- •(Студенттің т. А .Ә.)
- •Студент-практиканттың жеке жұмыс жоспары
- •Практика базасы туралы мәлімет
- •Жоо дағы практикаға жауапты әдіскерлер туралы мәлімет
- •Сынып туралы мәлімет Сабақ кестесі
- •1 Кезең
- •2 Кезең
- •Ақтөбе қаласы №51 гимназияның 9 «ә» сынып ұжымына педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Пәннің және тәрбие шараларының күнтізбелік жоспарлары
- •Жеке оқушыға педагогикалық-психологиялық мінездеме
- •Студент-практиканттың сабағын талдау (студенттер)
- •Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдаудың үлгі схемасы.
- •1. Сабақ құрылымын оның нақты мақсат-міндеттерімен байланыста психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •2. Сабақ мазмұнын психологиялық тұрғыдан бағалау.
- •3. Оқушылардың танымдық әрекетінің сабақтағы көрініс табуы және оны басқару.
- •4. Мұғалімнің кері байланысты ұйымдастыруы.
- •5. Мұғалім жеке тұлғасының тәрбиелік ықпалы және оның сабақтағы әрекеті.
- •Студенттің сабақты талдауы (өзіндік талдау)
- •Сабақты талдау түрлері
- •Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.
- •Әдіскердің есебі (қосымша 5 қараңыз)
- •Әдіскердің есеп беру үлгісі
- •Педагогикалық практика есебі
- •Студент-практиканттың шеберлігін анықтаудың үлгісі (мониторинг)
- •Педагогикалық практика қорытындысын бағалаудың негізгі көрсеткіштері.
- •Ы.Алтынсарин атындағы Білім Академиясының Базалық мекемесі № 51 гимназия туралы мәлімет
Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау.
Класс: 9 «Ә»
Пән аты: Биология
Мұғалім: Өтесін Мәди Өтесінұлы
Өткізілген күн: 20 қыркүйек 2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Нәруыз
Сабақтың дидактикалық мақсаты: Интерактивті тақтаны пайдалана отырып үй тапсырмасын «Ассосация», «Сандар сөйлейді», «Деңгейлік тапсырмалар» арқылы білімдерін тексердім. Әр сұрақта оқушыларға логикалық, деңгейлік тапсырмалар бері, жаңа технологияларды пайдалана отырып ой – өрісін кеңейтім. Осы сабақта оқушылардың шапшаңдығы мен зеректігін байқадым. Жаңа сабақта интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жүргіздім. Оқушыларды қатыстырып пікір алмаса жаңа сабақты кең көлемде ашуға тырыстым. Нәруыздың тірі ағзаға қажеттілігін және олардың құрылысы және қызметін оқушыларға түсіндірдім. Бекіту мақсатында кітаппен жұмыс және «зертханалық жұмыс» арқылы, сондай – ақ «СИНКВЕЙН әдісін» қолдандым. Оқушылар сабаққа белсене араласты. Барлық сұрақтарға түйінді оймен жауап берді. Мен осы сабақты өткізуде өз мақсатыма жеттім. Оқушылар жаңа сабақты меңгерді және бар қызығушылықтары мен сабаққа жұмыла қатысты, белсенді араласты.
Мен осы сабақта өзімнің қойған үш мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Сабақ типі: аралас сабақ. Оқылатын материалдың мазмұны: «Нәруыз»
Сабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері:
Мұғалім 3 міндетті ұстануы:
Білімділік мақсатым: Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа технология әдістерін енгізе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың шығармашылық деңгейін көтеру. Жеке жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсатым: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, әсемдікті түсіне білуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсатым: Оқушылардың ойлау,есте сақтау, есту,көру сезімдерін жетілдіре түсу, сөздік қорын байыту.Сұрақ-жауаптар, тест тапсырмалары, зерттеу жұмыстары арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту.
Сабақтың құрылысы: Сабақтың ұйымдастырылуы мен негізгі кезеңдері, олардың бірізділігі және логикалық байланысы, сабақ құрылысының оның мазмұны мен мақсатына сәйкестігі, әрбір сабақ кезеңдеріне уақыттың бөлінуі жоспарлы түрде жүзеге асқан.
Оқу әдістері:
А) білім, іскерлігін қалыптастыру барысында мұғалім сөздік, көрнекілік, модельдеу, әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру әдіс – тәсілдерін қолдана отырып сабақ мақсатының мазмұнымен сәйкестендіре алды.
Б) сабақ барысында пайдаланылған әдістемелік тәсілдер мен берілген жаттығу жұмыстары оқушылардың ойының дамуына көзқарасының кеңеюіне және білім деңгейінің дамуында тиімділігі жоғары.
Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру: Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім сабақ мақсаттарын айқын ажыратып, сабақ мақсатын дұрыс жолға қоя білген, сабақтың құрылымы рет – ретімен кезектесіп ұштасып отырды, мұғалім оқушылармен белсенділік таныта білді, сонымен қатар оқушылардың жеке ерекшелігіне де аса мән беріліп, сабақ жоспарға сай өте жақсы берілді және сабақтың пән кабинетінде өтуіне нәтижесі мұғалімнің жұмыс жасауға деген ыңғайлылық танытқандығын, сабақты жоғарғы деңгейде көрінісі екендігі байқалды.
Сабақтың құрал – жабдықтар: Плакаттар мен кестелер, стикер және интерактивті тақтада слайд түрінде көрнекіліктер пайдаланылып, сабақ өз деңгейінде биология кабинетінде, түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, сұрақ – жауап әдістерін қолданыла отырып үлкен дайындықпен өтті.
Сабақтың нәтижесі: Сабақ өту барысында оқушылардың білім деңгейлерін жоғарылап, тақырыпты өту кезінде оқушыларды ұқыптылыққа, бірізділікке белсенділікке және дамытушылық қабілеттерін жүзеге асырлуына мүмкіндіктер жасалып, сабақ барысында оқытушының алға қойған мақсаттары орындалды, ол оқушылардың жоғары дайындықпен келген нәтижелері мен сабақтағы белсенділіктерінің жоғарлылығынан аңғарылды.
