Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Портфолио 2014 қаз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
323 Кб
Скачать
☆

Студент-практиканттың сабағын талдау (студенттер)

Өтесін Мәди Өтесінұлы 01 қыркүйек күні 9 «ә» сыныбына «Нәруыз» тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың сапасы күрделі, нақты. Көрнекілік дәрежесі жоғары, оқушылардың сабаққа қатысымы жақсы. Мәди үй тапсырмасын көрнекіліктер, карточкалар, плакаттар сұрақ – жауап арқылы сұрады. Барлық оқушы сабаққа белсене қатысты. Бұл сабаққа қатысу арқылы оқушылрдың қабілеттерін жетілдірді. Барлық тапсырмаларды оқушылардың қабылдауын, зейінін аударуын, есте сақтау қабілетін ескере отырып құрған. Мәди күрделі оқу ақпаратын сол жастағы оқушылардың қабылдауына түсінікті, қызықты етіп жеткізе білді. Ол өзінің сабағын нақты түсіндірді, оқушылардың назарын өзіне аударта білді, қойған сұрақтардың барлығына жауап – беріп отырды. Оқушылардың алдында Мәди өзін емін – еркін, салмақты, сабырлы, педагог ретінде ұстай білді.

Сабақты өткен сабақтармен, бүгінгі қоғам жағдайымен, өмірмен байланыстыра білді. Мысалдарының ашық, күрделі болуы, интерактивті тақтаны, жаңа технологияларды, эстетикалық талапқа сай жасалған көрнекті құралдарды қолдануы өте жақсы.

Мәди үй тапсырмасын пысықтауда, жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту, қорытуында оқушылармен етене араласып, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай білді, тыңдата білді.

Мәдидің сабағында қолданған әдіс – тәсілдердің тәрбиелік мәні зор болды. Сабақ жоспарға сай, ұйымдасқан түрде өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. Мәдиді болашақта Қазақстан Республикасының білікті маманы болады деген үміттеміз.

Қатысушылар: Абдукаримова Анар______________

Анешова Гүлден_________________

Орынғали Майра_________________

Қосымша 3

Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдаудың үлгі схемасы.

1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Сабақ тақырыбы, мақсаты мен міндеттері. (білімдік, тәрбиелік, оқушылардың танымдық қызығушылығын, интелектісін, еркін , эмоцияларын дамыту міндеттері)

  2. Сабақтың түрі, құрылымы және оның психологиялық мақсатқа сәйкестігі. Оқытудың негізгі принциптерін жүзеге асыру және психологиялық тұрғыдан негіздеу.

2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.

  1. Оқу материалының сапасы қандай (сипаттама немесе түсіндірме, көрнекілік дәрежесі, нақтылығы, абстрактілігі мен жалпыламалығы)?

  2. Бұл оқу материалын қабылдау оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қай жағын жандандыруды талап етеді (бейнелік немесе сөздік-логикалық ес, абстрактілік ойлау, елестету)? Ол қандай эмоция тудыруы мүмкін?

  3. Берілген материал оқушылардың танымдық әрекетінің жас ерекшелігіне, олардың өмірлік тәжірибесіне, білім деңгейлеріне сай келе ме?

  4. Күрделі оқу ақпаратын мұғалім сол жастағы оқушы қабылдауына түсінікті, қызықты етіп қалай жеткізеді (баяндаудың анықтығы мен қарапайымдығы, айқын салыстырулар, ұқсастырулар, мысалдардың болуы, көрнекі құралдарды қолдануы, өмірмен байланысы)?

  5. Оқылатын материалдың тәрбиелік ықпалы қандай (моральдық, эстетикалық және т.б.)? Оның тәрбиелік мүмкіндіктерін мұғалім қаншалықты тиімді жүзеге асырады?