Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биостат.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
296 Кб
Скачать
☆

5. Сандық деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.

Мөлшерлік (сандық) деректер

Айнымалылар қандай да бір сандық мәнді қабылдайды.

Үздіксіз :

Деректер берілген диапазондағы (кесіндідегі) кез келген сандық мәнді қабылдауы мүмкін. Мәндер саны шексіз, өлшеудің дәлдігіне байланысты ,мәндер бөлшек құрамдас болулары да мүмкін.

Мысалдар: температура, салмақ, бой ұзындығы,қан қысымы.

Дискретті сандық:

Деректер тек қатаң бекітілген бүтін сандық мәндерден тұрады. Деректер мәндері бүтін мәнге ғана өзгереді, және ешқандай аралық мән болмайды.

Бұл мәндер үшін шама да,реті де маңызды.

Мысалдар: күндер саны, пациенттер саны,дәрігерде болу саны,адамның соңғы бес жылдағы ауруының саны.

6. Өлшеуіш шкалаларының негізгі түрлері және олардың сипаттамалары.

Деректерді өлшеу шкалалары

Бағытталған, арнайы ұйымдастырылған медицина-биологиялық тәжірибенің қажетті құрамдас бөлігі өлшеу болып табылады. Ол талдаудың сапалық деңгейінен сандық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауға көшуге мүмкіндік береді.

Шкала – өлшеу процедурасының қажетті, міндетті элементі. Өлшеу шкалаларының негізгі түрлері:

  • Номиналды немесе категориялы,

  • Реттік немесе бағалық,

  • Интервалдық,

  • Қатынастар шкаласы.

Номиналды немесе категориялы шкала

Айнымалылар әрқайсысы сол айнымалыға тән қандай да бір сапаны сипаттайтын категорияларды анықтайды; осылайша объкті, адамды немесе қасиетті классификациялауға (топтауға)болады.

Категорияларға сандық емес белгілеу болуы мүмкін (мысалы, нәсіл, жыныс) немесе сандық код (мысалы, пациенттің идентификациялық нөмірі).

Реттік немесе бағалау шкаласы

Шамалар мәндері бойынша реттелуі мүмкін (мысалы, өлшем, құндылық, күрделілік).

Интервалдық шкала

Бақылаулар арасындағы аралықтар белгілі бір өлшем бірлігімен өрнектеледі.

Интервалдық шкала белгінің өлшемдері арасындағы айырманы көрсетеді.

Мысал: кейбір температура шкалалары (Фаренгейт, Цельсий)

Кейбір интервалдық шкалалар циклдік болып табылады (жыл мерзімі, тәулік мезгілі).

Қатынастар шкаласы

Екі бақылаудың мәндерінің қатынасы алынады.Санақ басы анықталған және бекітілген. Өлшеу бірліктері тең.

Мысал: салмақ, арақашықтық, уақыт, Кельвиннің температура шкаласы.

7.Деректерді бейнелеудің графиктік әдісін қолдану қажеттілігі.

Деректерді графиктік түрде кескіндеу

Қолданылуы:

  • Деректердің құрылымы мен сипаттық ерекшеліктерін танып білу үшін;

  • Деректердегі қателіктерді табу үшін;

  • Кездейсоқ шамалардың арасындағы өзара байланысты зерттеу үшін;

  • Деректердің таңдалынып алынған үлгілерге сәйкестігін бағалау үшін;

  • Жаңа құбылыстарды аңғару үшін;

  • Деректерді өзгерту, түзету қажеттілігін айқындау және оны жүзеге асыру әдістерін анықтау

(деректерді түрлендіру, қосымша деректер жинау немесе тәжірибе шартын өзгерту) үшін.

8.Дискретті деректерді бейнелейтін негізгі графиктер.

Дискретті деректерді графиктік түрде кескіндеу

Кесте

  • Бағаналы диаграмма

  • Пиктограмма

  • Дөңгелек диаграмма

  • График

  • Нүктелік график

9.Үздіксіз деректерді бейнелейтін негізгі графиктер.

Үздіксіз деректерді графиктік түрде кескіндеу

  • Гистограмма

  • «Жапырақты сабақ» диаграммасы

  • «Мұртты жәшік» диаграммасы

  • Лоренц қисығы

  • Жиіліктер полигоны

  • Таралу қисығы

  • График «частокол»

10. Статистикалық жиынтықтың анықтамасы. Бас жиынтықтың, таңдама жиынтықтың анықтамасы.

Бір белгілі мерзімде және аймақта, көп санды бір тектес элементтерден құралған топты статистикалық жиынтық дейміз

Таңдама жиынтық немесе жай таңдама деп кездейсоқ таңдап алынған обьектілер жиынын айтады.

Бас жиынтық деп ішінен таңдама жүргізілетін обьектілер жиынын айтады.

11.Таңдама тәсіл ұғымы.

Біртекті обьектілердің жиынтығын оларды сипаттайтын сапалық және сандық белгісі бойынша зерттеу керек болсын. Мысалы, бір партия құралдар бар болса, олардың сапалық белгісі ретінде стандарттылығы сандық белгісі ретінде-құралдың өлшемі қарастырылады.

Кей кезде жиынның әр обьектісін қажет белгісіне қатысты зерттеп, жаппай зерттеу жүргізеді. Алайда, практикада мұндай жаппай зерттеу салыстырмалы түрде сирек қолданылады.

Практикада таңдаманың түрлі әдістері қолданылады. Бұл әдістерді 2 түрге топтауға болады.

І. Бас жиынтықты бөлшектеп бөлуді қажет етпейтін таңдама, оған:

а) жай кездейсоқ қайталанымсыз таңдама;

б) жай кездейсоқ қайталанбалы таңдама;

ІІ. Бас жиынтық бөлшектеп бөлінетін таңдама, оған:

а) типтік таңдама;

ә) механикалық таңдама;

б) сериялық таңдама

жатады.

Жай кездейсоқ таңдама деп барлық бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден алатын таңдаманы атайды. Егер алынған карточкаларды бумаға қайтармаса, онда таңдама жай кездейсоқ қайталанымсыз болады.

Типтік таңдама деп, обьектілер бас жиынтықтың барлығынан емес, оның әрбір «типтікң бөлігінен алынатын таңдаманы атайды.

Механикалық таңдама деп бас жиынтық таңдамаға қанша обьект қажет болса, сонша топқа бөлінетін таңдаманы атайды, әрбір топтан бір обьект алынады.

Сериялық таңдама деп бас жиынтықтан обьектілерді бір-бірден емес, жаппай зерттеуге ұшырайтын обьектілер «серияларменң таңдап алатын таңдаманы атайды.