- •Мазмұны
- •Тақырып 1. Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
- •1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
- •Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі:
- •Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
- •Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
- •Бюджетке әлеуметтік салық төлеген кезде
- •Мемлекеттік оқу орнында стипендиялар төлеу бойынша операциялар мынадай тізбектермен көрсетіледі:
- •Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:
- •Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:
- •121. Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:
- •Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:
- •Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
- •Төленген сыйақылардың сомасы:
- •Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі:
- •Шығыстарды есепке алу тәртібі
- •7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
Бюджетке әлеуметтік салық төлеген кезде
Дт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт ақша қаражаты шотының тиісті қосалқы шоты.
Бюджетке қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем сомасын, мемлекеттік баж бойынша және басқа төлемдер бойынша төлем сомасын есептеу мынадай жазбамен жүргізіледі: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және 3123 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Есептелген соманы аудару мынадай тізбекпен көрсетіледі: 3123 «Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 3124 «Бюджетке өзге салықтар және басқа да міндеттемелер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімшесі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.
Қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға аударымдары міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде жүргізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік есептеулер сомасын есептеу мынадай жазбалармен жүзеге асырылады:
Дт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 3141 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
Дт 3141 «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ».
Мемлекеттік мекеме әлеуметтік салықты есептеуді мынадай жазбамен көрсетеді:
Дт 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар»
Кт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт 3244 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша есептелген жәрдемақы сомасына әлеуметтік салық бойынша берешектің азаюы мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт 3122 «Әлеуметтік салық бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 3244 «Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде қызметкерлерге әлеуметтік жәрдемақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген нормалар шегінде жүзеге асырылады.
Қызметкерлердің табыстарынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстау кезенде келесі проводка беріледі:
Дт 3241 «Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарын есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
Дт 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар»
Кт 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» .
Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті және қосымша зейнетақы жарналарын аудару:
Дт 3142 «Жинақтау зейнетақы қорларына зейнетақы жарналары бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
Кт 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ».
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге қаржыландыру алуды халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» қосалқы шотының дебеті және 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдері бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға аударлыған қаражат 1216 «Зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1081 «Қаржыландырудың жеке жоспары бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті бойынша есепке алынады. Зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша жүргізілген шығыстар 7220 «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1216 «Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті бойынша есепке алынады.
