- •Оқытудың психологиялық тұжырымы негізінде оқушының белсенді танымдық қызметі
- •Психологияны оқуда оқу тапсырмаларының таксономиясы
- •Психологияны оқытудың сөздік әдістері
- •Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері
- •Психологияны оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Бағдарламалы оқыту әдістері
- •Проблемалық оқыту әдістері
- •Интерактивті оқтыу әдістері
- •Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктері
- •Модуль 3. Психология бойынша оқу сабақтарының үлгілер және оларды өткізу әдістері дәріс № 6. Психология бойынша сабақ және негізгі сипаттамалары
Модуль 3. Психология бойынша оқу сабақтарының үлгілер және оларды өткізу әдістері дәріс № 6. Психология бойынша сабақ және негізгі сипаттамалары
Мақсаты
Білімдік: Психология бойынша сабақтардың негізгі сипаттамалары труалы білімді студенттерде қалыптастыру.
Дамытушылық: кәсіби шеберлік пен қабілеттілікті дамыту
Тәрбиелік: өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі оқытуға, ғылыми әлемдік көзқарасқа ұмтылғысы келетін маманның кәсіби мәдениетін қалыптастыру.
Тапсырмалар:
Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктерімен студенттерді таныстыру.
Психология сабағына мұғалімнің дайындық ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Оқушыларда оқу жұмысын ұйымдастыру үлгілеріне сипаттама беру.
Сабақты психологиялық талдаумен таныстыру
Психология бойынша сыныптан тыс жұмысының мәнін ашу
Жоспар:
Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктері
Мұғалімінің психология сабағына дайындығы
Сабақта оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру үлгілері
Сабақты психологиялық талдау
Психология бойынша сыныптан тыс жұмыс.
ӘДЕБИЕТ:
Бадмаев Б. Ц. Методика преподавания психологии. Учебно-методическое пособие для преподавателей и аспирантов вузов. М., 1999.
Бадмаев Б. Ц. Психология: как ее изучить и усвоить. М., 1997.
Давыдов В. В. Теория развивающего обучения. М., 1996.
Карандашев Методика преподавания психологии. М.,2006
Ланда Л. Н. Алгоритмизация в обучении. М., 1996.
Ляудис В. Я. Методика преподавания психологии. М., 2001.
Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктері
Сыныптық сабақ оқыту жүйесі шетелде де бізде де кеңінен таралды. Ол 17 ғасырда пайда болды және үш ғасыр бойы дамып келеді. Оның тұжырымдамалық негізін Я.А. Коменский әзірледі.
Оқытудың ұйымдастыру түрлері сияқты сыныптық сабақ жүйесінің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
1) бір жастағы және дайындық деңгейлері бір оқушылардың тұрақты құрамы;
2) оқытуды жоспарлау (әрбір сынып жылдық жоспарға сәйкес жұмыс жасайды);
3) оқу үрдісі келесі сабақтардың бір-бірімен өзара байланысы түрінде жүзеге асырылады;
4) монизм, яғни сабақ бір ғана пәнге арналады;
5) кесте
6) оқушылардың танымдық қызметінің түрлі үлгілері
7) мұғалімнің жетекші рөлі
Cыныптық сабақ жүйесінің артықшылығы:
- қатаң ұйымдастыру құрылымы,
- үнемділік
- қызметтің ұжымдық сипаты,
- өзара оқыту мүмкіндігі,
- тәрбиелеу әсері
Сыныптық-оқыту жүйесінің кемшіліктері: орташа оқушыны бағдарлау, жек оқу – тәрбие жұмысын жүзеге асыру мүмкіндігінің жоқтығы.
Сыныптық-сабақ оқыту жүйесінің негізгі бөлігі сабақ болып табылады. Сабақ – бұл тұрақты құрамдағы бір жастағы оқушылар тобымен оқу үдерісінің элементі. Сабақ қатаң кесте арқылы, барлығына бірдей оқу бағдарламасымен жүргізіледі. Сабаққа талап әлеуметтік тапсырыспен, оқытудың мақсаттары мен тапсырмаларына сәйкес ресімделеді.
Сабаққа қойылатын талаптар
1. Дидактикалық:
- сабақтың мақсаты мен тапсырмасын нақты анықтау,
- сабақты ақпараттық толықтыру белсенділігі
- танымдық қызметтің жаңа технологияларын енгізу;
- сабақ құрылымын қалыптастыруға шығармашылық көзқарас,
- әртүрлі үлгілер мен әдістерді үйлестіру;
- өзіндік жұмыспен ұжымдық жұмысты үйлестіру,
- кері байланысты, басқару мен бақылауды қамтамасыз ету.
2. Тәрбиелік:
- оқу материалының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау,
- оқушыларды жалпы адами құндылықтарға тәрбиелеу,
- өмірлік қажетті қасиеттерге тәрбиелеу
- оқушыларға нақты және мұқият қарым-қатынас жасау,
Оқушылармен жұмыс жасау, олардың жетістіктеріне қызығушылықты көтеру.
3. Дамытушылық:
- оқушыларда оқу-танымдық қызметінің жағымды жақтарын, қызығушылықтарын, шығармшылық белсенділіктерін қалыптастыру және дамыту.
- балаларды дамыту деңгейін зерделеу және еспке алу, жақын дамыту зонасын жобалау;
- үздік деңгейде сабақтарды өткізу.
