- •2. Тұлғааралық коммуникациядағы Маслоу теориясының маңызы
- •3. Мінез-құлық теориясы тұлғааралық коммуникациядағы талдану ерекшеліктері.
- •4. Экономикалық психология тұлғааралық коммуникацияның талдануы.
- •5. Когнитивті диссонанс тұлғааралық коммуникациядағы орны.
- •6. Психоаналитикалық теорияның тұлғааралық коммуникация психологияда талдануы.
- •7.Тұлғааралық коммуникациядағы альтруизм
- •8.Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •10. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз.
- •13. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз.
- •15. Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.
- •16. Педагогикалық, даму, жас ерекшелігі психологиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз
- •17. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз
- •18. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз.
- •19. «Ххi ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
- •20. Топ және топтың даму деңгейіне мысал келтіріңіз.
- •21. Психологияның даму тарихы
- •22. Мотивация және оның теориялары
- •23. Жеке адам психологиясы.
- •12. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз
3. Мінез-құлық теориясы тұлғааралық коммуникациядағы талдану ерекшеліктері.
Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек. Тұлғааралық коммуникацияда жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады. Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады. Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.
4. Экономикалық психология тұлғааралық коммуникацияның талдануы.
Экономикалық психология бұл психология ғылымының жас, бірақ тез дамып жатқан бөлімі. Бұл ғылымның жаңа саласы психиологиялық және экономикалық ғылымдарды интеграциялауға, субъектінің экономикалық жай күйін зерттеуге бағытталған. Қоғамның шаруашылық өмірін және шаруашылық қатынастағы субъектілердің өзара қарым қатынасын зерттейді. Экономика да, психология да субъектілердің іс әрекетін зерттейді. Экономикалық және психологиялық ғылымдардың байланысы адамдардың іс әрекетін толық зерттеп білуге мүмкіндік береді. Экономикалық психология адамның экономикалық қарым қатынасы және жемісті экономикалық политиканы жасау іс әрекеті психологиялық біліммен байланысы нәтижесінде пайда болды. Психология мен экономиканың байланысының нәтижесінде пайда болған жаңа білім саласы экономикалық қаржы және маркетинг саласы бойынша тәжірибелік есеп объективті талап бойынша қамтамасыз етілді: ақшаны қабылдау психологиясы, жинақтаушылық және инвестициялық психология, экономикалық саясаттың психологиялық аспектісі, жарнама және тұтынушы сұранысының психологиясы және т.б.
Экономикалық психология бұл адамдардың экономикалық қатынастардағы іс әрекетін зерттейтін ғылым. Яғни, өндіруші жағдайында бөлу, алмастыру, тұтыну, игеру және басқару. Экономикалық психологияның объектісі экономикалық ортада өндірісті ұйымдастырушылар және қатысушылар, акционерлер, жұмысшылар, тұтынушылар, яғни, әр түрлі нарықтың қатысушылары болып табылатын индивидтер немесе топтар. Экономикалық психологияның мәні жеке тұлғалар мен топтық қасиеттердің заңдылығы мен ерекшелігінде. Олардың экономикалық ортадағы экономикалық іс әрекетке ықпалы, жетістік жолындағы қызметі және экономикалық құбылыстың тұлғаның қалыптасуы мен тәртібіне әсер ету факторы мен механизмдері. Экономикалық психологияның басқа экономикалық ғылымдардан айырмашылығы оның басты зерттеу объектісі экономикалық процесс емес, ондағы қатысушы тұлғалар. «Экономикалық психология» терминін алғаш қолданған Г.Тард. Экономикалық психологиялық шындық қоғамның тарихи дамуында көп жағдайда шаруашылық өмірді реттеудің негізгі нормалары мен құндылықтарының заңдылықтары негізінде қарастырылған. Экономикалық адамның эволюциялық дамуы бірнеше бағыттарда психикалық негіз болып қарастырылған. Солардың ішіндегі ең бастысы тұлға және оның экономикалық қызметінің субъестісі эгоизм мен жеке басының құндылығымен байланысуында. Экономикалық адамның утилитаризм мен прагматикалық танымында екі негізгі компонент: рақат алумен қайғыру орын алған. Ал ол қаржылық қор жинаумен байланыспайды, ал көп жағдайда альтуризмге, құштарлыққа, сүйіспеншілікке негізделген. Психологияның экономикадағы міндеттері мен функциялары на келесілер жатады:
Еңбекке деген мотивация;
Жұмысшы топтарарасындағы еңбек қатынастарын оңтайландыру;
Ұжымда әлеуметтік психологиялық климатты қалыптастыру;
Көшбасшылықтың, басқарушылықтың, менеджменттің және кәсіпкерліктің психологиясы;
Экономикалық ортада кикілжіңнің психологиялық аспектілері;
Ұйым қызметкерінің, тұтынушының және акционердің іс әрекет психологиясы;
Алаяқтық психология;
Экономикалық таңдау психологиясы.
