Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tezisy_lektsy_MPP(1).doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151 Кб
Скачать
☆
    1. Проблемалық оқыту әдістері

Проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Проблемалық тапсырма– Оқушыға проблемалық мәселе туғызып, оны оңтайлы шешім қабылдай отырып шешуіне бейімдейтін тапсырманың түріпроблемалық тапсырма деп аталады. Мұнда қатысым әдісі арқылы интерактивті деңгейлік дамыта оқыту жүзеге асады.

Проблемалық мәселе– проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

    1. Интерактивті оқтыу әдістері

Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі таңда оқытудың интерктивті әдістерін қолданумен байланысты. «Интерактив» сөзі бізге ағылшын тілінің «interact» деген сөзінен келген. «Іnter»- бұл «өзара», «act» - әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлде кіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен, сұхбаттасып оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады. Интерактивті оқыту әдістеріне мыналар жатады

1) эвристикалық әңгіме, 2) дискуссия әдісі, 3) «миға шабуыл», 4) дөңгелек үстел әдісі, 5) іскери ойын әдісі 6) тәжірибелік жұмыстар байқаулары.

Эвристикалық әңгіме. Сократтың «эвристика» оқыту әдісінен алынған . Психологиялық жағынан эвристикалық әңгіме – бұл мәселенің жауабын іздеу ретінде ұжымдық ойлау немесе әңгіме. Эвристикалық әңгіме ізденімпаздық ұжымдыққа айналып, онда ойлармен ауысу болады.

Дискуссия интерактивті оқыту әдісі ретінде Батыс елдерінің оқу орындарының жүйесінде кең қолданылады, соңғы жылдары біздің білім беру жүйелерінде қолданыла бастады. Бұл әдістің мағынасы нақты мәселе бойынша пікір алмасу болып табылады.

Дискуссия әдісі сабақтарда топтық үлгіде: сеинарларда, тәжірибелік және зертханалық сабақтарда тапсырмаларды орындау қортындыларын талқылау бойынша әңгімелесулерде қолданылады.

«Ми шабуылы», «ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек.  «Ми шабуылы» хабарландыруды анықтау керек болғанда және/немесе қатысушылардың белгілі сұраққа қатынасы кезінде қолданылады. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады. «Ми шабуылы» аяқталғаннан кейін (көп уақытты алмай, орташа 4-5 минут), жауаптың барлық нұсқаларын талқылау керек, бастыларын және келесілерін таңдау қажет. «Ми шабуылы» қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады: «Дөңгелек үстел» әдісі ең біріншіден студенттердің өзара пікір алмасу формасы ретінде көрініс табады. «Дөңгелек үстел» барысында оның қатысушылары берілген бір мәселе бойынша баяндама жасап қана қоймай, пікірлерімен алмасып, әрқайсысының позициясын айқындайды. Дөңгелек үстел – шағын топ ішінде студенттердің қарастырылып отырған тақырып (сұрақ, мәселе, идея, тұжырым, т.б.) бойынша белгіленген уақыт аумағында өз ойларын ортаға салу тәсілі. Дөңгелек үстелде сөз бір студентке бірнеше рет айналып келуі мүмкін. Келесі сөйлегенде студенттер алдындағы ойларын қайталамай, оларды ары қарай жалғастыруы және басқалардың пікірін ескеріп отыруы қажет. Дөңгелек үстел жазбаша да өтуі ықтимал, онда өз ойларын белгіленген уақытта жазып, бір-біріне оқытады. Жазбаша өткізілген дөңгелек үстелде барлық студенттер бір мезгілде жұмыс жасайды

Топтық зерттеу (бірлескен жұмыс) – семинар немесе практикалық сабақтарда студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі. Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталған проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін плакатқа түсіреді. Студенттер өздігінен мазмұн мен тапсырма орындаудың формасын таңдайды, ақпарат жинастырады, оларды талдап, бағалайды. Содан кейін плакат қабырғаға ілінеді де, топ атынан спикер шығып жұмысты қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқаларының сұрақтарына жауап береді, олардың өз шешімдеріне түзету енгізуі де мүмкін. Оқытушы әр топқа жеке тапсырма беруі немес топтар тапсырманы өздері де таңдап алуы мүмкін. 

Тренинг – Оқудың интерактивті әдістерін пайдаланумен өткізілетін сабақ тренинг деп аталады. Тренинг дегеніміз не? Тренинг сөзі (ағылшын тілінен train – тәрбиелеу, оқыту, үйрету, машықтандыру) – бұл жұмыс нәтижесіне және қажетті машықты дамытуға қол жеткізуге бағытталған, машықтану және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білу.  Тренинг оған қатысушыларға ақпарат жетіспейтін бөлімшелерге, құрдастарының қысымына төзе алатындай дағды, тәлім (мінез-құлық) қауіпсіздігі дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тренингтің талассыз беделі – ол оқу процесіне барлық қатысушылардың белсенді болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]