- •Оқытудың психологиялық тұжырымы негізінде оқушының белсенді танымдық қызметі
- •Психологияны оқуда оқу тапсырмаларының таксономиясы
- •Психологияны оқытудың сөздік әдістері
- •Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері
- •Психологияны оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Бағдарламалы оқыту әдістері
- •Проблемалық оқыту әдістері
- •Интерактивті оқтыу әдістері
- •Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктері
- •Модуль 3. Психология бойынша оқу сабақтарының үлгілер және оларды өткізу әдістері дәріс № 6. Психология бойынша сабақ және негізгі сипаттамалары
Психологияны оқуда оқу тапсырмаларының таксономиясы
Таксоно́мия (көне грек сөзі τάξις — құрылым, рет және νόμος — заң) — жіктеу және жүйелеу тәжірибесі мен қағиадалары туралы оқу. «таксономия» және «систематика» терминдері синоним сөздер ретінде жиі қолданылады, бірақ таксономия сөзінің түпкілікті мағынасы жүйелеудің бір бөлігі болып қана қалоады. Оқу тапсырмалары сәйкесті әдістер мен тәсілдерді ірктеуге қажетті оқытудың мақсатын нақты көрсетеді. Олардың көмегімен оқушының нені үйренетіні анықталады.
Оқу тапсырмаларын жіктеуді қызықты және жинақты құрастыру Д. А. Төлеңгереевамен ұсынылған болатын. (1981); психологияны оқытуға бұл тәсіл В. Я. Ляудиспе қайта қаралған болатын (1989).
Оқу тапсырмалары сипаттамаларына сәйкес алты жіктеу тобына бөлінеді:
1) бірінші топты білімді айтуды талап ететін тапсырмалар құрайды:
2) екінші топты — қарапайым ой әрекеттерін талап ететін тапсырмалар құрайды (фактілерді суреттеу және жйүелеу);
3) үшінші топты — күрделі ой операциялары берілген тапсырмалар құрайды (аргументация, түсініктеме);
4) төртінші топты — белгілі бір ой актісін білдіру үшін нақты сөйлеуді білдіретін тапсырмалар (реферат, шығарма, ғылыми мәтін);
5) бесінші топ — өнімді ойлауға тапсырмаларды білдіреді (мәселелерді шешу). Әрбір топтың ішінде тапсырмалар топтарға бөлінген;
6) алтыншы топ — рефлексивті тапсырмалар.
Осы таксономия психология бойынша оқу тапсырмаларын типтеу үшін қолданылуы мүмкін. В. Я. Ляудис 4 және 5 топтарға қатысты психологияны оқытуға қатысты тапсырмаларпдың кейбір топтарын кеңейтуді ұсынды. 4-інші топтың тапсырмалары қызықты себебі оларда ойлау қызметінің өнімді үлгілері пайдаланылады. Осыған байланысты психологиялық суреттеулер мен түсініктердің әртүрлі үлгілерін бөлуге болады. Мысалы, суреттеу хабарлау үлгісінде, логикалық өзара байланыс үлгісінде, шығармашылық ойлаудың метафоралары мен әртүрлі тәсілдерін қолданумен құрылуы мүмкін. Түсініктер логикалық ойлау аппараттарын қолданумен құрылуы мүмкін.
Тапсырмалардың бесінші тобы оқу пәні реітнде психология ерекшеліктерімен байланысты жаңа топтармен толықтырылған.
В. Я. Ляудис Толлингерованың таксономиясын тағы бір топпен толықтырды – рефлексивтік тапсырмалармен толықтырды. Бұл тапсырмалар танымдық қызметке көшуді қамтамасыз етеді, яғни эврестик, алгоритм, ашық тапсырмалар талдау тәсілдерінің жеке әдістерін нақты пайдалануға көщшуді қамтамасыз етеді. 6-ыншы топтың ерекшелігі мыналардан тұрады, оларды шешу үшін оқудың өзара іс-әрекетінің ерекше жағдайын құру қажет. Бұндай жағдай оқушылар стратегиялық шешімдерді танымдық әзірлеу және әрекеттердің жеке тәсілдерін анықтау және бөлу қажеттілігі алдында қойылатынымен сипатталады. Пәндік білімді қоюдан оқушы жеке ойлау қызметінің тәсілдерін анықтауды орнатуға көшеді. Тізбектелген тапсырмалар оқытудың әртүрлі әдістерінің көмегі арқылы шешіледі.
Оқу тапсырмалары, психологияны оқыту үдерісінде оларды пайдалану ерекшеліктері.
Оқу тапсырмалары нақты жағдайларда және тапсырмалардың әртүрлі үлгісінде қойылады. Оқу әдістемесін орындауда оқу әрекетінің өзгерісі байқалады. Оқу тапсырмасы нақты оқу жағдайында беріледі. Оқу тапсырмасының негізгі екі жағдайы бар:
1) проблемалық подход
-проблемалық жағдай талданады
-проблема қалыптасады
-жетікіліксіз ақпаратты іздеу жүргізіледі
- гипотеза тексеріледі
- жаңа білімді алу жүргізіледі
2) тапсырмалық подход
-дайын тапсырмалар жағдайын талдау
-шешу тәсілдерін еске түсіру
-шешу тәсілін таңдау
-тексеру, эталонмен салыстыру.
Оқу тапсырмаларының түрлері:
1. Оқу материалын түсіну үшін (тура және жанама) арнайы сұрақтар жиынтығы;
2. талап етілетін арнайы талдау және арнайы әдебиеттер;
3. кәсіби сипаттағы сұрау;
4. диагностикалық тапсырмалар /мәтіндік тапсырмалар/
Оқу тапсырмаларына талаптар:
Барлық тақырыптар туралы түсінік қамтылуы тиіс;
Үлгісі бойынша әртүрлілік;
Қысқаша және тартымды құрылым;
Жас ерекшеліктерін ескеру.
