Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-«SDH-ң-қолдануымен-Байганин-Қандыағаш-бөлі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6 Бизнес жоспар

6.1 Бизнес жоспар мақсаты

«Қандыағаш – Байганин» учаскесінде SDH тарату жүйесін пайдаланумен ТОБЖ-ны ұйымдастыру.

Осы бизнес – жоспарда Қазақстан Республикасы ұлттық біріншілік желісін жетілдіру мақсатымен ТОБЖ-ды жобалауды негіздеу болып табылады.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы магистралдық байланыс желілері боцынша ақпаратты тарату сапасының нашарлауы бақыланады. Мұның басты себебі магистралдық байланыс желілерінде пайдаланылатын жабдықтың физикалық және моралдық тозуы. Осы проблеманы шешу үшін ақпаратты таратудың және технологияларын пайдалануға көшу және әлемдік стандарттарға сәйкесті қазіргі заманғы аппаратураны қолдану қажет. Жер жүзінің көптеген елдерінде таратудың цифрлық әдістері негізіндегі желіні құруды қарастыратын байланыс желілерін цифрландыру бағыты алынған.

«Қандыағаш – Байганин» учаскесінде ТОТЖ-ы құрылысын салу жоғары жылдамдығы бар ақпаратты таратудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Сондықтан осы дипломдық жобаның мақсаты аналогтық тарату жүйесі К-60 п-ның орнына «Siemens AG» фирмасының STM-4 ағыны бар SDH (СЦИ) синхронды цифрлық иерархия аппаратурасын қолдану мен Қандыағаш – Байганин учаскесінде сенімді талшықты оптикалық байланыс жолы құрылысын салу болып табылады.

6.2 Компания және сала

«Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті 1994 ж 17 маусымдағы № 666 «Республика барлық территориясында байланыс қызметтерінің кең диапозонын беретін «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясын құру туралы» қаулысымен сәйкес құрылған.

«Қазақтелеком» АҚ-ы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылуы бар телекоммуникация бірігей желісінің ұлттық операторы болып табылады.

Оның атқару қызметі (миссиясы) мынадан тұрады:

  • Қазақстан Республикасы бүкіл территориясында физикалық және құқықтық тұлғаларға жалпы қол жеткізулік байланыс қызметтерін көрсету;

  • Қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологиялар негізінде барлық экономика, қоғам және Қазақстан мемлекет билігі органдары субъектілерінің ақпараттық алмасуға деген мұқтаждықтарын қанағаттандыру.

«Қазақтелеком» АҚ келесі негізгі қызметтерді көрсетеді:

  • жергілікті, қалааралық, халықаралық телефондық байланыс;

  • телеграф, телекс, деректерді беру;

  • жерсеріктік байланыс;

  • сымды хабар тарату;

  • байланыс арналарын жалға беру.

Алдыңғы жылдарда «Қазақтелеком» АҚ іс-әрекеті бірегей техникалық және ұйымдастырушылық идеология негізінде жұмыс істейтін және дамитын, жоғары сапалы ішкі және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникация қызметтері барлық түрлерін қамтуда қуатты базаны қамтамасыз ететін қазіргі заманғы телекоммуникация желілерін құруға бағытталған.

«Қазақтелеком» АҚ инвестициялық саясаты байланыс құралдарын жетекші әлемдік шығарушылардың ең жаңа технологиясы негізінде қазіргі заманғы телекоммуникациялық инфраструктураны қалыптастыруға және Қазақстан Республикасы территориясы арқылы ақпараттық ағындар транзитын ұлғайтуға бағытталған. Ең басымды бағыттардың бірі магистралдық және жергілікті телекоммуникация желілерін модернизациялау және дамыту, ол аналогтық магистралдық желілерді толығымен SDH сақиналары технологиясын пайдаланумен жер үстілік талшықты – оптикалық жоғары жылдамдықты цифрлық магистралдық желілерге ауыстырудан және жаңа ішкі аймақтық бағыттарды ұйымдастырудан тұрады. Бұл магистралдық желінің эксплуатциясын арзандатуға, қосылыстардың жоғарғы сапасына әкеледі, және де байланстың жоғары сапалы цифрлық арналарын және транспорттық ортаны беру негізінде республикады телекоммуникация нарығы дамуын қамтамасыз етеді және еліміздің ұзақ мерзімді конкуренттік артықшылықтары үшін техникалық базаны құруға, әрі технологиялық алға шығуға мүмкіндік жасайды.