- •2. Дәріс Экскурсияның белгілері
- •№3 Дәріс. Экскурсиялық әрекеттің психологиялық және педагогикалық әрекеті
- •Экскурсоводттың іс-әрекетінде маңызды орынды алады
- •Топтастыру
- •Экскурсиялық көрсету мен әңгімелеу
- •Мақсат, мақсат және идея түсінігімен байланысты, берілген материалды айтып берумен қатар, соның нақты идеялық позициясын белгілеу. Идея-экскурсияның түпкі ойы, оның өзегі.
- •Көрсету мен әңгімені байланыстыру
- •Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу
- •7. Маршрутты аралап шығу
- •Бақылау тексті дайындау
- •Экскурсиялық маршрутты құру
- •11.Экскурсия жүргізудің техникасы
- •Экскурсияда көрсетудің негізгі методикалық тәсілдері
- •Қалалық шолу және тақырыптық экскурсияларды жүргізу ерекшеліктері
- •Табиғаттану экскурсияларын өткізу ерекшеліктері
- •Архитектура – градокұрылыс экскурсияларының ерекшеліктері
Экскурсиялық маршрутты құру
7. Маршрутты аралап шығу
Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту, қозғалас трассасын, экскурсиялық объектінің орналасу жерін, оларға бару жолын, аялдамаларды айқындау мақсатымен өткізіледі. Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту экскурсия жургізуге қажетті ұақытты анықтауға мүмкіндік береді. Маршрутты аралап шығу, немесе айналып өту экскурсия ұзақ уақыт өткізілмеген жағдайда, қалада белсенді құрылыс немесе реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, объектілерге жол кутпеген жерден жабық болып, немесе объект реставрацияға алынып, жан жағы қоршалып, оны көрсетуге мүмкіндік болмауында өте қажет. Маршрутты айналып өткеннен кейін, барлық түзетулер, айқындалған жағдайлар, өзгертулер картаға енгізіледі. Соның көмегімен соңында маршруттың ақырғы нұсқасы дайындалады, оған топ жүріп өтетін барлық көшелер мен алаңдардың атаулары, көрсету объектілері (шартты белгілер арқылы) және экскурсанттар автобустан шығатын жерлері көрсетіліп, қай жерде кандай тарау қарастырылатыны енгізіледі. Сұлбада автобустың жүру жылдамдығы да көрсетіледі: жай – сағатына 30 км, орташа – 40-45 км, жылдам – 60 км. Автобустың жылдамдығын көрсету өте мете жаңа экскурсоводтар экскурсияны игерген кезде маңызды. Экскурсиялық маршруттың дайын сұлбасы бекітуге беріледі, содан кейін жергілікті көлік инспекциясымен бекітіліп көбейтіледі.
Сұлба туристік мекемелерінің методистеріне, экскурсоводтарға, диспетчерлерге, экскурсиялық автобус жүргізушілеріне таратылады. Бұл барлық тізбектердің жұмысын нақты ұйымдастыруға көмек береді, жақсы құрастырылған маршрут экскурсоводқа көрсету және әңгімелеу кезінде жүргізушіге қалай жүруін көрсету үшін, қай көшеге бұрылуын, қандай ескерткіштің қасында тоқтау керектігін, автобусты кай жерге, қалай токтату сияқты мәселелерге алаңдамай жұмыс жасауына мүмкідік береді.
Маршрутты тексеріп шығу экскурсия жасалу кезінде негізгі этаптың бірі болып табылады. Маршрутты тексеріп шығуды ұйымдастырған кезде келесі міндеттер койылады:
трассанның планировкасымен, көшелерімен, алаңдармен танысу;
объекттің орналасқан жерін анықтау, экскурсиялық автобустың, топтың тоқтайтын жерін анықтау;
автобуспен келіп тоқтайтын жерді игеру;
объектті көрсетуге қанша уақыт кететін хронометраждау, жалпы экскурсияның ұзақтығын анықтау.
Белгіленген объектілердің лайықтылығын анықтау;
Объектті тиімді көрсететін нүктелерін табу, экскурсиялық топты орналастыратын орындарды анықтау;
Объектпен танысатын методикалық тәсілдерін анықтау;
8. Маршрутта қауіпті жерлерді анықтап туристердің қауіпсіздігіне шара қолдану.
Бақылау тексті дайындау
Маршрут бекітілгеннен кейін, экскурсияның тексті құрылады. Творчестволық топпен жасалған текст бюро (фирма) тексті, немесе бақылау тексті деп аталады.
Бақылау текстінде материал экскурсиясының мақсатымен, тақырыбына қарай баяндалады, хронология сақталады. Бақылау текстінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, оларды алған деректер және экскурсияның кіріспесі, мазмұны, қортындысы, қисынды ауысулары толық жазылады.
Бақылау текстке маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді, олар осы экскурсияның басқа варианттарын жасауға қажет болады. Бақылау текстің көлемі 3-сағаттық автобус экскурсиясына 40-50 басылым бет, ал жаяу экскурсияларына 25-30 беттен кем ьолмау керек.
Әр топ мүшесімен жасалатын өзіндік, жеке текстке қойылатын талап осы бақылау текстімен сәйкес болуы, бұл жерде бақылау тексті эталлон болып саналады.
“Экскурсовод портфелін” жинақтау
“Экскурсовод портфелінің” негізгі мақсаты көрсетудің жетіспейтін тізбесін көз алдына келтіру Экскурсияда барлық қажетті объектілер толық сақталынбайды, сондықтан алғашқы қалпы қандай болғанын анықтау үшін суретін көрсетеді. Не болмаса келешекте бұл жерде не болатынын көрсеті үшін болашақ құрылыстың проектісін демонстрациялайды.
Объектке қатысы бар жеке адамдардың суреттері, құжаттардың, колжазбалардың түпнұсқасының көшірмелері жинақталады. Портфелге сонымен қатар географиялық карталар, сұлбалар (схема), сызбалар кіреді. Портфель жиынтығы әр тақырыпқа арналады. Оларды пайдаланған кезде ыңғайлы болуы үшін қалың қағазға жапсырып, көлемі тиімді, автобустың артынан көреалатындай болу керек. Саны да көп болмау керек, әр қайсысына түсінік парағы қыстырылады. Оларды пайдалану методикасы маршрут аралаған кезде тексеріледі. Осы материалдарды жинауға көп көмекті мұражайлар, архивтер, көрмелер көмек береді
№ 8 Дәріс Жаңа экскурсия дайындаудың технологиясы (11-15 кезеңдер)
Дәріс мазмүны
1.Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
2.Методикалық құралды жасау
3.Жеке тексті құру
4. Экскурсияны жасау (қабылдау)
5.Экскурсияны бекіту.
