- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
- •КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
- •3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
- •4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері
- •2 Модуль. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық – құқықтық формалары
- •7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
- •8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
- •Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
- •9 Тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа мен мәдениет.
- •3 Модуль. КӘсіпкер жұмысындағы маркетинг жӘне менеджмент
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және іске асыру
- •11 Тақырып. Бизнес – жоспар
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік келісім шарт туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.
- •13 Тақырып. Жалға алу.
- •14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
- •15 Тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі.
КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
Кәсіпкерліктің типологиясы
Кәсіпкерліктің түрлері мен типтері
Кәсіпкерліктің типологиясы. Кәсіпкерліктің типологиясы ұғымының астарынан оны нақты бір түрге, типке жатқызуға және белгілеріне қарап анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік әрекеттің әртүрлі типтері, түрлері, салалары туралы ілімді түсінеміз.
Кәсіпкерлік теориясында оны топтастыруға мүмкіндік беретін белгілерді орнату, сол белгілердің сапалық және сандық сипатын анықтау секілді сан алуан тәсілдер бар, сол себепті кәсіпкерлік әрекетті белгілі бір түрге жатқызу салыстырмалы түрде ысылған, шамадан тыс байытылған тәсіл болып табылуы мүмкін. Кәсіпкерліктің түрлерін орнату барысында кәсіпкерлік әрекеттің объектілері, оны іске асырудың заңдылығы, оның нәтижелері, өсу қарқыны, оны енгізу басты мәнге ие.
Кәсіпкерлікті классификациялау (топтау). Кәсіпкерлік әрекетті сан алуан сипаттық белгілеріне қарай классификациялауға болады, алайда кәсіпкерліктің теориясы мен тәжірибесінде келесідей белгілері бойынша топтау қалыптасқан:
– меншік формасы бойынша;
– заңдылығы бойынша;
– аймақты қамтуына және әртүрлі территорияда таралуына қарай;
– құрылтайшылардың санына қарай;
– персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай;
– түсімнің өсу қарқыны мен деңгейіне қарай;
– жауапкершілік формасына қарай т.б.
Меншік формасы туралы айтар болсақ, онда нарықтық экономикада кәсіпкерлік меншіктің жеке және мемлекеттік формасында дамуда. Жеке меншіктік ол жеке дара және әріптестік формада көрініс табады. Кәсіпкерлік муниципиалды, сондай-ақ аралас және бірлескен формада, шет ел инвесторлары формасы ретінде де дамиды.
Заңдылық белгісі бойынша кәсіпкерлік заңды, заңсыз, жалған кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Заңсыз кәсіпкерлік болып осы әрекетті заңдастырмай, тіркеуден өткізбей, лицензиясыз жүзеге асыру жағдайы табылады.
Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік әрекет пен банк қызметін жүзеге асыру ниетімен емес, азаматтарға, мемлекетке зиян келтіретін тыйым салынған әрекетті жасап, жалған жолмен несие алу, салықтан жалтару секілді ниетпен коммерциялық ұйым құру. Заңсыз және жалған кәсіпкерлікті ұйымдастыруға қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Кәсәпкерлік әрекеттің әртүрлі территорияда таралуына қарай: жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық және әлемдік болып бөлінеді.
Кәспкерлікке қатысушылардың құрамына байланысты әйелдердің және жастардың кәсіпкерлігін атауға болады. Көптеген елдерде кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, ат салушы әйелдер мен жастар ассоциациясы жұмыс жасайды. Мысалы, Қазақстанда әйел кәсіпкерлер Ассоциациясы құрылған.
Өсу қарқыны, түсімнің деңгейі тұрғысында кәсіпкерлік ұйымдарды: тез дамушы, баяу қарқынмен дамушы компаниялар, жоғары түсім алушы және төмен рентабельді ұйымдар, бизнестің аса қауіпті түрлерін жүзеге асырушы фирмалар деп бөлеміз.
Жеке іс жасауға қатысушылардың санына байланысты кәсіпкерлік индивидуальды (жеке) және ұжымдық, әріптестік болып бөлінеді.
Персоналдардың саны мен капиталдың көлеміне қарай , кәсіпкерлік шағын, орта және ірі бизнес болып жіктеледі.
Шағын кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 60 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз.
Орта кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз.
Ірі кәсіпкерлік (бизнес) - заңды тұлға құра отырып, жұмысшыларының саны 250 адамнан асатын және жыл бойғы активтерінің орташа жылдық құны ҚР бюджет туралы заңында белгіленгендей 325 мың еселенген айлық көрсеткіштен асатын кәсіпкерлік іс - әрекетті айтамыз. Бұл шарттар бұзылған жағдайда шағын кәсіпкерлік орта кәсіпкерлікке, ал орта кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке айнала алады.
Жауапкершілік формалары бойынша кәсіпкерлік ұйымдардың жасаған қызметтерінің нәтижелері бойынша толық жауапкершілікті ұйымдар, сондай-ақ солидарлы және субсидиарлы жауапкершілікті ұйымдар деп бөлуге болады.
Кәсіпкерліктің типтері мен түрлері. Кәсіпкерлік әрекеттің бағыттылығын, капитал салудың объектісін нақты нәтижелер алуды есептегенде кәсіпкерліктің келесі түрлерін бөліп аламыз.
Біріншіден, өндірістік кәсіпкерлік. Бұл нақты бір тауарларды өндіру, жұмысты жүзеге асыру және оларды іске асыруға арналған қызмет көрсету, тұтынушыларды қамтамасыз ету процессі. Демек, өндірістік кәсіпкерлік материалдық өндіріс аясында жүзеге асырылады, ол шаруашылық әрекеттің салаларына байланысты өндірістік, құрылыстық, ауыл шаруашылық т.б. болып жіктеледі. Осыған сәйкес кәсіпкерлікті сала бойынша ажыратады, мысалы, өндірісте кәсіпкерлік әрекет машина жасау, станок жасау арқылы ұйымдастырылады.
Халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда өндірістік кәсіпкерлік мемлекетке, азаматтарға, жалпы тұтынушыларға арнап тауар шығаратын кәсіпорын, фирма, компания секілді ұйымдардың әрекетінен көрініс табады. Нақты бір тұтынушыларға (халық, мемлекет т.б.) арналған қызмет көрсету мен тауар түрлерінің бәрі өндірістік кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Дегенмен де, өндірістік кәсіпкерлік өз бетімен жұмыс жасамайды, тәуелсіз деп айтуға болмайды, себебі оның дамуы қоғамның әлеуметтік деңгейі мен экономикалық өсу қарқынын шешіп береді.
Өндірістік өнімдердің іске асырылмауы, ұзаққа созылған төлемдердің болмауы, көптеген салықтар, мемлекеттік төлемдер кәсіпкерліктің өндірістік салада дамуын тежеді, осыған қарамастан коммерциялық сауда кәсіпкерлігі кәсіпкерлік әрекеттің екінші түрі ретінде жоғарғы қарқынмен дамуда.
Бұл кәсіпкерлік әрекет өте ыңғайлы, қажеттілікті тез арада қамтамасыз ете алады, нақты тұтынушылармен тығыз байланыста. Сауда кәсіпкерлігінің дамуына өндірушілерден төмен бағада тауар сатып алу және сатылып жатқан тауарға барынша тұрақты сұраныс секілді екі жағдай қажет деген пікір бар. Сауда кәсіпкерлігі ұзаққа қолданылатын өндірістік тауарлар сатуды ұйымдастыруда үлкен мәнге ие.
Кәсіпкерліктің үшінші түрі қаржылық-несиелік кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік әркеттің мамандандырылған бұл саласында бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.), валюталық құндылықтар және ұлттық ақшалар сату-сатып алу құралдары ретінде танылады. Қаржылық-несиелік кәсіпкерлікті ұйымдастыру үшін ұйымның мамандандырылған арнайы жүйесі құрылады, олар: коммерциялық банктер, қаржы-несиелік ұйымдар, қор биржалары, валюталық биржалар және басқа да мамандандырылған ұйымдар.
Кәсәпкерлік әрекетті жалпыға бірдей тәсілмен топтағанда кәсіпкерліктің келесідей түрлерін бөліп қарастырады.
Өндірістік – қызмет көрсету мен басқа да өнімдерді тікілей жасап шығару;
Коммерциялық – жасалып шыққан өнімді өндірушіден тұтынушыға жеткізіп беретін арадағы делдалық әрекет;
Қаржылық – қызмет көрсету мен өнім өндіру мақсаты мен қаржы құралдарын түзудің айрықша түрі.
Кеңестік (консультативті) – қаржыны, маркетингті басқару, өндірушілердің мүмкіндіктерін бағалау, жалпылай басқару мәселелері бойынша көмек пен кеңес беру әрекеті.
Кәсіпкерліктің аталған осы әрекеттерінің алғашқы үш түрін кезең бойынша ажыратып, негізгі түрге жатқызады, демек, бұл әрекеттердің нәтижесі тауар, қызмет түрлерін өндіру, оны тұтынуға дайындау болып табылады. Соңғы, төртінші түрді кәсіпкерлік әрекеттің көмекші түріне жатқызады, оның мәні тауар мен қызмет көрсетудің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, әр түрлі тәсілдер, әдістер, технологиялар, жобалар ойлап табуда жатыр.
Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әркеттеріндегі қызмет көрсету ерешеліктеріне байланысты туристік қызмет көрсету де осылардың қатарына жатады.
Сонымен, туроператорлардың әрекеттері көп жағдайларда туристік өнімнің ұйымдық дайындығын, оның бөлшектеп өндірілуін, тұтынушыға сатылу секілді бөліктерді құрайды. Сол себепті, туроператорлардың әрекетін шартты түрде өндірістік кәсіпкерлікке жатқызуға болады.
Туристік агенттер сатушы делдал турлардың қызметін атқарады. Сонымен қоса, олар қызмет көрсетудің басқа да түрлерін, мысалы, сақтандыру, консульдік қызмет көрсетуді орындап отырады. Бұл кәсіпкерлік әрекеттің аралас түрі.
Контрагенттер – туристік өнімді тұтынушыларға қызмет көрсетіп, қонақ үйлер, мейрамханалар, экскурсиялық бюро секілді қызметтермен туристерді қамтамасыз етеді.
Туристік ұйымдар қызмет көрсетуді атқару, сатуды ұйымдастыру секілді әрекеттерді ұштастыра алады. Мұндай жағдайда фирма бір уақытта кәсіпкерлік әрекеттің бірнеше түрін орындайды.
Кеңестік кәсіпкерлік әрекет туризм саласында кең қолданылады. Туристік қызметтердің сапасы жоғары және құрамы күрделі болған сайын, туристік қызмет көрсетуді жүзеге асыру және жасау процессіне қатысатын кеңесші мамандардың да саны да арта түседі. Мысалы, клубтық демалыс (таймшер) келесідей қатысушыларды пайдаланады: промоутерлер (жобаны жасаушылар), сату мамандары, курорт басқарушылары, клубтық демалыс орындарын алмастыру мамандары.
