Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
538 Кб
Скачать
☆

4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері

ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері болып әрекет қабілеті бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, яғни коммерциялық ұйымдар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетел ұйымдары айналыса алады.

1. Жеке тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілері. ҚР Ата заңынды айтылғандай әрбір азамат өз мүмкіндіктері мен мүлкін кәсіпкерлікке және өзге де заңға қайшы келмейтін әрекетпен айналасуға құқылы. Елеміздің тарихында бұл заң негізгі заңдар тармағына тіркеліп, азаматтардың заңды кәсіпкерлікпен айналысуға экономикалық еркіндікке кепілдік береді. Бірақ та ҚР Ата заңының 80 бабында Қазақстан азаматы өзінің толық құқығын тек 18 жастан ғана бастай алады. Осыған сәйкес кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқықтық тұрғыдан өзінің бизнесін мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде 18 жасқа толғаннан бастап әрекет етуге құқылы.

ҚР АК 15 бабына сәйкес әрбір азамат өзінің құқылы әрекетіне, азаматтық міндеттері мен олардың орындалуы кәмелет жасына толғаннан басталады деген. Ал егер заң жүзінде азамат 18 жасқа дейін некеленген болса, некеге түскен уақытынан бастап толық әрекетке ие болады. Некеге түскен уақытта ие болған құқыққа 18 жасқа дейін некені бұзған жағдайда сақталып қалады. Осыған сәйкес 18 жасқа толған жеке тұлға жеке және заңды тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысуға толық құқылы.

Бірақ кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысуға азаматтың арнайы жоғары білімі, шартты түрде кәсіби төлқұжаты және кәсіби біліктілігі болуы қажет.

Азаматтық заңнамаға сәйкес әрекет етуге қабілеті бар азаматтардың кейбір бөлігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға құқысы жоқ. Мемлекеттік биліктің атқарушы тұлғалары және мемлекеттік басқарушыларға жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жеке меншігінде кәсіпорынның болуы, өзінің тиесілі акциялар, пайларымен, үлес арқылы шаруашылық серіктестердің жиналысында жеке өзі немесе өкіл арқылы дауыс беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен әскери адамдар, қарулы күштер министрлігінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері және салық полиция қызметкерлеріне айналысуға болмайды. Әрекет қабілеті бар азамат заңды тұлға құрмай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысуға және осы мақсатта заңды тұлғалармен және жеке өзі заңды тұлға құра алады.

Азамат жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін жеке кәсіпкерлік куәлігін алу керек, ал сауданы жүргізу үшін патент алу керек.

  1. Заңды тұлғалар – кәсіпкерлік субъектілері. ҚР АК 21 бабына сәйкес заңды тұлға деп сотта жауапкер және талапкер бола алатын, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыра алатын және оларға ие бола алатын, өзінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруында оқшауланған мүлкі болатын және өзінің міндіттемелері бойынша осы мүлікпен жауап беретін ұйым танылады. Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан танылады. Заңды тұлғаның ұйымдық – құқықтық формасын белгілейтін атауы болады. Ұйымдық – құқықтық формасына байланысты заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылардың келісім-шарттары негізінде әрекет етеді.

ҚР АК 45 бабына сәйкес, заңды тұлғалар екі түрге жіктеледі: коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.

Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтқан ұйымды коммерциялық ұйым дейміз. Белгіленген заңға сәйкес, коммерциялық ұйымдар таза табысты құрылтайшылар арасында бөліседі. Осыған байланысты барлық коммерциялық ұйымдарды кәсіпкерлік ұйымдар деуге болады. Коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестік және серіктестік түрінде, өндірістік кооперативтер түрінде құрылады.

Өзінің әрекетінде табыс табуды мақсат тұтпайтын және табысты құрылтайшылар арасында бөлісе алмайтын ұйымды коммерциялық емес ұйым дейміз (сурет 2).

ҚР заңына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық және діни ұйымдар, коммерциялық емес серіктестер, мекемелер, әлеуметтік, қайырымдылық және өзге де фондттар, ассоциациялар түрінде құрылады. Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ғылыми мақсаттарды, азаматтардың денсаулығын қорғау, денешынықтыру және спортты дамыту және қоғамдық игіліктерді көздеуі мүмкін.

Заңды ұйымдар филиалдар мен өкілдіктерін аша алады, бірақ олар заңды тұлғалар бола алмайды. Оларды құрған заңды тұлғалардың мүліктеріне ие болады және олар бекіткен ереже бойынша қызмет жасайды. Филиал деп заңды тұлғаның оның орналасқан жерінен басқа жерде орналасқан және олардың барлық функцияларын атқаратын оқшауланған бөлігін айтамыз. Өкілдік деп – заңды тұлғаның оның орналасқан жерінен өзге жерде орналасқан және заңды тұлғаны қорғайтын оқшауланған бөлігін айтамыз. Филиалдардың және өкілдіктердің басшылары заңды тұлғамен бекітіледі.

Заңды тұлға деп міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап танылады. Заңды тұлға жарғы немесе құрылтайшылық келісім – шарт негізінде жұмыс атқарады.

Заңды тұлғаның реорганизациясы (қайта құрылуы, ұйымдасуы) – құрылтайшылардың келісімі бойынша бірігуі, бөлінуі, қайта құрылуын айтамыз.

2 сурет. Заңды тұлғалардың жіктелуі

  1. Кәсіпкерлердің құқықтары. Кәсіпкерлердің құқықтары дегенде, біз жеке және кәсіпкерлік ұйымдардың құқықтарын түсінеміз. Кәсіпкерлердің құқықтары заңдармен белгіленеді. Кәсіпкерлердің азаматтық құқықтары мен міндеттері:

  • заңда қарастырылған келісім-шарттар мен мәмілелерден (айырбас шарты, факторинг шарты, франчайзинг шарты және т.б.), заңда қарастырылмаған бірақ заңға қайшы келмейтін келісім-шарттар мен мәмілелерден;

  • азаматтық құқықтық міндеттерін белгілейтін сот шешімдерінен;

  • заңмен жол берілетін мүлікке ие болу нәтижесінде;

  • ғылыми, мәдени, әдеби, туындылар құру нәтижесінде;

  • өзге тұлғаға зиян келтіру нәтижесінде;

  • азаматтардың және заңды тұлғалардың өзге әрекеті нәтижесінде туындайды.

Қолданыстағы заңнамада кәсіпкер келесідей құқықтарға ие:

  • заң рұқсат беретін кәсіпкерліктің кез-келген түрімен айналысуға;

  • кез-келген ұйымдық – құқықтық формадағы жеке кәсіппен айналысуға;

  • кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қажет өз қарамағында кез-келген мүлікке ие болуы.Мүліктің көлемі заңмен шектелмейді.

  • өз бизнесін жеке жоспарлауға;

  • Тауарды, тұтынушыларды таңдауға, өндірістің барлық факторларын тасымалдаушыларды таңдауға, заңға сәйкес кәсіпкерлік келісім-шарттарды жүргізуге;

  • жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақы мөлшерін бекітуге, қосымша материалдық көмек көрсетуге, бірақ бұл құқықтар құрылтайшылар құжаттарында көрсетілуі қажет және еңбек заңына қайшы келмеуі тиіс;

  • жалдамалы жұмысшыларға қосымша демалыс беруге;

  • жұмысшыларды еңбек заңына сәйкес келісім-шарт арқылы жұмысқа тартуға;

  • сыртқы экономикалық, сыртқы сауда әрекетімен айналысуға;

  • кез-келген банкте есеп-шот ашуға;

  • тауар өндіруге, қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алуға, зейнетақы, медециналық және әлеуметтік сақтандыруға, мемлекеттік билік органдарының заңсыз шешімдеріне өзінің заңды құқығын қорғауға құқылы.

ҚР Салық кодексінің бірініші бөліміне сәйкес кәсіпкер салық төлеуші ретінде келесідей құқықтарға ие:

  1. тіркелген жеріне байланысты салық органдарынан қолданыстағы салықтар және жиындар туралы тегін ақпарат алуға;

  2. салық органдарынан салық туралы заңдардың қолданылуы туралы жазбаша түсініктемелер алуға;

  3. салық туралы заңдарда бекітілгендей белгілі бір жағдайда салық жеңілдіктерін қолдануға;

  4. салық несиесін кейінге қалдыруға, ұзартуға болады;

  5. салық органдарының басшыларынан салық туралы заңдарды орындауды талап ете алады;

  6. салық заңына сәйкес келмейтін заңдарды орындамауға;

  7. салық органдарының қызметкерлерінің шешімдеріне белгіленген тәртіпте шағымдануға;

  8. салық құпиясын сақтауды талап ете алады;

  9. салық органдары қызметкерлерінің заңға қайшы келетін шешімдеріне белгіленген тәртіпте шығын көлемін қайтаруды талап ете алады.

Ал жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде жоғарыда аталып өткен құқықтармен қатар келесідей құқықтарға ие бола алады:

  • толық серіктестердің қатысушысы бола алады;

  • акционерлік қоғамның атқарушы органы бола алады (АҚ келісілген шарт бойынша);

  • белгіленген тәртіпте арбитраждықбасқарушы бола алады (ішкі, сыртқы, конкурстық);

  • бағалы қағаздар нарығында брокер бола алады;

  • аудиторлықәрекетпен айналысуға болады.

  1. Кәсіпкердің міндеттері. Шаруашылық субъекті ретінде кәсіпкердің міндеттері азаматтық заңнамада бекітілген. Кәсіпкердің негізгі міндеттері:

  • белгіліленген уақытта салық органдарында тіркеуде немесе бюджеттік емес өкілетті мемлекеттік органдарда тіркелуі керек;

  • заңда бекітілгендей салық көлемін уақытысында төлеуге;

  • салық органдарына табыс, өзге құжаттар мен мәліметтерді уақытысында өткізуге. Яғни осы мәліметтерден олар салықты өзге міндетті төлемдерді санай алады;

  • бухгалтерлік есеп жүргізуге, заңға және нормативті актілерге сәйкес қаржылық – шаруашылық әрекеттің есебін жүргізуге. Олардың сақтау мерзімі 4 жыл;

  • салық органдарының тексеруі нәтижесінде төмендетілген табысты немесе жасырынған табысты бухгалтерлік есепке түзету енгізуге;

  • салық туралы заңға қайшы келетін анықталған қателіктер салық органдарының талаптарын орындауға;

  • белгіленген тәртіпте заң бекіткен әрекеттің кез-келген түріне лицензия алуға;

  • қолданыстағы стандартар мен сертификатқа сәйкес қызмет көрсетуге, тауар шығаруға;

  • өзінің әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға, халықтың денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуге;

  • жалдамалы жұмысшыларға санитарлы-гигиеналық және еңбек қауіпсіздігіне қажетті жағдай туғызуға;

  • белгіленген тәртіпте кәсіби ұйымдармен келісім-шарт жүргізуге және оларды уақытысында орындауға;

  • тауар нарығында монополиялық әрекетке жол бермеуге, жосықсыз бәсекеге, нарықтаға орнымен теріс пайдалануға болмайды;

  • монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағаларды орнатуға болмайды, бағаны реттеу туралы заңдарды қадағалауға;

  • белгіленген тәртіпте кіріс пен шығындардың, өндіріс шығындарын және тауар (жұмыс, қызмет) жүзеге асыруға кеткен шығындардың есебін жүргізуге;

  • азаматтық заңдарға сәйкес мәмілелерді орындауға, кәсіпкерлік келісім-шарттарға отыруға және оларды орындауға;

  • өзінің тауарына сәйкес келмейтін жарнаманы беруге болмайды;

  • белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарға қаржылық-шаруашылық әрекеттің нәтижелері туралы толық көлемде статистикалық есеп беріп тұруға міндетті.

Кәсіпкерлер азаматтық, арбитраждық, әкімшілік, қылмыстық заңдарға сәйкес өзге де міндеттерді орындау қажет.

5 тақырып. Кәсіпкердің жеке қасиеттері

Жеке тұлға табысшыл кәсіпкер болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беру қиын, бірақ кәсіпкерліктің даму тарихында бұл сұраққа жалпылай жауап беруге болады. кәсіпкер – табыс табу мақсатында үлкен тәуекелдікке баратын өзінің жеке жаңа ойы қалыптасқан жеке тұлға. Кәсіпкер іскерлік идеяны ойлап табады және оны жүзеге асырады. Істің табысты болуы көбінесе жеке адамға байланысты, себебі оның артында кәсіпкерлік бастамасы тұр. Кәсіпкерлік табыс – ол сәт пен жол болушылықтың және күнделікті мұқият еңбектің нәтижесі, басқалардың жолы болмай және күштері қалмаса да, сәтсіздік пен қиындықты жеңу.

- Бизнес мүмкіншіліктерін бағалау және анықтау. Бизнестің мүмкіндігі мен перспективалары;

  • Бизнесті жүргізу мүмкіншілігінің ұзақтығы;

  • Бизнес мүмкіншілігін жүзеге асыру үшін қандай нарық бар?

  • Бәсекелестерді талдау;

  • Нарық пен фирма үшін бизнес перспективасының құндылығы қандай?

- Бизнес перспективасының құрамындағы табыс және үміт. Кәсіпкер барлық уақытта таңдау алдында тұрады: бір бағытта жұмыс істесем – онда тәуекелдік күшейеді, бірақ мүмкіндік артады, жоқ әлде «барлық жұмыртқаны бір себетке жинауға болмайды» принципімен бірнеше бағытта жұмыс істесем бе екен. Мұндай кезде істер арасындағы алшақтық пен шашырап кету қаупі ұлғаяды, бірақ тәуекелдік едәуір азаяды, айталық бағыттың біреуі шығын әкелсе, екінші бағыт пайда әкелуі мүмкін.

Кәсіпкерліктің қасиеттері:

  • тәуекелшіл және өзіне жауапкершілік ала білу;

  • сендіру және мақсат қоя білу, соңынан адамдарды ерте алу қабілеті;

  • білімге талпыну, жаңалыққа құштарлық;

  • тапқырлық, ынталық және икемділік;

  • мақсатқа талпынушылық және еңбек сүйгіштік;

  • тәуелсіздік және әлеуметтік жауапкершілік;

  • жүйелі түрде жоспарлау, зерттеу және бақылау;

  • адалдық және парасаттылық;

  • стресске қарсы тұра білу және ұстамдылық.

Бизнес психологиясы бойынша американдық зерттеуші мамандар Р. Хизрич пен М. Питерс мінездің кейбір түрлері бизнесте кедергі болатынын психологиялық шартпен белгілеген:

  1. флюгер – ол дамудың перспективалық бағытын дұрыс анықтай алады, бірақ істі кәсіпорын құруға дейін жеткізуі екі талай;

  2. ақкөңіл – ол барлық нәрсені жеңіл көреді, оның ойынша кез келген кәсіпорын құра салу оңай;

  3. әздек – ол өзінің идеясына ғашықтығы соншалықты, оны ұрлатып алмайын деп әрбір адамнан сескенеді;

  4. менмен – ол теория жағынан керемет білімді, бірақ тәжірибелік дағдымен нығайтылмаған;

  5. ұқыпты – ол тәртіпке үйренгендігі соншалықты, қысылған жағдайда өзін өзі жоғалтып және ситуацияны басқара алмайды;

  6. философ – семинарларға және пікірталастарға қатысқанды жақсы көреді, бірақ нақты іспен айналысуға талпынбайды;

  7. өзге планеталық – ол өз ісін дамытуда нақты мақсаты жоқ;

  8. өнертапқыш – ол өзінің ісінен бұрын идеясы туралы көбірек жайсызданады;

  9. қиындатқыш – ол барлық нәрсені тіпті қиындататын, шатастыратын адам, болмашы нәрседен үлкен проблема жасайды;

  10. езбе, қыңқылдақ – ол барлық уақытта барлық нәрсеге шағымданады, еш нәрсені көрмейді және мүмкіндікке сенбейді.

Кәсіпкерліктің алтын ережелері:

  • қолыңнан не келеді, соған қарап өз ісіңді аш, құра біл. Білімділік пен кәсіпқорлық – істің ең ұтымдылығы.

- өз жобаңа тиісті тәуекелді мұқият талда, ісіндегі кедергіні азайт;

  • өз іс әрекетіңнің саласын анық белгіле. Нарықтың барлық қажеттілігін жасырудың қажеті жоқ. Шағын нарықтарға, нақты «іс орнына» көңіл бөледі.

  • өз қаражатыңа қарай ісіңді аш;

  • тек өзіңе ғана сен. Кәсіпорынды басқара білу; демек шешім қабылдай білу, мойныңа жауапкершілік арта білу. Бұны басқа біреу істейді деп күтпе;

  • барлық істі өзің істеуің қажеті жоқ, қызметкерлерге бөліп бер, ал өзіңді маңызды проблемаларды шешу үшін бағытта;

  • айналаңдағыларды сендіре біл: келешекте отбасы мен жұмыс аралығын таңдайтын болып қалма;

  • өзіңе қызметкерлер мен әріптестерді саралай біл;

  • үнемсіз инвестициядан алшақтай біл;

  • қиыншылықтар алдында бетіңді ашық ұстай біл және өжет бол.

Әрине жоғарыда айтылып кеткен қасиеттер генетикалық болып табылмайды, бұл қасиеттер кәсіпкерлік ортадағы іс әрекет нәтижесінде қалыптасады.