Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 курс студ. арналган тапсырмалар (социология).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233 Кб
Скачать
☆

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бір кездері Э.Берроуз бала Тарзан туралы кітап жазған болатын – кішкентай кезінде ата-анасыз қалған Тарзанды маймылдар өсіреді, ал кейін ол адамдарға қайтып оралады (бозбала кезінде). Осыған ұқсас оқиғаны Р.Клиплинг жазған болатын – қасқырлар өсірген бала Маугли туралы. Шындығында тастанды балаларды иттер немесе қасқырлар өсіргендігі туралы жағдай жөнінде жазған еңбектер аз емес.

Ал шынайы өмірде осындай жағдайға ұшыраған балалардың адамдарға қайта оралуы мүмкін бе? Сондай-ақ бала адам бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Спорттық жарыстарға, рок-фестивальдарға қатысу кезінде тұлғаның қандай қажеттіліктері жүзеге асады? Бұқаралық әрекеттер тұлғаны несімен тартады?

3. Ер балалар мен қыз балаларды әлеуметтендіру процесі қалай жүретіндігін салыстырыңыз. Келешектегі ер адамдар мен әйелдерде мінез-құлықтың қажетті үлгілері қандай құралдардың көмегімен және қалай қалыптасады? Бұл қандай әлеуметтік салдарларға әкеледі?

4. Өткен дәуірдің кейбір ойшылдары қоғамдағы проблемаларды зерттей отырып, оның отбасындағы әлеуметтендіру үлгілерінің жеткіліксіздігімен байланысты екендігі жөніндегі қорытындыға келді. Сондықтан қоғамды жақсарту үшін олар балаларды кішкентай кезінде отбасынан ажыратып арнайы мекемелерде тәрбиелеу керектігі жөніндегі радикалды тәсілді ұсынды. Мұнымен қоғамның ең жақсы өкілдері айналысуы тиіс.

Сіз осындай шараларға келісесіз бе? Мұндай шаралар нәтижелі бола ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

  1. Мысалдар келтіріңіз:

а) формальды жағымсыз санкциялар;

б) формальды жағымды санкциялар;

в) формальды емес жағымсыз санкциялар;

г) формальды емес жағымды санкциялар.

6-тақырып. Білім беру әлеуметтануы.

1. Сөйлемдердің арасындағы сәйкестіктерді көрсетіңіз:

1. Білім беру институттары

A) Ілім білімді меңгеру ретінде

2. С.Рубинштейн

B) Қоғамның білімнің маңыздылығын мойындауы

3. Мектептің пайда болуы

C) Отбасы, мектеп, мәдениет мекемесі, БАҚ

4. Білімнің престижі

D) Ғылымның дамуы

5. «Сұр мамандар»

E) төмен, кәсіби деңгей және көп жағдайларда жалпы мәдениеттің төмен деңгейі

7. Білім берудегі бөлік пен тұтастықтың ара қатынасы

I) білім әлеуметтендіру, тәрбиелеудің аясында ғана пайда болып, қызмет етеді.

2. Әлеуметтік институт ретінде сипаттаңыз:

а) мектепті;

б) бакалавриатты;

в) балабақшаны;

г) репетиторлықты.

3. «Оқытудың кредиттік технологиясының институттандырылуы» деген терминді түсіндіріңіз.

4. Өзіңіздің студенттік өміріңізден мысалдар келтіріңіз:

1) жоғарғы білім беру функциясының байқалуы;

2) жоғары білім берудің дисфункциясының байқалуы.

5. Неге постиндустриалдық қоғамда білім деңгейі билікпен, байлықпен және престижбен қатар әлеуметтік мәртебені құрайтындардың біріне айналды?

8 – тақырып. Экономикалық әлеуметтану.

  1. Сөйлемдердің арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

1. КСРО-дағы еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша қозғалыс (ЕҒҰ)

A) Тәуелсіз, өзімшіл, ұтымды және ақпараттандырылған

2. «Экономикалық адам»

B) әлеуметтік қатынастарға қосылған; әлеуметтік топтың мүшесі; мінез-құлқы әр түрлі мотивтермен анықталады; ақпараттың жеткіліксіздігі жағдайында әрекет етеді

3. «Әлеуметтанулық адам»

C) ХХ ғасырдың 20 жж.

4. Экономикалық әлеуметтанудың мәні

D) кәсіпкерлік

5. Пайда табу мақсатымен ұйымдасқан инновацияны іске асыру

E) экономиканың қызмет етуінің әлеуметтік механизмі

6. Жұмыс бастылық

F) еңбекке қабілетті жіктерді шаруашылық қызметке араластыру тәсілдерінің қалыптасуымен байланысты әрекеттердің жиынтығы

7. Еңбек

G) адам өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен табиғатқа және басқа да адамдарға ықпал ету процесіндегі мақсатқа сәйкес қызмет

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Супермаркеттегі сатып алушының мінез-құлқын ұтымды деп атауға бола ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.

  1. Экономикалық мінез-құлықтың типологияларының бірі 3 типтен тұрады:

    1. рынокқа дейінгі мінез-құлық – жоғары жалақы, төмен кіріс

    2. псевдорыноктық – төмен жалақы, жоғары кіріс

    3. рыноктық мінез-құлықты сипаттаңыз

  1. Экономикалық әлеуметтану, экономикалық саясаттану бойынша кейбір қазақстандық ғалымдар Қазақстанда капитализмнің пайда болуы мүмкін емес, яғни, Қазақстан халықтарының экономикалық мәдениетінде батыстық құндылықтарға ұқсас құндылықтар жоқ деп есептейді. Сіз бұнымен келісесіз бе? Осы проблема бойынша өз пікіріңізді білдіріңіз.

  1. Төмендегілерді әлеуметтік институт ретінде сипаттаңыз:

а) кәсіпорын;

б) дүкен;

в) банк.

9-тақырып. Отбасы әлеуметтануы.

1. Сөйлемдердің арасындағы сәйкестікті көрсетіңіз:

1. Отбасы

A) бала тұлғасының рухани-өнегелік негіздерін анықтайды

2. Отбасының негізгі қызметі

B) қан араласу

3. Үлкендердің өмір салты, мінез-құлқы

C) қазіргі қоғам

4. адамзат қоғамының алғаш тыйым салғаны

D) бір әйел мен бір еркектің арасындағы ерлі-зайыптылық одақ

5. нуклеарлық отбасы

E) алғашқы қауымдық құрылыста пайда болған

6. Ата-ана некесі

F) көп күйеуге тию

7. Гемогенді отбасы

G) репродуктивтік

8. Полигамия

H) бір жыныстағы серіктестердің арасындағы және басқа жыныстың бірнеше серіктестерінің арасындағы ерлі-зайыптылық одақ

9. Гетерогенді отбасы

I) бір тап, бір әлеуметтік топ, бір каста өкілдерінің арасындағы неке

10. Эгалитарлық отбасы

J) тұрмыстың ортақтығымен және балаларды әлеуметтендірумен сипатталатын, некеге және қаны бір туысқандыққа негізделген адамдар қауымдастығы

11. Неке

K) көп әйел алушылық

12. Экзогамды неке

L) ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайы әркелкі отбасы

13. Патриархалдық отбасы

M) ерлі-зайыптылар арасындағы формальды және формальды емес нормалармен реттелетін қатынастардың жиынтығы.

14. Моногамия

N) әр түрлі топтар мен каста өкілдерінің арасындағы неке

15. Эндогамды неке

О) әйел және оның шешесі басқаратын отбасы

16. Полиандрия

P) ата-ана мен олардың балаларынан ғана тұратын отбасы

17. Полигиния

Q) ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең бөлінетін отбасы

R) күйеуі мен оның әкесі басқаратын отбасы

S) сексуалдық әріптестік мақсаттарымен қатар репродуктивтік мақсатты да көздейтін неке

T) ерлі-зайыптылардың әлеуметтік жағдайлары біртектес отбасы