- •Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
- •050114 «Тарих» мамандағы (бакалавриат)
- •050114 «Тарих» мамандағы студенттеріне арналған
- •050114 «Тарих» мамандағы студенттеріне арналған
- •Курстың мақсаты:
- •Қазақстанның жаңа тарихы пәні
- •Пәннің мазмұны
- •13 Тақырып. XIX ғ. Брінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •Пәннің тақырыптық жоспары.
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Мазмұны:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Іү.Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
- •Семинар сабақтарының жоспары Қазақстан жаңа заман тарихы. Семинар №1-2 xyiii – XIX ғ. Басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері
- •Жоспар:
- •Семинар №3-4 Батыр Сырым Датұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Семинар№7-8 Қазақстандағы хүііі-хіх ғ.Басындағы саяси жағдай
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Семинар№12-13 хіх ғ. Іі жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы
- •Жоспар:
- •Семинар№14-15 хх ғ. Басындағы Қазақстан
- •Жоспар:
- •050114 «Тарих» мамандағы (бакалавриат)
- •050114 «Тарих» мамандағы студенттеріне арналған
- •Бекіту сұрақтары:
- •Лекция №2 xyiii – XIX ғ. Басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері.
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Кіші жүзбен Орта жүздің Ресей құрамына енуі Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Лекция №9 Қазақтардың е.П. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •2.Ұлы жүз қазақтарының Қоқан билеушілеріне қарсы көтрілісі (1821 ж.)
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Бекіту сұрақтары:
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары.
- •Студенттің өз бетімен игеретін тақырыптары
- •Аралық бақылау
- •Аралық бақылау №1 13 б
- •Қазақстан жаңа заман тарихы пәні. Аралық бақылау №2
- •8. Студент білімін бағалау нәтижесі
- •І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау
- •Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:
- •Ііі. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
- •Қорытынды бақылау тапсырмалары:
- •1. Бақылау жұмысына дайындық.
- •2. Бақылау тестісіне дайындық.
- •Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:
- •Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:
- •9.Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізу кестесі:
- •13. Тәртіп пен өзін өзі ұстау этикасының саясаты
- •81. 1911-1915Ж.Ж.Басылып шығарылған «Айқап» журналының редакторы және баспагері кім болған?
- •1) Анасы Ұлжан ауырып жатты
- •2) Елдегі балаларды оқыту үшін
- •242. Әйгілі «Қарқаралы» оқиғалары қашан басталды?
- •Ұсынылған әдебиеттер.
- •Қазіргі Қазақстан мәдениеті пәні. Аралық бақылау №1.
- •Қазіргі Қазақстан мәдениеті пәні. Аралық бақылау №2.
- •Аралық бақылау №3
- •Студенттің өз бетімен игеретін тақырыптары
- •Аралық бақылау №2
- •Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік қамсыздану картасы
Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан тұрғындарының этнодемографиялық сипаты қандай болды?
2. Қазақ ауылдарының өмірінде қандай өзгерістер блолды?
3. Сауда орындары мен Жәрменкелер қазақ даласында қай жерлерде ұйымдастырылды және қалай аталды?
4. Қазақстанның жалпы ресейлік экономикаға тартылуы неден көрінді?
5. Қазақстанда бірінші темір жол құрылысы қашан салынды?
Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.
Лекция №26--27 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.
Негізгі ұғымдар: Медресе, гимназия, зар-заман, шариғат, баспа ісі.
Жоспар:
1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі.
2. Халық ағарту ісінің жағдайы.
3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері
4. Баспа ісі.
Мақсаты: Қзақ қоғамындағы әдебиеттік ролін анықтау, халық ағарту ісіндегі өзгерістерді талдау, орыс географиялық қоғамының бөлімдерінің қызметін саралау. Баспа ісінің тарихымен таныстыру.
Көрнекілігі: электронды оқулық. Безендірілген Қазақстан тарихы. 3 бөлім. ХІХ-ХХғғ. тоғысындағы Қазақстан.
Лекция
1.Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. XVIII ғ. аяғы - XIX ғ. бірінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінің дамуында жаңа дәуір басталды. Бұл кезде қазақ әдебиетіндегі бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалык шығармашылык басты. Ақындар өздерінің өлеңдері мен жырларында өмірдің нақты шындығына үніліп тануға, жеке көзқарастарын еркін білдіруге тырысты, осымен байланысты ақындардың шығармашылығы дамып, жеке толғаныстарында көркемдік шеберлікке жетудің жолдарын іздестірді. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті ұлттык дарынды тұлғалардың көптігімен, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен ерекшеленді. Олардың ішінен поэтикалық дарыны зор небір суырып салма, импровизаторлар дараланып шықты. Солардың арасынан жауынгер акын Махамбет Өтемісовтың (1803-1846) творчествосын ерекше бөліп айтқан жөн. Оның көптеген шығармалары 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманов бастаған халық-азаттық көтерілісіне арналды. Махамбет - көтерілістің жалынды жыршысы ғана емес, сонымен қатар Исатайдың адал серігі, даңқты батыр ретінде көтерілісті ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол өзінің ұран іспеттес жауынгерлік жырларымен көтерілісшілерді рухтандырып, жігер беріп отырды. Сондықтан Махамбеттің өлеңдері халық-азаттық көтерілісінің қуатты дауысы және ұраны болып табылды.
Қазақстан мәдениеті (XIX ғасырдьщ екінші жартысынан XX ғасырдың басына дейін) XIX ғасырда дәстүрлі ақындар поэзиясы халық арасында айрықша кең тыныс тапты. Жанақ, Орынбай, Арыстанбай сияқты суырып салма ақындар бүкіл қазақ даласын өлең-жырға толтырды, тек туған жұртына ғана емес, сахараға ат ізін салған орыс жөне Еуропа ғалымдары мен оқымыстыларына да кеңінен танылып, көшпеңділердің ақындық өнерінің жайсаң түлғалары ретіңде мәшһүр болды. Жетісуда Сүйінбай өзінің отты да откір жырларымен бұқарашыл ақын ретінде танылса, түстікте Майлықожа Шығыс үлгісіне бейім назым жырға машығады. Ал Сыр өңірінде коне жыраулық және ақындық поэзияның құрыш қорытпасындай Базар жырлары өріс табады.
Осы Ресей патша өкіметінің отарлық басқару жүйесінің қазақ даласындағы іс әрекеті ақындардың зар заман дәуіріндегі қоғамдық басқарудағы отарлық басқару әрекеті былайша жырмен жетті:
... Заман - заман дегенде
Заманға қожа адам ғой!
Наразы болсаң заманға
Бар кінәні соған қой.
Тек XIX ғасырдағы ғана емес, қазақтың ескі заман, көне рухани өміріндегі өзіндік сипаты мол арнаның бірі — салдар мен серілер өнернамасы болды. Сал мен сері — суырып салма ақын, әрі сыршыл композитор, оның үстіне әсем де асқақ дауысты әнші болуы шарт еді.
Мезгіл түрғысынан алғаңда бізге біршама жақын заманда жасаған, сондықтан есімдері сақталумен қатар, онер туындылары, өмір кешулері де әжептеуір таныс сал, серілердің ішіндегі ең атақтылары — Біржан, Ақан жене Әсет.
Біржан сал (1834-1897) қазақ рухани мәдениетінің тарихында ақын, композитор әрі өнші ретінде белгілі. Салдықтан бастап, серілікке ойысқан Біржан озінің бар ғүмырын онер жолына жұмсады.
Қазақ даласының әсем табиғаты, кошпендінің дарқан жаны, сыршыл сезімі мен сырбаз мінезі шебер керініс тапқан Біржан әндері қазақ музыка онерін жаңа сатыға көтерді, ал оның шығармаларын ғана емес, өзіне дейінгі қазақ компози-торлары мен музыкалық фольклор үлгілерін орындаудағы әншілік мәдениеті сахарада бағзыдан калыптасқан әншілік дәстүрді одан ары жетілдіре түсті. (Біржан мектебінен тәлім алған халық таланттары революциядан соңғы жерде қазақтың профессионалдық театр онерінің қалыптасуы жолында ерекше роль атқаруы кездейсоқ емес).
Біржанның ақындық мұрасында оның оз әндеріне шығарған текстері елеулі орын алады. Бұл олеңдерінде Бір жан нәзік сезім, махаббат күйін ғана шертпейді, ел билеу-шілердің озбырлығын әшкерелейді, онер жолындағы адам тағдырының қиындығы туралы толғайды. Әйтсе де Біржанның ақындық даңқын шығарған — оның Жетісудың ақын қызы Сарамен айтысы. Бұл классикалық айтыстан қазак
ақындық өнерінің ең озық қасиеттері корініс тапқан. Мұнда тапкырлық пен тегеурін де, ұтқырлық пен еткірлік те бар. Санлақ, жүйрік екі ақынның онерге, өмірге көзқарасы, ақыл-парасаты, білім-танымы айқын бедерленген. Біржан мен Сара айтысының аса бір қүңды сипаты - қазақ қауымындағы елеуметтік қайшылық, әйел теңсіздігі, адамның бас бостан-дығы төрізді, заманның кокейкесті мәселелерінің котерілуі.
Үстірт көзге қайғысыз, қамсыз көрінетін Біржан ез заманының трагедиялық тұлғасы еді. Еркін жүрісі де, ерке әңдері де жүрт билеген жуандар коңіліне жаға бермеген, бас — теперіш, рухы — қысым корген, ақыры жан тыныштығынан да, ден саулығынан да айрылған сері онерімен бірге жасайды, омірінің ақырғы сәтіне дейін сырлы әуезінен жаңылмайды.
Қызығынан - қайғысы, дуынан — шуы басым, бірақ мәнді де мағыналы ғүмыр кешкен ақын, композитор және әнші Ақан сері де (1843-1913) Біржанмен тағдырлас. Әуелде мерекемен, сайранмен күн откізуге, кейін дүниеден баз кешіп, едден аулақта тіршілік құруға тырысса да, Ақан омірден, оз заманының мүң-нала, қайғы-зарынан тысқары қала алмайды.
Ақан сері артында қалған ақындық мұра идеялық -тақырыптық жағынан алғанда негізінен екі топқа бөлінеді. Мұның біріншісінде (көбіне ақын өнернамасының алғашқы кезеңіңде туған) Ақан жастық шақтың қуанышын қызық-тайды, аңшылық, саятшылық теңірігінде жыр етеді. Ал Ақан емірінің екінші кезеңінде жазылған шығармаларда мүң басым. Еңді біраз туындыларында сері ел билеуші зорлықшыл әкімдерді, надан дін басыларды өжуалайды. Екі ғасыр шегіндегі аграрлық саясатқа байланысты туған өлеңдерінде Ақан жаңа тәртіп зардаптарын суреттейді, алайда, серінің бұл тараптағы шығармаларын ел ішіндегі әділетсіздікке кінәлі - ұсақ шенеуніктер, патшаның ақиқат саясаты бұлай болмауы керек деген балаң ұғым да елес береді.
Ән текстерін озі шығарып отырған Ақан серінің асқақ әуенді әндері қазақ музыка мәдениетінің асыл қорына енген.
Қазақ халқының ақындық өнеріне жоғары баға берген Г.Потанин, Г.Мейендорф, М.Аткинсон, Дж. Мак-Гахан, Р.Карутк, А.Алекторов, А.Брем, П.Мелиоранский, Д.Клеменц тәрізді орыс және Батыс Еуропа ғалымдары, саяхатшылары мен этнографтары казақ поэзиясының байлығын, мазмүңдылығын әрі терендігін ашып керсетеді.
"Қазақтар нақысты сейлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен", — деп жазды ұлы тюрколог В.Радлов.
XIX ғасырдың екінші жартысында халықтың ауыз әдебиетімен бірге қазақтың жазба әдебиеті де дамыды. Онын негізін қалаушы ұлы ақын және ойшыл Абай Қүнанбаев (1845-1904) болды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен Шығыс, орыс классикасының үлгілерінен нәр алған Абайдың лирикасында адамгершілік пен шыншылдық, ақыл-ой мен әдіддіктің болашақтағы жеңісіне сенім, гуманистік идеялар мен принциптерге айнымас ададдық жырланды. XV ғасырдан XIX ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі сахара поэзиясының озіндік бір ерекшелігі — оқшаулық, түйықтық еді. Қазақ поэзиясы негізінен озінің коне дәстүрлерін үлгі түту жене одан ары дамыту жолымен ғана ілгерілеп отырды. Қазақстанның Россия қол астына қарауына байланысты қазақ даласы экономикалық ғана емес, рухани тұйықтықтан да арыла бастады. Замана талабын, уақыт тынысын жіті андаған қазақ білімдарлары онерде, ғылымда ғана емес, рухани омірде де батыс бағытына біржола ден қояды. Ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, орыстың және басқа батыс жүрттарының биік ореге жеткен озық әдебиетінің абзал қасиеттерінің барлығын да бойға сіңіруге тырысады. Осының нәтижесінде қазақ әдебиеті айналасы елу жыл ішінде әлденеше ғасырлық даму жолын бастан кешіріп, жаңа сапаға ие болды. Қазақ поэзиясы түр, мазмүн жағынан ғана емес, тақырып түрғысынан да олшеусіз байыды. Проза, драматургия, әдебиет сыны сияқты жаңа жанрлар қалыптасты. Мүның бәрі тек сандық қана емес, сапалық та озгерістер еді. Тарихи қысқа мерзімде қазақ әдебиеті езінің озық үлгілері арқылы Европа классикалық әдебиетінің ересіне жетті.
Міне, осы ұлы төңкерістің бәрі Абайдан (1845-1904) басталған еді.
Озінің зор талантына орай, қазақ халқының ғасырлар бойы жасалған рухани мәдениетін санасына жинақтаған, кене тәжік-парсы, шағатай-түркі поэзиясының жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, сонымен қатар орыс және Батыс Европа өдебиеті мен алдыңғы қатарлы ой-пікірінен тағлым алған Абай ұлы ақын, кемеңгер ойшыл, қазақ әдебиетінің ұлы реформаторы ретінде қалыптасты.
Қазақ топырағындағы сыншыл реализмнің оркенін жайған, туған поэзиясын биік өреге котерген Абайдың жаңашылдық еңбегі терең мағыналы, сан салалы.
Қазақ поэзиясында бұрын, жалпы шығыс поэзиясындағы тәрізді, шын мәнісіндегі табиғат лирикасы болмайтын. Абай қазақ даласының дарқан табиғаты жан-жақты керініс тапқан кемел туындылар жасады. Абай бейнелеген қыс, жаз, коктем, күз суреттері, кок шалғында кең дала, күркіреген өзен, айлы түн, ызғырық боран — тек қана сақарасына ғана тән өзіндік бояулармен кескінделген жөне нағыз реалистік кейіпте.
Абай
қазақ поэзиясындағы махаббат лирикасын
бұрын болмаған дәрежеде орістетті.
Абайға дейінгі қазақ ақындарының
сүйіспеншілік тақырыбындағы жырлары
қыздың сыртқы сұлулығын тамашалаудан
аспайтын, ал қыздың
озі тек жігіт тілегінің объектісі
ретіңде, пассив қалыпта суреттелген.
Абай лирикасында әйел заты сүйе, күйе
білетін ғана
емес, оз бойын қүрсаған сезім туралы
сыр ақтара алатын жанды
кейіпте бейнеленеді. Бүрын ерекше,
тіпті, шешуші мән
берілетін - қыздың сырт сүлулығы, жігіттің
батырлығы, алуандылығы
Абай шығармаларында сүйіскен жастардың
көп қасиеттерінің
бірі ғана болып қалды. Ұлы ақын өзі
нен
кейінгілердің ішкі, рухани әлеміне
ерекше ден қояды. Сонымен қатар ғашық
жандардың махаббаты сыртай сипаттауға
емес, сезім күшін нақты талдауға құрылады.
Абайдың махаббат лирикасының ең басты
қасиеті де осы терең психологизміңде.
Қазақ қоғамыңдағы әлеуметтік теңсіздікті жазбай таныған Абай мейрімсіз, сараң байды да, байдың малын бағып, отын жағумен бейнетті күн кешкен кедейді де назарынан тыс қалдырған жоқ. Әйткенмен де, ақынның ерекше жүйелі суреттегені — патша үкіметінің қолдауындағы ел әкімдері еді. Ұлықтың аты айтылса-ақ есі шығатын қорқақ, жандай-шап, бірақ өз келесіне келгенде қулық, сұмдыққа кемел, тізе батыру, зорлық-зомбылыққа да жетік болыс, билер, атқамінерлер өздерінің шынайы, жиренішті бейнесінде топ аддында тартылады. Ақын олардың сырдаң, жұтаң, екіжүзді, опасыз ішкі кейіптерін де шебер бейнелейді. Осьщцай адамдық түлғадан ада жандар билік қүрған заманда келбеті қандай болмағы өзінен-өзі айқындалғандай.
Абай қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, ой жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақ поэзиясының көне үлгілерін, қазақ өлеңінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Абай поэзияға көптеген жаңа өлең өлшемдерін әкелді. Сонымен қатар Абайдың қазақ әдеби тілінің мәдениетін көтергенін де ерекше атап оту қажет. Өзгеше түрпатты жаңа әдебиеттің негізін салған Абай ұлттық өнердің бұдан соңғы даму бағдарын да белгілеп кеткен еді.
2. Халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың басында Қазакстан жерінде халыкка білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалықк тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі, астрономия, медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды. Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын окытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды. Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда, 1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп, 1789 жылы Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік (кеңсе хатшысы) кызметтерге дайындалды. Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласындағы Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1857 жылы бұл мектепті Ыбырай Алтынсарин алтын медальмен бітіріп шыкты. 1865 жылы Омбыда қазақ балаларына арналган тағы бір мектеп ашылды, ал 1869 жылы Орынбор гимназиясы жанынан шығыс тілдерінің тілмәштарын және әскери округтердің хатшыларын даярлайтын бөлімше кұрылды.
Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында бастауыш мектептердің ашылуы аса көрнекті ағартушы, коғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, казақтың жазба әдебиетінің және тілінің негізін салушылардың бірі – Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) есімімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негіздеп қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби бойынша жүргізілген сабақтар ол ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерінде қазақ балаларының дүниеге көзін ашты. Ол қазақ кыздарын өнер-білімге кеңінен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Оны бітірген қыздар кейін қазақ даласында білім ұрығын септі. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағрафиялық қоғамның тілші мүшесі болып сайланды.
XIX ғасырдың соңына қарай өлкеде қалалық училищелер, шіркеулік училищелер, кәсіптік гимназиялар, орыс-қазақ училищелері мен мектептері, ауыл және бастапқы сауат ашу мектептері ашылды. Олар мемлекет есебінен қаржыландырылды және бастауыш оқу орындарының рөлін аткарды. 1898 жылдан 1914 жылға дейін Қазақстандағы бастауыш мектептердің саны 730-дан 1988-ге дейін, ал олардағы оқушылардың саны 29 мыңнан 101 мың адамға дейін өсті. Өлкедегі патша әкімшілігі қазақ халқының сауатын ашуда бастауыш білім берумен, немесе орыс жазуын, әсіресе ауызша сөйлесе білуді және арифметиканың алғашкы төрт амалын үйретумен ғана шектелу жеткілікті деп санады. Ресей өкіметінің осындай кертартпа саясатының нәтижесінде Қазакстандағы орта білім беретін оку орындарының, соның ішінде реалдық училищелердің, ер- мен қыздар гимназияларының саны баяу артты. 1914 жылы олардың жалпы саны 12 ғана болды. Бұларда 4 мың окушы білім алды. 1917 жылға дейін өлкеде халык санының өсуімен және қазактардың білімге деген кұштарлығы арқасында орта білім беретін оқу орындарының қатары өсіп, 47 жоғары бастауыш училище, 17 орта мектеп, 4 реалдык училище, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы, 13 ауылшаруашылык төменгі мектебі мен қолөнер училищесі жұмыс істеді. Мектептік білім жүйесі деңгейінің өсуі және казақ қоғамының әлеуметтік-экономикалык дамуындағы өзгеріс мұғалім кадрлар даярлау мәселесін қай кездегіден болсын өткір қойды. Міне, осымен байланысты 1879 жылы Түркістан мұғалімдер семинариясы, 1833 жылы Орынбор қазак мұғалімдер мектебі кұрылды. Кейінірек мұғалімдер семинариялары Актөбеде, Верныйда, Семейде, Оралда ашылды. Бұл оқу орындары 1917 жылға дейін небәрі 300 қазак мұғалімін даярлады. Бұл Қазақстан мектептерін оқытушы кадрларымен жеткілікті камтамасыз ете алмады. Бір ерекше ескертіп айтатын жәйт, 1928 жылға дейін бүкіл өлкеде жоғары білім беретін бірде бір институт немесе университет болмады.
3. Қазақ өлкесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері. Ресей мемлекеті Қазакстанды өзіне қосып алғаннан кейін, оның табиғи байлыктарын игеру, кен ресурстарын зерттеу мәселелеріне ден қоя бастады. Ол үшін өлке жеріне ғылыми іздену экспедицияларын жіберіп, казақ халкының жағрафиясын, тарихын, экономикасын, этнографиясын, минерал қорларын зерттеуге кірісті. 1769 жылы Қазақстанға жасалған алғашқы ғылыми экспедицияларының бірін П. С. Паллас басқарды. Экспедиция Симбирск, Орынбор, Елек, Орск, Гурьев, Жайык, Уфа қалалары аймақтарын аралады. Оның қорытындысы бойынша П. С. Паллас 1773 жылы өзінің «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» -деген еңбегін жариялады. 1769-1772 жылдары Н. Рычков патша өскерлерінің кұрамында Қара Торғай, Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Тройцк бекіністері төңірегінде қазак өлкесі жөнінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның «Капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсак даласына саяхатының күнделік жазбалары» - деген еңбегі жарық көрді. Қазақстанның тарихы мен этнографиясын, географиясын зерттеп, бір жүйеге түсі-руде белгілі тарихшы және мемлекет қайраткері А. И. Левшинның (1797-1879) «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ қалаларының сипаттамасы» деген іргелі еңбегінің зор маңы-зы болды. Сондай-ақ өлкені жан-жакты зерттеу көрнекті орыс ғалымдары П. П. Семенов-Тяньшаньский /1827-1914/, Н. А. Северцев /1827-1885/, И. В. Мушкетов /1850-1902/, В. В. Радлов /1837-1918/ жөне басқалардың есімдерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне үлкен үлес қосты.
Орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын, мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Доб-ромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т. б. есімдерін атап өтуге болады.
Еліміздің мәдениеті мен қоғамдык ой-пікірінің тарихында қазақтың тұнғыш ғалымы, аса көрнекті демократ зерттеуші Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ кұрметті орын алады. Оның қоғамдык-саяси, ғылыми жөне әдеби қызметі қазақ даласында прогресшіл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шокан 1856-1857 жылдары Алатау кырғыздарының жеріне, Ыстықкөл маңына сапар шекті. Осы сапарда ол қырғыз эпосы «Манастың» жекелеген бөлімдерін жазып алды. 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркістанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда қырғыз елінің тарихына байланысты бай материал жинап, соның негізінде көптеген еңбектер жазды. Оньщ қазак халқының тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретіндегі көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшіл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шокан Ресейдің ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланды.
Шоқанмен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзінің шығармашылығымен өлкеге кеңінен мәлім. Орынбордағы кадет корпусын үздік бітірген ол қазақтардың мәдениет, білімге деген ықыласын қолдап, казақтың тарихына, тұрмыс-тіршілігіне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланыстыры туралы негізгі деректер жүйеге келтірілген. Сонымен қатар Семей бөлімшесінде Ж. Ақбаевтың, Ө. Бөкейхановтың еңбектері басылып шықты. Ә. Бөкейханов Орыс географиялык қоғамы Батыс Сібір бөлімінің белсенді қайраткерлерінің бірі жөне Басқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
Қазақстан туралы ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда XIX ғ. екінші жартысында өлкенің облыстарында кұрылған Статистика комитеттері едәуір рөл атқ-арды. Статистика комитеттері 1878 жылы Ақмола, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария, 1895 жылы Торғай, 1896 жылы Орал облыстарында ашылды. Олардың жұмы-старына Ресейдің орталық аймақтарынан революциялык қызметтері үшін айдалып келген халықшылдар белсене араласып, көп күш жұмсады. Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар жөне олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т. б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.
4. Баспа ісі. Сонымен XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басына дейінгі кезеңде капиталистік құрылыс пен онымен бірге дамыған әлеуметтік мәдени өзгерістер казақ мәдениетіңдегі бағыт — реовлюцияшыл-демократиялық бағыт анықталды. Демократиялық интеллигенция халықты отырықшылыққа, білімге, ескірген әлеуметтік институттар мен әдет-ғүрыптарды өзгертуге шақырды. Зиялыларға арналған бастауыш мектептер саны көбейіп, қазақ тілінде газеттер мен журнаддар ("Айқап", т.б.) шығарыла бастады. С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, СДөнентаевтың, М.Сералиннің поэма, өлең, публицистикаларын халық жоғары бағалады. А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, АП.Чеховтың біраз шығармалары қазақ тіліне аударыдды. Орыстың ғалым-геологтары (В.А.0бручев, т.б.) мен тарихшы, этнографтары И.Ф.Катанов, В.В.Бартольд өлкені одан өрі зерттеді. Жамбыл Жабаевтың, Нүрпейіс Байғаниннің, Кенен Әзірбаевтың, т.б. халық ақындарының творчествосында азаматтық сарын, халық-азаттық күрес басты тақырыпқа айналды. Қазақ баспасөзі мен әдебиеті және музыкасы. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уөлаяты газеті», 1888-1902 жылдары Омбыда «Дала уәлаятының газеті» шығып тұрды. Біріншісі Түркістан генерал-губернаторлығының ресми органы болды, ал екіншісін Дала губернаторлығы шығарды. Патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктердің өкімі бойынша бұл басылымдар Орта Азия мен Қазақстан жерінде отарлық басып алуды, бұл аймақтардағы халықтарды рухани жағынан бағындыру саясатын насихаттады. Осы мақсатпен газет беттерінде түркі халықтарының тарихы, этнографиясы мен әдебиеті жөніндегі материалдар жарияланды, ғылым мен техника саласындағы жетістіктер туралы ақпарат аударылып басылды, өлкені шаруашылық жағынан игеру тәжірибесі қорытылды. Жергілікті халықтар арасында бұл газеттердің танымал болуына шығыс әдебиеті классиктері шығармаларын - «Шахнаме», «Фархат-Шырын», «Мың бір түн» және т. б. жариялау үлкен әсерін тигізді. «Түркістан уәлаяты газетінде» 1870 жылы бірінші рет қазақ тілінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі жөне баска да оқиғалар жөніндегі материалдар басылды. Орыс оқырмандары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың орыс тіліне аударылып берілген шығармаларымен танысты. Дегенмен, бұл ресми басылымдар негізінен Ресей империясының отаршылық саясатын жүргізушілер болды. Оған дәлел ретінде «Түркістан уәлаяты газетінің» 323 нөмірінде жарияланған 633 мақаланың үштен бір бөлігі Ресейдің көрші мемлекеттермен катынастарына, империялық сыртқы саясатын негіздеуге арналғанын айтса да жеткілікті.
