- •(Студенттің т. А .Ә.)
- •Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Жоо дағы практикаға жауапты әдіскерлер туралы мәлімет
- •Сынып туралы мәлімет Сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •2 Кезең
- •Ақтөбе қаласы №51 гимназияның 9 «ә» сынып ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Пәннің және тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары
- •Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Студент-практиканттың сабағын талдау (студенттер)
- •Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдаудың үлгі схемасы.
- •1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •3. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
- •4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
- •5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.
- •Студенттің сабақты талдауы (өзіндік талдау)
- •Сабақты талдау түрлері
- •Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.
- •Әдіскердің есебі (қосымша 5 қараңыз)
- •Әдіскердің есеп беру үлгісі
- •Педагогикалық практика есебі
- •Студент-практиканттың шеберлігін анықтаудың үлгісі (мониторинг)
- •Педагогикалық практика қорытындысын бағалаудың негізгі көрсеткіштері.
- •Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
3. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
1) Зейінді ұйымдастыру (шоғырландыру).
Сабақтың барлық кезеңдерінде зейінді ұйымдастырудың жолдары (оқушылардан зейіндерін аударуды, өткізіліп отырған жұмыстың маңыздылығын белгілеп отыруды сұрау, нақты міндеттерді қою, көрнекілік қағидасын қолдану т.б.).
Сабақтағы зейін түрлері және оның жекелеген оқушыларда көріну формасы. Оқушылар зейінін бір жұмыстан екінші жұмысқа аудару тәсілдері. Оқытушы ұсынған күрделі тапсырма түрлерінің қандайында оқушылар зейінін ерекше шоғырландыру керек болды және олар тапсырмаларды қалай орындай алды?
2) Қабылдауды ұйымдастыру және оның сипаты.
Оқушылар қабылдауының объектісі не болып табылады (мұғалім сөзі, оқулық мәтіні, түрлі көрнекі құралдар)? Қабылдау материалының сапасы.
3) Есті жандандыру және оны дамыту.
Сабақта естің қандай түрлері болды (көрнекі-бейнелік, сөздік- логикалық, эмоционалдық, ниет етілген, ниет етілмеген, механикалық, логикалық)? Мұғалім баяндалған мәліметті еске жақсы сақтаудың қандай тәсілдерін қолданды (материалды логикалық өңдеу, түрлі ассоциацияларды белгілеу, іс-әрекетке қосылу, қайталау, эмоциональдық жүктеме және т.б.)? Сабақта жекелеген оқушылардың еске сақтау үрдісі қалай көрінді (еске сақтау, білу, қабылдау, ұмыту)?
4) Оқушылардың ойлау әрекеттерін жандандыру.
Мұғалім оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалай қалыптастырды? Бұл ретте
көрнекі құралдарды қалай қолданды?
Ол ұғымдар арасындағы қандай байланыстарды орнатты және қандай пайымдаулар жасады?
Ол оқушыларды қайсыбір түсініктер мен пайымдауларды меңгерудің қандай жолдарымен жетеледі (индуктивтік және дедуктивтік)?
Мұғалім оқушыларда берілген түсініктерді меңгеруге деген сұранысты тудыра алды ма (теориялық маңызын ашты ма, практикада қолданылуын көрсетті ме, өмірмен байланыстырды ма және т.б.)?
Оқушылардың сабақтағы ұғым-түсініктерді меңгеру деңгейі және ұғымдарды ажыратудағы қателіктері қандай?
Мұғалім оқушылардың өзіндік шығармашылық ойлауларын қалай жандандырды? Сабақ проблемалық құрылымымен ерекшеленді ме? Проблемалық ситуация қандай жолдармен жасалды? Жауап іздеуде олар белсенді болды ма? Оқушылар тарапынан қойылған мәселенің шешімін іздеуде қандай нақты ойлау әрекеттері туды (бір мысал)?
Проблемалық оқытуға сынып қандай дәрежеде дайындалған (дамудың жалпы деңгейі; қажетті білім мен икемдердің болуы; сүраққа жауап беру кезіндегі белсенділік көрсеткен оқушылар саны)?
Мұғалім балаларды рациональдық ойлаудың дайын тәсілдеріне үйретті ме?
Сабақ тұтасымен алғанда қаншалықты үйлесімді, қисынды, жүйелі құрылған?
Мұғалім оқушылардың жеке ерекшелігін есепке алуды қалай жүзеге асырды?
4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
Сабақтың қай кезеңінде мұғалім оқушылармен байланысқа түсті және қандай мақсатта (сұрау кезінде, жаңа материалды беру кезінде, бекіту кезінде)?
Сабақта оқушылардың білімді меңгеруінің қандай деңгейлерін анықтауға болады?
Кері байланыс тексеруші сипатта ғана емес, үйретуші сипатта да бола алды ма? Ол неден көрінді?
Оқушылар сабақта алған бағаларын қалай қабылдады?
Оқушылар жауабы мұғалімнің кейінгі сөзі мен әрекетіне ықпал етті ме,
яғни ол өзінің әрекетін кері ақпаратқа байланысты қалай қайта құрды?
