- •2. Дәріс Экскурсияның белгілері
- •№3 Дәріс. Экскурсиялық әрекеттің психологиялық және педагогикалық әрекеті
- •Экскурсоводттың іс-әрекетінде маңызды орынды алады
- •Топтастыру
- •Экскурсиялық көрсету мен әңгімелеу
- •Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.
- •Көрсету мен әңгімені байланыстыру
- •Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
- •7. Маршрутты аралап шығу
- •Бақылау тексті дайындау
- •Экскурсиялық маршрутты құру
- •11.Экскурсия жүргізудің техникасы
- •Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
- •Қалалық шолу және тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері
- •Табиғаттану экскурсияларын өткізу ерекшеліктері
- •Архитектура – градокұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
Көрсету мен әңгімені байланыстыру
Әр бір экскурсия екі негізгі элементтерден құрылады – экскурсиялық объекттерді көрсету және олар туралы әңгімелеу.
Бұл дәрежеде объекттер негізгі және қосымша болып бөлінеді. Автобустан шығатын аялдамалары белгіленеді. Тақырып кіші тарауларға бөлінеді. Көрсетудің кейбір методикалық тәсілдерімен қолдана бастайды. Тараулардың араларында қисынды ауысулар, сөз көпірлер пайдаланады. Қисынды ауысулар тараулар арасында көпірге айналады. Экскурсия бір тұтас бола бастайды. Экскурсанттардың іс әрекеттері белсенедіріле бастайды. Олар тарихи, мәдени ескерткіштерді тереңдеу зерттейді. Экскурсияның кіріспесі, қортындысы жеке, өз бетінше бөліктер болып бөлінеді, жетіспейтін тізбекті “экскурсовод портфелі” толықтырады.
Көрсету мен әңгімелеудің үйлесуі экскурсиялық түрге айналады. Көрсету негізгі орынды алады. Әңгіме екінші орында. Көрсету мен әңгімелеудің методикалық тәсілдері белсенді қолданады.
Бұл дәрежеде көрсету мен әңгіменің байланысы оптималды болып табылады. Көрсетудің көлемі кеңейеді, бас орынды алады, әңгімені өзіне бағындырады. Әңгімеде басты рольді объекттерді көріп қабылдау анализі алады. Әңгіме экскурсиялық формаларда жүргізіледі: комментарий, анықтама, түсіндіру түрлерінде, объекттерді көрсетудің кіріспе сөзінде немесе оларды көрсетіп болғаннан кейін қортынды бөлігінде. Экскурсия жүргізудің әдістері мен техникасы жоғары түрде жетіледі, экскурсиялық анализдің көптеген түрлері толығымен пайдаланады. Объекттерді көрсетудің методикасы жоғары белсенді күйіне жетеді. Материалды қабылдау процесінде экскурсоводттың ролі өседі.
№ 6 Дәріс
Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы (1-5 кезеңдер)
Экскурсия - ол екі негізгі процестің нәтижесі: оны дайындау және өткізу. Олар бір бірімен тығыз байланысты.
Жаңа экскурсияны дайындаудың екі негізгі бағыты бар:
экскурсиялық мекеме үшін мүлдем жаңа экскурсия.
жаңадан келген, немесе жұмыс істеп жүрген экскурсовод үшін жаңа экскурсия. Мекемеде ол экскурсия бұрыннан жасалып өткізіліп жүрген.
Бірінші жолы – туристік мекеме үшін жаңа экскурсия дайындау процессі.
Жаңа экскурсия дайындау творчестволық топқа жүктеледі. Оның құрамына экскурсияның киындығына қарай 3-7 адам кіргізіледі, топ жетекшісі тағайындалады. Көп жағдайда ол сол мекемеде жұмыс істеп жүрген экскурсоводтар кіреді. Кеңесші ретінде түрлі салалардың мамандары шақырылады – мұражайдың ғылыми жұмысшылары, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, мектеп оқытушылары т.б.
Топ мүшелерінің әр қайсысына жеке тарауларды дайындау жүктеледі.
Жаңа экскурсия дайындау негізінен үш сатыдан тұрады:
Алдын-ала жұмыс –келешек экскурсияға материал жинау,оны зерттеу (тақырып бойынша білім жинақтау, мақсатымен міндетін анықтау). Сонымен қатар экскурсияға қатысты объектілерді таңдау.
Тікелей экскурсияны дайындау кезеңі - экскурсиялық маршрутты құру; фактілік материалды өңдеу; бір неше негізгі сұрақтардан тұратын экскурсияның негізгі бөлігінің мазмұнын құрастыру; бақылау текстін жасау; экскурсияның методикасын анықтау; әңгімелеудің, көрсетудің тиімді методикалық тәсілдерін анықтау. Жаңа экскурсияның методикалық құралын дайындау (технологиялық карта); экскурсоводтардың өзіндік жеке текстін дайындау.
Қортынды кезең – экскурсияны маршрутта қабылдау. Мекеменің басшысымен жаңа экскурсияны бікіту; маршрут алдында экскурсияны қорғаған экскурсоводттарға рұқсат беру.
Жаңа экскурсия дайындаудың кезеңдерін белгілеуге болады, олардың өзінің реті бар. Экскурсия тәжірибесінде қалыптасқан жүйелілік бойынша қарастырамыз.
Ең алғашы «экскурсия дайындау кезеңдері» деген түсінік 1976 жылы енгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
Тықырып таңдау.
Әдебиеттерді реттеу және библиография жасаү
Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу.
Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу.
Экскурсияның маршрутын жасау.
Маршрутты аралап шығу.
Бақылау текстін жасау
«Экскурсовод портфелін» іріктеп жинақтау.
Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау.
Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
Методикалық құралды жасау
Өзіндік жеке тексті құру
Экскурсияны жасау (қабылдау)
Экскурсияны бекіту.
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
Кез келген жаңа экскусияны дайындау, оның нақты мақсатын анықтаудан басталады. Себебі бұл келешекте экскурсия авторларына жұмыстарын ұйымдасып жасауына көмек береді. Экскурсияның мақсаты – экскурсанттарға тарихи мәдени-ескерткіштерді және басқада объекттерді не үшін көрсететіні. Экскурсоводттың әңгімесі осы соңғы мақсатқа бағынады. Бір неше мақсатты атап өтейік: патриоттық тәрбие, Отанға деген сүйіспеншілік, басқа ұлттарға, қоғамға-пайдалы жұмысты қадірлеу, эстетикалық тәрбие беру, қй-өрісін кеңейтү, ғылымның және мәдениеттің түрлі салаларынан қосымша білім алу т.б. Экскурсияның мақсаттары – мақсаттарын тақырыпты толық ашу арқылы іске асыру.
2.Тақырып таңдау сұранысқа байланысты. Әр бір экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу керек.
Тақырып барлық объектілерді, кіші тақырыпшаларды бір тұтас қылатын өзегі.
3.Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау
4.Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясы мен және фондылары мен танысу.
