Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rasp_immun.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
652 Кб
Скачать
☆

Трансплантат “иесіне қарсы” реакциясы

Туа біткен және жүре пайда болған иммундық жетіспеушілікті компенсациялау үшін клиникалық практикада қан түзу және лимфоидты тін клеткаларын алмастыруға тура келеді. Клеткалық трансплататта иммунокомпетентті клеткалар болады. Сол себепті реципиент клеткаларында реакциялар дамиды. Енгізілген бөгде лимфоциттері генетикалық ерекшеліктеріне байланысты реципиенттің туыс емес антигенің танып, трансплантат “иесіне қарсы антиген спецификалық реакцияны қалыптастырады. Тану процессіне донордың сүйек кеминдегі лимфоциттердің 2 субпопуляциясы қатысады: СД8 Т-клеткаларының изашарлары (цитотоксикалық Т-клетка) және СД4 Т-клетка. Бұл реакцияның нәтижесінде жетілген СД8, СД4-Тн1-клеткалармен түзілетін цитокиндер, хемотоксикалық факторлар арқылы активтенген макрофагтар жиналып реципиенттің тіндерін шабуылдайды. Көк бауырда немесе лимфа түйіндерде клеткалардың саны енгізілген лимфоциттің пролиферациясынан ғана емес, сонымен қатар реципиенттің клеткаларының қатысуына байланысты.

Сонымен, трансплантат “иесіне қарсы” реакциясын алдын алу үшін қажет:

  1. донормен реципиентті HLA-антигендері бойынша, оның ішінде күшті трансплантациялық антигендермен бірге, DR-антигендері бойынша, іріктеу.

  2. Трансплантаттан жетілген Т-лимфоциттерді алыстату

  3. Иммунодепрессантты препараттарды колдану

Жоғары сезімталдық реакциясы.

Антигендердің белгілі бір формалары ағзамен қайталанып, қатынасқа түскенде өз негізінде арнайы реакция шақыруы мүмкін, бірақ жедел қабынулық жауаптың арнайы емес клеткалық және молекулалық факторларын өзіне қосады. Жоғарлаған рекативтіліктің екі формасы белгілі: жедел және баяу типті асасезімталдық. Реакцияның I-типі Jg E антиденесінің қатысуымен айқындалады, олар базофильдер мен мес клеткаларға цитрофильді болып келеді, сонымен қатар JgG қатысуымен. Екнші тип қабыну аймағында макрофагтардың жиналуын қамтамасыз ететін, реакцияның негізгі эффекторлары ретінде қабынудың Т- клеткалар көмегімен жүзеге асырылады (Тн1; бұл клеткалардың басқа белгілеуі- Тбст).

II-шi типті асасезімталдық клетка бетінде орналасқан малекулалардың JgG антидемен байланысуына негізделген. Жоғары сезімталдықтың бұл типі кейде дәрілік заттарды ұзақ уақыт қолданғанда дамиды. Мысалы, квинидин- жүрек аритмиясы кезінде қолданылатын препарат, эритоциттердің бетінде сорбирленуге қабілетті. Алдыңғы немесе индуцирленген JgG арнайы антиденелері болғанда, эритоциттер бетінде осы антиденелердің препаратпен әсерлесуі жүреді. Реакцияға комплемент қосылуы нәтижесінде эритроидты клтеткалардың көптеп өлуі байқалады. Осы асасезімталдықтың екінші типі сирек кездеседі.

Аса сезімталдықтың ІІІ- типі JgG ергіш антигенмен әсерлескенде жүзеге асырылады. Антиген антиденемен агрегаттары (иммунды кешендер) белгілі бір тінді аймақтаында орналасқан кезде патологиялық жағдай дамиды. Иммунды комплекстер кез- келген гуморальді жауап кезінде түзіледі. Бірақ олар кез келген жағдайда патологияның патогенетикалық фактор болмайды және бұл ең алдымен олардың өлшемдерімен байланысты. Жеткілікті ірі комплекстер комплементпен әсерлескеннен кейін фагоциттермен жұтылып, ағзадан шығарылады.

Осы уақытта ұсақ комплекстер, антигеннің көпшілігінде түзілетін, тамырлар қабырғаларында жиналуы мүмкін және тамырлық зақымданудың алғашқы себебі ретінде болуы мүмкін. Ағзада JgG антиденні болғанда, арнайы антиген теріге енгенде, Артюс реакциясы деп ататын локальді қабыну процесі дамиды. Тін қабаттарында түзілетін комплекс комплемент жүйсін белсендіреді, нәтижесінде қабыну медиаторлары- С5а, С3а- компонеттері жиналады. Олар өз кезегінде локальді қабыну жауабының басталуын қамтамасыз етеді, тамырлардың өткізгіштігін күшейтеді. Қабыну ошағында нейтрофильдер, тромбоциттер жиналады, сұйықтың көлемі ұлғаяды. Кез келген басқа қабыну жауабы сияқты, Артюс реакциясының да қорғаныс сипаты бар. Ол антигеннің ішкі мүшелерге енуіне кедергі жасайды.

Интактты организмге бөтен белокты көп мөлшерде енгізгенде, сарысулық ауру- жоғарғы сезімталдықтың ерекше формасы ретінде, дамуына әкеледі. Қазіргі кезде жылқының арнайы антисарысуын улы жыландардың шағуына шалдыққандарға қолданады. Бірақ, енгізілген сарысудың белоктарына иммунизация арқылы асқынулар пайда болуы мүмкін. Антисарысу инъекциясы нәтижесінде бөтен белоктарға қарсы JgG антиденелері түзіле бастайды. Түзілген антиденелер инъекциядан қалған белокты антигендермен байланысып, антиген- антидене комплекстерді түзеді. Комплекстің патогенетикалық әсері дене температурасының көтерілуімен, безгек, есекжем, тері қышуы, және протеинуриямен көрінеді.

JgЕ- мен шақырылған жоғарғы сезімталдық үшін, JgG-мен байланысты аурулардың әр түрлі формаларының дамуында антигеннің ағзаға ену әдісі мен дағдысының критикалық

маңызы бар.

Аллергиялық реакциялардың медиаторлары.

Шұғыл типті жоғарғы сезімталдық реакциясына жауапты химиялық медиаторлардың екі негізгі класы бар. Алдыңғы, немес біріншілік, медиаторлар молекулалар болып табылады, олар базофилдер мен бұлтты клеткалар түйіршектерінде жиналып қойған, және клетканың антигенмен қатынасынан кейін экстрацеллюлярлы ортаға секреттеле бастайды.

Бұл медиаторлар молекулалардың төрт негізгі түрлерімен көрсетілген:

1)вазоактивті аминдермен- гистамин, серотонин.

2) гранулоциттер үшін- хемотоксикалдық факторлармен.

3) энизимдермен.

4) протеогликандармен- гепарин (бұлтты клеткаларда) және хондроинтисульфат (базофилде).

Антиген антиденемен байланысқаннан кейін бұлтты клеткалар және базофилдермен de-novo синтезделетін молекулалар екіншілік медиаторлар болып табылады. Негізінен екіншілік медиаторлар лейкотриен мен тромбоциттерді белсендіруші факторларды қосатын липидтердің өнімдері ретінде ұсынылады.

Аллергиялық зақымданулардың басты медиаторының- гистаминнің нысанасы тегіс бұлшықеттер, қантамырлары, кейбір экзокринді бездер, лейкоциттер болып тбылады. Аллергиялық реакциялардың әр түрлі дамуы бірнеше сатыдан тұрады. Сенсибилизденген организмде арнайы JgЕ- антиденелері бұлтты клеткалардың бетінде бар. Сол аллерген ағзаға қайталап, енгенде JgЕ- мен әсерлеседі. Аллергеннің JgЕ- мен байланысуы клетка ішіне Са2+ енуін қамтамасыз етеді, нәтижесінде клетка белсендіріледі және клетка ішілік гранулдардан гистами босатылады. Медиатор нысана клеткалар бетінде орналасқан Н1 және Н2 рецепторлармен әсерлеседі. Гистолиннің негізгі патогенетикалық әсері тегіс бұлшықеттің кенет қысқарылуымен көрсетілінеді. Осы сияқты жиырылу астма немесе анафилактикалық шок кезіндегі бронхотүйілуіне жауапты болады. Гистоминнің тамыр жүйесіне әсер етуі - тамыр қабырғасын жалаңаштау және олардың өткізгіштігін жоғарлату. Басқа медиатор – сратоминнің ағзаға патогенетикалық гистаминге ұқсас. Адамда сиратаминнің активтілігі тек тробоциттер мен ащы ішек клеткаларына байланысты ғана байқалады.

Хематоксикалық факторлар, бұлтты клеткалардың гранулаларынан бөлінетін, реакцияның даму ошағына гранулоциттер мен нейтрофильдердің жиналуын қамтамасыз етеді.

Жоғары сезімталдықтың баяу типі.

IV тип- жоғарғы сезімталдықтың баяу типі (ГБТ)- қабынудың антигенспецификалық СДТ4- клеткалар қызметінің нәтижесі болып табылады. Реакцияның дамуына әкелетін келесі сатыларды ажыратуға болады:

  1. антигеннің ағзаға бірінші енуі спецификалық СДТ4- қабыну клеткаларының (Тн1) жинауына әкеледі.

  2. антиген қайталап енуінде, оны жергілікті орналасқан тінді макрофагтар жұтады. Осы антигентаныстырушы клеткалар антигенді фрагметтерін ІІ класс МНС молекулалармен комплексте өз беткейіне шығарады.

  3. ангтигенспецификалық Тн1- клеткалар макрофог беткейінде иммуногенді комплекспен әсерлеседі. Өткен әсерлесуден кейін қабынудың Т- клеткалары цитокиндер жинағының секрециясын бастайды: макрофагтар миграциясын тежеуші фактор (макрофагингиберлеуші фактор- МИФ), макрофагильді хемотоксикалық фактор (МХФ), - интерферон және - интерферон (ИНФ- және ИНФ- ), интерлейкин- 3 (ИЛ-3) және гарунлоцитарлы- макрофаголды колония стимульдеуші фактор (ГМ- КСФ).

  1. Секреттелуші цитокиндер қабыну реакциясын, оның визуальді көріністерін қамтамасыз етеді. МИФ және МХФ антиген енген аймағына қосымша фагоциттеруші клеткаларды жақындатады. - ИФН қабыну медиаторларының өнімін күшейтуші макрофагтарды белсендіреді. ИНФ- локальді тіндік зақымдануды орнын анықтайды және қабыну аймағындағы қан тамырларындағы адгезивті молекулалардың экспрессиясын күшейтеді, сонысымен қосымша қабыну клеткаларының жеңіл түрде енуіне әсер етеді. ИЛ-3 және ГМ- КСФ гемопоэтикалық дифференцировка факторлары ретінде сүйек кемігі прекурсорынан монциттердің пісіп- жетілуін қамтамасыз етеді. Қайта түзілетін моноцит- макрофагтар, қабыну аймағына миграциялап, өз функциясын атқарып болған соң бұзылатын макрофагтардың санын толтырады. Бұл процестердің барлығы, патогенді оңашалауға бағытталған (немесе қандай да бір басқа антигенді), 24-48 сағатта қабыну ошағы түзілуімен аяқталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]