- •2. Тұлғааралық коммуникациядағы Маслоу теориясының маңызы
- •3. Мінез-құлық теориясы тұлғааралық коммуникациядағы талдану ерекшеліктері.
- •4. Экономикалық психология тұлғааралық коммуникацияның талдануы.
- •5. Когнитивті диссонанс тұлғааралық коммуникациядағы орны.
- •6. Психоаналитикалық теорияның тұлғааралық коммуникация психологияда талдануы.
- •7.Тұлғааралық коммуникациядағы альтруизм
- •8.Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •10. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз.
- •13. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз.
- •15. Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.
- •16. Педагогикалық, даму, жас ерекшелігі психологиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз
- •17. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз
- •18. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз.
- •19. «Ххi ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
- •20. Топ және топтың даму деңгейіне мысал келтіріңіз.
- •21. Психологияның даму тарихы
- •22. Мотивация және оның теориялары
- •23. Жеке адам психологиясы.
- •12. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз
13. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз.
Мотивация ұғымы-адамның нақты бiр мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесiмен түсiндiрiледi. Мотивациялық жүрiс-тұрыс “Адам ненi қалайды?ң Ол неге ұмтылады?” сұрақтарына жауап бередi. Адамның талабы әрқашан басым қажеттiлiктердiң жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүрiс-тұрысының негiзiнде белгiлi бiр қажеттiлiктер болады. Қажеттiлiк бұл адам бастан кешiретiн мұқтаждық қанағаттануы, адам тiршiлiгi, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшiн өмiрлiк маңызды болып табылады. Адам өзiнiң тiршiлiк етуi, дамуы және жетiлдiруi үшiн өзiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруы үшiн құралдар мен белсендiлiктердi қажет етедi. Адам қажеттiлiктерi әртүрлi болады.
Мотивацияның психологиялық теориялары
Мотивтi адамның белсендiлiгiнiң себептерi ретiнде түсiндiрудiң алғашқы талпыныстары антикалық дәуiрден басталады. Аристотель өзiнiң “Жан туралы” трактатында жан функцияларының iшiнен “бiр нәрсеге” деген немесе “бiр нәрседен” адамның ұмтылысын бөлiп көрсетедi. Платон мотивтердiң шиеленiсiн жанның ақылды бөлiгi мен ашкөз бөлiгi арасындағы күрес ретiнде қарастырады.
Мотивация туралы теориялар ежелгi грек философтары мен теологтары iлiмдерiндегi рационализм және ирррационализм бағыттарымен бiрге дамыды. ХIХ ғасырдың ортасына дейiн ықпалы басым болған рационалистiк позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретiнде қарастырылды. Тек адам ғана сана, ақыл-ой, ерiк-жiгерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күшi- адамның ақыл-ойы мен санасы және еркiмен байланысты. Иррационализм негiзiнен жануарлар әлемi туралы iлiм болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелiгi оның жүрiс -тұрысы ерiксiз, санасыз, биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттiлiктерге сүйенедi.
Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында ХVII-ХVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистiк, иррационалистiк) негiзiнде құрылған екi теорияның маңызы зор болды. Бiрiншi, адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын рационалистiк тұрғыда түсiндiрушi “Шешiм қабылдау” теориясы-экономика саласына математикалық бiлiмдердiң енгiзiлуiне байланысты адамның экономикалық жүрiс- тұрыстық шешiм қабылдауы. Кейiннен, бұл адам iс-әрекетiнiң барлық сферасына қатыстырылды.
Екiншiсi- адам iс-әрекетi мен жүрiс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсiндiрушi “Автоматизм” теориясы- осы ғасырдағы механика жетiстiктерi нәтижесiнде пайда болып, кейiннен тiрi организмнiң сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бiрi-адам, екiншiсi-жануар жүрiс-тұрысын түсiндiруге бағытталған, бiр-бiрiне тәуелсiз, жеке және философиялық iлiмдердiң екi үлкен лагерiне негiзделген, жеке адамның мотивациясының қозғаушы күшi туралы бұл теориялар ХIХ ғ. аяғына дейiн өмiр сүрдi.
ХIХғ. екiншi жартысы барлық ғылымдар саласы үшiн күрделi жаңалықтарға толы болды. Соның бiрi-×.Дарвиннiң “эволюциялық теориясы”. ×.Дарвин өз iлiмi арқылы осы уақытқа дейiн адам мен жануарды анатомиялық, физиологиялық, психологиялық тұрғыда өзара сиыспайтын екi үлкен топқа бөлiп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негiзделген көпiр орнатты. Ол алғаш рет осы екi тiрi жаратылысты жүрiс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бiр-бiрiне жақындастырып, әсiресе, қажеттiлiктер мен инстинктердiң эмоционалды-экспрессивтi түрде көрiнуiнде екеуiне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүрiс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны өсе түстi.
Жануарлардың жүрiс-тұрысын зерттеуде В.Келер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкттi зерттеуде З.Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларда бұрын қажеттiлiктердi тек жануар жүрiс-тұрысына тән деп есептесе, ендi оны адам жүрiс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттiлiктер түрiн анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретiнде органикалық қажеттiлiктер мен инстинктерiн сипаттады.
Бiздiң ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында “инстинкт” түсiнiгi неғұрлым әйгiлi түсiнiк болды. Осындай мәнi бойынша, биологиялық иррационалдық теориялардың бiрi-З.Фрейд пен У.Макдоуголл негiзiн салған “Инстинкттер теориясы” болды. Олар адам жүрiс-тұрысының қозғаушы күштерiнiң себебiн тума инстинктерден iздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша мұндай инстинкттер саны үшеу; өмiр сүру, өлiм, агрессивтiлiк инстинктерi.
У.Макдауголл инстинктiнiң негiзгi санына қатысты ретпен белгiленген ұғымды кеңейтiп және он инстинктiден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыс, әуес, қашу, кезең, төбелесу, ата-аналық, жек көрушiлiк, өзiн кем тұту, өз-өзiн сендiру инстинктiсi. У.Макдауголл өзiнiң кейiнгi жұмысында негiзiнен органикалық қажеттiлiкке тиiстi тағы 8-инстинктiнi қосты. өсынылған инстинктер санының көбеюiне қарамастан, оның теориясының негiзi жануарлардың жүрiс-тұрысымен ұқсастықта қолданылды.
З.Фрейд бойынша, мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетедi, бұл жүрiс-тұрыстың психикалық себептiлiгiн бейнелейтiн оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компонентi бар: “Мен”- жеке адамның өзiндiк санасы. “Оно”- санадан тыс құмарлық. “Жоғарғы-Мен” өмiр әрекетi барысында жеке адам санадан тыс игерген моральдық стандарттары, тыйымдары, ынталандырулары. Жеке адамның бағыттанған белсендiлiгi болып жоғарыда аталған компоненттердiң арасындағы қарама- қайшылықтардың нәтижесi табылады.
Мотивация механизмдерiн зерттеу бихевиористiк мектепте орталық орын алған. Мотивация мазмұнын анықтау үшiн бихевиоризм iлiмiнде “драйв” деген арнайы түсiнiк енгiзiледi, яғни ол- адамды немесе жануарды белсендi болуға мәжбүр ететiн стимул немесе қозғаушы. Өзiнiң психологиялық мазмұны бойынша, инстинкт түсiнiгiмен сай келедi.
Осы проблеманы необихевиористер К.Халл, Э.Толмен, Б.Скиннер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S—R формуласының моделi аралық элементтер қатарымен толықтырылған. Бүл жерде сана жүрiс-тұрысты итермелеушi және реттеушi элемент ретiнде көрiнедi. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес, сонымен қатар, iшкi “қажеттiлiк” ретiнде қарастырылады.
Мотивациялық теориялардың дамуының келесi күрделi кезеңi- ХХғ. 30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшiн түсiндiруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегi психология ғылымындағы негiзгi психологиялық бағыттар немесе мектептердiң ғылыми зерттеу жұмыстарымен тiкелей байланыста дамыды.
14.Тұлғаның мотивациялық сферасы. А. Маслоу концепциясын талдап түсіндіріңіз.
Тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ғылыми әдебиетте "тұлға" ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиялогиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адамның төрт деңгейі ғылыми зерттеулері үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. "Тұлға" ұғымының анықтамасы мен мазмұны. Адам ұйымдасуының иерархиялық деңгейі. "Индивид", "субъект","тұлға", "жеке даралық" ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрлымы: бағыттылық, қабілеттері, темперамент, мінез-құлық. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі Э.Эриксон сол ғалымның кестесі бойынша қарастырсақ олар мынадай болады. Сонымен қатар тұлғаның дамуын т.б ғалымдар қарастырған. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізіеді. Қабілеттер дегеніміз – бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент – адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның қатынасын басқы адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар – адамның наным-сенімдері. Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға ұғымына ерік пен эмоция ұғымын қосады. Психикалық құбылыстардың құрдымына психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастыруға лайықты. Алайда осы құбылыстарды тұлға құрлымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы; сезімдер – жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтары болып реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылап отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселлер: адам ұйымдасуы құрлымның иерархиясы, тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтіліктің қатынасы. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуын қандай заңдылықтарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені,тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), даму процесін түсіндіру мүмкіндіктері әртүрлі түсінгдіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы; психоаналиктикалық тоерия даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизімдерінің пайда болуын, қажеттіліктерін қанағаттандыружолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы (теория черт) бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалптасады, олардың туындау, қайта түзілужәне тұрақтану процестерібиологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекетінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе гуманистік және басқа феномонологиялық теориялар оны "Мен" деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады. Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенуінің маңызды иниституттарының бірі – жанұя. Отбасында, жақын адамдарының арасында адам негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірінің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірбие мен өзін-өзі ұстауы тәрбиесін алады.Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі – тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуалиизация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы қазіргі заман концеппциялары үшін маңызды болып табылады. Мысалы, ол гуманистік психологияда және акмеологияда басты орын болып табылады. Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарттары болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші – түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орын алатыны - өзін-өзі дамыту қажеттіліктері. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немсе белгілі әлеуиеттік статус алу маңыздырақ . Келесі мәселе – тұлағ қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізіндегі тұжырым – тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оныңқадамдарының заңдылықтарына сипат береді. Лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дәрежесі бар деп көрсетеді, мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35жыл жүргізілген осындай зерттеулерлің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық сипаттамалардың жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35 – 45 жас шамасында тексерілген. Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталған анықтама.
