- •Мазмұны
- •1. Қазіргі байланысты ұйымдастыруды талдау
- •1.1 Байланыс магистралы сипаттамасы
- •1.1.2 Тобж-ны жүргізу үшін арнажолды таңдау
- •1.2 Критикалық талдау
- •1.3 Байланыс саласының ғылыми және техникалың дамуы
- •1.4 Қойылған мәселені негіздеу
- •2. Арналар санын есептеу және тарату жүйесін таңдау
- •2.1. Қажетті арналар санын және тарату жылдамдығын есептеу
- •2.2. Тарату жүйесін таңдау
- •Жабдықтың конструктивтік ерекшеліктері
- •2.4 Siemens ag фирмасының sma-1/4 r2 тарату аппаратурасы техникалық аппаратурасы
- •2.5 Байланыстың жобаланатын схемасы
- •3 Кабельді таңдау және талшықты оптикалық тарату жүйесі (тотж) екіншілік параметрлерін есептеу
- •3.1 Жобаланатын талшықты оптикалық байланыс жолы (тобж) үшін кабельді таңдау
- •3.2 Регенерациялық учаске ұзындығы
- •3.3 Оптикалық талшықтар негізгі типтері
- •3.4 Талшық көрсеткіштерін есептеу және оптикалық кабель типін таңдау
- •3.5 Талшықтың сәулежол дисперсиясын есептеу
- •3.6 Талшықта сәулеленудің таралуының сәулелеік талдауы
- •3.7 Тотж регенерация учаскесі ұзындығын есептеу
- •3.9 Талшықты оптикалық жүйелердің сенімділігін есептеу
- •3.10 Тотж параметрлерін есептеу
- •3.10.1 Қабылдағыш сезімталдығын есептеу
- •3.10.2 От жалғаушылары өшуін есептеу
- •3.10.3 Энергетикалық потенциалды есептеу
- •3.10.4 Жобаланатын тотж шапшаңдығын есептеу
- •4 Электр қоректенуді есептеу
- •4.1 Жобаланатын жабдықтың электр қоректенуін есептеу
- •4.2 Токты тармақтау желісін ұйымдастыру
- •4.3 Токты тармақтау желісін есептеу
- •5 Кабельді салу
- •5.1 Жобаланатын магистралдың ерекшеліктері
- •5.2 Дайын траншеяға турбаны салу
- •5.3 Турбаны механизациялау жүргізіп салу
- •5.4 Темір жол, автомобильдік жол және су өткелі арқылы өтелерді ұйымдастыру
- •5.5 Горизонтальды - бағытталған бұрғылауы бар машинаны пайдаланумен кедергі арқылы өтпені ұйымдастыру
- •5.6 Турбаларды бір-бірімен жалғау
- •5.7 Турбаларды калибрлеу (өлшемдеу)
- •5.8 Камераларды орнату және монтаждау
- •5.9 Турбаны кабельді үрлеу технологиясы
- •6 Бизнес жоспар
- •6.1 Бизнес жоспар мақсаты
- •6.2 Компания және сала
- •6.3 Қызмет - өнім
- •6.4 Маркетинг
- •6.5 Капиталдық салымдарды есептеу
- •6.7 Өндірістік жоспар
- •6.8 Қаржылық жоспар
- •6.8.1 Табыстар
- •6.8.2 Эксплуатациялық шығындар
- •7. Еңбекті қорғау
- •7.1 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •7.2 Өндірістік санитария
- •7.2.1 Найзағайдан қорғану
- •7.2.2 Электр қауіпсіздігі
- •7.2.3 Өндірістік жарықтандыру
- •7.3 Автоматты бақылау жүйесіндегі оператор үшін оптималды жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі
7.2.3 Өндірістік жарықтандыру
Жұмыс орнының жарықтандырылуы – қаліпті түрде жұмыс істеу шарттарының ең маңызды факторларының бірі. Дұрыс жобаланып орындалған жарықтандыру жүйесі көп жұмыс істеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді, жұмыс істеушіге оң психологиялық әсер тигізеді, жұмыс өнімін арттырады. Өндірістік жарықтандыру мәселесінің маңыздылығын «адам-машина» жүйесіндегі оператор жұмысының 90 % көру арқылы орындалатынынан байқаймыз.
Жарық адам ағзасының жалпы жағдайына әсер етеді. Сондықтан жұмыс орнындағы жарықтандырудың дұрыс таңдалуы өте қажетті.
СниП 11-4-79 бойынша станциядағы жарықтандыру келесідегідей ұйымдастырылады:
айырмашылығын танитындай ең кіші обьект 0.3-0.5мм;
контраст – орташа;
фон – орташа;
жарықтандыру, Лк – 300.
Құрылғы залында жасанды және табиғи жарықтандыру жүйесі қолданылады, ал операторлық залда тек қана жасанды жарықтандыру жүйесі қолданылады.
Табиғи жарықтандыру өзінің спектралды құрамы бойынша ең тиімді және жағымды болып келеді. Аппараттық залда екі жақты бүйір жарықтандыру қолданылады: 4 м2 ауданы дар үш терезе.
Жасанды жарықтандыру жағдайында адамның көзінің жұмыс істеу қабілетіне, физикалық және моралды жағдайына көбірек әсер етеді, яғни өнім өндіруге де өнім сапасына да және өндірістік травматизмге де әсері көбірек болады.
Жұмыс істеудің қолайлы жағдайын жасау үшін жасанды жарықтандыру үш талапқа сай болуы керек:
а) жұмыс орнындағы жарықтандыру гигиеналық нормаларға сәйкес болуы керек;
б) жарықтандыру біркелкі болу керек;
в) жұмыс орнында көлеңкенің аз болуы;
Жұмыс істеу қабілетіне жарықтандырудың басқа да факторлары әсер етеді:
а) обьект және фон арасындағы контраст;
б) жарықтың спектрлік құрамы;
в) жұмыс істеу аумағының және қоршаған ауланың жарықтығының қатынасы;
г) көр болу көрсеткіші
д) жарықтандырудың пульсациялық коэфициенті.
Станцияда жалпы жарықтандыру жүйесі қолданылыда. Жарық көзі ретінде 18 және 20 Вт ЛД типтік люминесцентті лампалар қолданылады. Аппараттық залда 18 дана қолданылады, ал операторлық залда 24 дана қолданылады. Люминесцентты лампалардың тиімділігі, олардың жарық беру көрсеткішінің жоғарылығында, қызмет көрсету мерзімінің ұзақтылығында, табиғи спектралды құрамға жақындылығы.
7.3 Автоматты бақылау жүйесіндегі оператор үшін оптималды жұмыс істеу шарттарын қамтамасыз ету
Байланыс жүйесінің компьютеризациясы және автоматизациясы жұмыс істеу сипаттамасының және жұмыс істеу құралдарының түбегейлі өзгеруіне әкеліп соғады, яғни жұмыс істеу шарттары да өзгереді. Еңбек оңайлатылады, оның шарттары денсаулық үшін жеңілдеу блоады, өйткені ол операторлық жұмыс істеу сферасына кіретін обьект моделі арқылы (процессор) обьектты бақылайды.
Жұмыс аумағындағы оператор орындаға және техникалық құралдардың орналасу тәртібі негізгі функционалдық түйіндерге және техникалық диагностика профилактика және жөндеу жұмысын жүргізу үшін құрылғылар блогына ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету керек. Жұмыс істеу жағдайы жұмыс орнына тез келу және кету мүмкіншілігін, ақпаратты кездейсоқ еңгізу немесе керісінші кездейсоқ өшіру мүмкіншілігін жоққа шығару, ыңғайлы жұмыс істеу позасын және демалу позасын ескеру керек. Жұмыс істеу орнының эскизы 5.3.1-суретте келтірілген.
1 – оператордың жұмыс істеу орны; 2 – клавиатура; 3 – монитор; 4 – жүйелік блок; 5 –принтер; 6 – розетка питания; 7 - блоктарды қоректендірудің желілік кабелдері.
7.3.1-сурет. Жұмыс орнының рекомендацияланатын орналасу тәртібі
А стандартындағы серіктік байланыс жүйесінің станцисяы бөлек бірэтажды ғимаратта орналасқан, онда құрылғылар және қабылдаушылардың барлығы орналасқан.
Құрылғы залының бөлмесінде жылдың кез-келген уақытында қалыпты жұмыс істеу үшін (< 22º) температураны және ылғалдықты (30-40% шамасында) қалыпты жағдайда, таза ауа жіберуді, шаңнан тазартылған ауаны жіберуді қамтамасыз ететін осы замаңға сай «АРАС» фирмасының кондиционерлері орналасқан. Кейбір бөлмелерге ауаны бөлу үрдісін бақылауды жекелендіруге болады.
Барлық желдету жүйелерді өлшеу негізінде бір-біріне жақын әдістер қолданылады, олар желдету жұмысына әсер ететін коэфициенттер көмегімен әртүрлі факторларды есептейді. Есептеу формулаларындағы коэфициенттер көп болған сайын, есептелетін факторлар саны да көбейіп алынған нәтиже де дәлірек болады. Аппараттық залда жылу көп қалуы мүмкін, оларды жою кондиционерлеу жүйесінің жұмысы.
Жылу шамасының артық болу жағдайындағы, артық жылуды жою келесі формуламен анықталады:
(7.7)
мұндағы Qизб – артық жылу, ккал/сағ;
Сb – құрғақ ауаның жылу сиымдылығы, (0.24 ккал/кг ˚С);
Δt =tвых-tвх – бөлмеге кіретін және бөлмеден шығатын ауаның айырмашылығы, С˚;
γb = 1.206 кг/м3 – удельная масса приточного воздуха.
Есептеу кезінде Δt өлшемі ауаның жылу тығыздығына байланысты алынады.
Qн = Qизб/Vп .
Егер жылу ауаның тығыздығы Qн < 20 ккал/м3 болса, онда Δt =6 ˚С мәнін аламыз, ал егер Qн > 20 болса, онда Δt = 8 ˚ С мәнін аламыз.
Қажеттен тыс жылу мөлшері
(7.8)
мұндағы Qоб – өндірістік құрылғы бөлетін жылуы, ккал/сағ;
Qосв – бөлмедегі жасанды жарықтандыру жүйесінің бөлетін жылу мөлшері, ккал/сағ;
Qл – адамдар бөлетін жылу тепло, ккал/сағ;
Qр – бөлмеге күн арқылы кіретін жылу мөлшері, ккал/сағ;
Qотд – табиғи жылудың бөліну мөлшері, ккал/сағ.
Өндірістік құрылғылар бөлетін жылу мөлшерін келесі қатынас арқылы білуге болады:
(7.9)
мұндағы 860 – 1кВт/сағ сәйкес жылу;
Роб – құрылғы тұтынатын қуат мөлшері, кВт/сағ (Роб=40 кВт/сағ);
n – бөлмеге көшетін жылу мөлшері, n=0.95 деп алынады;
,
(7.10)
Жарықтандыру құралдары бөлетін жылу мөлшері
(7.11)
мұндағы Росв – жарықтандыру құрылдарының қуаты (Росв=0.018 кВт);
α – электрлік энергияны жылуға айналдыру ПӘК-і; (белсенді лампалары үшін 0.92-0.97);
β – құрылғылардың бөлмеде бір уақытта істеу ПӘК-і; (егер құрылғылардың барлығы істеп тұрса β=1);
cos φ = 0.75 – коэффициент.
Аппараттық зал үшін адамдар бөлетін жуылуды Qл ескермеуге болады (Qл=0). Аппараттық залында қосымша жағдайлардың болмауы себебінен, және қуысы көп болғандықтан, онда бөлмедегі жылу мөлшерін терезеден кіретін күн нұрының радиациясымен тең деп алуға болады, сондықтан біз оны ескермейміз, яғни Qр=Qотд. Жылдың жылы кезі үшін Qотд=0 деп аламыз. Сондықтан да шамадан тыс жылу тек қана жарықтандыру құрылғылары арқылы өндіріледі:
.
Бөлмеден шығару керек ауа мөлшерін де осы формуладан есептеуге болады (құрылғылар залы үшін);
Желдету жүйесі қажетті ауа ауыстыру еселігін қамтамасыз ету керек. Ауа ауысу еселігі n деп бөлмеге бір сағат ішінде Vп бөлме көлеміне байланысты ауа мөлшерін айтпмыз (А стандартты станциясының аппараттық залы үшін - 210 м3 ). Осыған сәйкес ауа ауысу еселігін табамыз:
К = Lb/VЛ, (7.12)
мұндағы Lb – бөлмеге кіретін (немесе шығатын), м3/сағ;
Vп – бөлме көлемі, м3.
Мәндерді қою арқылы келесіні аламыз:
n = 14116.6/210 = 67.22.
Яғни А стандартының станциясының аппараттық залындағы құрылғы өндіретін шамадан тыс жылуды шығаруды үшін 67.22 еселігіндегі ауа ауысуын қаматамасыз ету керек.
Өлшеулерге сәйкес Австралиялық АРАС фирмасының кондиционерінің С-65-СВН-С моделін таңдаймыз.
7.3.1-кесте. Кондиционердің техникалық сипаттамасы
Кондиционер моделі |
С-65-СВН-С |
Суыту қуаты, (кВ) |
15,3 |
Жылыту қуаты (кВ) |
12 |
Толық жүктеме тогы, (А) |
25 |
Номиналды ауа ағыны, (м3/сағ) |
14350 |
Жұмыс режимі |
үздіксіз |
Операторлық зал жоғары дәрежелі қауіпті бөлмелерге жатпайды, өйткені жоғары дәрежелі қауіпті жағдайды тудыратын ешбір белгі жоқ (ылғалдылық, ток өткізгіш шаңы, ток өткізгіш еден, жоғары температура, бір жақтан жермен байланысқан металл құрылысты ғимараттың бөлшектеріне бір уақытта ұстау мүмкіншілігі, технологиялық құрылғылар, механизм және с.с. ал екінші жағынан электр құрылғыларының металл қаңқаларына).
Ал құрылғы залы жоғары дәрежелі қауіпті бөлмеге жатады, өйткені бұл категорияны сипаттайтын бір белгісі бар. Ол бір жағынан жермен байланысқан металл құрылысты ғимараттың бір бөлшегіне ал екінші жағынан электр құрылғыларының метал қаңқасын ұстау мүмкіншілігі.
Синхронизация жүйесінің құрылғыларын профилактикалау жылына бір реттен жиі өткізбеу керек болғандықтан және операторлық зал құрылғылық залда орналасқан құрылғылардан экрандау арқылы қорғалатын болғандықтан, еңбек жағдайларының ешқандай арнайы сипаты жоқ.
