланысты. Мысалы: Верный қаласының тарихы 19-шы ғасырда басталса, Тараз қаласының тарихы 1ғасырдан басталады. Аталған екі қалада Ұлы Жібек жолында орналасқаны мен даму тарихы мүлдем ұқсамайды. Тараз қаласының экономикасы, градоқұрылысы 10-12 ғасырларда өркендеген. Ал Верный қаласының орнындағы елді мекендер ұмытылып кеткен.

Тақырыптық экскурсиялар бір тақырыпқа ғана арналады. Мысалы тарихи экскурсия болса оның негізіне бір-екі оқиғаны алуға болады. Ал архитектуралық экскурсияда бір белгілі архитектордың туындыларын алуға болады. Немесе ең қызықты архитектуралық ансамбльдерді.

Тақырыптық экскурсиялардың өзі бір неше топқа бөлінеді: тарихи, әскери-тарихи, өндірістік, табиғаттық, өнерлік, әдебиеттік, архитектура-градоқұрылыстық.

Тарихи экскурсиялар мазмұны бойынша бір неше кіші топқа бөлінеді: тарихи-өлкетану, археологиялық (Есік қаласының қасында орналасқан қорғандарды көрсету), этнографиялық-Қазақстан халықтарының әдет-ғұрпын әңгімелеу) , тарихи-өмірбаяндық (әйгілі адамның өмір сүрген, қызмен жасаған орындарына бару), тарихи мұражайларға бару.

Өндірістік экскурсиялар да кіші топқа бөлінеді: тарихи -өндірістік, экономиқалық өндірістік, техникалық-кәсіптік.

Өнер зерттеу экскурсиялар – тарихи-театралдық, тарихи-музыкалдық, халықтың кол өнері, көрме залдарына экскурсия болып бөлінеді.

Әдебиет экскурсиялар келесі топтарға бөлінеді: әдеби-өмірбаяндық, тарихи-әдебиеттік т.б.

2. Қатысушылардың құрамына, санына қарай – жеке, жергілікті халық үшін, шетел туристері, ересек және мектеп оқушыларына арналған топтар болады. Әр топтың өз ерекшеліктерін ескере отырып экскурсия мазмұнына, жүргізу тәсілі мн техникасына, ұзақтылығына өзгерістер енгізіледі.

  1. Өткізген орнына қарай эскурсиялар қалалық, қала маңайына, өндірістік, мұражайлық, комплексті (бір неше экскурсияның элементтерін пайдаланады).

  2. Жылжу тәсіліне қарай – жаяу және түрлі транспортты пайдалану арқылы өткізу. Пайдаланатын транспорттың түрлері – тролебус, трамвай, өзен және теңіз теплоходтары, вертолеттар.

  3. Экскурсияның ұзақтылығына қарай 1 академиялық сағаттан, бір тәуліккедейін. Қысқа мерзімді турлар (3-4 тәуліке дейін) демалыс күнгі маршруттар деп аталады, онда бір неше экскурсиялар болуы мүмкін.

  4. Өткізу түріне (формасына) қарай: экскурсия-серуен, экскурсия-лекция, экскурсия-концерт-музыкалдық тақырыпқа байланысты, ән тындау мен қошталады, жарнама экскурсиялар т.б.

Соны мен, дұрыс жүйеленген экскурсия экскурсоводтың клиенттерімен жұмысын жақсы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Заңдылықты пайдалана отырып дайындалған экскурсия нақты топтың сұраныстарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экскурсия қандай бөліктерден тұрады?

  2. Экскурсияның кіріспесі

  3. Экскурсияның негізгі бөлігі

  4. Экскурсияның қортындысы

  5. Экскурсия қисыны дегеніміз не?

  6. Экскурсиялар қандай негізгі белгілер арқылы жүйеленеді?

  7. Мазмұны бойынша қалай жүйеленеді. Шолу экскурсиясына сипаттама беріңіз.

  8. Тақырыптық экскурсия дегеніміз не. Оның ерекшеліктері неде?

  9. Қатысушылардың құрамы бойынша экскурсиялар қалай жүйеленеді, олар немен ерекшеленеді?

Экскурсияның қисыны

Экскурсия қисыны талабы арқылы құрастырылады. Ол экскурсиялық материалды ұсыну мен объектілерді көрсетудің заңдылық түрі. Қисын дегеніміз – ғылым, адамның ойлауы жайлы заңдылық пен формалары. Әр бір экскурсовод дұрыс қисынды ойлаудың заңы мен формасын жанжақты және терең білу керек.

Тәжірибелі экскурсоводтар көбінесе, практикада қисындылықтың заңдылығын білмеседе, дұрыс ойлап сендіре сөйлейді. Олар бұл жерде өзінің табиғи интуициясына (сезіміне) сүйенеді.

Қисындық заңға жататындар: анықтық, қарама-қайшылық, жүйелілік, дәлелділік. Қисындық форма – құрылым, ойдың құрылымы. Қисындық тәсілдер – анализ, синтез, абстракциялау, талдап қорыту.

Методистер мен экскурсоводтар экскурсия жасаған кезде ойлау заңының негізгі әрекеттерімен санасу керек: тепе-теңдік, қайшылық келмейтіндік, үшіншіні шығарып тастау, жеткіліктілікті негіздеу (достаточного основания).

1. Тепе-теңдік заңы – экскурсия кезінде бұл заң экскурсоводттың бір объектті әңгімелегенде басқа объектпен ауыстырып алмау (подменять), әңгіме кезінде түсініктер түрлі мағынада болмауы.

2. Қарама-қайшылық заңы –экскурсия әңгімесі кезінде бір ой өзінің мағынасынан экскурсия бойы қайтпауы. Бір ой, бір уақытта жалған және шынайы болмайды. Тарихи оқиғалар жайлы әңгімелеген кезде қарама-қайшылықтарды болдырмауы.

3. Үшіншіні шығарып тастау заңы – пайымдау мен мойындаудың арасында үшіншінің болмауы. Егер бір ой пайымдаса, екіешісі мойындамайды, бұл жерде осы екі ойдың біреуі ғана дұрым болады. Экскурсовод өзі вариант таңдайды. Екінші вариантты терістейді.

4. Жеткіліктілікті негіздеу заңы (достаточного основания) – бұл бір ой дәлелді болуын қажет етеді. Тек осы жағдайда ол дұрыс боп саналады. Әр бір ой басқа рйлармен дәлелдену керек. Дәлелсіз ойлардан сақ болу керек.

Қисындылықтың заңдарымен пайдалану методистер мен экскурсоводтарға келесі қисынды проблемаларды шешуге мүмкіндік береді:

- экскурсиялық материалды дәлелді әңгімелеуге, көргеннен әсер алуға, аргументтерді дұрыс пайдаланған арқылы дәлелдеу;

- тарихи оқиғаларды шындықпен түсіндіру, факт пен мысалдарды сипаттау кезінде қисынды жүйелілікті анықтау;

- экскурсияның әңгімелеу бөлігінің қортындысының түйінін тұжырымдау;

- қөрсетудің, әңгімелеудің әр-бір методикалық тәсілін пайдаланғанда қисынды схеманы таңдау;

Әр экскурсияда, қай тақырыпқа ол арналмасын, қисындының өзі сүенетін конструкциясы болады. Бұл жерде біз қисынды ауысу жайлы айтамыз. Экскурсияда қисынды ауысудың екі түрі болады – «көпір» арқылы ауысу жене тікелей ауысу.

Қисынды ауысулардың негізгі ерекшелігі, ол экскурсияның әңгімелеу бөлігі мен көрсету бөліктерін байланыстырады.

№5 Дәріс