- •2. Тұлғааралық коммуникациядағы Маслоу теориясының маңызы
- •3. Мінез-құлық теориясы тұлғааралық коммуникациядағы талдану ерекшеліктері.
- •4. Экономикалық психология тұлғааралық коммуникацияның талдануы.
- •5. Когнитивті диссонанс тұлғааралық коммуникациядағы орны.
- •6. Психоаналитикалық теорияның тұлғааралық коммуникация психологияда талдануы.
- •7.Тұлғааралық коммуникациядағы альтруизм
- •8.Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.
- •10. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз.
- •13. Мотивация және оның теорияларына анықтама беріңіз.
- •15. Психология әдістерінің жіктелу моделін құрастырыңыз.
- •16. Педагогикалық, даму, жас ерекшелігі психологиясының арасындағы айырмашылықтарды беріңіз
- •17. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» атты тақырыпқа интерпретация жасаңыз
- •18. Жеке адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарының айрмашылығын айқындаңыз.
- •19. «Ххi ғасыр – психология ғасыры» деген тақырыпта эссе жазыңыз.
- •20. Топ және топтың даму деңгейіне мысал келтіріңіз.
- •21. Психологияның даму тарихы
- •22. Мотивация және оның теориялары
- •23. Жеке адам психологиясы.
- •12. Жеке адам және оның негізгі компоненттері туралы талдаңыз
20. Топ және топтың даму деңгейіне мысал келтіріңіз.
Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшеліктоптар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.
1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).
2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);
3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).
4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).
5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).
6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.
7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.
8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.
Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады.
Улкен топ –белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және т.б белгілері бойынша сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.
Шағын топ –іс әрекет мақсаттары ортақ, құрамындағы адамдар саны шектеулі және тікелей тұлғалық байланыста бірлескен, соның негізінде тұтастығы туындаған адамдар тобы.
Топтың даму деңгейі 3 кезеңнен тұрады:
Ассосация- адамдардың уақыт және кеңістік белгілері негізінде уақытша топ құру.
Корпорация- адамдардың өзімен –өзі тұйық бірлестігі. Ассосация сияқты оның да мақсат- міндеттері бар, бірақ корпорацияда әркім өзінің жеке ойын жүзеге асырады.
Коллектив- ол қоғамға пайдалы қызметке ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы.
