Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_043257015.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209 Кб
Скачать
☆

2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары.

Қазақстан экономикасының ерекшеліктері. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикамызда әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.

Қазақстанның әр түрлі айдандары мен аймақтарындағы халық шаруашылығында қалыптасқан құрылымдарының негізгі ерекшеліктері қандай?

Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.

Орталық қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина құрылысы және метал өңдеу, химия өнеркәсібі дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабынан сай келмейді. Өндірілетін жалпы өнімнің 7 проценті ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі.

Шығыс аймақтары өздерінің табиғат – ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.

Оңтүстік аймақтарда Республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60 проценті, тері өндірісінің 40 проценті орналасқан. Аймақтық негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған.

Ауыл шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар – құнарлы қара топырақты / солтүстікте / және сұр топырақты / оңтүстікте / жер алаңдары.

Республикамыз бмдай өндіру мен оны сатуда бұрынғы КСРО – да екінші / Ресейден кейін / орын алатын. Бидай өндіретін ірі аймақтар – республикамыздың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62 проценті осы облыстардың үлесіне тиеді.

Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған еңбек ресурстары жеткілікті Оңтүстік Қазақстан мал саны бойынша сирек қоныстанған Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл айырмашылық табиғат пен ауау райының ерекшелігінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп келгенде халық шаруашылығы құрылымының едәуір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұл жағдайда Солтүстік аймақта Павлодар / село тұрғындары – 37 / , Оңтүстікте Алматы облыстарын / Алматы қаласын есептемегенде, мұнда село халқы – 75 процент / атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл ерекшелік – Павлодар – Екібастұз ірі территориялық өндірістік кешенінің қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің негізінен – Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты.

Қорыта айтқанда, Қазақстанның халық шаруашылығындағы қалыптасқан салалық құрылым – біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы Одақтың бірыңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік - әміршілдік және орталықтанған әділетсіз түрде «бәрін бір өзі шешу» зардабын тигізгендігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардың ортасында 73 жыл бойы қалыптасқан республикамыздың халық шаруашылығының құрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, республика индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бар 3 проценттің төңірегінде. Мұның өзі халықтың қажетін 40 – 50 процент қана қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз – не бары 20 – 30 процентке сәйкес келеді.

Оның үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінше жоғарылатылғандықтан баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, республика территориясындағы өнеркәсіптің басым үлесі, яғни 93 проценті республика қажеттерін елей бермейтін бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды.

Осы жағдайды қалай түзетуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары қандай?

Қазіргі өркендеу бағыты болып табылатын республика экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде жүргізілуде.

Нарықты қалыптастырудың алғышарты – нақты тәуелсіздік. Республика тәуелсіздігі - өмірдің өзі күн тәртібіне жоғары талаппен қойып отырған мәселе.

Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына төмендегі деректерге көңіл аударайық. Бұрынғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару ведомостволары мен министрліктерінде басты – басты 30 өндіріс, олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру, жалпы машина жасау, басқа да Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған.

Осының салдарынан республикада өндірілетін осы салалар өнімдерінің басым мөлшері сыртқа кетіп, сырттан еңбек құралдары мен тұтыну заттарын әкелуге мәжбүр болып отырдық.

Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан өз экономикасының құрылымын өзі айқындап, оның салаларының арақатынас пропорцияларын белгілеу және оған уақытында керекті түзетулер енгізу, күрделі қаржыларды пайдалану ісінде нағыз тәуелсәздік алуы қажет. Міне, осы жағдайда ғана республика қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығаруды дұрыс реттей алады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы. Экономика дағдарыстан шығу жолын іздестіруде.

1992 жылы Қазақстан экономикасы үшін қоғамдық өндіріс деңгейінің төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденция, әсіресе, өнеркәсіптің негізгі салдарында, күрделі қозғалыста және тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді. Мұның себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып отыр. Мұның өзі өнімнің бағаларын күрт арттыруға әкеп соқты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда олар 24,7есе өсті. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда, өндірістің құлдырауына жол берді, ал жалпы өнеркәсіп бойынша, ол осның алдындағы жылдағы 0,9 процентпен салыстырғанда 14,8 процентке жетті. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда алаңдарлық жағдай қалыптасуда. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкілкөлемінің бестен бір бөлігін ғана құрып отыр, сөйтіп, 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 процент кеміп кетті.

1993 жылы Қазақстан Республикасының экономикасына бірнеше факторлар тікелей әсерін тигізеді. Біріншіден, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру дәйекті жүргізіле бастады. Екіншіден, өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралар жүзеге асырылды. Үшіншіден, қаржы – несие және инвестициялық саяттарға түбегейлі өзгерістер енгізіліді.

Осы шараларға қарамастан, материалдық өндіріс салаларында өндіріс көлемінің кемуі тоқтаған жоқ, 1993 жылы таза материалдық өнім 1992 жылмен салыстырғанда 14,8 процентке кеміді. Бұл жағдайда пайдаланылған ұлттық табыстың құрылымында тұтыну қоры 1992 жылдағы 67,3 проценттен 76,5 процентке дейін өсіп, ал қорлану қоры, бұған керісінше, 32,7 проценттен 23,5 процентке кеміді.

1993 жылы инфляцияның көрсеткіші – тұтыну бағасының индексі 2265 процентке / 1993 жылы – 3061 процент / тең болды. Азық – түлік тауарлары – 23 есе, азық – түлік емес тауарлар – 18 есе қымбатталды. Осы жылы ауылшаруашылық жалпы өнімнің көлемі 6,3 млрд. Теңге, немес 1992 жылға қарағанда, 9,8 процентке кеміді.

1994 жылдың бірінші жартысы өндірістің төмендеуі, инфляцияның өрістеуі және біршама халықтың әл – ауқатының, тұрмыс жағдайының төмендеуімен сипатталады. 1994 жылдың 1 – ші шілдесінде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен – сараны тоқтап тұрды, соның ішінде 55,2 мың жұмыскерлерді қамтитын 102 кәсіпорын толық жұмыс істеген жоқ. Сонымен қатар, 163 кәсіпорындар мен мекемелер толық емес жұмыс уақыты тәртібінде әрекет жасады.

Осылардың нәтижесінде жалпы ішкі өнім / ЖІӨ / осы жылдың қаңтар – маусым айларында 1993 жылдың осыған сәйкес кезеңінен 27 процентке, өнеркәсіп өндірісінің – 29,4 мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің күрделі қаржылары – 61,2 процентке кеміді.

Республика көптеген ТМД – ға кіретін мемлекеттерден табыс деңгейі бойынша артта қалып отыр. 1994 жылдың 1 – ші сәуірінде Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долларға тең болса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда – 39,6, Туркменияда – 57,7 , Ресейде – 94 доллар болды.

Экономикалық реформа осындай қиын жағдайда жүргізілуде.

Экономикалық реформаның барысы. Республикада реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама қабылданды. Оның біріншісі 1991 – 1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы / 1 кезең / . Дағдарысқа қарсы шұғыл шалалар және әлеуметтік – экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы экономиканы тұрақтандыруға және нарыққа көшу кезеніне арналған және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993 – 1995 жылдарға арналған / ІІ кезең / ұлттық бағдарламасы.

Еліміздің Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды айтады:

  • меншіктің негізгі түрлерін / жеке меншік пен мемлекеттік меншік / үйлестіре және іс – қимыл жасай отырып, бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық экономика құру.

  • адамның экономикалық тұрғындар өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады.

  • Қазақстанның табиғи ресурстарының дүниежүзілік тауар рыногында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу.

  • тұтыну рыногын толықтыру.

  • Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану.

1994 жылдың маусымында ҚР- ның Презинденті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне «Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шалары туралы» жолдауын жіберді.

Осы жоғарыда аталған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалайжүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда жүргізіліп жатқан шалалар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізілгеннен бері экономикалық реформаны дамытып, тереңдеті мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200 – ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылданды. Сөйтіп заң тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды

Бұрынғы жоспарлы әкімшілдік - әміршілдікке негізделген экономикадан – нарықтық қатынастарға түбегейлі түрде көшудің қатар әрі ұзаққа созылатын процесі тап осы жағдайға орай пайдаланылатын негізгі әдіс – тәсілдерге байланысты жүзеге асатын болады.

Қазақстан үкіметі осы бағытта мынадай үш негізгі шараларды жүзеге асыруды көздеп отыр:

  1. Бағаға және өндірушілерге бақылауды алу арқылы экономикалық ырықтандыру;

  2. Айналамдағы ақша массасын реттеу және бюджетті тепе – теңдік ету арқылы макроэкономикалық тұрақтандыру;

  3. Мемлекеттік мүлікті жеке адамдарға және / немесе / ұйымдарға сату.

Нарықтық экономикаға көшу – бір сөзбен айтқанда, азын – аулық арқылы ауытқумен меншіктің әр түрлі формаларын қалыптастыра отырып, тізгінді еркін бәсекелестікке беріп, сол бәсекелестік арқылы өндірістің дамуына да, баға нақты да реттеу деген сөз.

Тәуелсіз нарықты экономиканы құрудың басты жолы – нарықтың негізгі құрылымдары мен түрлерін қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]