- •Мазмұны
- •Тақырып 1. Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
- •1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
- •Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі:
- •Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
- •Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
- •Бюджетке әлеуметтік салық төлеген кезде
- •Мемлекеттік оқу орнында стипендиялар төлеу бойынша операциялар мынадай тізбектермен көрсетіледі:
- •Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:
- •Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:
- •121. Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:
- •Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:
- •Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
- •Төленген сыйақылардың сомасы:
- •Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі:
- •Шығыстарды есепке алу тәртібі
- •7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
Шығыстарды есепке алу тәртібі
Шығыстар активтің азаюымен немесе міндеттемелердің ұлғаюымен байланысты, сенімді өлшене алатын экономикалық пайдалардың төмендеуі немесе сервистік әлеуеттің төмендеуі туындағанда танылады.
Мемлекеттік мекеме шығындарды есептеу әдісі бойынша таниды.
Мемлекеттік мекеме бекітілген қаржыландыру жоспарларында көзделген мөлшерге және нысаналы мақсатына қатаң сәйкестікте бюджеттік қаражаттарды жұмсауға міндетті.
Бюджет бойынша шығындарды есепке алу мекеме, бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша және бюджеттік сыныптаманың ерекшеліктері бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеменің шығындарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар»;
7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар»;
7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар»;
7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар»;
7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар»;
7060 «Қорлар бойынша шығыстар»;
7070 «Іссапарларға арналған шығыстар»;
7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар»;
7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар»;
7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»;
7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»;
7130 «Жал бойынша шығыстар»;
7140 «Өзге операциялық шығыстар»;
7210 «Трансферттер бойынша шығыстар»;
7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар»;
7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар»;
7240 «Субвенциялар төлеу бойынша шығыстар»;
7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар»;
7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар»;
7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар»;
7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар»;
7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»;
7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар»;
7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар»;
7460 «Өзге шығыстар».
Мемлекеттік мекеменің операциялық шығыстары Шоттар жоспарының 7000-7100 «Операциялық шығыстар» бөлімі шоттарының қосалқы шотында танылады және еңбекақы төлеуге, стипендия төлеу бойынша, қосымша белгіленген зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік салыққа, міндетті сақтандыруға, қорлар бойынша, іссапарларға, коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша, ағымдағы жөндеуге және ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша шығыстар кіреді. Бюджетпен есеп айырысу бойынша, жалдау бойынша және өзге операциялық шығыстар.
Мемлекеттік мекеме шығыстардың есептелуін мынадай корреспонденциялармен көрсетеді:
еңбекақы төлеу бойынша:
Дт 7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар»
Кт 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
мемлекеттік оқу орнында стипендия төлеу бойынша:
Дт 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар»
Кт 3230 «Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
қосымша белгіленген зейнетақы жарналары бойынша:
Дт 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар»
Кт 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
әлеуметтік салық бойынша:
Дт 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар»
Кт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті әлеуметтік сақтандыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде белгіленген мемлекеттік мекеме қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыруға міндетті төлемдер бойынша:
Дт 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар»
Кт 3143 «Өзге де міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
Қорларды есептен шығару бойынша:
Дт 7060 «Қорлар бойынша шығыстар»
Кт «Қорлар» бөлімі шоты;
Іс-сапарларға есеп беретін сома бойынша:
Дт 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар»
Кт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша:
Дт 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар» не
Кт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
ағымдағы жөндеуге:
Дт 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар»
Кт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
ұзақ мерзімді активтерді амортизациялау бойынша:
Дт 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар»
Кт ұзақ мерзімді активтердің жиналған амортизациясы бойынша тиісті қосалқы шотты;
бюджетпен есеп айырысу бойынша:
Дт 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»
Кт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
жалдау бойынша:
Дт 7130 «Жал бойынша шығыстар»
Кт 3260 «Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
