Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh-psikh_shporrrr_2 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107 Кб
Скачать
☆

17. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады. Әр адам психологияны терең түсінгенде өзінің алдында кездескен түрлі қиындықтарды сабырлықпен ақылмен шешуге тырысады деп ойлаймын.

18. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз.

Қажеттілік дегеніміз - өмір мен дамудың белгілі бір жағдайында адамның міндетті түрде керек ететін қажетсінулері. Қажеттілік адамның бойында белсенділік сезімін оятады. Адамдар өмір сүру үшін қоғамдық өндірісті дамытады. Қажеттілік те өндірістің өсуімен бірге дамып отырады. Қажеттіліктер белгілі дәрежеде адамның күйініш - сүйінішіне, ойлауына және ерік - жігеріне әсер етеді. Қанағаттандырудың түрі мен тәсіліне қарай, қажеттіліктің орындалу немесе орындалмауына байланысты адамдар мазасыздану немесе тыныштану, рақаттану немесе азап шегу сезімдеріне тап болады. Мектеп жасындағы баланың қажеттілігі – оның белсенділігін дамытады, ерік - жігерін оятады. Педагог педагогикалық іс - әрекетінде үнемі осыны ескеруі керек. Қажеттіліктердің түрлері. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды топтарға бөле отырып, материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп көрсетуге болады. Материалдық қажеттіліктер баланың өмір тіршілігінің (бұл тамаққа, киімге, тұрғын үйге, тұрмыстық заттарға т. б. заттарға қажеттіліктер) негізіне байланысты. Мектеп жасындағы балалардың рухани және әлеуметтік қажеттіліктері дұрыс қалыптасқан жағдайда материалдық қажеттіліктерін орынды қанағаттандырылады.

Қызығушылық - бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып-білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.

Қызығушылық мазмұны мен бағытына қарай:

  • материалдық,

  • қоғамдық,

  • саяси,

  • кәсіптік,

  • танымдық,

  • эстетикалық болып сараланады

19. «Ххi ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

ХХI ғасыр- психология ғасыры.Бүгінгі мектеп оқушылары өмірде кітаптағыдай деп түсініп қабылдайтын бұрынғы балаларға қарағанда олар көп нәрсені өмірдің өрінен үйренеді.Ал ұстаз еңбегінің күрделілігі әр оқушының жүргінен жол табуда, әр баланың бойындағы қиялын дамыту үшін жағдай жасауда көрінеді.Баланың білімі болса, оның ақыл ойы мен қиялы жемісті де бай болып келетініне баланың көзін жеткізу ата – ана мен тәрбиеші ұстаздардың міндеті.Қиял сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]