- •1 Тақырып. Кәсіпкерлік – экономикалық белсенділіктің ерекше бір түрі.
- •КӘсіпкерлік экономикалық белсенділіктің айрықша формасы ретінде. КӘсіпкерлік типологиясы
- •2 Тақырып. Кәсіпкерлік құрылымды топтастыру және кәсіпкерліктің формалары
- •3 Тақырып. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік әрекеті
- •4 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-құқықтық формасы. Кәсіпкерлік әрекеттің субъектілері мен объектілері
- •2 Модуль. Туристік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі
- •6 Тақырып. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық – құқықтық формалары
- •7 Тақырыб. Кәсіпкерлік әрекеттің ұйымдық-экономикалық түрлері
- •8 Тақырып. Туристік кәсіпорынның құрылуы, оның құрылымы.
- •Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
- •9 Тақырып. Туристік фирманың беделі. Туристік қызмет көрсетудегі сапа мен мәдениет.
- •3 Модуль. КӘсіпкер жұмысындағы маркетинг жӘне менеджмент
- •10 Тақырып. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
- •9 Тақырып. Кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және іске асыру
- •11 Тақырып. Бизнес – жоспар
- •12 Тақырып. Кәсіпкерлік келісім шарт туралы жалпы түсінік. Келісімнің шарттары.
- •13 Тақырып. Жалға алу.
- •14 Тақырып. Кәсіпкерлік тәуекелдер
- •15 Тақырып. Шетелге баратын туристік топ басшысы, оның міндеті мен жауапкершілігі.
Туристерді қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру. Туристерді қабылдау- келген туристерге жинақты қызметтерді көрсетеді.
Қызметтер:
Қонақ үйге орналастыру, қонақ үй жіктелуіне қарай қызмет сапасына байланысты анықталады;
Тамақтандыру, туристерді тұрған жерінде мейрамхана, кафеге шақырады. Қонақ үйдің тікелей тамақтану орны болмаған жағдайда, ол қонақ үйден алыс болмау керек (10-15 мин) . Тамақтану мекемелерімен ерте шарт жасасу керек. Онда:
туристерді қабылдаған мәліметтердің уақыты жазылу керек;
құрғақ тамақты берудің келісімі болу керек (тауға шыққан жағдайда);
тамақтанудың тоқтауы мен ұзартылуы.
Көлік, туристерді әуежайдан қарсы алу. Трансфер қызметі.
Трансфер - аэропорт-қонақ үй-аэропорт. Көлік қызметі өз көлігімен немесе көлік мекемелерімен шарт бойынша ұйымдастырылады.
Теміржол, әуе, су мекемелерімен қысқа мерзімді (1тәулік), ұзақ мерзімді (1 -2 жыл), уақытша (1 ай) шарттар жасалады.
Экскурсия қызметтерін ұйымдастыру. Экскурсия қызметі – еліміздің және шетелден келген туристерге экскурсия жүргізеді. Оған туристік маман мен көлік керек.
Туристерді күту, денсаулықтарды жақсарту шараларды жүргізеді. Жорыққа шығу, басқа туристік шараларды өткізу.
Тұрмыстық көмек көрсетеді. Қосымша қызметер көрсету. Мысалы денсаулықты жақсарту шаралары- санатория, шипалы бұлақтар; сауда шаралары- сувенирлер.
Туристерді қабылдау шаралары:
Туристерді қабылдаған кезде маркетингтік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, туристер сегменті анықталады, қонақ үй жайлы (* байланысты), экскурсия барысында маркетинг шаралары жүргізіледі.
2. Қызмет ету мекемелерімен (тамақтандыру, көлік, мәдени- ағарту, ойын- сауық мекемелерімен) шарт жасау.
3. Қызмет етудің бағдарламаларын жасау. Оның түрлері мен күндік бағдарламалары.
4. Қызмет етудің калькуляциясын (есебін) жасау. Бұл бір адамға және топқа жасалады.
Калькуляция бөліктері:
Орналасқан жері;
Тамақтану орны;
Экскурсовод жалдағанда сол бағдарлама бойынша;
Көлік.
5. Туристік мекеме туристерге тез қызмет ету үшін мәліметтерін қызмет көрсететін мекемелерге беріледі. Онда туристердің саны, қызмет етудің уақыты, қанша уақытқа келгенін жазу керек.
6. Турды іске асыру келесідей шаралардан тұрады:
БАҚ жарнама беру;
Туристерді қарсы алғанда, арнайы мойындағы табличкада қонақтардың аты- жөні болады;
Қарсы алушы 30 минут бұрын келу керек;
Қарсы алған соң, сол топ екендігін анықтап алу керек, олар қонақтардың келген жері мен адам саны құрамы арқылы анықталады;
Келген топтың жетекшісіне кейін қайтар билет «брон» белгісін қою;
Туристердің жүктерін қабылдау және топты көлікке апару;
Көлікке кірген соң алдыңғы екі орынды экскурсовод пен конструкторға босату;
Туристерді күту бағдарламасы. Туристерді күту бағдарламасы- туристерге қызмет көрсету жұмыстарын кешенді ұсыну арқылы тұтынушы қажеттіліктеріне жету саясатын жүргізу. Туристік нарықта болып жатқан бәсеке туризмді кейбір жеке қызмет түрлеріне бөледі. Осы қызметтер рекреациялық жұмыс циклдеріне бөлінеді. Олар :
1.Мақсатты- рекреациялық қызметтердің ең негізгі мотиві (спорт, діни, ойын- сауық, демалыс);
Қосымша - негізгі қызметті түрлендіру түрі;
Жалғаспалы- физиологиялық және техникалық себептерге байланысты;
Бағдарламалық қамтамасыз ету- рекреациялық қажеттілктерге байланысты маңызды қызметке кепілдік беретін нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету жұмыстарының көлемін көрсетеді.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің қағидалары:
Белсенді мазмұндағы қызметке бағытталуы;
Әр туристердің жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
Нормативтік тапсырма бойынша қызмет көрсету көлеміне кепілдік беру.
Бағдарлама жіктелуіне қойылатын параметрлер:
Негізгі рекреациялық қызметтер түрлері;
Туристердің негізгі топтары, оларға арналған орналастыру орындары;
Рекреациялық ресурстар мен туристік инфрақұрылыммен баланысты бағыт деңгейі;
Уақыт және кеңістіктегі аймақтану;
Функционалды бағытталуы.
Бағдарлама жіктелуі:
Туристік және денсаулықты жақсартатын мекемелер;
Танымдық маршруттар;
Оқыту маршруттары;
Ойын- сауық түрлері;
Ұлттық мәдениетке байланысты этникалық және тұрмыстық жұмыстар;
Үйлену турлары;
Конгресстік турлары;
Өндіріспен танысу бағдарламалары;
Бағдарлама табысты болу үшін кейбір туристік мекемелер өзінің жеке бағытын таңдайды. Туристік мекемемен қаралатын пунктер:
Арнайы дайындық, қайта даярлау, туристік кадрларды даярлауды жақсартады.
Рекреациялық жұмыстар циклдерінің сценарийлері мен бағдарламаларын өңдеу мен құрастыру.
Жасалынған бағдарламаны туристік инфрақұрылымға белсенді түрде қатыстыру.
Туристік мекемелерге мемлекеттік бадарламаларға қатысу үшін салалық тасырмалар беру
Кәсіби қызмет көрсету- ол клиенттердің негізгі мотивтері мен талаптарын пайдалану. Олар келесідей болып бөлінеді:
Денсаулықты жақсарту жұмыстары;
Тұрмыстық белсенділігін көтеретін қызметтер;
Оқу;
Өзін - өзі қалпына келтіру шаралары;
Хобби қызығушылық тудыратын шаралармен шұғылдану;
Жұмыс мәселелерін шешу;
Көңіл көтеру, басқа адамдармен қарым- қатынас құруға арналған турлар;
Мәдени деңгейін жоғарлату турлары , танымдық мақсаттағы шаралар.
Турды ұйымдастырған кезде сандық және сапалық потенциал ескерілу керек.
Сандық потенциалға:
нарықтық потенциал , туристік нарықтағы өнімнің үлесі;
нарықтың өсуі мен тұтынушының құрылымы;
Сапалық потенциалға:
қолданудағы дағдылар;
сатып алғандағы қимыл- тәсілі;
жарнама әдістері;
ақпараттың мінез- құлқы;
тауарлармен байланысты қызметтерді ұсыну жатады.
Сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасқан баға көмегімен маркетингтік жоспар анықталады.
