- •Мазмұны
- •Тақырып 1. Бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
- •1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
- •Шетелдік мекеменің есеп шотына жолда есептелген сома түскен кезде мынадай жазба жүргізіледі:
- •Мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін қабылдауға міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген жоспарлы тағайындаулардың сомасына мынадай жазба жүргізіледі:
- •Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
- •Бюджетке әлеуметтік салық төлеген кезде
- •Мемлекеттік оқу орнында стипендиялар төлеу бойынша операциялар мынадай тізбектермен көрсетіледі:
- •Субсидиялар бойынша операцияларды мемлекеттiк мекеме мынадай тiзбектермен көрсетедi:
- •Мемлекеттік мекеме бюджет кірісі болып табылатын сома бойынша:
- •121. Төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мынадай жазбалармен нысаналы трансферттер бойынша операцияларды көрсетеді:
- •Өткен қаржы жылдарында пайда болған дебиторлық берешек сомасын қайтарған жағдайда жазбалар (бір мезгілде) жүзеге асырылады:
- •Мектеп-интернаттарда және мектеп жанындағы интернаттарда балаларды ұстауға төлемді есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі:
- •Төленген сыйақылардың сомасы:
- •Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі:
- •Шығыстарды есепке алу тәртібі
- •7200 «Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар» кіші бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.
Жергілікті бюджеттен қаржыландыру түскен кезде мемлекеттік мекеме мынадай жазбаларды жүргізеді:
Дт 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
Кт 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер»;
Дт 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндетттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»
Кт 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру»;
Дт 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»
Кт 6030 «Трансферттер бойынша кірістер»;
Дт 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»
Кт 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер»;
Дт 1095 «Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар»
Кт 6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер».
Активтер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шарттарға сәйкес төлемдерді жүзеге асыру кезінде мынадай тізбектер жүзеге асырылады:
Дт 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар»
Кт 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары».
Ағымдағы жылдың кассалық шығыстарын қалпына келтіруге бюджет шотына қаражат түскен кезде:
Дт 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары»
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер», 1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі».
Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі 4-09 нысанды «Мерзімді міндеттемелердің бөлшектері» есебін, 4-12 нысанды «Орындалмаған міндеттемелердің бөлшектері» есебін және 4-20 нысанды «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» есебін қалыптастырады.
1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шоты бойынша бухгалтерлік жазбаларды тексеру үшін мемлекеттік мекеме 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша ай аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде тоқсан сайын аумақтық қазынашылық бөлімшесімен айдың бірі күніне салыстыруды жүргізеді.
Банктен алынған қолма-қол ақша сол күні Нысандар альбомының № КО-1 нысаны бойынша кіріс кассалық ордері бойынша мемлекеттік мекеменің кассасына кіріс ретінде тіркеледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін кассаға жіберілгенге дейін Нысандар альбомының № КО-3а нысаны бойынша бухгалтерия кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркейді.
Мемлекеттік мекемелердің кассалары қолма-қол ақшаны қабылдауды бас бухгалтер немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған кіріс кассалық ордерлері бойынша, соңғылары мен кассирдің қолы қойылған, кассир мөрімен (мөртабанымен) расталған түбіртек беру арқылы жүргізеді.
Кассалардан қолма-қол ақшаны беру Нысандар альбомының КО-2 нысаны бойынша шығыс кассалық ордерлері КО-2 нысаны бойынша мақсатына сай жүргізіледі.
Кассирді жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік мекеменің басшысы кассирге қол қойдыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген) Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау ережесiмен таныстыруға міндетті, содан кейін кассирмен немесе оны алмастыратын тұлғамен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалады.
Жұмыс істейтіндердің саны аз, штатта кассирі жоқ мемлекеттік мекемелерде кассирдің міндеттерін мемлекеттік мекеме басшысының жазбаша өкімі бойынша, онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасаса отырып басқа қызметкер орындай алады.
Егер мемлекеттік мекемеде бюджеттік шот бойынша, ақылы қызметтер ҚБШ бойынша, демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша және ақшаны уақытша орналастыру, жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ бойынша, нысаналы қаржыландыру ҚБШ бойынша ақшалай операциялар болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу кассалық кітапта Нысандар альбомының КО-4 немесе 440 нысаны бойынша жүргізіледі.
Әрбір кассалық ордер бойынша ақшаны алғаннан не бергеннен кейін, кассир дереу касса кітабына жазбалар жүргізеді. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир бір күндегі операциялардың қорытындысын санайды, келесі күнге қалған кассадағы ақшаның қалдығын шығарады және бухгалтерияға кассир есебі ретінде екінші жыртпалы бетті (бір күндегі касса кітабындағы жазбалардың көшірмесін) кіріс және шығыс құжаттарымен бірге, касса кітабындағы қолхат арқылы тапсырады. Кассир бір мезгілде кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын кассада нақты бар ақшамен салыстырады.
Кассалық кітаптың және Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша бюджет қаражаты бойынша жеке және демеушілік, қайырымдылық көмек түрінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен қаражат бойынша жеке мақсатына сай қолма-қол ақшаның, Нысандар альбомының 454 нысаны бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастыруынан ақшаның пайдаланылуын бақылау кітапшаларының дұрыс жүргізілуін бақылау бас бухгалтерге немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлғаға жүктеледі.
Жоспарлы тағайындаулардың және төленген міндеттемелердің талдамалы есебі жоспарлы тағайындауларды және төленген міндеттемелерді ерекшеліктер бойынша бөле отырып, әрбір бағдарлама, кіші бағдарлама бойынша Нысандар альбомының 294-а нысаны бойынша талдамалы есеп карточкаларында жүргізіледі. Карточкаларда бір айдағы және жыл басынан қорытындылар саналады.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып 1020 «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты» шоты бойынша бюджет ақша қаражатының нысаналы пайдаланылуын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі.
1030 «Есеп айырысу шоты» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда жүргізіледі.
1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты жөнінде ақша қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны және оған қосымша берілген құжаттар бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Демеушілік, қайырымдылық көмектің жекелеген түрлері бойынша 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі.
1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 5-33 «Ақылы қызметтердің ҚБШ қалдықтар туралы есеп», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандарының және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі.
1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу «Мемлекеттік мекеменің шотынан көшірме» 5-20, 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізген төлемдері бойынша күнделікті көшірме» нысандары және оларға қосымша құжаттардың негізінде Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп Нысандар альбомының 292-а нысаны бойынша карточкаларда (Нысандар альбомының 292 нысаны бойынша кітапта) жүргізіледі.
1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша ақшалай қаражат қозғалы бойынша операцияларды есепке алу 5-20 «Қолма-қол ақшаның бақылау шотынан көшірме», 5-15 «Мемлекеттік мекеменің жүргізілген төлемдері бойынша күн сайынғы үзінді көшірме» нысандарының негізінде Нысандар альбомы (3 мемориалдық ордер) 381 нысаны бойынша жинақтаушы ведомостінде жүргізіледі. 1044 «Жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ» қосалқы шоты бойынша талдамалы есепке алу үшін Нысандар альбомының 434-м/с нысаны пайдаланылады.
1050 «Шетелдiк валютадағы шот» қосалқы шоты бойынша ақша қаражатының қозғалысы жөнiндегi операцияны есепке алу теңгеде, Нысандар альбомының 381 нысаны (3-мемориалды ордер) бойынша жинақтау ведомосiнде, ал операциялардың талдама есебi Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында немесе Нысандар альбомының 292 нысанды кiтабында жүргiзiледi.
1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты байланысты гранттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (3-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. 1061 «Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шотының сыртқы қарыздар қаражатының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 381 нысанды (2-мемориалды ордер) жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Жазбалар екінші деңгейдегі банктің шоты бойынша үзінді көшірменің және оған қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. 1062 «Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты» шоты бойынша талдама есеп шығыстардың бюджеттік сыныптамасы кодтары бойынша Нысандар альбомының 294-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
1071 «Аккредитивтер» қосалқы шоты бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) әрбір ашылған аккредитив бойынша жүргізіледі.
Ақша құжаттарының талдама есебі олардың түрлері бойынша Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (292 нысанды кітапта), жүргізіледі.
Негізгі сұрақтар:
Бюджеттік мекемелердегі қаржыландыру есебі.
Шығыс бойынша құжаттаныдру
Шығыстың аналитиқалық есебі
Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізуы
Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар аналитикалық есебі
Бюджеттік мекемелерде кассалық операциялар синтетикалық есебі
Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.223-245), 2 (с.25-36), қосымша әдебиеттер: 2 (с.45-66)
Тақырып 5.Бюджеттік мекемелердің қорлар (запастар) есебі
Сабақтың мақсаты: бюджеттік мекемелердегі запастардың бойынша бухгалтерлік есебінің ұйымдаструы, жабдықтаушылармен және мердігерлермен түскен материалды есебінің жүргізуі, ҚҚС бойынша бюджеттік мекемелердегі есеп айырысуын қарастыруы.
Негізгі ұғымдар: ҚҚС, запастар
Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер және басқа мақсаттар үшін материалдарды, дәрі-дәрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын және жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті және басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.
Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бойынша сандық және сома түрінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеме:
құрылысқа байланысты шарттардың орындалу процесінде туындайтын аяқталмаған жұмыстарды, оның ішінде қызметтерді көрсетуге олармен тікелей байланысты шарттарды;
қаржы құралдарын;
ауылшаруашылық қызметпен байланысты биологиялық активтер мен егін жинау кезеңіндегі ауылшаруашылық өнімді;
өтеусіз көрсетілетін қызметтер бойынша немесе алушылардан тікелей нақтылы есесін қайтару бойынша аяқталмаған жұмыстарды қоспағанда қорларды есепке алу кезінде осы бөлімнің ережелерін қолданады.
Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау және сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәліметтерді алу болып табылады.
Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларымен салыстырады.
Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1310 «Материалдар»;
1320 «Аяқталмаған өндіріс»;
1330 «Дайын өнім»;
1340 «Тауарлар»;
1350 «Жолдағы қорлар»;
1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв».
Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалғанда ғана мойындалады: болашақта осы актив бойынша экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу мүмкіндігінің болуы, сенімді бағалау мүмкіндігі.
Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты тәуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана көрсетіледі. Қорларға байланысты пайдалар мен тәуекелдердің ауысу сәтін анықтау қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сәттердің бірі болып табылады. Бұл сәт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп тіркелімдеріне материалдар мен тамақ өнімдері кіріс бойынша алғашқы құжаттар (шоттар, актілер мен басқалар) негізінде, құндылықтар алынған күнмен жазылады. Алғашқы құжаттарда мынадай деректер көрсетілуі тиіс: материалдар мен тамақ өнімдері кімнен түсті, атауы, сұрпы, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен күні мен осы құндылықтарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның қолхаты.
Өнім беруші құжаттарының деректерімен алшақтық болған жағдайда Нысандар альбомының 429 нысаны бойынша қорларды қабылдап алу туралы акті жасалады. Актіні қабылдау комиссиясы екі данада қойма меңгерушісінің және мүдделі тараптың міндетті қатысуымен жасайды. Актінің бір данасы қабылданған материалдық құндылықтарды есепке алу үшін, екіншісі өнім берушіге қарсылық хатын рәсімдеу үшін қолданылады.
Қоймадан материалдарды беру мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен құжаттар арқылы жүргізіледі. Материалдарды беру үшін мынадай құжаттар қолданылады:
№ 434-c нысаны бойынша жүкқұжат запастарды сыртқа беруді ресімдеу үшін жіберіледі. № 434-с-нысаны екі данада жасалады;
№ 434-з бойынша жүк құжат қорды қоймаға немесе қоймадан қабылдау немесе алуды, ішкі көшірілуін ресімдеу үшін қолданылады. № 434-з-нысаны екі данада жасалады;
нысандар альбомының 299 нысанды тізім-талабы қоймадан тамақ өнімдерін беру үшін қолданылады. Тізім-талап күн сайын тамақ өнімдерін тарату нормалары негізінде және қанағаттанғандар саны туралы деректер негізінде жасалады.
Тұлғалардың азық-түліктерді алу мен беру туралы қолхаты кестеде белгіленген мерзімде бір айда кемінде үш рет бухгалтериялық қызметке жіберіледі.
Тамақ өнімдерінің түсімін есепке алу азық-түліктердің кірісі бойынша Нысандар альбомының 300 нысанды жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Ведомость әрбір материалдық жауапты тұлға бойынша жеке жасалады. Ведомостегі жазбалар алғашқы құжаттар негізінде сандық және сома шамасында жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін ведомосте қорытындылар есептеледі. Нысандар альбомының 300 нысанды жинақтау ведомосі 11-мемориалды ордерін жасау үшін негіз болып табылады.
Тамақ өнімдерінің шығыстарын есепке алу Нысандар альбомының 399 нысанды тамақ өнімдерінің шығыстары жөніндегі жинақтау ведомосінде жүргізіледі. Бұл ведомость материалдық жауапты тұлғалар бойынша жасалады. Ондағы жазбалар Нысандар альбомының 299 нысанды тізім-талап және басқа құжаттары негізінде жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін ведомосте қорытындылар есептеледі, ол жұмсалған тамақ өнімдерінің құнын анықтауға септігін тигізеді. Бір мезгілде балалардың қатысуы туралы деректемен балаларға арналған мекемелер бойынша, аурулардың болуы туралы мәліметтер бойынша емделу мекемелеріндегі қанағаттанушылардың саны және басқа мәліметтер салыстырылады. 12-мемориалды ордерді жасау үшін Нысандар альбомының 399 нысанды жинақтау ведомосі негіз болып табылады. Жинақтау ведомосінің деректерінен басқа, Нысандар альбомының 411 нысанының жиынтығына тамақ өнімдеріне басқа шығыс құжаттарының (азық-түліктердің жетіспеушілігіне, қайтарылуына актілердің және басқа шығыс құжаттарының) деректері жазылады.
Тамақ өнімдерінің талдамалы есебі атаулары, сұрыптары, саны, бағасы мен материалдық жауапты тұлғалар бойынша Нысандар альбомының М-44 нысанды айналым ведомостерінде жүргізіледі. Айналым ведомостеріне жазбалар Нысандар альбомының 300 және Нысандар альбомының 399 нысанды жинақтау ведомостерінің мәліметтері мен тамақ өнімдерінің кірісі мен шығысы бойынша басқа құжаттардың негізінде жүргізіледі. Айналым ведомостерінде ай сайын айналымдар саналады және айдың басына қалдықтар шығарылады.
Нысандар альбомының 397 нысанды азық пен жем бөлуге ведомость. Азық пен жем қоймадан белгіленген нормалар шегінде жіберіледі;
Нысандар альбомының 410 нысанды мемлекеттік мекеменің қажеттіліктеріне материалдарды бөлу ведомосі бір ай ішіндегі шаруашылық материалдарын, оқу және басқа мақсаттарға материалдарды бөлу үшін қолданылады. Бұл ретте ведомостегі жазуларды хронологиялық емес тәртіпте жүргізген жөн, ал айдың соңында материалдардың әр түрі бойынша жалпы қорытындыны шығару үшін материалдардың әр түрі үшін жолдың белгіленген санын қалдыру керек;
Нысандар альбомының 431 нысанды жинау картасы материалдар мен отынды күнделікті бөлген кезде де, ай ішінде уақыттың анықталған арлығында да қолданылады.
Жинау картасы әр алушыға материалдың бірнеше атауына тікелей қолданылуы бойынша жұмсау үшін беріледі. Бұл карта екі данада беріледі, біреуі алушының қолхатымен қоймада, екіншісі алушыда сақталады. Материалдарды күнделікті бөлу кезінде жинау картасы 15 календарлық күн мерзіміне, ал мерзімді бөлінгенде бір ай мерзімге беріледі.
Материалдар мен отын алушы жинау картасының өзiндегi данасын көрсеткен кезде белгiленген лимит шегiнде берiледi. Белгiленген лимиттен тыс материалдарды бөлу Нысандар альбомының 434-қ нысанды жүкқұжаты бойынша жүргiзiледi.
Қоймадан жүкқұжат немесе жинау картасы бойынша отын беру мүмкiн болмаған жағдайда, отын шығындарын есептен шығару қалдықтарды өлшеу актiсi бойынша жүзеге асырылады. Өлшеу актiсi бойынша шығынның белгiленген нормаларын салыстырғанда отын жетiспеген жағдайда мемлекеттiк мекеменiң басшысы артық жұмсау себептерiн анықтауға шаралар мен тиiстi жағдайда өндiрiп алу шараларын қолданады.
Жол парағы автомобиль жанар және жағар май материалдың шығынға есептен шығару үшін қолданылады. Жанар және жағар май материалдар іс жүзіндегі шығын бойынша, бірақ автомобильдердің жеке түрлері үшін бекітілген нормалардан артық емес мөлшерде есептен шығарылады;
Нысандар альбомының 1-т нысанды тауар-көлік жүкқұжаты жеке автомобильдерінде мемлекеттік мекеменің өз қажеттіліктері үшін жүктерді тасымалдау үшін қолданылады.
Жанар және жағар май материалдарына талондар (1315 «Отын, ЖЖМ» қосалқы шоты) жүргізушіге мемлекеттік мекеме басшысының нұсқауы бойынша беріледі. Талондарды қайталап беру бұрын алынғаны үшін есеп тапсырғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Әрбір түрі бойынша талондар мен жанар-жағар май материалдарын талдамалы есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында, еңбек кітапшаларының бланкілерін есепке алу нысандар альбомының 449-нысанды кітабында жүргізіледі.
Дайын бұйымдар мен баспа өнімі қоймада қабылдау актісі немесе басқа құжаттар негізінде кіріске жазылады. Дайын бұйымдар мен баспа өнімдерінің талдамалы есебі атауы, саны, құны мен сақтау орындары бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
Құрылыс материалдарының талдамалы есебі материалдардың атаулары, саны, бағасы бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
Материалдарды шығысқа жазу мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен актілер мен басқа құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Дәрілік құралдардың талдама есебі бағандарды толтырусыз сандық есебі тұтастай алғанда мемлекеттік мекеме және әрбір бөлімше (кабинет) бойынша құндылықтардың мынадай топтары бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) сома шамасында мынадай құндылықтар топтары бойынша жүргізіледі:
дәрі-дәрмектер, оларға мыналар жатады: дәрілік құралдар, сарысулар мен вакциналар, дәрілік шөптік шикізат, емдік минералды сулар, залалсыздандыру құралдары және басқа дәрі-дәрмектер;
таңу құралдары, атап айтқанда: дәке, жаратаңғыш, мақта, компресстік үлбі мен қағаз және басқа таңу құралдары;
көмекші материалдар: жылтырақ, жарғақ және сүзгіш қағаз, қағаз қораптар, қаптар және басқа көмекші материалдар;
ыдыс: сыйымдылығы 5000 миллилитрден жоғары шыны сауыттар мен банкаалар, бөтелкелер, тобатайлар, жәшіктер және құны сатып алынған дәрілердің бағасына кірмейтін басқа қайтарылатын ыдыс заттары.
Денсаулық сақтаудың емдеу-алдын-алу мемлекеттік мекемелерінің бөлімшелерінде (кабинеттерінде) дәрі-дәрмектер мынадай топтар бойынша заттық-сандық есепке жатады:
улы дәрі-дәрмектер;
есірткі дәрі-дәрмектері;
этил спирті;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауларына сәйкес клиникалық сынақ пен зерттеуге арналған жаңа препараттар;
тапшы қымбат тұратын дәрі-дәрмектер мен байлау құралдары;
бос та, дәрі-дәрмектерден бос емес те ыдыс.
Кеңсе құралдарын сатып алу мен алуды растайтын құжаттарда осы материалдарды алған тұлғаның қолы болуы тиіс.
Қара металл сынығы мен қалдықтары, түрлі-түсті металл қалдықтары және арнайы қор материалдары бойынша талдама есеп Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларда немесе Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында жеке жүргізіледі.
Жолдағы материалдардың талдамалы есебі жеке өнім берушілер бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) жүргізіледі. Орталық жабдықтау мен шаруашылық қызмет көрсету топтарының қоймасына түскен материалдар олардың атауы бойынша, бағасын, саны мен сомасын көрсете отырып Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) ескеріледі.
Қосалқы бөлшектердің талдамалы есебі қосалқы бөлшектердің атауы, таңбалары зауыттық нөмірлері, саны, құны мен материалдық жауапты тұлғалар бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) жүргізіледі. Бұл ретте қоймадан тозғандарды айырбастау үшін берілген автомобиль шиналары мен доңғалақ қабын бухгалтерлік қызмет арнайы киімнің, жеке пайдаланылатын заттардың және пайдаланудағы басқа материалдардың қозғалысын Нысандар альбомының 412 нысанды жедел (сандық) есепке алу ведомосінде ескереді, онда алған тұлғаның лауазымы мен тегі, алған уақыты мен зауыттық нөмірлері жазылады. «Есептен шығару туралы белгілер» бағанында жарамсыздық салдарынан қолданудан шығып қалған автомобиль шиналары мен доңғалақ қабының күні мен зауыттық нөмірі жазылады.
Тамақ өнімдерінен басқа материалдардың шығысы бойынша операцияларды есепке алу Нысандар альбомының 396 нысанды (13-мемориалды ордер) материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосінде жүргізіледі.
Сынған ыдысты есептен шығару үшін Нысандар альбомының 325 нысанды ыдыстың сынуын тіркеу журналы жүргізіледі. Журналдағы жазуларды тиісті лауазымды тұлғалар жүргізеді. Тұрақты әрекет ететін комиссия журналдың дұрыс жүргізілуін тексереді және тоқсан сайын (ай сайын) сынған ыдысты есептен шығару үшін акт жасайды, актіні мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.
Ішкі киім, төсек құралдары, киім мен аяқ-киім жеке топтарға бөле отырып, олардың атаулары, саны, материалдық жауапты тұлғалары бойынша Нысандар альбомының М-17 нысанды материалдарды қоймалық есепке алу кітабында ескеріледі:
ішкі киім (жейделер, ішкі көйлектер, халаттар және басқа да ішкі киім);
төсек орындары мен жабдықтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер, ақжаймалар, көрпе тыстары, жастық тыстары, жапқыштар, ұйықтауға арналған қаптар және басқа төсек орындары мен жабдықтары);
арнайы киімді қоса алғанда киім мен нысанды киім (костюмдер, пальто, плащтар, қысқа тондар, көйлектер, әйелдер киетін көкірекшелер, юбкалар, курткалар, шалбарлар және басқа да киімдер мен киім-кешектер);
арнайысын қоса алғанда аяқ киім (бәтеңкелер, етіктер, қонышты аяқ киімдер, жазғы аяқ киімдер, пималар және басқа да аяқ киім);
спорттық киім мен аяқ киім (костюмдер, бәтеңкелер және басқа да спорттық киім мен аяқ киім).
Жұмсақ мүкәммалдың көрсетілген заттарын мемлекеттік мекеме басшысы мен бухгалтерлік қызметтің қызметкерінің қатысуында қойма меңгерушісі мемлекеттік мекеменің атауын көрсете отырып, заттың сыртқы түрін зақымдамай, жуылып кетпейтін бояумен, арнайы мөрмен таңбалайды, заттарды қолдануға берген кезде қосымша қоймадан берілген күннің мерзімі айы мен жылы көрсетіледі. Таңбалау мөртабандары мемлекеттік мекеме басшысында немесе оның орынбасарында сақталуы тиіс.
Қолданыстағы ішкі киім, төсек орындары, киім мен аяқ-киімнің талдамалы есебі заттардың атаулары, саны, құны, топтары мен материалдық жауапты тұлғалары бойынша Нысандар альбомының 296-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 296 нысанды кітабында) жүргізіледі немесе түгендеу тізімдемесіне (салыстырмалы ведомоске) Нысандар альбомының 402 нысанды қосымша парақтарында жүргізіледі.
Ескірген және жарамсыз болған ішкі киім, төсек орындары, киім мен аяқ-киімді есептен шығару «Баланстан ішкі киім, төсек орындары, киім мен аяқ-киімді, құралдарды, өндірістік және шаруашылық мүкәммалды есептен шығаруға акті» Нысандар альбомының 443-а нысаны бойынша мемлекеттік мекеме басшысы бекіткен есептен шығаруға акті негізінде, өз жүйесі үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекіткген қызмет ету мерзімін ескере отырып жүргізіледі.
Арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің және сақтау құрылғыларының талдамалы есебі Нысандар альбомының МБ-6 «Арнайы киімнің, арнайы аяқ-киімнің және сақтау құрылғыларының жеке карточкасы» нысаны бойынша және Нысандар альбомының МБ-7 «Арнайы киімді, арнайы аяқ-киімді және сақтау құрылғыларын беруді (қайтаруды) есепке алу» нысаны бойынша жүргізіледі.
Жинақтау ведомостіне жазулар әр құжат және қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер немесе материалдық жауапты тұлғалар бойынша, оның ішінде соманы белгілей отырып әрбір құжат және тиісті қосалқы шоттар бойынша жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін қосалқы шоттар бойынша қорытындылар «Негізгі-журнал» кітабына жазылады.
Негізгі сұрақтар:
Материалдардың құрамы мен құрылымы
материалдардың қозғалысының құжаттау есебі
Материалдардың синтетикалық есебінің жүргізуі
Әдебиеттер тізімі: негізгі әдебиеттер: 1 (с.57-74), қосымша әдебиеттер: 8 (с.3-45), 5 (6-35)
Тақырып 6.Бюджеттік мекемелердегі еңбек ақының есебі
Сабақтың мақсаты: бюджеттік мекемелердегі міндеттер бойынша бухгалтерлік есебінің ұйымдаструы, соның ішінде еңбек ақының есебінің жүргізуі, еңбек ақынан ұсталымдарың қарастыруы.
Негізгі ұғымдар: еңбек ақы, жеке табыс салығы
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша мемлекеттік мекеменің дебиторлық және кредиторлық берешектері активтер мен міндеттемелерді танудың өлшемдерін сақтаған кезде актив немесе міндеттеме ретінде танылады.
Қызметкерлермен есеп айырысу бойынша операцияларды есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
3240 «Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек».
Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 386 нысанды (8-мемориалды ордер) есеп беретін жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомосінде жүргізіледі. Әр жол бойынша есеп беретін жауапты тұлғаның тегі, берілген аванстың сомасы және жүргізілген шығыстардың сомасы, сондай-ақ қолданылмаған аванстың түскен сомасы жазылады. Ай аяқталғаннан кейін «1261 (3248) қосалқы шотының кредит есебі бойынша шығыстардың сомасы бекітілді» бағаны және «Қосалқы шоттар дебеті» мен «Екінші жазбалар» бағандары бойынша қорытындылар «Басты-журнал» кітабына жазылады.
Есеп беретін тұлғаларының саны көп емес мемлекеттік мекемелерде есеп айырысулардың талдама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында есептілікке жауапты әр тұлға бойынша жүргізіледі.
Корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып бюджеттік ақшаны нысаналы пайдаланудың талдамалы есебі Нысандар альбомының 453 нысаны бойынша кітапта жүргізіледі.
Мыналар жалақыны есептеу үшін негізгі құжаттар болып саналады: мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесі және жалақы ставкаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру туралы бұйрықтары, Нысандар альбомының 421 «Пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі» нысаны, нысандар альбомының 423 «Жұмыс нормаларын есептеу картасы» нысаны, Нысандар альбомының 424 «Наряд» нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табельдері, Нысандар альбомының 449 «Еңбек кітапшалары бланкілерін есепке алудың кіріс-шығыс кітабы» нысаны бойынша және басқа құжаттар.
Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу табельдерін (Нысандар альбомының 421 «Жұмыс уақытын пайдалануды есепке алу және жалақыны санау табелі» нысаны) ай сайын мемлекеттік мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғалар белгіленген нысан бойынша жүргізеді. Ай соңында табель бойынша жұмыс істеген күндердің жалпы саны, сондай-ақ артық жұмыс сағаттары анықталады. Толтырылған табель мен басқа тиісті қолдармен бекітілген құжаттар белгіленген мерзімде жалақыны есептеу үшін бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Бір ай үшін жалақы есептеу және айдың екінші жартысы үшін төлеу әдетте Нысандар альбомының 49 нысанды есеп айырысу-төлем ведомосі бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу-төлем ведомосінде табельдік нөмір, қызметкерлердің аты-жөні, есептелген жалақы және жәрдемақы, берілген аванс сомасы, ұсталған салық және басқа сома жазылады.
Жұмысшылар және қызметкерлер демалысқа кеткен кезде есеп айырысу Нысандар альбомының 425 нысанды демалыс беру туралы есебінде жүргізіледі. Бұл есеп айырысулар бойынша есептелген сома ағымдағы айға ашылған есеп айырысу-төлем ведомосына жазылады. Демалысқа не жұмыстан шыққанда жалақы бойынша біржолғы есеп айырысулар жалпы есеп айырысумен сәйкес келмесе, есеп айырысу аралық кезеңдегі төлемдер нысандар альбомының 389 нысанды төлем ведомостары не кассалық шығыс ордері бойынша жүргізіледі. Бұл есеп айырысулар бойынша есептелген және төленген сома ағымдағы айдың есеп айырысу-төлем ведомосына жазылады. Бұл ретте «Беруге сома» бағанында тиісті аты-жөннің қасына сызық қойылады.
Есеп айырысу-төлем және төлем ведомостарына осы ведомостарды жасаған және тексерген тұлғалар қол қояды. Жалақы төлеуге берілетін рұқсатқа мемлекеттік мекеменің басшысы және бас бухгалтер қол қояды.
Төлеу уақыты аяқталғаннан кейін кассир есеп айырысу-төлем және төлем ведомостарында жалақысын алмаған адамдардың аты-жөнінің қасына мөртабан қоюға не қолымен «Депонатталды» деп жазуға және депонатталған сома тізілімін жасауға міндетті. Ведомостың соңында кассир нақты төленген сома туралы мен алынбаған жалақы сомасы туралы жазба жасап, оларды төлем және есеп айырысу-төлем ведомостары бойынша жалпы қорытындымен салыстырып әрі жазуды өз қолымен растауы тиіс. Егер ақшаны кассир емес, басқа тұлға берсе, ведомоста қосымша «Ақшаны ведомоспен берген - лауазымы, қолы, қолды таратып жазу» деген жазба жасалынады. Кассирдің төлем және есеп айырысу-төлем ведомостарында жасаған жазбалары мұқият тексерілген және берілген және депонатталған сома саналған соң берілген жалақы сомасына белгіленген тәртіппен ресімделген кассалық шығыс ордері жасалады, ол белгіленген тәртіппен ресімделеді және кассалық кіріс және шығыс ордерлері тіркелетін журналда тіркеледі. Төлем және есеп айырысу-төлем ведомостарында касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргізілген кассалық шығыс ордерінің күні және нөмірі жазылады.
Еңбекақы бойынша депонантталған соманың есебі Нысандар альбомының 441 нысанды депонантталған еңбекақы мен стипендияның талдамалы есебі кітабында жүргізіледі. Кітаптағы жазу әр депонент бойынша жүргізіледі.
Ай соңында Нысандар альбомының 441 нысанды кітабында «Кредит» пен «Дебет» бағандары бойынша қорытынды саналады және келесі айдың басына кредиттік қалдық шығарылады.
Қызметкердің өткен кезеңдердегі жалақысы туралы мәліметтер алу үшін Нысандар альбомының 417 нысанды карточка-анықтамасы (жеке шот) жүргізіледі, онда қызметкер туралы жалпы мәліметтерден басқа ай сайын есептелген жалақы сомасы түрлері бойынша көрсетіледі.
Есеп айырысу-төлем ведомостары негізінде 5-мемориалды ордер – жалақы мен стипендиялар бойынша Нысандар альбомының 405 нысаны (сондай-ақ тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының жедел іздестіру, тергеу және әскери бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдары қызметкерлеріне ақшалай өтемақыны есептеуді қамтиды) есептеу ведомостерінің жиынтығы есепке алу-төлем ведомостарының негізінде жасалады.
Ауру парақтары (еңбекке жарамсыздық парақтары) жеке дестеге тігіледі және жыл басынан бастап хронологиялық тәртіппен нөмірленіп отырады. Әр парақта олар есептеу үшін енгізілген есеп айырысу-төлем ведомосының нөмірі жазылады.
Персоналмен есеп айырысудың сараптама есебі Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеге келіп түсетін алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын және басқа құжаттарды тіркеу және есепке алу, сондай-ақ ұсталынатын мөлшерді есепке алу үшін Нысандар альбомының 437 нысанды алимент өндіріп алу туралы орындау парақтарын есепке алу кітабы жүргізіледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеу және төлеу жөніндегі есеп айырысуларды есепке алуды мемлекеттік мекеме Нысандар альбомының 283 нысанды көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.
Жеке тұлғаның (қызметкердің) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы толық мәлімет алу үшін мемлекеттік мекеме жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу Нысандар альбомының 451 нысанды карточкасын толтырады, оның көшірмесін жылына бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) береді.
Қызметкерлердің еңбек ақысынан ұсталынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жеке табыс салығы сомасын бюджетке аудару 3121 «Жеке табыс салығы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының тиісті қосалқы шотының, 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
