Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақстанның жаңа заман тарихы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677 Кб
Скачать
☆

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақ даласындағы әскери бекініс шектерінің салынуы қашан басталды?

2. Қазақстанның ресейге қосылуының саяси себептерін аттаңыз?

3. Қазақстан даласындағы Ресей патша үкіметінің отаршылдық саясаты неден көрінді?

4. П.И.Рычков Кіші жүздің ханы Әбілқайырға қандай мінездеме берген?

Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

Лекция №8 ХҮІІІ-ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ қоғамы.

Негізгі ұғымдар: Ақсүйек, қара сүйек, мәслихат, керуен, хан, базарлары, қысау, жайлау, отырықшы, шекаралық сауда, шекаралық барымта, Шоқынғандар. Құң қырғыз-қайсақ.

Жоспар:

1. Қазақтардың шаруашылығы.

2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда.

3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Мақсаты:Ресейге қосылуына байланыста шекара саудасының пайда болуын көрсету, шекаралық барымтаның озбырлығын ашу, Орыс-Қазақ, Орыс-хиуалықтар саудасының пайда болуын алғы шарттарын көрсету.

Лекция

1. Қазақтардың шаруашылығы. Қазақ жерлерін тартып алу тәсіліне қарай бөлгендегі жағдай мынадай болып шығады: казактардың әскери отарлауымен әр кезендегі әр түрлі себептермен 40,6 млн десятинаның 44,55 проценті, қоныстандыру отаршылдығымен 39,95 проценті темір жоддар мен қалалар орнына — 1 процент, ормандық саяжайлар мен айрықша мақсаттағы учаскелер үшін 14,5 проценті алынған екен.

Осылайша, егіншілікке қолайлы және ең жақсы жерлер зандык негізде қазақтардың иелігінен алынады, оның үстіне казақтын мекен- жайы қоныстандырылатын жер үлесіне түссе, байырғы халық жаңа жерге ығыстырылады, ал қазына мұндайда бұзылатын қазақтар құрылыстарына ғана төленеді. Қазақтарға ақша төлемеу үшін қоныстандыру басқарма-сындағы шенділер қазақтар мекен-жайын бірнеше сажын айналып өтіп, меже бағынасын олардың жер үйлерінің бір бұрышына, қазақтар су ішетін құдықтар теңірегіне және т.б. орнатады. Ал мұндай сыннан өткен әдіс қазақты тіптен құрылыс-тұрағы үшін де ақша алмай кетіп қалуға мөжбүр етеді.

Қазақ даласы қаншама кең бола тұрса да, оның ең тамаша жерлерінде қазақтардың қыстаулары — поселкелер, егістіктер мен шабындықтар орналасқан еді. Сондықтан да қоныстандыру басқармасының әкімдері де топырақ құрамын өздері дербес зерттеп, жаңа жерлер табуға ұмытылмай, қазақтардың егістік-шабындық жерлерін тартып алып және соңғылардың агрономдық біліміне сенім артты. Және жайлаған жерлер шаруалар үшін де қолайлы болуы тиіс деп ойлады.

"Жерді ата-бабадан қалған өз меншігі деп санаған қазақтар" деп жазды Ә. Бокейханов. Орыстың қоластына қарағанда, мемлекет пен жеке меншікке қол сұғуға дейін барады деп ойлаған жоқ еді. Бірақ орыс өкіметі ешбір сылтауларсыз-ақ, ашықтан-ашық және күштіні жақтайтын, барлық қазақ жерлерін мемлекеттік меншік деп санайтын заңдар жасады. Нәтижесінде қазақ даласына қарай келімсектер қозғалысы өрістеді және ең тамаша жерлер келімсектерге көшіп, ал олардың ең нашарлары — қазақтарға қалды.

Қысқасын айтқанда, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты да оның бүкіл отарлау саясаты тәрізді реакциялық, тонаушылық сипатта болды. Патша үкіметінің қаскүнем пиғылы қазақтардың жер қатынасыңда айқын көрініс берді. Біз жоғарыда келтірілген материалдар Қазақстан тарихының кейбір теориялық-методологиялық мәселелерін айқындауға қызмет ете алады жөне қазақ халқы Ресей империясының құрамына өз еркімен қосылмағанын дәлелдейді".

Шоқан Уәлиханов сөзімен айтқанда: "Қазақтар орыс бастықтарының әрбір әрекетінен тек қана қастық бостан дығымызға, тұрмысымызға қол сұғатын озбырлық деп білді"1. Бұл сөз шындық еді.

Ресейдің тарихы отарлауға негізделгенін атақты тарихшьі В.О.Ключевский айтқанды. Ресейдің ұлы империялық қүдіреті отар елдердің көз жасына малынған еді, — дейді.

Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы бұзылды. Шаруашылықтың бұзылуы қазақ халқын күйзеліске апарар бірден бір бағыт екенін патша үкіметі білді.Патша үкіметінің көздегені қазақтарды экономикалық тәуелсіздігінен айыру болды.

2. Қазақ даласындағы сыртқы сауда. Қазақ даласындағы сыртқы әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамуына қазақ тархандары Есет пен Жәнібек ат салысқан.

1744-1747 жылдары аралығында Орынбор қаласының Оңтүстік батысына үш шақырым жерге жететін айырбас сауда сарайы салынды. Онда Орта Азия мен орыс көпестері айырбас саудасын жүргізді. Айырбас сарайының екі қақпасы болды. Бірі Жайық өзені жағынан, екіншісі-дала жағынан. Сарайда 344 дүкен мен 344 қойма болған. Сарайдың ішінде екі қақпалы Азияттық сауда ауласы болған. Оның ішінде 98 дүкен мен сегіз қамба болған. Орынбор орталығында күзгі, қысқы сауда үшін қонақжай сарайы салынып, азияттықтармен жыл бойы айырбас саудасын жасауға жағдай жасалды. Орынбор қаласы осылайша сол кездегі Жайық бойындағы ең үлкен ірі сауда орталығына айналды.

Сонымен қатар шекаралық кеден жұмыс істеген. Кеден қызметі келген-кеткен тауарларды есепке алып, тіркеп, анықтама беріп отырған. 1750 жылы қыркүйектің бірінші аптасында сауда пайдасынан түскен табыс азияттық манафактуралық өнім 1200 рубльге, 600 пұт ұн 1080 рубльге, Хиуалық өнімдері 411 рубльге, ал қазақ даласымен айырбас жасалған айырбас сауда мен сарай саудасының пайдасын қоса есептегенде түйе жүні 4600 пұт 23000 рубльге, 246 бас мүйізді ірі қара 8610 рубльге, 859 бас қой 4995 рубльге, 297 бас жылқы, 30 түйе 1350 рубльге т.с.с. бір аптада түскен сауда түсімі 1690614 рубльді құраған. Орынборда сауда жасау орыс көпестеріне көп пайда әкелген.

Сондықтан Орыс көпестері жер-жерден Орынбор қаласындағы айырбас саудасына ағылып келіп тұрған. Сол кездегі саудадағы мал бағасы мынадай: мүйізді ірі қара – 25-45 рубль аралығында, қой 4-8 рубльге дейінгі аралықта, жылқылар 30-50 рубльге дейін, түйелер 35 рубльге бағаланған. Қазақ даласынан өтетін сауда керуендерінің қауіпсіздігін Орта жүз аймағынан тархан Жәнібек, Шөрек батырлар, Кіші жүз аймағынан Тама Есет тархан, Бөкенбай т.б. батырлар қамтамасыз еткен. Орынбор генерал-губернаторы Әбілқайыр хан мен Жәнібек, Есет тархандардан сауда керуеніне қарақшылық шабуыл жасамауын сұрап келіссөздер жүргізгенмен, қазақ даласы арқылы Бұхар, Хиуа бағытына өтетін орыс сауда керуендері тоналып отырған жағдайлар кездескен. Шын мәнінде, Бұхар, Хиуа хандары қазақ даласынан өтетін сауда керуенінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болғанымен, міндеттерін ойдағыдай атқара алмаған.

Ресей патша өкіметі қазақтармен шекаралық сауда-саттық қатынастарды болдырмауды бақылауға алған. Осындай мақсатта 1750 жылы Орынбор, Ор бекінісінен басқа Жайық бойының барлық бекіністерінде астық пен шөп айырбасынан басқасына тыйым салынады. М.П.Вяткин пікірінше: Қазақтармен Ор мен Орынбор бекінісінен басқа Жайық бойындағы бекіністерде астық пен шөп айырбас саудасынан басқаға тыйым салынуының себебі, Орынбор мен Ор бекіністерін сауда орталығына айналдыру, сөйтіп Орынбор бекінісін орталықтандыру мақсатын көздеді. Осындай себептермен қатар, біздің пікірімізше, қазақ пен Еділ бойындағы торғауыт қалмақтарының сауда жасауына тыйым салуы қазақ-қалмақ арасында қару-жарақ саудасының пайда болуына жол бермеу. Себебі орыс бодандығының зардабын тартып жүрген қалмақ батырлары қазақ батырларымен бірлесіп кетіп, Ресей үшін қауіпті күшке айналуынан сақтану. Сондықтан да қазақ-қалмақ қарым-қатынасының жақсаруына жол бермеуді көздеді. Орыс әскерлерінің құрамында да, орыс-казак әскерлерінің арасында да шоқындырылған қалмақтар әскери қызмет атқарды. Жайық өзенінің оң жағына қазақтарды өткізбеу талаптары орыс казактарын қазақтардың қарақшылық шабуылынан қорғау мақсаттарын көздеді. Негізінен қазақ жерлерінің кеңеюіне жол бермеу болды. Сауда жүргізу туралы Есет тархан батырлардың келіссөздері Астрахан губернаторынан қолдау таппаса да, іс жүзінде сауда жасалды.

Орынбор – қазақ даласындағы жалғыз сауда орталығы болған жоқ. Астрахан қаласында да айырбас сауда орталығы болып, онда қазақ-қалмақ, орыс-қазақ арасында да айырбас саудалары жасалған. Сауданың қызу жүретін мерзімі шілде мен қараша айларының аралығы. Орынбордағы саудаға қазақтар суыр, саршұнақ, қарсақ т.б. аңдардың терілерін апарған. Илецк және Жайық қазақтары қабан етін, балық, уылдырық, желім және Еділ бойынан сутышқан терілерін әкелген. Аққу мамығының саудасы да біршама табыс келтірген. Мал, тері мен былғарыға қазақтар мен башқұрттар орыс көпестеріне шойын, мыс, темірден жасалған өнімдерді және түрлі маталар, жібек, парча, бархат т.б. астыққа айырбастаған.

1750 жылы Абылай сұлтан мен Жәнібек тархан Орта жүз қазақтарының сыртпен сауда-саттық мәселесін шешуде, Орынбор, Астрахан қалаларына бармай, жақын жерде сауда жасауға қолайлы болу үшін, Тройцк керуен сарайын ашуына Орынбор әкімшілігімен келіссөздер жүргізген. Кейіннен үлкен сауда орталығына айналды. Мұндағы айырбас сарайында 600 қойма мен дүкен жұмыс жасаған. Тройцкіде жердің шалғайлығына қарамай, сауда тез дамыды. Москва, Қазан, Тула, Ростов, Ярославл, Сибирск және т.б. қалалардан көпестер өз тауарларын мал мен жүнге айырбастау үшін келіп тұрған. Троицк керуен сауда сарайы Орынбор саудасына бәсекелесе алмаған.

1751 жылдың 17 маусымында Гурьев қаласы арқылы Астрахан қаласына Қайып хан атынан Нұролла бай Құтылымәмет бастаған Хиуа елшілігі хат әкеледі. Астрахан губернаторы И.Брылкинге жолдаған хатта, Орынбор губернаторының патша сарайына елшілерін жібермегендігін айтып, мәселенің шешімін тапқысы келетіндігін тілге тиек еткен. Губернатор И.Брылкин Қайып хан хатын жауапсыз қалдырған. Себебі, Ресей үкіметі Азия хандарының хандық билікте күшті беделдері жоқ деп олармен санасқысы келмеген. Қазақ тархандары қазақ даласынан өткен сауда керуендерін толықтай өз бақылауларына ұстай білген.

Орынбордағы айырбас саудасындағы тауарлардың эквиваленті тең болмаған. Бұған дәлел, М.Вяткин дерегі бойынша, Ресейде құны 2 руб. 70 көп. тұратын қазанды Орынбор саудасына әкеліп айырбас арқылы сатқан орыс көпестері ақшаға айналдырғанда 50 рубльге сатып пайдаға батқан.

Патша өкіметі қазақ даласымен, Орта Азиямен сауда қатынасын қолға алды. Қолға алудағы мақсаты: біріншіден, патша өкіметінің қазынасын еселеп көбейтуді көздеді; екіншіден, Қазақ даласы мен Орта Азияны Ресейдің тауар рыногына айналдыруды; үшіншіден, сауда қатынасын жасау арқылы экономикалық тұрғыдан тәуелді етуге қол жеткізуді көздеді. Айырбас сауда арқылы қазақ даласының байлығын Ресей империясы өндірісінің өте арзан шикізат көзіне айналдырды. Сенаттың статтық кеңесшісі Кириловқа берілген 1734 жылғы нұсқаудан бастап, ХІХ ғасырдың І ширегіне дейінгі барлық ресми үкімет жарлықтарында қазақ даласында «тыныштық орнату», «татулық орнатуға» бағытталды деп отаршылдық әрекетерін ашып айтпай, отаршылдық мүдделерін іске асыра берді.

3. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.1749 жылдың 20 қаңтарында Орынбор губернаторы И.Неплюев Есет тарханға және оның қарауындағы қазақ руларына Жайықтың ішкі бетіне көшуге тыйым салған. Патша үкіметінің жарлығына қарамай, Есет тархан ұлысымен Жайықтың ішкі бетіне өтіп алады. Жайықтың оң жағына өтпеу жөніндегі бұйрыққа қарамаған.

Патша үкіметінің қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуіне тыйым салуының себебін тарихшы Н.Г.Апполова: «Жайықтың оң жағында отырықшылықпен айналысатын аудандарды мал жайылымына айналдырып тоздырып жіберуінен қауіптенді. Сондықтан патша үкіметі оң жақ жағалауға өткізгісі келмеді. Бұл мәселе орыс - қазақ арасында бір - біріне деген наразылық туғызуға себеп болды» десе, А.Добросмысловтың көрсетуінше :«Патша үкіметі қазақтардың Жайықтың оң бетіне шығуын қаламаған. Себебі, қазақтар Жайықтың оң жағына түпкілікті өтіп алып, Еділ өзеніне дейінгі жерге ие болып қалады», – деп қорыққан Мұнан патша үкіметінің қазақты жерден қысу саясатын ұстанғандықтарын көруге болады.

Н.Г.Апполова мен А.И.Добросмысловтың пікірлерімен қоса, патша үкіметінің қазақтарды Жайықтың оң жағына өткізгісі келмеуінің тағы бір себебі мынадай: қазақтар Жайықтың оң жақ бетіне өтсе, орыс-қазақ бекіністеріне тыныштық бермейді және де сол кездегі Ресей патшалығының боданы болып отырған Еділ бойындағы қалмақтармен қатынасқа түсірмеу үшін оқшаулау саясатын ұстады. Жауынгер әрі мәмілегер қазақ халқы қалмақ, башқұрт халықтарымен тіл табысып бірігіп алып, орыс шекарасына қауіп тудыратын күшке айналып кетуінен қорыққан.

Жайықтан ішкі жаққа өтпеу мәселесі Есет тархан тұсынан кейін де жалғасты. Ол жөніндегі пікірлер әр алуан. Мәселен, М.Абдировтың көрсетуінше: «1756 жылы Императрица Елизавета бұйрығы бойынша Жайық бойына қазақтарға мал жаюға тыйым салынса, 1757 жылы Жайықтан ішкі жаққа мал айдап өтуге рұқсат бермеген. Патшаның бұл жарлығын бұзғандарды ұстап Сібірге жер аударуды бұйырған. 3300 әскери казактар қазақ даласын «қоруға» арнайы шоғырландырылған» .Ал, А.Ахмет: «Осы жарлықтың күшін жоюға Нұралы хан, оның кейеу баласы Жәнібек сұлтан Санкт-Петерборға қайта-қайта барды. Бірақ, Патша үкіметі 1755-1756 жылғы башқұрт-қазақ бірлесіп, патша үкіметіне қарсы азаттық қозғалысын ұйымдастырған сәттерін ұмытпағанын еске салады. Сондықтан, Кіші жүздің Жайықтың ішкі бетіне өтуге деген өтініштері орындалмады», – десе белгілі тарихшы Н.Бекмаханова: «...Кіші жүздегі жер мәселесіне қатысы бар, Жайықтың ішкі бетіне өту мәселесін патша үкіметі 1755 жылы Батырша бастаған көтерілісті басқаннан кейін, қазақ даласындағы башқұрттарды кері қайтаруға көмектескендері үшін қазақтарға Жайықтың сол жақ бетін пайдалануға рұқсат берген», дерегін алға тартады.

Кіші жүз қазақтарына Жайық пен Еділ өзендері аралығына көшуге тыйым салынды. Сол сияқты Орта жүз қазақтарына да Ертіс өзенінің екінші бетіне өтуге тыйым жасалды. Мұның бәрі дәстүрлі көшпелі шаруашылыққа негізделген қазақ жұртының тұрмысына ауыр тиді. Тек қана Нұралы хан мен оның қасындағы сұлтандарға ғана «ішкі жаққа» қыстауға кейде рұқсат беріліп тұрған. А.Нүсіпбеков Жайықтың ішкі бетіне өтуге рұқсат 1758 жылы Нұралы хан әулетіне ғана берілген, деп көрсетеді. Қалай десек те жер мәселесі мемлекеттік, елдік өткір мәселе болғаны анық.

Сондықтан жер дауынан туған наразылық шекара барымтасына ұласып отырған. Мәселен, 1758 12 шілдеде князь А.А.Путятиннің хабарлауынша, найзамен қаруланған 70 шақты қазақ жігітері Жайықтан атпен жүзіп өтіп келіп, Қайыңды бекінісінің түбінен тоғайдағы үйірімен жылқыларды айдап әкеткенімен қоймай, бір башқұртты және екі қарулы орыстың екі солдатын өэдерімен бірге алып кетке. Кіші жүз қазақтары бекініс салып жайылымнан қысқан Ресей үкіметіне наразылықтарын барымталап мал айдап алып отырған мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Сондықтан қазақ-орыс арасындағы шекара барымтасы тоқтамаған. 1758 жылы 26 шілдеде Мәмбет батыр бастаған жүздеген қазақтар Жайықтың ішкі жағына өтіп, Ор бекінісінің үйір-үйір жылқыларын, карауылдарды соққыға жығып айдап кетіп, қазыналық мүліктерін тонап әкеткен. Соңынан түскен қуғыншылармен шайқасып құтылып кеткен.1759 жылы 22 сәуірде князь Путятин хабарламасы бойынша, қара халық өз беттерімен Жайықтың ішкі бетіне малмен ғана емес, күймелерімен өтіп алып, орыс-казактардың маяларын таптаған. Патша өкіметінің қазақ жеріне заңсыз қол салғанымен қоймай, қазақтардың Жайықтың ішкі бетіне өтуін заң бұзушылық ретінде бағалаған. С.Толыбековтің көрсетуінше, ХVІІІ ғасырдың 80 жылдарына дейін Жайықтың жағасына қазақтар жақындамады. Бірінші рет 1785 жылы хан Нұралы барон А.Игельстромнан жазбаша рұқсат алады. Жайықтың сол жағындағы Калмыков бекінісіне қарсы жерден 1786 жылы Орынбор губернаторы А.Игельстром 17 қазақ старшынына қарауындағы адамдарымен 45 мың шаруашылыққа жайылымдық жерді пайдалануға рұқсат берген.

Жер жетпегендіктен үлкен өзендердің бойын жайлау мен ішкі бетіне қазақтарды өткізбеу мәселесі өткір мәселеге айналып, бірнеше жылдарға созылған қазақ-орыс арасындағы қатынасқа салқынын тигізген. Барымта мен қарымтадан басталған наразылықтардың арты қарулы қақтығыстарға ұласып отырған.