- •Алюминий тотығының өндірісі
- •С. Торайғыров атындағы пму ғылыми кеңесі ұсынған
- •Isbn 9965-583-11-0
- •1 Қазақстандағы бокситтың және алюминий тотығын өндіретін басқа шикізатардың қорлары
- •1.1 Нефелиндер
- •1.2 Саздар және ақсаздар
- •2 Өндірістегі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің түрлері
- •3 Алюминий тотығы өндірісінің Байерлік әдіспен өндіргендегі физика - химиялық негіздері
- •3.1 Бокситті ерітінділеу
- •3.2 Алюминий тотығын күйежентектелу әдісімен өндірудің физика - химиялық негіздері
- •3.3 Бокситті шикіқұрамды дайындау
- •3.4 Күйежентекті ерітінділеу
- •3.5 Алюминат ерітінділерінен кремниді ажырату
- •3.6 Алюминат ерітінділерін карбондау
- •3.7 Күйдіру жектектеу әдісі арқылы нефелиндерден алюминий тотығын, сода өнімдерін және цемент алу тәсілдері
- •4 Алюминий өндірісі
- •4.1 Алюминиді электролиттік әдіспен алудың теориялық негіздері
- •4.2 Электролиттің құрамы
- •4.3 Электролит компоненттерді ыдыратуы кернеуі
- •4.4 Анодтық әсер
- •4.5 Криолит-алюминий тотығы балқымаларын электролиздеу кезіндегі ток пен энергияның шығымдары
- •5 Павлодар алюминий заводының алюминий тотығы өндірісі технологиясының сұлбасы
- •5.1 Бокситті ұнтақтау және темір құмдарынан ажырату
- •5.3 Қызыл шламды қоюландыру және жуу
- •5.4 Қойылтқының ағызындысын сүзу
- •5.5 Қызыл шламды сүзу
- •5.6 Вакуумдық әдіспен салқындату
- •5.7 Декомпозиция
- •5.8 Гидратты өңдеу блогы
- •5.9 Төл ерітіндіні буландыру
- •5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі
- •5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
- •6 Күйежентектелу цехы
- •6.1 Шикіқұрам бөлімшесі
- •6.2 Тотықсыздандыру әдісі арқылы күйежентектелу
- •6.3 Металлургиялық пештерде қолданылатын отынның түрлері
- •6.4 Жану есептері
- •Оқулықтағы қысқартылынған сөздер
- •Негізгі қорытындылар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
5.10 Соданың ерітіндіден бөлінуі
Қуатты буландыратын батареялардың буланған ерітінділері қатты фазалардың түйіршіктерін кристалдарды ірілеу мақсатымен алдымен кристалдандырғышқа, содан кейін қатты қоюланған фазаны сұйықтан бөлу үшін қойылтқышқа жіберіледі. Қойылтқыштың ағызындысы өздігінен айналым ерітінділері жиналатын бакқа құйылады, ал қойылтқыштың астыңғы конусынан алынған қойыртпақ барабандық сүзгілерінде сүзіледі. Сүзгінің қоқымы карбонаттардан,сульфаттардан,органикалық заттардан ж.т.б. тұрады. Ол айналымдағы сумен араластырылып қойыртпақты суалту, ары қарай қызыл шламды араластыруға жіберіледі.
Буландырылған қуатты ерітінділерден соданы және басқа да қоспаларды бөліп шығару үшін кристалдандырғыштар мен сода тұндырғыш аппараттары қолданылады. Буландыру процесінен алынған сілтілік ерітінділер кристалдандырғыштарға түсіп, одан ары қарай қойылтқыштарға құйылады.
Қойылтқыштың мөлдірленген ағызындылары бөлек бактарға құйылады, ал астыңғы конусынан алынған сода қойыртпағы сүзілуге жіберіледі.
Бөлініп алынған сода шөгіндісінің құрамы мен қуатты ерітіндінің қойыртпақ қоспаларының химиялық құрамдары төмендегідей:
– айналымдағы сода (қатты фазасы):
– Al2O3 – 18,0; Na2Oж – 139,0; Na2Oку – 33,0; αк – 3,0.
– айналымдағы сілтілік ерітінді ( сұйық фазасы):
– Al2O3 – 120г/л; Na2Oку – 210-220г/л; αк – 2,9-3,2; соданың % –10-11%.
Кесте 18 – Қоюландыру процесінің технологиялық параметрлерінің
режімі
Параметрлердің атаулары |
Технологиялық режімнің мөлшері |
Бақылау әдісітері |
Сода тұндырғыш аппараттың ағызындысы: Na2Oку; соданың % ; үлестік салмағы. |
210-215г/л; 9-11; 1,360-1,365 г/см3 |
Ортаауысымдық алымды талдау |
Қойылтқыштың конусынан алынған қойыртпақтың құрамы. |
350-400 қг/л |
Көз мөлшерімен анықталады |
Сода тұндырғыш аппараттың ағызындысының температурасы |
115-117 оС |
Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА) көрсеткіштері бойынша |
Қойылтқыштың конусынан алынған қойыртпақтың тығыздығы, меншікті салмағы. |
1,5-1,6 г/см3 |
Бақылау өлшеуіш аспаптары (БӨА) көрсеткіштері бойынша |
5.11 Алюминий гидрототығын қыздыру
Алюминий тотығы өндірісінің алюминий гидроокисін қыздыру процессі технологиялық тізбектің соңғы тармағы болып келеді. Қыздыру мақсаты алюминий гидроокисінің құрамынан суды бөліп, таза, ылғалды өткізбейтін алюминий тотығын алу.
Қыздыру процессі ұзындығы L=110м; d=4.5м және 2% төмен ығысқан айналмалы құбырлық пештерде шамамен 1100-1300 оС температура аралығында жүргізіледі.
Негізгі реакция мынадай
2Al(OH)3 Al2O3 + 3H2O (5.26)
және алюминий гидроксиді қыздыру кезінде мынадай құрылымдық өзгерістерге түседі
Al(OH)3100–200 оС Al(OH)3 200–250 оС AlOOH 400–500 оС
ылғалды құрғақ бемит
γ– Al2O3 920–950 оС Al2O3
корунд
Пештен қыздырылып шыққан алюминий тотығын салқындату үшін ұзындығы L=38,5м; d=3,6м және төмендік ығысуы 2% айналмалы құбырлық тоңазытқыш қолданылады.
Өнім алюминий гидроксиді тасымалық конвейерлер жүйесінің көмегімен сүзгі бөлікшесінен пештердің шанабына түсіріледі. Гидраттың ылғалдылығы 10% жоғары болмауы керек.
Пештердің отыны ретінде мазут қолданылады, қазіргі таңда зауытта отын ретінде тас көмірді газға айналдырып, пештерге газды беру технологиясы жүзеге асырылып жатыр.
Гидрат пештің суық басынан,ал мазут бүріккіштердің көмегімен пештің ыстық басынан беріледі, сөйтіп гидрат оттың жалынына қарсы жүреді.
Тоңазытқыштан шыққан алюминий тотығының температурасы 200 оС жоғары болмауы керек.
Салқындатылған алюминий тотығы тоңазытқыштардан шанаптарға түсіп, содан кейін камералық сорғыштармен алюминий тотығы қоймаларына жіберіледі.
Тұтынушыларға сатылатын алюминий тотығының шығым көрсеткіші ең маңызды көрсеткіш болып табылады, өйткені сол көрсеткіш арқылы қолданылып жүрген технологияның экономикалық тиімділігін және өңделген бокситтен алюминий тотығы қаншалықты толық шығарылып алынды немесе қаншалықты жоғалтылғанын көруге болады
,
(5.27)
мұндағы ηш – алюминий тотығының шығуы, (%);
Q1 – бокситтің белгілі бір салмағынан өндірілген
алюминий тотығының мөлшер, кг;
Q2 – белгілі бір салмақтағы бокситтің құрамындағы
алюминий тотығының мөлшері, кг.
Алюминий гидроксидін (Al(OH)3) кальциндеу процесі алюминий тотығын өндіру тәсілдерінің барлық түрлерінің соңғы сатысы және оның негізгі қасиеттері мен сипаттамасын анықтайтын бөлікше болып табылады.
Жуылып және сүзгіден өтіп, кальциндеуге жіберілген өнімдік гидрат химиялық және физикалық құрамдары жағынан төмендегідей талаптарға сай келуі керек:
Қоспалардың массалық еншісі: SiO2 0,02% көп емес;
Fe2O3 0,03% көп емес;
Na2O 0,39% көп емес;
Ылғалдылығы 10% көп емес;
Ірілігі 32 мкм кіші фракциялар 30% көп емес.
Негізгі (5.26) реакциясы жүру үшін, яғни алюминий оксиді мен су молекулаларының арасындағы химиялық байланысты бұзу үшін көп мөлшерде энергия жұмсауға тура келеді. Іс жүзінде бұл процесс гидратты жоғарғы температураға дейін қыздырып және осы температурада оны белгілі бір уақыт аралығында ұстап тұру керек.
Отын ретінде құрамында күкірті аз М100 және М40 маркалы мазут қолданылады.
Кесте 19 – Мемлекеттік стандарт бойынша (ГОСТ 10585 -63)
мазуттың негізгі сипаттамасы
Мазуттың маркасы |
М100 |
М40 |
80оС температурадағы шартты тұтқырлық. |
15,5 көп емес |
8,0 көп емес |
Күлділігі |
0,15 % көп емес |
0,15 % көп емес |
Механикалық қоспалардың мөлшері |
1,0 % көп емес |
2,5 % көп емес |
Күкірттің мөлшері |
0,5 % көп емес |
0,5 % көп емес |
Судың мөлшері |
2,0 % көп емес |
2,0 % көп емес |
Оталу температурасы |
110 оС төмен емес |
90 оС төмен емес |
Суытылу температурасы |
+25 оС төмен емес |
+10 оС төмен емес |
Құрғақ отынға санағандағы төменгі жану жылулығы. |
9650 ккал/кг |
9700ккал/кг |
Алюминий тотығын қыздыру қышқақты оттөзімді кірпіштермен шегенделген айналмалы құбырлық пештерде жүреді. Гидраттың алюминий тотығына айналу процесі шикізаттың химиялық құрамы мен физикалық күйінің өзгеруін сипаттайтын негізгі төрт тармақтан тұрады.
Пештік кеңістік төрт аймаққа бөлінеді және әр аймақ материалдың өзгеше түрге айналуына сәйкес келеді.
Бірінші аймақ – кептіру аймағы. Мұнда гидраттың сыртқы (физикалық) ылғалдылығы кетеді, ал материал шамамен 200-250 оС температурасына дейін қыздырылады.Шегіну газдарының температурасы шамамен 200-250 оС, ал аймаққа келіп түсетін газдардың температурасы 600 оС дейін болады.
Екінші аймақ – кальциндеу аймағы. Бұл аймақта материалдан, яғни алюминий тотығынан бүкіл химиялық ылғал кетеді, ал материал 900-950 оС температурасына дейін қыздырылады. Осы кезде гамма түріндегі (γ- Al2O3) алюминий тотығы пайда болады. Шегіну газдарының температурасы шамамен 600-700 оС
Үшінші аймақ – қыздырып-шынықтыру аймағы. Бұл аймақта орнықты гамма – түріндегі алюминий тотығының жоғарғы температуралық пішіні пайда бола бастайды. Сонымен қатар осы аймақта алюминий тотығының аса орнықты және ылғал өткізбейтін альфа – түріндегі (α- Al2O3) пішіні қарқынды түрде пайда бола бастайды. Шынығу аймағына өткен альфа – түріндегі (α- Al2O3) алюминий тотығының еншісі оның сол аймақта қаншалықты уақытта болғандығына және материалға әсер ететін жылулықтың сапасына тәуелді. Алюминий тотығының шынығу аймағынан шыққандағы температурасы шамамен 1200 оС, ал шегіну газдарының температурасы шамамен 1300-1400 оС құрайды.
Төртінші аймақ – салқындату аймағы. Бұл аймақта оттық алаудың арғы жағындағы алюминий тотығы 800-900 оС температураға дейін салқындайды.
Кесте 20 – Салқындату аймағының сипаттамасы
Аймақтың аталуы |
Сипаттайтын параметірлері |
Кептіру аймағы |
W-ылғалдылық (10%→ 0 %) |
Кальциндеу аймағы |
Қыздырып-шынықтыру кезіндегі жоғалымдар; қ.к.ж. (34,7%→ 0,6 %) |
Шынықтыру аймағы |
α- Al2O3 (0 %→ 20 %) |
Салқындату аймағы |
Алюминий тотығының температурасы; Та.т. (1200 оС → 800 -900 оС) |
Металлургиялық алюминий тотығына қойылатын талаптар:
Химиялық құрамдары бойынша (қоспалардың құрам мөлшерлері, қалған химиялық ылғал, α- Al2O3 еншісі).
Физикалық қасиеттері (қалған физикалық ылғалдылығы, бөлшектілік құрамы, табиғи қиябет бұрышы, үлестік беті). Қалған химиялық ылғалдылық көрсеткішін «Қыздырып-шынықтыру кезіндегі жоғалымдар»; қ.к.ж. сипаттайды.
Сурет 5.10 – Кальциндеу пеші
Алюминий тотығының сынамасы қалыпты жағдайда (сынаманың массасын қыздырып-шынықтыруға дейін және қыздырып шынықтырудан кейін) қыздырылып – шынықтырылады. Сынама массасының пайызға шаққандағы алғашқы сынаманың салмағына қатысты айырмашылығы (ол айырмашылық химиялық ылғалдылық ұшып кеткенен кейін пайда болады) қыздырып – шынықтыру кезіндегі жоғалымдар болып табылады
Қ.к.ж.=
, % (5.28)
мұндағы М1 мен М2 – сынаманың қыздырып-шынықтыруға
дейін және қыздырып шынықтырудан
кейінгі массасы.
Металлургиялық алюминий тотығына мемлекеттік стандарттарға сай (ГОСТ 6912.2-93) және тұтынушылардың ұсыныстары бойынша қойылатын техникалық талаптар Г-00 маркасы бойынша төмендегідей
Кесте 21 – Г-00 маркасы бойынша техникалық талаптар
Алюминий тотығының маркасы |
SiO2 |
Fe2O3 |
TiO2+ V2O5+ Cr2O3+ MnO |
ZnO |
Қ.к.ж.,% көп емес |
α-Al2O3 құрамы, %, көп емес |
Na2O+K2O қосындыларын Na2O есептегенде |
32мкм кіші фракциялар мөлшері, %, көп емес |
Г- 00 |
0,02 |
0,03 |
0,01 |
0,01 |
0,6 |
20 |
0,4 |
30 |
Г- 0 |
0,03 |
0,05 |
0,02 |
0,02 |
0,7 |
- |
0,5 |
- |
Кесте 22 – Кальциндеу пешінің техникалық сипаттамасы
Кальциндеу пеші |
Параметрлері |
Пештің ұзындығы |
110м |
Пештің диаметірі |
4,5м |
Пештің шегендеуімен қосқандағы жұмыстық көлемі |
1474м3 |
Пештің шегендеусіз жұмыстық көлемі |
1836м3 |
Пештің еңістігі |
2% |
Негізгі жетектегі ең жоғарғы айналым саны |
минутына 1,56 айналым |
Көмекші жетектегі айналым саны |
Сағатына 3,4 айналым |
Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты |
250кВт |
Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың қуаты |
14кВт |
Негізгі жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны |
минутына 980 айналым |
Көмекші жетектегі электрқозғалтқыштың айналым саны |
минутына 785 айналым |
Пештің тіреуішінің саны |
5 |
Пештің ыстық жағынан айналуы |
сағат тіліне қарсы |
