- •1.2 Туристтік кәсіпкерлікте жарнамалардың мақсаттары
- •1.3 Жарнама таратудың негізгі әдіс құралдары
- •2. «Аққу» жшс турфирмасының жарнама қызметінің ұйымдастырылуы
- •2.1. «Аққу» жшс турфирмасының жалпы сипаттамасы және негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
- •2.2. «Аққу» жшс турфирмасының жарнама қызметін бағалау
- •3. Жшс «аққу» туристік фирмасының жарнамалық іскерлігін жетілдіру
- •3.1. Қазақстандағы жарнамалық іскерлікті дамытудың негізгі бағыттары
- •3.2 Жшс «аққу» туристік фирмасының медиажоспарын әзірлеу
2.2. «Аққу» жшс турфирмасының жарнама қызметін бағалау
Туристік фирма, өзге кәсіпорындар секілді жарнамадан айналып өте амайды, фирманың өзінде де, тауарда да қызметте де бұл қолданылады. Өзіміздің мақсаттарымызда «АҚҚУ» ЖШС туристік фирмасының жарнамасын пайдалану мақсатында қарастырайық. Баспаның периодты шығып отыруы мен уақытша телеарналардағы кесінділер және радиода нақты уақытта белгілеуді талап етеді. Отандық нарықта алдын ала турларды белгілеу жолға қойылмаған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көпшілік жолдамалар турлар басталғанша туристермен аз уақытта ғана қолға алынады. Сонықтан да, фирманың ерте нарыққа жарнамамен шығуы қажеттілік етпейді. Бірақ басқа жағынан, кеш болса да, жарнама кампаниясы да үлкен тиімділік алып келетінін аңғартады. Сондықтан да, әрбір фирма, туристік өнімнің, сұраныстың ерекшелігінен басқа (құжаттамадлық, визалық, кедендік және т.б.) жеке жарнама іс-шараларының графигін жасайды. [31, с.47].
Туристік фирма туралы көп білсін десек, олар өзі туралы көбірек айтқан жөн. Бұған жарнаманың көмегімен қол еткізуге болады. Бірақ бұл үшін, аз шығын құралдарын алып, ең жоғары табыстылыққа жету үшін, өзін қандай сипатта, қалай жарнамалау керектігін ойластырған абзал.
Жарнаманың мақсаты – назар аударту, қызығушылық таныту, тұтынушыға ақпаратты жеткізу және оны белгілі бір сипатта әрекет етуге жұмылдыру (мысалға, турагенттермен байланысу, келешектегі ақпаратты сұрату және т.б.).
Белгілі бір жарнама саясаты барлық фирмада жүреді немесе кәсіпорында. Оның айырмашылығы тек көлемі мен жарнама құралдарында.
«АҚҚУ» ЖШС жарнама компаниясының негізгі құралдары мыналар:
Саяхат туралы каталог «АҚҚУ» ЖШС – Сіздің көңіл-күйіңіздің маусымы» - оған туристік тауарлар мен қыметтер сипатталады, иллюстрациялар, бағалары жазылады. Каталог әртүрлі маршруттардың, отельдердің, экскурсиялық бағдарламалардың, транспорттық қызметтердің, кету уақытының түрлі сипаттамаларын жасайды.
Брошюралар мен анықтамалықтар – айрықша көлемді басылым, туристік демалыс орындарының тізімдемесін құрайды, кең ақпаратты орындар туралы транспорттар туралы қамтиды. Анықтамалықтар бірдей суреттелген парақшада басылады, олардың өндірісі аса жеңіл әрі арзан болып келеді. Атап өтерлігі, «АҚҚУ» ЖШС буклеттер шығарады, олар ондағы жеке жобаларды сипаттайды, туристерді аса үлкен қызығушылыққа шақырады. Барлық буклеттер типографияда, жақсы, сапалы қағазда, жазылады. Клиенттерге сыйластығын білдіртеді. Бұдан бөлек, барлық буклеттер әдемі әшекейленген. Аталған жарнамаларда көрерменге әсері олардағы аталған жобаның суреттерімен негізделеді. Фотосурет бұл турлардың шынайылығына жақындатады. Дәл солар потенциалды клиентке басты көріністі ұсынады. Мысалға, әртүрлі елдердің көзге көрік беретін жерлері: монастырьлар, мұражайлар, театрлар және көптеген өзге керемет жерлері. Мұның барлығы клиенттерді тартуға міндетті, олардың осы жерлерге баруға талпыныстары арта түседі. Мысалға, сіздің тағы да серуендеуіңізге болады, тағы да балық аулауыңызға болады деген секілді және т.б.
Іс жүзінде барлық жарнамалар екі тілдегі ақпараттан құралады: орыс, орыстілді тұрғындарға, және ағылшын шетелдік туристерге. «АҚҚУ» ЖШС баспа өнімдердің жарнама түрлеріне тапсырыс береді (12 кесте).
12 кесте – «АҚҚУ» ЖШС баспа жарнамалары үшін шығарылатын көрсеткіштер 2012 жылға
№ |
Атауы |
Саны |
Сомасы (теңге) |
1 |
Буклеттер |
1000 дана |
10000 |
2 |
Каталогтар |
100 дана |
20000 |
3 |
Брошюралар |
1000 дана |
10000 |
4 |
Парақшалар |
2000 дана |
16000 |
5 |
Лефлеттер |
500 дана |
3500 |
6 |
Визиткалар (қызметкерлер үшін) |
100 дана |
1000 |
|
Шығындардың жалпы сомасы |
59500 |
|
Ес к е р т у – автормен дереккөздер негізінде құрастырылған [6;28] |
|||
Жарнама буклеттерден бөлек, «АҚҚУ» ЖШС әртүрлі естелік өнімдерге тапсырыс береді (13 кесте).
13 кесте – «АҚҚУ» ЖШС жазбасы бар естелік өнімдерге берілген 2012 жылғы тапсырыстар
№ |
Атауы |
Саны |
Сомасы (теңге) |
1 |
Қаламсап |
1000 шт. |
20000 |
2 |
Күнтізбе |
500 шт. |
2500 |
3 |
Пакеттер |
1000 шт. |
10000 |
4 |
Блокноттар |
1000 шт. |
30000 |
|
Шығындардың жалпы сомасы |
62500 |
|
Ес к е р т у – автормен дереккөздер негізінде құрастырылған [6;28] |
|||
Осы орайда, баспа және естелік өнімдер шығарылымына 2012 жылы (12, 13 кестелер) 122 000 теңге жұмсалды. Келесі жылы фирма шығындарды 2 есеге дейін көбейтуді көздеп отыр.
Сату пунктіндегі жарнама негізінде плакатта, транспаранттар, аңдатпалар, жарнама қалқандары және дуалдардағы сатылым аумағындағы жапсырмалар түсіндіріледі. Бұл жарнама тұтынушыларға шешім қабылдау үрдісінде жарнама ақпаратында ескертпе жасауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі баспа өнімдері турфирмада кеңсеге тікелей қатысты сатылымдарды ынталандыруда пайдаланылады. Осы кезде, клиент туристік агенттікті таңдауда ауытқу жасағанда, орынжайды таңдауда, қонақ үй немесе транстпорт таңдауда ондағы боямалы анықтамалықтар көзге шалынуы әбден ықтимал.
Әртүрлі күнтізбелер, стендтер, бошюралар, журналдар, каталогтар жеке баспада клиентті тек өзіндік түрімен қызықтырып қана қоймай, тіпті жақсы маршруттарды ұсына алады. Аталған жарнама түрі аз шығынды болып келеді, осыған оай, мейлінше толық ақпартты сызба түрінде қабылдаған жөн [32, с.162].
Жарнама құралы әрекет етуші құралдары түзеді, оның көмегімен кәсіпорын клиентке аса жоғары ұсынылатын қызмет түрлері мен ақпаратты жеткізуге мүдделілілік танытады.
Бай тарихи мұрасы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштер, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылығы және Қазақстан Республикасымен әріптестікке дайын болуы елдегі туризмнің етек алуына және дамуына аса қатты ықпалын тигізеді. Заманауи нарықтық шарттарда компания жетекшілері кәсіпорын дамуындағы иммидждік саясаттың рөлін басым деп есептейді. Бұл тәжірибе Еуропа мен Азия елдерінде аталған салада қолданысқа ие.
Бұдан бөлек, жарнама буклеттері, «АҚҚУ» ЖШС туристік фирмада өзінің жарнамасын телевизияға және баспаларға орналастырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнама. Телевизия кең ауқымды мақсатты айқындап қана қоймай, онда әрекет етуге және қажет етілетін көрермен аудиториясының қызығушылығын арттыруға септігін тигізіетін құрал. Телевизия кең ауқымды қамтиды, әсіресе мейрам, демалыс күндері, киенттердің басым бөлігі өздерінің теледидарларының алдында отырғанда. Сонымен қатар, жарнамалар газетттерде, оқырмандарға қызығушылық туғызады. Өзінің жеделділігі күшінде, қайталануында, нарықтың кең ауқымында жарнаманың рөлі ерекше. Нәтижесінде қымбат визалы «АҚҚУ» турфирмасы мұндай жарнама түрлерін қабылдай алмайды.
«АҚҚУ» туристік фирмасының жарнамалары газеттерде шығады:
- «Атшабар»;
- «Ассортимент»;
- «Плюс»;
- «Шанс»;
- «La Tour».
Бұл Алматы қаласы тұрғындарына тегін таратылатын газеттердің нақ өзі. Әр апта сайын жарнаманың мәтіні өзгеріп отырады, қызмет көрсету мен уақыт ерекшліктеріне сәйкес алмастырылады.
Радио («Радио Energy», «Радио 31»). Оның негізгі ерекшелігі – жарнама ақпаратын көптеген адамдарға жеткізу мүмкіндігі. Жарнама құны әр түрлі ақпарат құралдарына байланысты әр түрлі болып келді. Бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау нақыт ақпарат пен оның құралдарына бөлінген қаржыға байланысты жүреді.
Аталған фирма, барлығы секілді жарнама орналастыруларын радиода, газеттерде, сондай-ақ ғаламторда жүргізеді.
Бүгінде ғаламтор жердің кез-келген бұрышынан ақпарат алудың ең тиімді жолы болып отыр. Бүгінде ешбір туристік фирма ғаламторсыз жұмыс жасай алмайтыны анық. Ауа райы, бағалары, отельдердің тізімі, келісім шарттардың жасалуы, құжаттар, визаға қатысты құжаттамаларының барлығы түрлі туристік кампаниялардың сайттарында табуға болады. Өзінің сайтында мекен-жайы бойынша, фирма туристке қажет болып қалады-ау деген ақпаратты орналастырады. Яғни, фирма туралы толық ақпарат турлар туралы, қызметтер туралы және т.б. салып қояды. Аталған жарнама ақпараттық сипатқа ие. Мұнда фирманың иммиджін қалыптастырады және фирма қызметінің көріністерін түзеп отырады.
«АҚҚУ» ЖШС турфирмасының клиенттерінің 40% жуығы газеттерден белгілі болады. Газеттің артықшылықтары өзге құралдармен салыстырғанда факторлар есебінен жүріп отырады. Яки, газеттер кең көлеміне байланысты өзге құралдарға қарағанда көп тарайды. Газет жарнамасы жоғары жеделділікте болады. Күн сайынғы баспа газеттердегі жарнама хабарландырулар тез тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Газет жарнамасы жиі әрі ұдайы жарннаманы мейлінше, бір адамға шаққанда аз шыығнадармен береді. Мұндай жарнамалардың жетіспеушілігіне уақыттың тығыздығы, «екінші» ретті оқырманның аудиториясының маңызсыздығы, баспаның жеткіліксіз жоғары баспасы.
Екінші орында танымал интернеттегі жарнама. Агенттікте толық сайты жұмыс жасайды: http:// www. akkutours.kz/. Бұл сайт-магазин сипатында болады. Бұл сайттың клиенті тапсырыс берушіге құқылы, ол үшін шынайы электрондық формасын толтырып, автоматты тапсырыстар базасына жөнелтуі қажет, яғни, ғаламтор арқылы брондау. Келесі өңдеу тапсырыста қарапайым сызбада жүреді (автоматты түрде немесе қолмен). Мұндай сайттарды құруға кететін шығын бірнеше мың долларды қамтиды, ал, кейбір жағдайларда – одан да көп) [28].
Сонымен қатар сайтта, компания туралы, көрсетілетін компания қызметтері туралы, әртүрлі елдер туралы ақпараттар, туризм жаңалықтары, әртүрлі елдердің визалық режимдері туралы ақпарат жайғастырылады.
Ғаламтордың негізгі пайдаланушылары көбінесе 40 жасқа дейінгілер және әртүрлі жастағы кеңсе қызметкерлері болады. Дәл осыларға ғаламтор-жарнама тағайындалады. Айтып өткеніміздей, компанияның негізгі клиенттері корпоративтік клиенттер. Әр түрлі кәсіпорындарда жұмыс жасайтын қызметкерлер, бұл адамдар, компьютер алдында күнінің бәрін өткізеді деуге болады: 09.00 ден 19.00 дейін. Оларға газет оқуға уақыт болмайды. Барлық қажетті ақпаратты олар ғаламтордан оқып біледі. Осы орайда ғаламтор аса маңызды қызметтің жылжуындағы құрал болып есептеледі және қалыпты иммиджді түзуде туристік компанияда негізгі орынды алады.
Хат-сауда-саттығында потенциалды клиенттерге белгілі бір мақсаттық топтарға жіберіліп отырады. Олардың көмегімен «ыстық турпакеттерді» іске асыруға болады немесе жедел ақпарат жөнелтуге болады. Хат-сауда-саттығы өз алдына пайдаланылады немее келешегі бар, брошюралармен үйлесім таабды.
«АҚҚУ» ЖШС 2008 жылы алғаш рет презентация жасауға бекінді, ол жаңа бағыттар мен жаңа отельдерді әлемнің әр түкпіріндегі, Алматының танымал ресторандарына бағытталды. 2011 жылыдң тамызында «АҚҚУ» ЖШС мен «Дастархан» ресторандар желісі арасында және «Shisha bar» түнгі клубы арасында біроесе отырып, презентциялар жасады.
Дербес сатылымдар ауызша тауарлар презентациясын түзеді. Қоғаммен байланысында (Public Relations) туристік компаниға жағымды иммидж түзіп жақсы қарым-қатынастарында түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарында құрылымдауды ұсынды.
Public relations көмегімен турөнімнің жылжу құралы болып табылады:
1. Баспаға ақпараттар газеттерге, журналдарға және өзге де басылымдарға беріледі. Олар өзгеріссіз, жазбасыз басып шығарады, ақпаратты беруші ұйымның атауы көрсетіледі. Баспамен жұмыс бірден-бір тиімді құралдардың бірі болып есептеледі.
2. Қоғамдық қатынастардың құралдарына радио және телевизия жатады, Олар турфирманың қызметін емес, оның жетістіктерін, қоршаған орта, әлеуметтік ортадағы және т.б. қызметін таныстырады.
2. Пресс-конференциялар алдын ала ойластырылған сценарий бойынша жүзеге асады.
Ережеге сәйкес, сценарий келесілерді қамтиды:
Қонақтарға жаңа турфирма өнімінің таныстырылуы;
Фирма өкілдерінің сұрақтарына фирманың қалай құрылғандығын айта отырып әңгімелеу, оның қызметі жайлы сауалдарға жауап беру.
Коктейльдік жағдайдағы және достық кешкі астағы жиындағы талқы.
Суретті әңгімелер - бұл турфирма туралы берілетін ақпараттың мейлінше толық түсініру тәсілі.
Жәрмеңкелер және өзге де ұйымдастырылатын іс-шаралар. Аталған әркет түрі қоғамда көптеген потенциальды клиенттердің бір жерде шоғырлануын анықтайды. Бұл ұлттық және халықаралық сауда жәрмеңкелері әмбебап дүкендерде болуы мүмкін.
Демеушілк және қайырымдылық – жоспарланған ақша құралдары коммерциялық емес қызметке салынады, нәтижесінде, фирманың иммиджі жақсара түседі және турқызметтің сату көлемі артады. Іс-шараларды ұйымдастырудың басты критерийлері және объектілері демеушілікте және қайырымдылықта олардың қоғамдық маңыздылығы және танымалдылығы болады. Мәдениетті, спортты, денсаулықты көтеру азаматтарға абырой алып келеді.
Сонымен, «АҚҚУ» ЖШС турфирмасы иммиджді тұрақтылықты қолдайды, яғни, жарнама ұдайы шығарылып тұрады.
Компания туралы ақпараттандыру негіздері, тікелей ауыс-түйістерде, жарнама және қоғаммен байланыста маңызды рөлді атқарады.
Туристік жарнама шеңберінде төртінші жыл қатарынан телевизияның, радионың және жылтыр журналдардың үлесінің төмендеуі байқалады. «АҚҚУ» ЖШС турфирмасы да тасада қалған жоқ. Сатылымдар біртіндеп өсуде, тележарнамаға, радиоға, бағасына қарағанда, жылтырдың (жыл сайын үш есе және төрт есе сәйкесінше көбейіп отырады). Әсіресе, бұл дағдарыс кезінде айқын сезілген. Перманенттің ұлғаюы телевизиялық жарнама құнының өсуінде және жылтыр журналдар жарнамасында бюджет ағымымен теңгеріледі, сонымен қатар – контексттік және баннерлік Ғламтор жарнамалары.
Сондықтан да компания өзге жарнама құралдарына акцент қойды, олар туристік нарықта танымалдыққа алып келе жатқан әр түрлі форматтағы биллбордтар, стикерлр, анықтамалықтар, брошюралар, интернет-жанамалар, көрмелерге қатысу. Компания барлық назарды арнайы журналдарға, газеттерге аударды және, сонымен қатар, жиі кейбір журналдарға жарнама мақалаларына тапсырыс беріп отырады (жылына бір рет). Фирмада бұрын жарнама хабарландырулары жылтыр журналдарға беретін, бірақ ол көп пайдаға алып бармады. Сондықтан «АҚҚУ» ЖШС турфирмасы өзінің назарын арнайы басылымдарға «Туризм и отдых» «Мир путешествий», «Туризм, отдых, природа», «Саясат», «Letour» аударды, сондай-ақ, іскер журналдарда, оларды менеджердер мен клерктер оқиды, авикомпаниялардың күн тәртібі, арнайы каталогтар және т.б., Ғаламтордағы тақырыптық сайттары [33, 97 б] .
Ынталандырушы іс-шаралар қалған коммуникация құралдарын қолдауға мүмкіндік берді, олар турлардың сатылымын жеделдетті әрі жеңілдетті. Ынталандыруы іс-шаралар көбінесе екі топқа бөлінді. Бірінші бағыты қызметкерлерге бағытталса, екіншісі – клиенттерге арналды.
Бірінші топқа барлық турагенттердің ынталандыратын іс-шаралары жатады, турөнім туралы білімі: таныстырылым туралы, анықтамалықтар. Брошюралар, көрме материалдары және т.б.
Брошюралар мен анықтамалықтар туроператорларда көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Көрсетілім материалдарына аңдатпа, стендтер, жергілікті өнер құралдары, демонстрациялық слайдтар.
Екінші топқа клиенттерге бағытталған іс-шаралар жиыны қатысты.
Тікелей пошта – бұл брошюралар мен анықтамалықтар, ықтимал клиенттерге бағытталған хат-сауда-саттығы; арнайы ұсыныстар - авиабилетерге уақытша бағаның төмендетілуі біртекті топтар үшін (студенттерге, зейнеткерлерге), бөлменің төменгі бағасы, отельдердегі өлі маусым; конкурстар мен лотореялар, мұнда сыйлық есебіндегі саясаты ұсынылады.
Ынталандырушы іс-шаралар сауда-саттықты қолдауда көбінесе жарнаманы қосады және қысқамерзімді туристік қызметтің өсуіне алып келеді.
Сауда-саттықты қолдау – бұл қосымша ынталанырушы ұсыныс. Оның басты басымдылығы көпшілігінде және ептілігінде [34, 158 б.].
Өткізу арнасын басқарудың келесі кезеңі бұл түрлі туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу болып отыр. Көрмелер мен жәрмеңкелер әріптес іздеуде кең көледі көзқарасқа ие және іскерлік байланыстарды орнатуда мүдделі болады. Жылжытудың аталған түрі делдалдарға бағытталған, өткізуді ынталандырушы болып табылады. Көрмелердің ұқсас түрлері жыл сайын Алматыда ғана емес, өзге де қалаларда қазақстандық сондай-ақ халықаралық деңгейде өткізіліп тұрады.
«АҚҚУ» ЖШС баспа мен естелік бұйымдарды жарнамалауды ұсынады. Естелік жарнама – жарнаманың ең арзан түрі (6 мың тг көлемінде жазатын қаламсап, фирманың нышаны бейнеленген). Жарнама Баспада 103 мың тг болады (6 жол, 3 ай көлемінде, газетке әр ай сайын шығарылады). Біліктілікті арттыру үшін біздер жарнаманың транспортта, сыртқы плакаттар жапсыру арқылы жүргіземіз.
Өзінің турқызметін аса сәтті жүргізу үшін «АҚҚУ» ЖШС толық циклды «ALNA Media Marketing» жарнама агенттігінмен келісім-ішарт жасасып, ондағы сыртқы түріне, жарнама стендтерне, буклеттерге, жарнама мақалаларға, газеттерге өзіне назар аудартып отыр.
Компания иммиджінің негізін құрайды: қызметкердің сыртқы және ішкі іскерлік және тұлғааралық қатынастардың стилі және ресми нышаны – ұйымның атауы, бейнесі, тауарлық белгісі. Қоғамдық пікірден алынған сауалнама сұрақтарын зерттеу нәтижесінде консалтингтік фирмалардағы, көрсетілген коэффициенттер көлемі бағаланған. Былай айтқанда, максималды әсері (50%) отельдің иммиджіне әсер етееді, тұрақты клиентке оның оран-жайының екінші орында (30%), ал тарифы – үшінші орында (20%) болады.
Қазіргі кезде Қазақстанда барлық назар иммидждік саясат пен әр түрлі жарнама компаниялар, презентациялар, ұтыс ойыны құралдары арқылына жылжып отыр. Көбінесе жылыту үшін жеңілдіктер пайдаланылады:
- маусымдық жеңілдіктер 10 %;
- мерекелерге аналған жеңілдіктер – 5 %;
- отбасылық жеңілдіктер 10 – 15 %;
- топтық, ЖШС жеңілдіктер 10 – 20 %;
- балаларға арналған жеңілдіктер 5 - 10%;
- арнайы (жеңілдікке арнайы купоны барлар немесе фирмаға жаңа клиент алып келген клиенттерге арналған);
- тұрақты клиенттерге жеңілдіктер.
Жүргізілген жарнама іс-шаралары, оларға кеткен шығындар, есептеулер (14 кесте).
14 кесте – «АҚҚУ» ЖШС 2012 жылға арналған жарнама дайындауға арналған есептеулер
№ |
Іс-шаралар |
Шығындар |
Бағасы теңгемен |
1 |
Көрмеге қатысу |
1 ш м көрме аумағының дизайн |
45000
45000 |
2 |
Телеарналарға берілетін бейнероликтер |
1 минуты |
7500 |
3 |
Журналдарға берілген, жарнамалар мен хабарландырулар |
ј беті |
4000 |
4 |
Газеттерге берілетін жарнамалар, хабарландырулар |
Ѕ беті |
9000 |
5 |
Газеттер мен журналарға берілетін жарнаманы дайындау |
Фототүсірілім Дизайн |
45000 45000 |
6 |
Баспа жарнама |
1 парағы |
59500 |
7 |
Сыртқы жарнама |
Жарнама қалқандарын жалға алу (1 ай) |
4 қалқанға150000 |
8 |
Жарнама қалқандарын дайындау |
Фототүсірілім, дизайн, өндіріс |
150000 |
9 |
Естелік жарнама |
Дайындау |
62500 |
|
Қорытынды |
|
3 259 000 |
Ес к е р т у – автормен дереккөздер негізінде құрастырылған [6;28] |
|||
14 кестені талдай келе, келесідей тұжырымдамалар шығаруға болады: жарнама іс-шараларын жасау құны 3 259 000 теңгені құрап отыр.
Жарнама бүгінде біздің өмірімізге етене еніп, оның бір бөлшегі болып қалыптасты. Ол туралы пікірталас қарама-қайшы көзқарастарға алып келдеді. Көпшілігі мұны сүйікті теле және радиобағдарламаларын үзіп, көшеде – аяқ басса көзге шалынатын, транспортта тұрады деп жақтыра қоймайды. Әр түрлі орындарда алдыңнан шығады. Жарнама туралы қандай да бір мақтау айту – сиректік, тіпті онда жасайтындардың өзін қоса алғанда. Негізінен жағымсыз жақтары жарнаманың пайда болуына да қатысты болып отыр. Бірақ біздер қалай да оған көзқарас танытсақ та, ол біздің қоғамның бар болуының өзі де, оған ауадай қажет екендігін аңғартып отыр.
Жарнама мен өткізуді қолдау арасындағы негізгі айырмашылық оның тауар немесе қызметке қосатын құндылығының айналу тәсіліне байланысты болып келеді. Жарнама имиджді қалыптастырумен айналысқан кезде, өткізу арналарын басқару өткізуді қолдауды жүзеге асырады. Басқа жағынан алсақ, олардың негізгі тапсырмасы болып, тұтынушыларға тауардың мол санын өткізуге бағытталады.
Жарнамалық іскерлікті жетілдіру қызметтің оңтайлығына негізделеді, оның жаңа нарықтық талаптарға сай өзгере алатынына байланысты болады. Олардың қатарына газет-журналдар, TV, радио, ілмелер, ескерткіштік жарнамалар және т.б. Жарнаманың мақсаты – тұтынушының назарын аудару, қызығушылығын тудыру, тұтынушыға ақпарат тарату және оны тиісті үлгі бойынша іс-әрекет жасауға итермелеу (мәселен, турагентпен байланысқа шығып, одан арғы ақпаратты сұрау) [35, 142 б].
Турфирмадағы қызметтің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу шығындары 15 кестеде келтірілген.
Кесте 15 - Турфирмадағы қызметтің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу шығындары
№ |
Шығындар түрлері |
Сомасы, мың теңге |
Бір уақыттағы және ағымдағы шығындар |
||
1 |
жарнама бойынша семинарларға төлемдер |
270 мың тг. |
2 |
жарнама бойынша кеңес беруші қызметіне төлем |
225 мың тг. |
3 |
транспортта жарнаманы ілу |
175 мың тг. |
4 |
басқа ұйымдар мамандарының қызметтеріне төлем (бухгалтер, жарнама бойынша менеджер) |
190 мың тг. |
|
Қорытынды |
415 мың тг. |
Е с к е р т у – автормен құрастырылған |
||
Сонымен, ЖШС «АҚҚУ» туристік фирмасының қызметтерінің сапасын арттыру үшін жобаны жүзеге асыруға 415 мың теңге шығындалу керек. Бір уақыттағы шығындарға квалифкацияны арттыру іс-шаралары жатады.
Жарнама бойынша менеджер TV, Интернет және көрмелерге қатысуды басқарады.
Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, ЖШС «АҚҚУ» туристік фирмасы өзінің қызметтерін әр түрлі жарнаманың түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырады [3, 11 б].
брошюралар мен анықтамалықтар – көлемі аз басылымдар, ол туристік демалыс орындарының тізімін, жарнама ілетін орындар мен транспорттың күнтізбесін кіріктіреді. Туристік кәсіпорындар туристік қызметтер мен өткізудің қосымша құралдарын ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Проспекттер әдетте, қарапайым безендірілген парақта басылып шығарылады. Олар ақпараттар құралдарындағы жарнаманы толықтыру үшін қызмет етеді. Олар жарнаманың ең кең таралған түріне жатады;
арнайы мақсатты топтарға бөлінген, қызығушылықтары белгілі потенциалды тұтынушыларға сату хаттары жіберіледі. Олардың көмегімен «турпакеттерді» немесе ақпаратты жылдам жіберуге болады;
ақпараттар құралдарындағы жарнама – теледидардағы, радиодағы, даладағы жарнама. Оның негізгі ерекшелігі – жарнамалық ақпаратты көптеген адамдарға тарата алу мүмкіндігі;
даладағы жарнама анықталған жерлерде орналастырылады, ол ірі емес ақпаратқа ие болады, символдар мен суреттерден тұрады. Далалық жарнаманың бұл сапалары оған деген қызығушылықтың аз ғана мерзімді қамтитынымен түсіндіріледі. Әдетте, қарапайым безендірілген парақта басылып шығарылады;
өткізу пунктінде плакаттарды, транспорантты, афишаны, жарнамалық қалқандарды бөлмеде жайғастыру. Бұл жарнаманың түрі тұтынушыларға бұрын соңды олар соқтыққан ақпараттар сияқты аталған жарнаманың ақпараттарымен таныстыру үшін арналған.
Тұтынушы өнімге деген нарық талаптарының артуы, сонымен қатар, өндіріс үдерістерінің күрделенуі кәсіпорынға сапа мәселелерін шешу тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Тұтынушының талаптары мен тұтынушы сипаттамаларына көрсетілетін қызметтердің шекті деңгейлі сәйкестігі – нарықтың басты бағыты. Қызмет маркетингпен, оның негізгі қағидаларымен және тапсырмаларымен байланысты; ол оның иілгіштігімен, нарықтың өзгергіштігіне бірден бейімделушілігімен көзге түседі.
«АҚҚУ» ЖШС туристік фирмасының жарнама өнімінің ішкі түріне келесілер жатады: ЖШС «АҚҚУ» туристік фирмасының координаттары, жарнамалық фотолары ілінген корпоративтік визиткалары, мұнда турфирмаға қалай баруға болатыны да жазылады; буклеттер (фирма жайлы бірнеше ақпараттар, фотографиялар, қызметтер, ЖШС «АҚҚУ» туристік фирмасының координаттары); клубтық және дисконттық карталар; фирмалық символы бар ескерткіштер, майкалар, тостағаншалар, ашқыштар, күнтізбелер, конверттер және т.б.; фирмалық ақпараттық папкалар.
Сыртқы жарнама ретінде келесілер қолданылады: турфирманың ғимаратында маңдайшалар, жол нұсқаушылар, автокөліктердегі жарнамалар.
Ішкі жарнаманың негізгі түрлеріне: профильді көрмелерде стендтер; көрмелерде, кездесулерде, конференцияларда, презентацияларда және т.б. жерлерде таратылатын буклеттер, парақшалар; әріптес компаниялар мен қонақ үй және туристік порталдарда, сайттарда турфирманың беттері; ақпараттар құралдарында жарнамалар (журналдар, газеттер, теледидар, радио); әуежайларда, бизнес-орталықтарда баннерлер мен плакаттар; әр түрлі ауқымды іс-шараларды өткізген кездегі плакаттар (күнтізбелер, пакеттер және т.б.), клубтық және дисконттық карталар.
2012 жылы «АҚҚУ» туристік фирмасының жарнамалық іскерлігіне жалпы 3 674 000 теңге жұмсалды.
Жалпы алғанда, «АҚҚУ» туристік фирмасының жарнамалық фирмасының жарнамалық іскерлігі жақсы деген бағамен бағаланды. Жарнамалық іскерлікті жақсарту бойынша ұсыныстар үшінші бөлімде беріледі.
