- •Алюминий тотығының өндірісі
- •С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған
- •Isbn 9965-583-11-0
- •1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
- •1.1 Нефелиндер
- •1.2 Саздар және ақсаздар
- •2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері
- •3 Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері
- •3.1 Бокситті ерітінділеу
- •3.2 Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің физика - химиялық негіздері
- •3.3 Бокситті шикіқұрамды дайындау
- •3.4 Күйежентекті ерітінділеу
- •3.5 Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату
- •3.6 Алюминат ерітінділерін карбондау
- •3.7 Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері
- •4 Алюминий өндірісі
- •4.1 Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері
- •4.2 Электролиттің құрамы
- •4.3 Электролит компоненттерді ыдыратуы кернеуі
- •4.4 Анодтық әсер
- •4.5 Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары
- •5 Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы
- •5.1 Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату
- •5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу
- •5.4 Қойылтқының ағызындысын сүзу
- •5.5 Қызыл шламды сүзу
- •5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату
- •5.7 Декомпозиция
- •5.8 Гидратты өңдеу блогы
- •5.9 Төл ерітіндіні буландыру
- •5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі
- •5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
- •6 Күйежентектелу цехы
- •6.1 Шикіқұрам бөлімшесі
- •6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу
- •6.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері
- •6.4 Жану есептері
- •Оқулықтағы қысқартылынған сөздер
- •Негізгі қорытындылар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату
Алюминат ерітінділері бақылау сүзілуінен өткеннен кейін 95-98оС температура шамасында вакуумдық –салқындату бөлікшесіне түсіп, белгіленген температураға дейін салқындатылады және күйежентектелу цехынан түскен алюминат ерітінділерімен қосылып араласады. Ерітіндінің қайнауы кезінде пайда болған буды конденсациялау үшін барометрлік конденсатор қондырғыларына шламды жуған су мен айналымдағы суды араластырып қосу арқылы іске асырады.
Сөйтіп салқындатылған алюминат ерітіндісі вакуумдық суытудан кейін басқы декомпозерға түсіп қор мен араласады. Алюминат ерітіндісінің жарты бөлігі қор гидратын сұйылту үшін қорлық сүзуге жіберіледі.
Вакуумдық әдіспен салқындату бөлікшесі алюминат ерітінділерін салқындатып, ерітіндінің қанығу деңгейін жоғарлатып және ыдырау процесінің белгіленген ұзақтылығында Al2O3 шығымын арттыру мақсатына арналған. Сөйтіп бөлікшеге түскен алюминат ерітіндісі белгіленген температураға дейін салқындатылады. Вакуумдық салқындатқыш қондырғысы екі вакуумдық салқындатқыш батареядан және өздігімен жұмыс істейтін он баромконденсаторы бар өзібуланғыштардан тұрады. Барометірлік конденсаторларға шламды жуған сулар мен айналымдағы технологиялық сулар беріледі.
Жүйедегі вакуум РМК-4 тәрізді сорғыштардың көмегімен іске асырылады.
Алюминат ерітінділерінің салқындатылуы вакуумдық қондырғыларда ерітінділер вакуумның әсерімен қайнаған кездегі жылудың бумен бірге бөлініп шығуына негізделген процесс. Ерітіндінің қайнау температурасы вакуумның тереңдігіне байланысты, неғұрлым вакуум терең болса, соғұрлым ерітіндінің қайнау температурасы төмен болып келеді.
Алюминат ерітінділерін салқындату процесі кезінде ерітінділер қайнауының нәтижесінде буланып, ерітіндінің концентрациясы шамамен 6,0–8,0 г/л артады. Салқындатылған алюминат ерітінділері бұлғауыштарға түсіп, одан ары қарай басқы декомпозер мен қорлық вакуум сүзгілеріне жіберіледі.
Кесте 8 – Вакуумметр көрсеткіші мен алюминат ерітіндісінің қайнау
температурасының арасындағы тәуелділік
Вакуум, Р, г/см2 |
Судың қайнау температурасы, оС |
Алюминат ерітіндісінің сілтілік концентрациясы Na2O 130г/л =7 оС кезеңіндегі қайнау температурасы, оС |
|
99,09 |
106,09 |
0,1 |
96,18 |
103,18 |
0,5 |
80,86 |
87,86 |
0,6 |
75,42 |
82,42 |
0,7 |
68,68 |
75,68 |
0,8 |
59,67 |
66,67 |
0,82 |
57,41 |
64,41 |
0,83 |
56,20 |
63,20 |
0,84 |
54,93 |
61,93 |
0,85 |
53,59 |
60,59 |
0,86 |
52,18 |
59,18 |
0,87 |
50,67 |
57,67 |
0,88 |
49,06 |
56,06 |
0,9 |
45,45 |
52,45 |
Кесте 9 – Алюминат ерітіндісінің вакуум батареясына кірер кездегі
температурасы
Вакуумдық батарея |
Вакуумның деңгейі |
Будың қысымы, атм. |
Алюминат ерітіндісінің вакуум батареясына кірер кездегі температурасы |
1-ші корпус |
0,5кгс/см2 |
0,5 |
96-98оС |
2-ші корпус |
0,66кгс/см2 |
0,34 |
85 оС |
3-ші корпус |
0,8кгс/см2 |
0,2 көп емес |
76 оС |
баромконденсатор |
0,9кгс/см2 |
|
- |
