Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛЕКЦИИ БЮДЖЕТ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
693 Кб
Скачать
☆

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».

Мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу жинақтау ведомосінің Нысандар альбомының 381 нысаны бойынша (2-мемориалды ордер) жүргізіледі. Жазбалар «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 4-20 нысанды есептер және 5-15 «Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі» нысаны мен оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі. Ағымдағы қаржы жылының төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін 2-38 нысаны бойынша төлем тапсырмасы мен аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 5-17 «Қалпына келтіру мен тасымалдар тізілімі» нысанының есебі негіз болып табылады. Өткен жылдардың төлемдерін қайтару бойынша жазбалар үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесі ұсынған 2-38 нысан бойынша төлем тапсырмасы, ал жергілікті бюджеттің кірісіне бұрынғы жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасын аудару бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінің төлемдік тапсырмасы негіз болып табылады.

Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің чекі бойынша қолма-қол ақша алу кезінде мынадай жазба жүргізіледі:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті,

Кт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»

Есепке қолма-қол ақша қаражатын беру мынадай жазбамен көрсетіледі:

Дт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Кінәлі тұлғалардың есебінен жатқызылған, мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған жетіспеушіліктерінің сомасы:

Дт 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Жетіспеушілікті өтеуге мемлекеттік мекеменің кассасына соманың түсуі:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер».

Мемлекеттік мекеменің кассасындағы ақша қаражатының анықталған артық сомасы бюджет кірісі болып табылады:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 6360 «Өзге кірістер»

бір уақытта

Дт 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар»

Кт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек».

Бюджетке ақша қаражатын аудару:

Дт 3133 «Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты».

Корпоративтік төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуды іске асыру рұқсат етілетін шығыстар мен лимиттердің экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің тізбесі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен анықталған.

Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын толықтыру сомасына:

Дт 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты»

Кт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» немесе 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ».

Ағымдағы шоттан кассалық операцияларды жүргізу жөніндегі уәкілетті орган (есеп беретін тұлға) алған ақшаның сомасына:

Дт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» дебеті және

Кт 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Кассаға енгізілген ақшаның сомасына:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».

1030 «Есеп айырысу шоты» шотында Қазақстан Республикасының елшіліктері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) және басқа ұйымдар алған бюджет қаражатын есепке алу жүзеге асырылады.

Түскен сома мынадай жазбамен көрсетiледi:

Дт 1030 «Есеп айырысу шоты»

Кт 6010 «Ағымдағы қызметтi қаржыландырудан алынатын кiрiстер» шотының кредитi.

Елшiлiктер жүргiзген аударымдар:

Дт 3210 «Жеткiзушiлерге және мердiгерлерге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек», 3273 «Өзге қысқа мерзiмдi кредиторлық берешектер», 1410 «Берiлген қысқа мерзiмдi аванстар»

Кт1030 «Есеп айырысу шоты».

1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шотында Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өздері алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер ескеріледі.

Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ түскен сомаға:

Дт 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ»

Кт 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер»

Сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) үшін өнім берушілерге демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ-дан қаражат аудару кезінде:

Дт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ».

1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің иелігінде қалатын және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес пайдаланылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның түсімі мен жұмсалуы ескеріледі.

Ақылы қызметтер ҚБШ-ға түскен сома:

Дт 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және

Кт 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазылады.

1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақылы қызметтер ҚБШ-дан төленген сома және мемлекеттік мекеменің кассасына алынған және кіріске жазылған қолма-қол ақша сома көрсетіледі.

1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотында мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар оларды қайтаруы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға белгілі бір шарттар басталған кезде аудару шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақша қозғалысы ескеріледі.

Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да ақшаның түсуі:

Дт 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ»

Кт 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».

Жеке не заңды тұлғаларға ақша қаражатын қайтарған не тиісті республикалық не жергілікті бюджеттерге ақшаны беру кезінде:

Дт 3271 «Ақшаны уақытша орналастыру бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шотының кредиті және

1044 қосалқы шотында «жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шотында Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару туралы заңнамаға сәйкес жергілікті өзін өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшалардың түсімдері мен шығыстары ескеріледі.

Ақшалай қаражаттың түсімі жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ:

Дт 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ»

Кт 6080 «Айырбасталмаған операциялардан өзге шығыстар»

1045 «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ» қосалқы шотында бюджет қаражатын есептеу және оларды ерекше шығыстарды өткізуге пайдалану (нысаналы қаржыландыру шоты) ескеріледі.

1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотында осы Ереженің «Валюта бағамдары өзгеруінің әсері» бөлімінің ережелеріне сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілген валюталық операциялардың есебі жүргізіледі.

Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау және ресімдеу тәртібі валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы шоттарда қаражат қозғалысы және шетел валютасындағы операциялар есеп айырысу-ақшалай құжаттарды берген күні әрекет ететін валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетел валютасын қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасының валютасында көрсетіледі. Осы операцияларды есепке алу бір уақытта есеп айырысу және төлемдер валютасында жүргізіледі.

Шетел валютасын сатып алу кезінде:

Дт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»

Кт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»,

1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»

1040 «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін ҚБШ»

1030 «Есеп айырысу шоты».

Шотқа шетел валютасының түсуі мынадай жазбалармен көрсетіледі:

Дт 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті, алынған шетел валютасының сомасына

Кт 1030 «Есеп айырысу шоты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»

комиссиялық алым сомасына

Кт 7140 «Өзге операциялық шығыстар»

Өнім берушілермен шетел валютасында есеп айырысу кезінде:

Дт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1050 «Шетелдік валютадағы шот».

1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында байланысты гранттар бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операциялары ескеріледі. Арнайы шотты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік байланысты гранттың есебінен жабу үшін және байланысты грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаларды әкімшілендіру үшін ашылады.

Байланысты гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі:

Дт 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты»

Кт 6060 «Гранттар бойынша кірістер» шотының кредиті.

Осы шоттағы қаражатты пайдалану кезенде:

Дт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер»

Кт 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотының кредиті және

1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шотында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі сыртқы қарыздар (қарыз қаражаты) бойынша қаражаттың түсімі мен жұмсалуы бойынша қаржы операцияларының есебін жүргізеді. Арнайы шот үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға және халықаралық қарыз шартына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік жүргізуге жұмсалатын шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыздың есебінен жабу үшін ашылады.

Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражат түскен кезде:

Дт 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобаның арнайы шоты»

Кт 6070 «Сыртқы қарыздар есебiнен қаржыландырудан түсетін кірістер» қосалқы шотының кредитiне жазба жүргiзiледi.

1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотында активтерді жеткізгені үшін төлем бойынша өнім берушілер алдында туындайтын, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелеріне сәйкес ашылған аккредитивтердің сомасы ескеріледі.

Аккредитив ашу кезінде:

Дт 1071 «Аккредитивтер»

Кт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»

Пайдаланылған аккредитив сомасына:

Дт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»

Кт 1071 «Аккредитивтер» қосалқы шотының кредиті және

Аккредитивтің пайдаланылмаған сомасы тиісті бюджеттік немесе ағымдағы шоттарға есептеледі:

Дт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»

Кт 1071 «Аккредитивтер».

1072 «Ақша құжаттары» қосалқы шотында банкілік овердрафт және өзге де ақша құжаттары ескеріледі.

1073 «Жолдағы ақша қаражаты» қосалқы шотында жолда есептелетін ақша қаражаты ескеріледі. Осы шотта сондай-ақ шетелдік мекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетелдік мекемелерінің есеп шотына түспеген ақша қаражатының қозғалысы ескеріледі.