- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
- •КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
- •3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
- •4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері
- •2 Модуль. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық – құқықтық формалары
- •7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
- •8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
- •Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
- •9 Тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа мен мәдениет.
- •3 Модуль. КӘсіпкер жұмысындағы маркетинг жӘне менеджмент
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және іске асыру
- •11 Тақырып. Бизнес – жоспар
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік келісім шарт туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.
- •13 Тақырып. Жалға алу.
- •14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
- •15 Тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі.
7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Ғылыми Техникалық Прогресстің әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.
Монополия (герк тіл. monos – жалғыз, polio - сатылатын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады. Оның мақсаты – нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы нәтижесінде құрылады және келесідей ұйымдық формалары бар: картель, трест, концерн, консорциум, корнер, синдикат, холдинг-компания.
Консорциум – біртекті ұйымдардың ұзақ мерзімді шартты бірлестігі. Консорциумның ерекшелігі - өзге әріптестермен біртұтастық ретінде санаса алады. Бірақ мұндай кезде оның құрамындағы әрбір ұйым өзінің фирмалық еркіндігін, басқарушуын және қызметінің сипатын жоғалтпайды. Консорциум құрамында бір елдің немесе өзге де елдердің ұйымдары бола алады. Мысалы: Банк консорциумдары, бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын және өндіретін ұйымдардың консорциумы.
Консорциумдар – несиелерді енгізу, орналастыру, эмиссиялық операциялар жүргізу үшін құрылады. Консорциум акционерлік қоғам немесе ЖШС ретінде тіркелуі мүмкін. Консорциум ашық немесе жабық акционерлік қоғам түрінде рәсімделуі мүмкін. Мысалы: «Спорттық клубтар, қонақ үйлер, спорттық – сауықтыру кешендерінің құрылысы мен пайдалануға беру консорциумы».
Картель - өз бизнестерінің оңтайлы инфрақұрылымын қалыптастыру қызметін атқаратын бірқатар ұйымдардың ұзақ мерзімді шартты бірлестігі. Картель құрамындағы ұйымдар жарғылық міндеттерге шешім қабылдаған кезде құқықтық, қаржылық және өзге де дербестіктерін жоғалтпайды. Картель қызметінің негізгі бағыттары:
өткізу нарығын шектеу;
баға саясатының мәселесі;
сату – сатып-алуға квота орнату;
лицензиялау қызметі;
персоналды алу шартын орындау.
Концерн – көлік, кәсіпорын, жарнама агенттері және өзге ұйымдардың өндіріс-өткізу жүйелі технологиялық тізбегін қалыптастыру үшін құрылатын ұзақ мерзімді шартты бірлестігі. Басқарушы орган болып осы жүйенің ең ірі ұйымы табылады.
Оның құрамындағы әрбір ұйым концерн қызметінен тыс жарғылық міндеттерді шешкен кезде өзінің құқықтық, қаржылық және коммерциялық дербестігін сақтайды. «Концерн» терминінің синонимі болып «топ» сөзі табылады.
Трест – бірқатар ұйымдардың ұзақ мерзімді шартты бірлестігі. Оның құрамына енген ұйымдар өздерінің өндірістік, қаржылық және коммерциялық дербестігін жоғалтады. Трест біртекті немесе әр түрлі ұйымдарды біріктіруі мүмкін. Мысалы: болат тресті, инвестициялық трест.
Корнер - өз бизнестерінің оңтайлы инфрақұрылымын қалыптастыру қызметін атқаратын бірқатар ұйымдардың қысқа мерзімді шартты бірлестігі. Оның құрамындағы ұйымдар жарғылық міндеттерге шешім қабылдаған кезде өздерінің құқықтық, қаржылық және өзге де дербестіктерін сақтап қалады. Корнер – қандай да бір тауарды немесе акцияны сатып алу үшін немесе соңынан қайта сату үшін немесе қандай да бір компанияның акцияларының бақылау пакетін иелену үшін құрылады.
Синдикат – барлық коммерциялық қызметтің жүзеге асуын міндетіне алатын мекемелердің бірлестігі. Оның құрамындағы мекемелер өндірістік және құқықтық дербестігін сақтайды, бірақ коммерциялық еркіндігі жойылады. Ұйымдардың бірлестігі – келісім-шарт негізінде құрылады. Синдикат – картельдің бір түрі. Ол өзінің ұйымдарына бизнестің оңтайлы, келісімді ортасын тудырады.
Холдинг – компания құқықты жекелеген, дербес банктер мен олардың операцияларына бақылау жүргізетін банктік емес фирмалардың акцияларының бақылау пакетін иеленетін акционерлік қоғам.
Қазіргі уақытта төмендегідей қызмет түрлерінде холдинг-компания құруға жол берілмейді:
өндірістік-техникалық бағыттағы тауарлар мен саудада;
ауыл шаруашылық өндірісінде;
халықты тұрмыстық қамтамасыз ету, қоғамдық тамақтану;
көлікте (темір жол және құбырдан басқа);
Холдинг-компаниялар:
жаңа акционерлік қоғам орындарының;
заңды тұлғалардың акция пакетінің бірлестігінің;
ірі мекемелердің құрамындағы заңды тұлғалардың бөлінуінің жанынан құрыла алады.
