Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_043257015.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209 Кб
Скачать
☆

1.2. Тауардың категориялық құны.

Еңбек құны теориясы және шекті пайдалылық теориясы негізгі құн теориялары болып табылады.

Тұтыну бағалылығы — бұл заттын пайдалылығы, адамның қандай болмасын қажеттігін оның канағаттандыра алатын қабілеті. Осы арқылы 6ip өнім басқаларға ұқсамайды, өйткені олардың тұтыну қасиеттері өзгеше болады.

Тауардың құны, оны жасауға жұмсалған еңбек шығынынан тұрады. Осыған сәйкес, тауардың. құнының шамасы, оны өндіруге жұмсалған еңбек шамасымен және кажетті жұмыс уакытымен белгіленеді. Егер еңбек әрекеттерінің қарқындылығын тұракты деп болжамдасақ, онда тауар өндіруге жұмсалған қажетті еңбектің мөлшері өскен сайын, оның құны арта түседі. Өнімдердің тұтыну құны оларды 6ip-6ipiмен алшақтатса, құн оларды біріктіреді.

Тұтынудағы бағалылық пен құн тауарда қатар, 6ip мезгілде орын алады және олар 6ip-6ipiмен алмаса алады. Тұтыну құнының езгерістері ертелі-кеш құнының өзгерістеріне әкеліп соғады. Керісінше, құнының өзгеруі тұтыну құнының өзгерістеріне әкеп соғады. Осы пайымдауды әзірше дәлелсіз қабылдайық — дәлел кейін келтіріледі. Мынаны ескертейік: тауардың құнын қандай болмаса сондай еңбек уакыты емес, тек оны өндіруге нақты қажет еңбек уакыты құрайды. Әр қоғам осы кажетті уакытты реттеу үшін өзіне тән механизмдер қолданады. Мысалы, классикалық капитализм тұсында тауарды өндіруге керек қажетті уакыт өндірістік орташа жағдаймен белгіленеді.

Өнімдердің көп түрі болуы, олардың әр қайсысының тұтыну бағалылығының ұқсас болмағаны сияқты, еңбектің де түр – түрге белінуінен, олардың жеке түрінде қолданылатын еңбек операцияларының ұқсас болмауынан туады. Тауардың тұтыну құнын өндіруге кажетті операциялардың нақты жиынтығы, нақты еңбек деп аталады. Сонымен қатар еңбектің екінші жағын жұмысшы күшінің физиологиялық мағынада жұмсалуы құрайды. Жұмысшы күшін жұмсау бағытынан келсек, өндірушілер арасында тек жұмсалған күштің саны жағынан ғана айырмашылық болады: 6ipey көбірек, 6ipey азырақ еңбек жұмсайды. Еңбектің физиологиялық шығындарын экономикалық есепке алып және осы еңбектің физиологиялық шығындарын салыстыру, абстрактыеңбек деген түсінікті құрайды.

Сонымен, тек еңбектің өнімі ғана емес, еңбектің өзі екі жақты процесс: нақты және абстрактылы еңбек процеci болып табылады. Нақты еңбек тауардың тұтыну құнын, ал абстракты­лы еңбек — құнын құрайды.

Нақты еңбектің нәтижесi өнім, ал осы өнімнің қажетіліктерді қамтамасыз ететін ерекше қабілеті, оның тұтыну құны болады.

Шекті пайдалылық. теориясы адамдарға өмip сүру үшін материалдық игіліктердің белгілі 6ip жиынтығы қажет дейді, игіліктердің адамның белгілі 6ip қажеттігін қамтамасыз ететін қабілетті, оның падалылығы деп аталады.

Адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ететін игіліктер әр шамада болады: мол шамада, сирек шамада. Мол игіліктермен экономикалық теория айналыспайды. Оның назар аударатыны тек сиректігі әр дәрежеде болатын игіліктер. Міне осы игіліктерді үнемдеу қажет. Игілікті тұтынушының субъектик бағалауы, осы игіліктің бағалылығын құрайды. Субъективтік бағалау немесе игіліктің бағалылығы, 6ip жақтан, игіліктің пайдалылық дәрежесімен, екінші жақтан, оның сиректігімен беліленеді.

Егер белгілі 6ip игіліктің қоры болса, осы кордың келемі, оның сиректігінің дәpeжeciн көрсетеді, ал оның кажеттіліктерді қанағаттандыра алатын қабілеті - оның пайлалылығын көрсетеді.

Игіліктердің кө6i бөлінеді. Сондықтан олардың жалпы пайдалылығы және қордың әр данасының пайдалылығы болады. Өндірушіде белгілі 6ip игіліктің үш бөлшегі бар делік. Енді осы кажеттіліктің бастапқы қарқындығын сан жағынан көрсетуге бо­лады. Ол 10 - ға тең дейік. Енді өндіруші осы игіліктің қорының бірінші бөлшегін тұтынды дейік. Игіліктің әр бөлшегінің пайдалылығы қажеттіліктің қарқындылығын көрсететін болғандықтан, бірінші бөлшектің пайдалылығы 10-ға тең деуге болады.

Бірінші бөлшекті тұтынғаннан сон, қажеттілік аздап қанағаттандырылады және оның қарқындылығы өндіруші үшін 8-ге дейін төмендейді. Енді, игіліктің екінші бөлшегінің пайдалылығы 8-ге тең болады.

Игіліктің ақырығы, үшінші бөлшегінің пайдалылығы 6-ға тең.Өндірушінің қарамағындағы осы ақырғы бөлшектің пайдалылығы шекті пайдалылық деп аталады. Егер игіліктер болжаусыз көп біртекті бөлінген 6oлca, тұтынушы игіліктің барлық бөлшектерін бірдей бағалайды. Бөлшектердің бағалылықтарының негізінде олардың шекті пайдалылығы жатады. Осылайша, игіліктің жалпы экономикалық. бағалылылғын табу үшін, шекті пайдалылықты игіліктің бөлшектерінің санына көбейту керек.

Жалпы корытынды мынадай: пайдалылықты субъективтік бағалаудың негізінде, осы өнімді өндіруге қажет тиімді технология таңдап алынады.

Құнның дәстүрлі еңбек теориясы өндіріспен айналысуға береліп кетіп, тұтынумен жетімсіз есептескен.

Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының, өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құткарады.

Шекті пайдалылық. теориясы өз жағынан, керісінше, өндірісті ұмытып, бар назарын тұтынуға аударған. Бұл тұрғыда еңбек теори­ясы шекті пайдалылық теориясының сынаржақтылығын жояды, оны тындық ка6ілеті, оның АҚШ долларына айырбасталуымен қамтамасыз етіліп отыр. Бірақ АҚШ-ың өзінде 1971 жылы Орталық банктер үшін де доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]