Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс студ. арналган тапсырмалар (социология).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

3. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Әлеуметтану басқа көптеген ғылымдарға, мысалы, философия, математика, физикаға қарағанда неге кеш пайда болды ?

  2. Егер Конт пен Дюркгейм үшін ең бастысы – қоғамның тұрақтылығы болса, ал К.Маркс үшін – оны жою және жаңасына, әділетті түріне ауыстыру болды. Мұндай пайымдау дұрыс па?

  3. Әлеуметтанулық парадигмалар әдетте бірін-бірі ауыстырып отырады. Егер ХІХ ғасырда позитивизм мен органицизм үстемдік етсе, ал қазіргі әлеуметтануда экологиялық немесе феноменологиялық бағыттар үстемдік етеді. Неге бұлай болады, сіз қалай ойлайсыз?

3-тақырып. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

1. Сөйлемдердің арасындағы сәйкесті анықтаңыз (Мысалы, 1 – А; 2 – В, С ....):

1. революция

A) Әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекет

2. Әлеуметтік құрылым

B) Революциялық пен эволюциялықтың үйлесімділігі

3. Әлеуметтік институт

C) Әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік құрылым

4. Әлеуметтік институттар

D) Қоғамның, оның барлық салаларының түбірімен, сапалы, терең өзгеруі, бір әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйенің басқасымен ауысуы

5. Қоғамның дамуының негізгі жолдары

E) Болжағыштық, сенімділік, жүйелілік

6. Әлеуметтік роль

F) адамдар қауымдастығындағы элементтердің тұрақты байланысы

G) адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларын реттейтін ережелердің, нормалардың тұрақты кешені

H) белгілі бір жағдайларда айқындалған және өзара әрекеттің басқа қатысушыларынан күтілетін мінез-құлық

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазір қандай институттар жоқ немесе өзінің маңыздылығын жоғалтты?

  2. Соңғы 15 жылда Қазақстанда қандай жаңа институттар пайда болды?

  3. Әлеуметтік институт қалай сипатталады? Жоспар құрып, кез-келген әлеуметтік институтты сипаттаңыз.

  4. Әлеуметтік процестерге мысал келтіріңіз.

4 – тақырып. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация

1. Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырма (Мысалы: 1 – А, 2 – В, С ...):

1. Әлеуметтік мобильдік

A) жік

2. Әлеуметтік мәртебе

B) индивидтің әлеуметтік жүйеде алатын орны

3. Әлеуметтік стратификация теориясы

C) әлеуметтік мобилдік теориясының методологиялық негізі

4. көлденең мобильдік

D) Сорокиннің пікірі бойынша әлеуметтік баспалдақ бойынша тік және көлденең бағыттарда орын ауыстыру

5. әлеуметтік стратификация

E) индивидтің немесе топтың әлеуметтік мәртебесін өзгертуі

6. төмен қарай жүретін мобильдік

F) қоғамның әлеуметтік таптың құрылымы туралы марксистік ілімге қарсы тұрған ілім

7. П.Сорокин – жеке мобильдік туралы

G) адамдардың топқа бірігуі және мәртебелік белгілері бойынша олардың басқа топтарға қарсы қойылуы

8. П.Сорокин – топтық мобильдік туралы

H) П.Сорокин

9. Әлеуметтік престиж

I) Әлеуметтік мәртебе төмендейтін мобильдік

Y) Адам пароходтан құлады

L) Әлеуметтік мәртебенің сақталуымен бірге жүретін әлеуметтік позицияның өзгерісі

M) әлеуметтік құрылымдағы тек анық айқындалмаған позициясының болмауымен ғана емес, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік нормалар мен мінез-құлық үлгілерін жоғалтуымен де сипатталатын аралық жағдай

N) қоғамдағы теңсіздік

O) Параход барлық жолаушыларымен батып барады

P) «Әлеуметтік абырой және құндылық» (М.Вебер), белгілі бір мәртебені құрметтеу дәрежесі

2. Сұрақтарға жауап беріңіз

Қандай геометриялық пішіннің көмегімен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік стратификацияның көріністерін сипаттауға болады?

3. Төменде көрсетілген әлеуметтік топтардың қайсысы стратификациялық жүйенің жаңа элементіне жатады. Жаңа топтардың әрқайсысы кімдерден тұрады?

а) ғылыми қызметкерлер

б) кәсіпкерлер

в) мемлекеттік кәсіпорын басшылары

г) менеджерлер

д) мемлекеттік кәсіпорындардың инженерлік-техникалық қызметкерлері

е) «классикалық» менеджерлер

ж) мемлекет қызметкерлері

з) фермерлер

4. Өздеріңіздің әлеуметтік мәртебелеріңізді атаңыз. Олардың қайсысы негізгі болып табылады? Қайсысы туғаннан берілген, қайсысы қол жеткізілген? Сіздің мәртебелеріңіздің әрқайсысының әлеуметтік рольмен байланысы қандай?

5. Өз тобыңыздағы әр түрлі кәсіби топтардың престижіне зерттеу жүргізіңіз

а) инженер

б) физик

в) банкир

г) етікші

д) компьютер маманы

е) менеджер

ж) министр

з) дәрігер

и) әлеуметтанушы

к) адвокат

л) сатушы

м) үй қызметкері

н) жүргізуші

о) зергер

п) ұшқыш

р) қасапшы

Бұлардың престижін 100-ден (мах) бастап 1-ге дейінгі (міn) шкала бойынша өлшеңіз. Көрсетілген кәсіби топтардың әрқайсысы бойынша престижділіктің орташа маңызын анықтаңыз. Алынған мәліметтерді АҚШ-та жүргізілген сауалнама нәтижелерімен салыстырыңыз:

Жұмыс түрлері

Баллдар

физик

82

адвокат

76

дәрігер

74

банкир

72

ұшқыш

70

министр

69

инженер

68

әлеуметтанушы

66

компьютер маманы

51

менеджер

48

зергер

37

етікші

33

жүк машинасының жүгізушісі

32

сатушы

29

қасапшы

28

үй қызметкері

25

темір жолшы

24

Сіздің зерттеу нәтижелеріңіз бен американдық зерттеулер арасында неге айырмашылықтар бар екендігін түсіндіріңіз.

5-тақырып. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамасы, девиация және әлеуметтік бақылау.

1. Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырма (Мысалы: 1-а; 2-В, С; ...):

1. Тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде

А) дүниетанымдық мақсаттарға, әлеуметтік құндылықтарға, мұраттар мен нормаларға негізделген мінез-құлық принципі

2. Тұлғаның өмірлік ұстанымдары

B) әлеуметтік типтіктің бөлінуі

3. Қылмыс (делинквенттілік)

C) қоғамнан тәуелсіздіктің белгілі бір дәрежесіне, дербестікке ие болу

4. Адам

D) Адамзаттың жалғыз өкілі, адамзаттың барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерінің нақты алып жүрушісі

5. Индивид

E) тұлғаның, әлеуметтік институттардың және қоғамның мүдделеріне қауіп төнген кездегі ауытқыған мінез-құлықтың шегіне жеткен дәрежесі

6. Тұлғаны зерттеудің әлеуметтік тәсілдері

F) барлық адамдарға тән сапалар мен қабілеттердің сипаттамасы