- •2. Дәріс Экскурсияның белгілері
- •№3 Дәріс. Экскурсиялық әрекеттің психологиялық және педагогикалық әрекеті
- •Экскурсоводттың іс-әрекетінде маңызды орынды алады
- •Топтастыру
- •Экскурсиялық көрсету мен әңгімелеу
- •Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.
- •Көрсету мен әңгімені байланыстыру
- •Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
- •7. Маршрутты аралап шығу
- •Бақылау тексті дайындау
- •Экскурсиялық маршрутты құру
- •11.Экскурсия жүргізудің техникасы
- •Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
- •Қалалық шолу және тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері
- •Табиғаттану экскурсияларын өткізу ерекшеліктері
- •Архитектура – градокұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
Лекцияның мазмұны
Көрсету тәсілдерінің міндеттері
Көрсету тәсілдерінің жуйеленуі
Көрсету тәсілдерінің сипаттамасы
Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
Көрсету методикасы – экскурсиялық методиканың маңызды және әң күрделі бөлігінің бірі. Көрсету тәсілдері объектіні тек көрсету емес, оның мазмұндық еоекшелігін білдіреді.
Көрсету тәсілдері бір неше тәсілдерден тұрады: объектті бақылауды ұйымдастыру (зерттеп тану), қоршаған ортадан қажетті объектті бөліп алуға мүмкіндік беретін; объектті керекті түрде көруге мүмкіндік беру; объекттің ерекшелігін, бір көз тастағанда білінбейтін бөліктерін табу т.б.
1.Алдын-ала көрсету тәсілі экскурсанттар ескерткіштің орналасқан жерінде болған кезде қолданылады. Алдын-ала оларды көру үшін 1,5-2 минут уақыт бөлінеді. Экскурсовод әңгімесімен қошталмайды. Экскурсанттар өз бетінше объектпен танысады. Осыдан кейін экскурсовод экскурсанттардың назарын объекттің тарихына, оны қоршаған ортасына сипаттама береді.
Бұл тәсілді пайдаланудың екінші варианты болады – экскурсовод басында объектті бақылау кезінде нені көру керегіндігіне, оның қандай сапалық және нақты ерекшеліктеріне көңіл аудару керектігіне бағыттайды.
2. Панорамалық көрсету. Бул тәсіл көбінде қала панорамасын, архитектуралық ансамбль, әсем ландшафты көрсеткенде пайдаланады. Ол үшін мұнараны, бекініс дуалдарын, төбелерді пайдаланады. Осы биік нүктелер арқылы қаланың шайқас алаңы, жазықтар, өзендер панорамасын, таулар орографиясын көрсетуге болады. Сонымен экскурсанттардың алдарынан ашылған панорамалық суреттемелерді тез қабылдауын жақсарту үшін, олардың зерттелетін объектілерінің композициялық ортасын тауып топтың назарын аудару қажет. Объектілерді тек алдын-ала таңдаған ретімен көрсету керек.
Мысалы, Алматыда Көктөбеден бүкіл қала панорамасын көруге болады. Экскурсанттардың алдында ашылған кеңістікті қабылдауын белсендіру үшін, бақылау панорамасында композициялық орталықты анықтап топтың көңілін соған аудару керек. Экскурсовод тақырыпты ашатын объектілерді көрсетеді, жалпы панорамадан жекеге көшеді.
Экскурсиялық анализ. Осы тәсілдің көмегімен объекттерді детальды бақылау жүргізіледі. Экскурсиялық анализдің тарихи, көркемөнерлі, жаратылыстану ғылыми түрлері бар.
Көрермен реконструкция тәсілі (қайта құру) сыртқы бейнесі өзгертілген объекттерді көрсеткенде пайдаланады. Бұрынғы түрін экскурсоводтың әңгімесінің көмегімен ойша қайта құру арқылы қалпына келтіру. Бұл тәсіл ұмытылмас орындарды, әскери шайқас, халық көтерілісі, ереуіл (забастовка) орындарды көрсеткенде пайдаланады. Тәсілдің міндеті экскурсанттарға ұмытылмас орындарды, ғимараттарды, құрылыстарды ойша алғашқы қалпына келтіріп көруге мүмкіндігін береді. Реконструкциялық әдіс көбінесе архитектуралық, тарихи, әдеби экскурсияларда кеңінен колданылады.
Локализация тәсілі қоршаған ортадан көруге қажетті объектке экскурсанттардың көңілдерін тарту үшін пайдаланады. Болған оқиғаларды нақты бір жермен ұштастыру. Локалды деген сөз «жергілікті, өзінің бір белгілі орны» деген ұғымды білдіреді.
Материалды бергенде бұл тәсіл жалпыдан жекеге ауысуын қарастырады. Мысалы “Осы цехта алғашқы трактор жасалған”.
Салыстыру тәсілінің міндеті – ерекше тек осы объектке тән бөліктерін табу, оның қайталанбайтын оригиналдығын көрсету. Экскурсанттарға объекттің нағыз көлемін (ескерткіштің биіктігін, қамал дуалының ұзындығын, көшенің енін) елестетуге мүмкіндік береді.
Көрермен монтажы – бұл реконструкция әдісінің бір бөлігі болып табылады. Экскурсовод көрермен монтажын қолдана отырып, бірнеше құрылыстардың немесе бірнеше ескерткіштердің сыртқы түрін, сонымен қатар олардың бөлек элементтерінен қажетті образ құрады.
Көру монтажында әр түрлі сызулар «Экскурсовод портфелінен» суретте қолдануы мүмкін.
Мемориалды тақтаны көрсету тәсілі. Экскурсиялық объектте мемориалды тақта болса, әңгімені объекттің анализінен, осы жерде болған оқиғалардан бастайды.
Жылжу методикалық тәсілі экскурсанттардың объектті (ғимарат, құрылыс, көше, алаң) айнала жүріп танысуында пайдаланады. Экскурсанттар объекттің жан-жағын қарап, биіктігін, тереңдігін, арақашықтығын анықтайды.
Объекттерді жүріп баражатқан автобустан көрсету. Объекттер жайлы оны көрмей тұрып алдын – ала жалпы сипаттама береді, объект көрінгенде экскурсанттардың назарын оған аударады.
Айтылған тәсілдерден басқа да көптеген тәсілдер бар. Айта кететін болсақ абстрактілік, интеграция, аналогия. Сонымен экскурсиялық көрсетудің үлкен мағынасы бар. Әңгімелеудің мазмұны объектіге, оның сакқталуына байланысты. Көрсету тәсілдері объектіні тек көру ғана емес, оның мазмұндық ерекшелігін білдіреді.
№ 11 Дәріс.
Экскурсиялық әңгімелеудің негізгі методикалық тәсілдері
Лекцияның мазмұны
Әңгімелеу тәсілдерінің міндеттері
Әңгімелеу тәсілдерінің жуйеленуі
3. Әңгімелеу тәсілдерінің сипаттамасы
Кезкелген экскурсияның жеңісі сөйлеу әдістемесінің дұрыс таңдалуын анықтайды. Экскурсиялық әңгімелеудің әдістік тәсілінің негізгі мақсаты:
фактілерді, оқиғаларды т.б. әңгіме объектілерін елестету. Экскурсияда жиі қолданылып жүрген әңгімелеудің бірнеше тәсілі бар.
Әңгіменің тәсілдері екі топқа бөлінеді:
топ. Әңгіменің формаларымен байланысты (анықтама, бейнелеу, репортаж, төл сөз пайдалану) бұл тәсілдер айтылғанды еске сақтауға, айтылғанды ойша қайталап, бір жүйеге келтіруге көмектеседі.
топ. Сипаттама тәсілдерін түсіндіреді, сұрақ-жауыптар, көргенге сүйену, тапсырма тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәсілдер сыртқы оқиғаларды, нақты кейіпкерлердің іс әрекетін бейнелейді.
Экскурсия анықтама тәсілі – Көруді реконструкциялау, локализация мен абстракция тәсілдерімен бірге пайдаланады. Экскурсовод көріп жатқан объект туралы қысқаша сипаттама береді: салынған уақтысы, авторы кім, көлемі, салынған себебі т.б. ақпарат береді. Мазмұны және құрамы бойынша бұл тәсіл экскурсиялық жол ақпаратына ұқсас болады.
Суреттеу тәсілінің мақсаты – экскурсанттардың санасында көрсетілетін объектті дұрыс кейіптеуге пайдаланады (форма, көлем, қандай материалдан жасалынғанан, қасындағы объекттерге қарағанда орналасуы). Бұл тәсіл объекттің негізгі белгісін, сыртқы түрінің ерекшелігін, бір берілген тізбек бойынша айтылады. Ол әдетте екі, үш минуттан аспайды және көбінесе жалпы шолу экскурсиясында қолданылады.
Суреттеу тәсілі тек ескерткіштерге тән қасиет емес, сонымен қатар олар тарихи оқиғаларға да тән қасиет. Тарихи оқиғаның суреттемесін қаопына келтіру үшін көру реконструкциясы әдістемесін басшылыкка алу керек. Автобуспен экскурсия жасағанда суреттеу тәсілі автобустан шыққан кезде де, шықпай терезеден қарап отырса да, барлық көрсетілулерде қолданады.
Сипаттама тәсілі – объекттің басқадан айырмашылығын көрсету арқылы жузеге асырылыды. Объекттің ерекшелігін, қасиетіне тоқталады. Суреттеу тәсіліне қарағанда сипаттама беру тәсілі экскурсанттарға берелген объектіні жақсы түсініп оның өзіндік ерекшелігін белгілейді. Осыған байланысты объект басқалардың қасынан өзінің орнын табады.
Түсіндіру тәсілі – материалды ұсынған кезде тарихи оқиғалардың негізімен оның болған себебіне тоқталады. Бұл тәсіл барлық экскурсияларда қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе өндірістік-экономикалық, табиғи экскурсияларда, әңгімелеудің ішкі байланыс үрдісінде түсіндіріледі. Түсіндіру тәсілі ескерткіш, сурет, мүсін сияқты өнер туындыларды көрсетілетін экскурсияларда кеңінен қолданылады. Түсіндіру тәсілі өзінің дәйектілігімен, дәлелділігімен ерекшеленеді.
Төл сөз пайдалану тәсілі – шығармалардан өзгертілмей келтірілген сөздер, немесе біреудің сөзін бұзбай қайталау. Төл сөз қысқа, дәлме-дәл, анық болуы шарт және орынды келтіріліп, уақытында айтылуы керек. Төл сөз келтіру мынандай кездерге жүгінеді:
өзіңнің ойыңды нақтылау үшін, тілдің ерекшелігін сақтау үшін;
біреудің пікірімен таныстыру үшін. Төл сөз келтіруде поэзияның төрт шумағын, прозаның 6-8 сөйлемі қолданылғаны тиімді, әрі мәнді болады.
Комментарий беру тәсілі – оқиғалардың мағынасын түсіндіру кезінде пайдаланады. Коментарий тәсілі экскурсияның белгілі бір кезеңінде экскурсанттардың назарынан тыс кез-келген құбылысты, оқиғаны немесе деректі болған жағдайда және оған қатысушылар мен себептерді сынайы бағалау.
Дискуссия тәсілі – ашық диалог арқыла экскурсанттардың белсенділігін арттыру. Осы тәсіл экскурсияның кейбір бөлімдерін, мазмұнның монологиялық формасын диалог мәліметтеріне айырбастауға мүмкіндік береді. Екі-үш экскурсант өз пікірлерін айтады. Содан кейін экскурсовод корытындылай келе, шешім қабылдайды.
Сұрақ-жауап тәсілі – экскурсанттарға сұрақ қою арқылы белсенділігін арттыру. Тәсілдің мақсаты әңгімелеу барысында тыңдаушыларды ынталандыру, үшін әртүрлі сұрақтар қойуы.
Репортаж тәсілі – бұл тәсілдің ерекшелігі, алдын –ала дайындалмайды, экскурсовод экскурсанттармен бірге бір оқиғаның куәгері болған кезде пайдаланады. Мысалы заводтар мен фабрикаларда конвейлер жүріп жатқан кезде көрсету кезінде жүргізілетін әдіс. Экскурсовод көз алдында өтіп жатқанға қысқаша түсініктеме береді, репортаж жүргізеді.
Тапсырма беру тәсілі – Экскурсовод әңгімелеу барысында экскурсанттарға мынадай тапсырма береді: неге мына ескерткіш былай аталған, естеріңізге түсіріңіздер мына ғимарат неге ұқсайды, нені еске түсіреді?
Экскурсант осы сияқты тапсырма бергенде, ойламаған жерден экскурсанттар оларды осы арада орындауға тырысады. Бұл әдістемелік тәсілдің мәні – экскурсанттарды қызықтыру, ойландыру, олардың ойлау қабілетін арттыру. Тапсырмаға жауапты әңгіменің барысында тыңдайды.
Әдеби монтаж тәсілі – Белгілі бір оқиғаны немесе тарихи тарихи адам бейнесін көз алдына келтіргендей етіп көрсеткісі келсе экскурсовод әдеби монтаж тәсілін қолданады. Оның мәнісі бір немесе бірнеше авторлардың шығармаларынан үзінділер іріктеліп алынады да, олардан бір тұтас композиция жасалынады. Үзінділердің мазмұны экскурсия тақырыбын, негізгі сұрақтардың мағынасын ашады.
Арнайы методикалық тәсілдер
Бақылау сұрақтары
«Методикалық тәсіл» түсінігі, олардың қажеттілігі
Методикалық тәсілдердің класификациясы
Әңгімелеудің тәсілдері
Қөрсетудің тәсілдері
Жылжу методикалық тәсіл ретенде
№ 12. Дәріс.
