Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-«SDH-ң-қолдануымен-Байганин-Қандыағаш-бөлі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.5 Байланыстың жобаланатын схемасы

2.4-суретте Байганин пункті – Шұбарқұдық пункті – Қандыағаш пункті дистанциясындағы байланыстың жобаланатын схемасы көрсетілген. Осы елді пунктерде STM-4 деңгейіндегі мультиплексорлар орнатылады, ал тармақтардағы елді мекендерде: Жарқамыс, Тасқопа және Болгарка STM-1 деңгейіндегі мультиплексорлар. Біздің таңдауымызға сәйкес түрде SMА-4 және SMА-1.

2.4 – сурет. – Жобаланатын схема.

3 Кабельді таңдау және талшықты оптикалық тарату жүйесі (тотж) екіншілік параметрлерін есептеу

3.1 Жобаланатын талшықты оптикалық байланыс жолы (тобж) үшін кабельді таңдау

Байганин – шұбарқұдық – Қандыағаш дистанциясындағы ТОБЖ үшін ЖАО (ЗАО) «Москабель-Фуджикура» фирмасының бір модалы 12-ші талшықты оптикалық кабелін таңдаймыз.

622 Мбит/с жылдамдықпен аппаратты тарату үшін λ=1550 нм толықн ұзындығында жұмыс істейтін 12 – талшықты кабельді пайдаланамыз.

Ұсынылатын кабель G652 МККТТ рекомендациясына және қосымшаларына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар ол МЭК спецификациясына соның ішінде ТЕС791-1, IEC 794-2 нұсқауларына сәйкес келеді.

Кабель сипаттамалары:

  • 12 бір модалы талшықтар;

  • жұмыстық толқын ұзындықтары 1310 нм және 1550 нм;

  • металл емес орталық элементі;

  • оптикалық модульдері SZ типті өрумен;

  • қуыстар мен оптикалық модулдер толық толтырылған;

  • сыртқы қабаты полиэтиленнен;

  • кабель тегістей диэлектрлік.

Кабель типі: ОМЗКГМ - 10 - 01 - 0,22 - 4...30 [144] - (20,0) [7,0].

Кабель 12 – талшықты. Талшықтар таралуы келесідей:

  • 4 талшық STM-1-ді 1+1 (резерв схемасы бойынша таратуға пайдаланылады;

  • 4 талшық «салқын» резерв болып табылады;

  • 2 талшық 155 Мбит/с (STM-1) жылдамдықпен аудандық (облыстық) байланыс үшін РУТ (ГУТ)-те бөлінгенде оптикалық сигналды таратуда пайдаланылады;

  • 2 талшық облыстық байланыстардың «салқын» резерві үшін пайдаланылуы мүмкін.

ОМЗКГМ - 10 - 01 - 0,22 - 12 [144] - (20,0) [7,0] 3.1 – суретте көрсетілген.

Сурет 3.1. - ОМЗКГМ - 10 - 01 - 0,22 - 4...30 [144] - (20,0) [7,0] кабелі сыртқы түрі

ОМЗКГМ - 10 - 01 - 0,22 - 4...30 [144] - (20,0) [7,0] кабелі оптикалық көрсеткіштері 3.1 – кестеде берілген.

3.1 – кесте. Кабельдің оптикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

ОГ типі үшін

1310 нм, 1550 нм толқында өшу коэффициенті

дБ/км

0,22

Нөлдік дисперсия толқын ұзындығы

нм

1285-1330нм, 1550нм толқын ұзындығындағы хроматикалық дисперсия

пс/нм•км

(1530-1565нм)

1,0-6,0

Нөлдік нүктедегі дисперсия қисығы еңкеюі

пс/км•нм2

Поляризациялық модалық дисперсия

пс/км1/2

0,5

3.2 – кесте. ОМЗКГМ кабелінің техникалық көрсеткіштері

Арналуы

Барлық топтағы топырақта, тек мұз қатудың деформацияға ұшырағаннан басқа, кабелдік канализацияда, турбаларда, блоктарда, көпірлер мен шахталардағы коллекторларды, терең емес батпақта және кеме жүрмейтін өзендерде кабель салу үшін

Оптикалық талшық түрі:

Нөлдік ағысқан дисперсиясы бар бірмодалы

Оптикалық талшықтар саны

12

Сыртқы диаметрі

16,7 мм

Массасы

480 кг/км

Рұқсатты тартылу күші

7,0 ... 20,0 кН

Рұқсатты топтасу күші

0,9 кН/см-ден кем емес

Иілу минималды радиусы

335 мм

Пайдалану температурасы

- 40 ... + 600С

Құрылыстық ұзындығы

10000 м-ге дейін

Қызметтік мерзімі

25 жылдан кем емес

Талшықты оптикалық кабельдің (ТОК) сыртқы қабығына қарағанда жоғары сыну коэффициент бар өзекшесі GeO>2 (гермонит қостотығы) қосымшасы бар SiO2 (кремний қостотығы) –нан тұрады.

ТОК-тың жабылғысы материалы да SiO2. Негізгі жабылғы - UV акрелат. әртүрлі модульдерде ол екі қабатты түрде қолданылады. Ішкі қабат сыртқыға қарағанда әлдеқайда жұмсақ. Бұл шыны талшықты микроиілгендегі және абразивті тозудағы шығындардан қорғайды. Негізгі жабылғы өлшемі 250 мкм ± 15мкм-ге тең. Негізгі жабылғы алып тастау керек болғанда механикалық құралдар көмегімен жеңіл аласталады. Жабылғыны алып тастау үшін ешқандай химиялық құрамдар керек емес.

Талшық, буферлік турба деп аталатын оптикалық модуль ішіне салынады. Буфер ішінде бір немесе одан көп талшықтарды орналастыруға болады; талшықтар статистика жағынан турба ортасында еркін жатады. Буферді бұрау нәтижесінде аса тартылу шамамен 0,3-0,5%-ды құрайды. Бұл дегеніміз, егер кабельге тартып созатын күш берілсе, осыдан және де өзекшеге, кең ауқымда салыстырмалы ұзару талшық жүктемесіне әсер етпейді және өшудің ұлғаюы білінбейді. Буферлік турба әдісі температура айырмашылықтарында кабельдің қысымдалу немесе ұлғаю жағдайында да қолданылады. Осы құрылым көлденең қысымдауға да жақсы қорғаныс бола алады.

Қорғаушы шланг

Болат сым

ПЭ-ден қабық

Орталық күштік шыныпластик элемент

Модуль

Гидрофобты компаунд

3.2 – сурет. ОМЗКГМ типті кабель конструкциясы.

Кабельдің құрылыстық ұзындығын 6 км-ға тең деп аламыз, жолдағы минималды өшуді қамтамасыз ету үшін.