- •1. Қазіргі иммунология және оның мақсаттары. Иммунологиялық жүйе, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының негізгі принциптері. Иммунды жауап туралы түсінік. Антигендер.
- •Гуморалды иммунитет жүйесі
- •Макрофагтардың иммунды жауаптағы орны
- •Клеткалық иммунитет жүйесі. Иммунологиялық төзімділік. Цитокиндер.
- •Цитокиндер.
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •Интерлейкин-6
- •Интерлейкин-7
- •Интерлейкин-5
- •Интерлейкин-8
- •Интерлейкин-10
- •Интерлейкин-11
- •Интерлейкин-12
- •Ісікке қарсы иммунитет механизмі.
- •Сіктер иммунотерапиясы.
- •Трансплантация иммунологиясы Трансплантатты қабылдамау реакциясы
- •Трансплантат “иесіне қарсы” реакциясы
- •Жоғары сезімталдық реакциясы.
- •Тоиммунитет
- •Вакциналар және вакциналық алдын алу
- •Иммунограмма анализі
- •Клеткалық иммунитетті бағалау өдістері Сандық әдістер
- •Лимфоциттердін субпопуляциясының анализі
- •Диагностикалык маңызы:
- •Клеткалық иммунитеттің қызметін бағалау
- •Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау
- •Арнайы антигендер (немесе антиденелер) аныктауға бағытталған
- •6. Өнделген антигендер нсмесе антиденелер колданатын иммунологиялық әдістер.
- •Фагоцитарлық жуйені функционалдык багалау
- •Иммунокоррекция Иммуномодуляторлар Иммуномодуляторларды клиникалық пайдалану
- •Иммуномодуляторлардың жіктелуі
Гуморалдық иммунитет қызметің бағалау
Гуморалдық иммундық жетіспеушіліктін болжамалы белгісі қанның у-глобулиндік фракциясының төмендеуі болып табылады.
Гуморалдық иммунитеттің белсенділігін бағалау әдістерінін жалпылама қолданылатыны және көп тарағаны, гельдегі, радиалдық иммунодиффузия әдісімен иммуноглобулиндерді (М, G, А) анықтау (Манчини әдісі). М, G, А иммуноглобулиндер кластарына стандартты сарысулардын комерциялык антисарысулары бар. Бүл әдіс иммуноглобулиндерді жеке класстарының суммарлық концентрациясын анықтайды және тоталдық иммунжетіспеушілік диагностикасының көрсеткіші болып табылады. Қан сарысуында IgE-н концентрациясы көп емес, сондықтан оның концентрациясы арнайы (радиоиммунологиялық) әдіспен анықталады радиоаллергосорбенттік сынак PACT, радиоиммуносорбенттік сынак (РИСТ). Осы әдістерді колдана отырып IgE-ң жалпы және аллергенспецификалық концентрациясын анықтауға болады, бүл әдістер аллергиялық аурулар диагностикасында маңызды.
Көптеген зерттеулер В-лимфоциттер саны мен қандағы иммуноглобулиндер концентрациясының арасында байланыстың жоқтығын көрсетті. Бұл, иммуноглобулиндердің қанда негізінен екі күйде кездесетінімен түсіндіріледі: молекуланың жартысы, кан плазмасында еріген бос күйде болады, екіншісі - қан клеткаларының бетінде тіркелген. Олардын арасында динамикалық тепе - тендік бар. Ол физикалық, психоэмоционалдык күш, физиологиялық өзгерістердін әсерінен белгілі бір жакка жылжуы мүмкін. Бұлардың бәрі иммуноглобулиндердің өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Иммуноглобулиндердің күшті өзгерістері иммунитет жағдайын бағалағанда дәрігермен ескерілуі кажет.
Гуморалдық иммунитеттің көрсеткіші болып табиғи антиденелердің деңгейі болуы мүмкін. Мысалы, изогемаглютининдер (титр 1:16 - 1:64), E.Coli - ға антиденелер деңгейі, сонымен қатар коклюш қоздырғышы антигендеріне, дифтерияға және сіреспе антигендеріне антидене деңгей. Себебі, көптеген адамдар осы антигендермен вакцинацияланған.
Аутоантиденелерді табудың үлкен манызы бар (әсіресе диагноі коюда күмәнді, қиын жағдайларда): клетка ядросына, калқанша безге, митохондрияларға, бүйрек үсті безіне және т.б. антиденелер. Аутоиммундык ауруларға аутоантиденелердің деңгейінің түрақты, айқын жоғарылауы тән. ДНК-ға антиденелер жүйелі кызыл жегінің (СКВ) иммунологиялык маркері болып табылады, олардың деңгейі потологиялык процесстің белсенділігімен корреляцияланады. Ревматоидтык фактордың (РФ - IgG-re антиденелер) жоғары титрі, көбінесе ревматоидтык артритте жиі кездеседі, әсіресе экстраартикулярлық (жүйелік) керіністердің дамуында, және Шегрен синдромында. Рибонуклеопротеинге антиденелердің өте жоғары титрінін анықталуы, дәнекер тінінін жүйелі ауруын (СЗСТ - ДТАА) өзіндік форма ретінде бөліп алуға ықпал етті. Ол кезде ЖҚЖ (СКВ), склеродермия және полимиозиттің клиникалык бейнелері өзара косарласады. Фосфолипидтерге антиденелердін пайда болуы "антифосфолипидті" синдроммен ассоциацияланады: венозды және артериялдық тромбозбен, акушерлік патологиямен, тромбоцитопениямен және т.б. бейнеленетін. Фосфолипидтерге антиденелер миокард инфарктімен ауыратын аурулардың белгілі бір топтарында анықталады, ол тромбоздык аскынудын маңызды болжамалы белгісі болып табылыды.
Клеткалардағы гормондар үшін рецепторлармен және басқа да биологиялық активті заттармен әсерлесуші аутоантиденелерді зерттеу эндокринологиялық патологияны диагностикасы үшін қажетті.
Инфекциялық ауруларды диагностикасы үшін, арнайы антиденелердің болуын және титрін анықтайтын серологиялык реакциялар қолданады.
