- •1.1. Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары, негізгі белгілері мен типтері және оның қассиеттері.
- •1.2. Тауардың категориялық құны.
- •1.3. Ақша тауар өндірісінің категориясы: пайда болуы және мәні.
- •1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.
- •2.1. Қазақстан Республикасында тауар өндірісінің негізгі нышандары.
- •2.2. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
2.2. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын
дамыту.
Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың КПСС XXVI съезнің шешімдеріне сәйкес жасалған комплексті программасы СССР-дің Экономикалық және әлеуметтік дамуының 1986— 1990 жылдарға және 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған негізгі бағыттарының құрамдас бөлігі болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету жөнінде партия алға қойған міндетке сәйкес программа халық тұтынатын тауарлар ендіруді барынша ұлғайтуды, түр-түрін көбейтіп, сапасын арттыруды және халыкқа көрceтілетін кызметін дамытуды көздейді, халық шаруашылығының барлық, салаларының күш -жігерін азық –түліктік емес товарлар өндіру мен өткізуді, сондай-ақ қызмет көрсетуді дамыту саласындағы таяудағы және перспективалы міндеттерді шешуге жұмылдырады.
Тауарлар шығаруға және халыққа қызмет көрсетуге маманданған салалар жедел дамып отыр. Осы заманғы техника мен технологияны кеңінен енгізу негізінде олардың материалдық - техникалық базасы нығайып келеді. Тауарлар өндіруді және қызмет көрсету саласын жабдықпен, материалдармен және комплектегіш бұйымдармен қамтамасыз ету жақсаруда.
Мата, киім, аяк киім өндіруді едәуір ұлғайту, халықтың күрделі тұрмыстық, техниканың барлық түрлерімен және әр түрлі қызметпен қамтамасыз етілуін арттыру белгіленіп отыр. Сонымен 6ipгe совет адамдарының бойында парасатты қажеттілікті қалыптастыру, оларды тұрмыс пен демалыстың социалистік мәдениетіне тәрбиелеу жөнінде, бос уакытты толымды пайдалану үшін жағдайлар жасау жөнінде мақсатты да пәрменді жұмыс жүргізілетін болады.
Программада шығарылатын товарлардың сапасы мен түр-түрін жақсарту, саудада және қоғамдық тамақтандыруда, халыққа көрсетілетін тұрмыстық тұрғын үй-коммуналдық, транспорт, туристік және басқа қызмет түрлерінде прогрестi формаларды енгізу және оларды ұлғайту мәселелеріне баса назар аударылады.
Халықтың қажетті товарларға және қызметке деген талап-тілегін қанағаттандыру, жергілікті жерлерде бар резервтер мен мумкіндіктерді неғұрлым толық пайдалану үшін министрліктердің, ведомстволардың, одақтас республикалардың және халық депутаттары жергілікті Coветтерінің рөлі мен жауапкершілігі арттырылады.
Товарлар өндіру мен өткізуді және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелерін өзара байланыста шеше отырып, программа баскару және жоспарлау қызметін жетілдіруді, тиісті салаларды бұқаралық кәсіптердің білікті жұмысшы кадрларымен және мамандармен қамтамасыз етуді, социалистік елдермен ыптымақтастықты ұлғайтып, тереңдетуді көздейді.
Белгіленген шараларды жүзеге асыру халық тұтынатын товарлар өндіруді және қызмет көрсету саласын сапалық жаңа деңгейге көтеруге, совет адамдарының алуан түрл қажеттерін толығырақ канағаттандыруға мүмкіндік береді.
Программада өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту, қуаттарды тиімді пайдалану, кәсіпорындарды қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру, технологиялық процестерді жетілдіру, шикізат пен материалдардың қазіргі түрлерін қолдану, өнімге жұмсалатын материал шығынын кеміту, ресурстарды үнемді пайдалану негізгі де өндірісті неғұрлым басымырақ интенсивтендіру есебінен халық тұтынатын тауарлар шығаруды үздіксіз арттыру қажеттігі атап керсетілген.
Жеңіл өнеркәсіптің, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларын өндіру мен тұтынудың құрылымын белсенді және мақсатты түрді жетілдіру, халықтың талап - тіегінің өзгepyінe дер кезінде назар аударып отыру, қала және село тұрғындарының еңбектегі , тұрмыстағы, бос уақытындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді неғұрлым толық ескеру белгіленді.
Халық үшін тауарлар өндірумен шұғылданатын өнеркәсіп салаларының бірінші кезектегі міндеті бұйымдардың сапасы мен түр-түрін түбегейлі түрде жақсарту, олардың техникалық және эстетикалық деңгейін, пайдаланудағы сенімділігін арттыру болып табылады.
Тоңазытқыштар мен мұздатқыштар шығару 1990 жылы 6,6—7 миллион данаға дейін және 2000 жылы 8—8,8 миллион данаға дейін арттырылады. Екі камералы тоңазытқыштар өндіру он eкінші бесжылдықтың аяғына қарай 4,5 есе, ал мұздаткыштар өндіру үш есе көбейтіледі. Тұрмыстық тоңазытқыштардың энергия тұтыну үлесі қазipri үлгелерге қарағанда 1,3—1,5 есе және жұмсалатын материал шығыны 1,2 есе кемітілді.
Тұрмыстық тігін машиналарын шығаруды 1990 жылы 2,5 миллион данаға дейін және 2000 жылы 3,5 миллион данаға дейін жеткізу белгіленді. Тұрмыстық тігін және тоқу машиналарының түр-түpi ұлғайтылсын. 1990 жылы көп операциялар орындайтын тігін машиналарын шығару 1,5 есе көбейтілсін.
Kip жуатын машиналар өндіpy 1990 жылы 6—6,1 миллион данаға дейін, ал 2000-жылы 6,4—7 миллион данаға дейін артады. Kip жуатын көп программалы автомат, жартылай автомат және шағын көлемді жаңа машиналар, кірді кептіріп , өтектейтін аппараттар шығару ұлғайтылады.
Халыққа сатуға арнап шығарылатын транспорт құралдарының техникалық дәрежесін арттыру көзделеді. Он екінші бесжылдықта техникалық пapaмeтpлepi жақсартылған жеңіл автомобильдердің жаңа модельдерін шығарура көшу керек. Жеңіл автомобильдерді пайдалануды жеңілдететін приборлар мен құрылғылар өндіру игерілсін. Мотоциклдер мен велосипедтердің номенклатурасы ұлғайтылып, пайдалапу сапасы жақсартылсын. Жеңіл құймалар мен конструкциялық пластикалық заттарды қолдану есебінен велосипедтердің салмағы кемітілсін. Велотренажерлер өндіру ұлғайтылсын.
1990 жылы кварцты қол сағаттар өндіру 2 есе арттырылсын. Әуесқойлық фотокинотехниканың — кинокамералардың, фотоаппараттардың, үлкейткіштердің, диапроекторлардың жаңа модельдерін өндіру игерілсін. Фотокино құралдарының түрлі-түсті фотокино материалдарынын түр-түрін жақсартып, сапасын арттыру және оларды өндіруді ұлғайту көзделсін. Халық осыған сүйеніп, мемлікеттік халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын жақсарту есебімен, халық тұрмысын жақсартады.
Мәдени – тұрмыстық және шаруашылық тауарлар өндірудің программада көзделген көлемі халықтың бұлармен қамтамасыз етілуін едәуір арттырура мүмкіндік береді.
Коллективтік бау-бақша және огород шаруашылығын дамытудың маңызды әлеуметтік –экономикалық мәнін ескере отырып, бақша учаскелерінің белгіленген өсімін қамтамасыз ету үшін материалдық – техникалық ресурстар бөлу көзделеді.
Он екінші бесжылдықта халықтың құрылыс материалдары, санитарлық – техникалық жабдық, бау-бақша үйлері, бақша – огород аспаптары мен жарақтары жөніндегі сұранымы толық қамтамасыз етіледі. Meншікті қосалқы шаруашылық пен бау – бақша учаскелеріндегі еңбекті механикаландыруға арналған машиналардың — өсімдік шаруашылығындағы кіші механикаландыру құралдарының ауылшаруашылық өнімін ұқсатуға арналған түрлі құрылғылар комплектілері бар бесаспап машиналардың моторлы шалғылардың, топырақ ұқсатуға арналған құралдар жиынтығы бар шағын тракторларың, жем әзірлеуге арналған қондырғылардың және басқа машиналардың түр-түpi ұлғайтылады.
Қорытынды
''Халыққа қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдарының есебi мен аудитiн және олардың экономикалық тиiмдi пайдалануын зерттей келе теориядан алған бiлiмiмдi салыстыра отырып, келесiдей қорытынды шығаруға болады.
Шаруашылық субъектiде негiзгi құралдардың есебi Қазақстан Республикасы бухгалтерлiк есебiнiң стандарттарына сәйкес жүргiзiледi.
''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдардың ұқыпты сақталуына және тиiмдi пайдалануына толық жағдай жасалынған. Бұл тұрғыда субъективтiде әрбiр негiзгi құралға жауапты адам тағайындалып олар кәсiпорын басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
Кәсiпорынның негiзгi құралдары номерi 6-шы бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес яғни стандартта белгiленiп көрсетiлген бағалар бойынша бағаланады.
Жыл сайын шаруашылық субъектiсi жылдық есеп берер алдында өзiнің негiзгi құралдарына түгендеу жұмысын жұргiзiп тұрады. Сонымен әатар әрбiр бөлiм басшылары өздерiнiң жауапкершiлiгiндей (қарасты) негiзгi құралдар туралы жыл соңында есеп бередi, яғни жыл басында негiзгi құралдардың қанша болғаны, жыл бойы кiрiске алғандары мен шығыс етiлгендерi, жыл соңында әалғандары туралы. Осы есеп беруде олар келесi жылға негiзгi қажет болып отырған негiзгi құралдар үшiн кәсiпорын басшыларының алдында тапсырыс бередi.
Барлық негiзгi құралдардың топтамалық және талдамалық есебi заңға сәйкес белгiленген құжаттарда есептелiнiп жүргiзiледi. Олардың уақытылы толтырылуына жауапты адам белгiленген.
2003 және 2004 жылдары ұйым өз меншiгiндегi негiзгі құралдарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргiзген.
Әйтседе осы айтылғандармен қатар ''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдардың есебiн жүргiзiуден кемшiлiктер болмаса да, олардың тиiмдiлiгiн арттыратын, яғни кәсiпорынға көбiрек пайда әкелiп түру үшiн келесiдей ұсынысымды айтқым келедi:
Негiзгі құралдардың есебiн жүргiзудi жетiлдiру үшiн автоматтандыру жүйесiне көшу.
Тозуы жеткен негiзгi құралдары уақытылы есептеп шығару және олардың орнына бүгiнгi күн талабына сәйкес өнiмдiлiгi жоғары негiзгi құралдар сатып алу.
Негiзгi құралдарды тез арада ауыстырып отыру үшiн, яғни табиғи тозуы жетпей тұрып өнiмдiлiгi төмен негiзi құралдарды өнiмдiлiгi жоғары жаңаларын алу барысында амортизациялық аударым есептеудiң жылдамдатылған әдiсiн қолдану.
Бұл ұсыныстар ''Қызмет көрсету басқармасының'' жұмыстарын, яғни өнiм көлемiн арттыруға ықпал етедi деп ойлаймын. Осындай жағдайда ғана кәсiпорын қазiргi нарықтық экономикалық жағдайда бәсекеге төтеп берiп өз өнiмдерiн халықаралық базарларға шығаруға мүмкiндiк ала алады.
Қолданылған әдебиеттер:
«Нарық экономикасын қоғамның экономикалық өмірінің негізі», авторы: Мәдешев Б.
«Нарық экономика негіздері», автор: Жүнісов Б.Т.
«Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности», Всемирный банк, январь 1995г.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 29 желтоқсанда № 441 бұйрығымен бекітілген. «Бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспарын қолдану жөніндегі әдістемелік ұсыныс».
«Нарқтық қатынасқа өту жағдайында ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастыру», Алматы 1994. автов: Тұрғанбаев
«Нарық қатынасына өту кезеңіндегі өндірістік бизнеске баға тетігін пайдалану», Алматы 1996. автор: Төлемісұлы
«Өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторы», Алматы 1984. автор: Төлемісова Л.Е.
«Нарық жағдайында Қазақстанның кен өнеркәсіптерінде өнім сапасы», Түркістан 2002. автор: Мәмбетова С.Ш.
«Нарыққа өту жолында ұлттық аймақ экономикасының әлеуметтік бағыттылығын арттыру мәселелері», автор: Бодауханұлы Қ.
«Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың 1986 – 2000 жылдараға арналған комплекстік программа», Алматы 1986.
«Экономикалық теория», автор: Әкімбеков
«Нарық: топ жарып, алға шығару. Практика мен принцептері», Алматы 1994. автор: Питер Ф., Друкер.
«Қаржылық есеп: оқу құралы» Қ.К. Кеулімжаев және т.б. Алматы: Экономика, 2001.
