Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stud.kz_043257015.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209 Кб
Скачать
☆

1.4. Тауарлы өндірістің ерекше бағалары.

Нарықтык баға құрылуында баға игіліктерді айырбастау процесінде байқалатын, олардың бағалылығын көрсететін форма болып табылады. Біріншіден, бұл жағдайда, тауарлардың бағасы және олардың. тұтыну объектісі болуымен байланысты өздеріне тән бағалылықтың арасында тікелей байланыс бары байқалады. Екіншіден, тауардың бағасы тек оның ақшаға, немесе, басқа тауарға айырбасталуында ғана көрінеді.

Сауда – саттық операциялардың масштабына сәйкес және сатылатын тауарлардың түрлеріне қарай, бағалар мынадай түрлерге болшеді:

• көтерме сауда бағасы арқылы көтерме саудада өнімдердің ipi партиялары сатылады;

• бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар индивидуалдық сатып алушыларға шағын мөлшерде сатылады;

• тарифтер көрсетілген қызметтер үшін (телефонды пайдаланған үшін, электрқуаты, газ, су үшін пәтерді жендеушіге) төленетін бааға.

Еркіндіктің дәрежесіне сай, баға былай бөлінеді:

• қатаң белгіленген тұрақты бағалар – баға құру органдарының белгілейтін бағалары. Осындай бағаны қалайда болмасын бұзу заңға сәйкес қудаланады;

• реттелген бағалар. Бұлардың мөлшерін мемлекеттік органдар реттеп отырады. Бipaқ осы ықпал белгілі 6іp тауарлар тобына бағаның жоғарғы шегін белгілеумен аяқталады. Бағаларды рсетеу рентабельдіктің шекті дәрежесін белгілеу арқылы жүрзіледі;

• нарықтық бағалар — мемлекеттік органдардың тікелей реттеуіне жатпайтын бағалар.

Бұл бағалар нарық конъюнктурасының сұраныс пен ұсыныс зандарының ықпалы нәтижесінде қалыптасады. Нарықтық бағалар сатып алушылар мен сатушылардың еркін саудаласу процесінде белгіленуге тиісті. Қатан белгіленген мемлекеттік бағалардан нарықтық еркін бағаларға көшу, бағаны ырықтандыру деп аталады.

Бағалардың осы аталған түрлерінен басқа да экономикалық практикада қолданылатын сипаттары болады. Күнделікті бағамен қатар, экономикалық талдауда, жоспарлауда, статистикада, сонымен 6ipre зерттеуді көздеген мақсатта, салыстырма бағалар пайдаланылады. Оларды қолданудың мағынасы, мысалы, инфляция процесінде бағаның өзгеруін анықтап зерттеуде зор болады. Демек, егер 6ip мезгіл шамасында отбасы тамақтануға 10 мың теңге жұмсаған болса, ал кейінде тұтынудың дәрежесі бұрынғы көлемде қалып тамақтануға 20 мың теңге жұмсалса, азық – түліктің бағасы екі есе өскені болып табылады. Есептеу арқылы белгіленетін бағалардың барлық. түрлері есептелген баға деп аталады. Тауарлар мен қызметтерге койылатын кейбір бағалар прейскуранттар, яғни бағалардың көрсеткіші арқылы белгіленеді. Бұндай бағалар прейскуранттық деп аталады.

Жоспарлау – басқару жұмыстарының орындалу барысында болжамды және жоспарланған бағалар пайдаланылады. Орталықталған экономика жағдайында, бағаларды жоспарлау онай мәселеге жатпайды. Кеңес дәуірінде Қазақстандағы бағалар қағаз жүзінде ғана жоспарлы баға болған. Бұл бағаларды реттеу жұмысымен тек мемлекеттік басқару органдары айналысқан.

Нарық типтес экономикада болжамдалған бағалар кең пайдала­нылады. Бұлардың негізінде фирмалар әрекеттері жоспарланады, мемлекеттік жобалар мен бағдарламалар дайындалады және индикативтік жоспар деп аталатын мемлекеттік жоспар – болжау жасалады.

Келісімді бағалар сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы контракт құжаттарме айқындалған, көлемі сатып алу – сату алдында жасалған келісімде керсетілген баға болып есептеледі. Аз емес жағдайларда, контрактік бағаның абсолюттік көлемі емес, оның диапозоны, жоғарғы немесе томенгі дәрежесі, болмаса олардың мемлекеттік, нарықтық барлық әлемдік бағаға сәйкестігі анықталып көрсетіледі. Инфляция бола қалғанда, күтпеген ерекше жағдай бола қалғанда жаңа заңдар қабылданғанда контракт жүзінде бекітілген бағаның өзгерілу мумкіндігіде ескертіледі.

Көбінесе бағаның түpi, оның қалыптасқан нарығының. типімен белгіленеді. Биржалық, аукциондық, комиссиондық бағалар бола­ды. Әр елдерде әр типтес тауарларға, әр түрлі баға дәрежесінің болуы, дүниежүзілік бағаны пайдалану қажеттігін тудырады. Бүкіләлемдік бағалар epкін айырбасталатын валюталар арқылы есептеледі.

ІІ тарау. Экономика мен тауар өндірісінің байланысы.

Экономика салаларында жүргiзiлетiн есептер жүйесiнiң арасында бухгалтерлiк есептiң алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар iшiнде бухгалтерлiк есептің алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтiн, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдiстермен бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдағы өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есеп ғылымының мәні деп айтуға болады, немесе әр ағымда өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есепке алынатын бiр тұтас тұлға деп қарауға болады. Өйткенi бухгалтерлiк есеп ағымда өндiрiстiң дамуы жолында қажет. Бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi мен көрсеткiштерi қоғамдық өндiрiстiң дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бiрден-бiр негiз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi экономика салаларының барлығында нақты, тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмыстарын жүргiзу. Қоғамымыздың даму кезеңдерiнiң қай сатыларында болмасын дамудың объективтi экономикалық заңдылықтарын анықтау және сол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгiлеу үшiн есеп жұмыстарын, соның iшiнде бухгалтерлiк есептi дұрыс ұйымдастыра бiлудiң мәнi мен маңызы өте жоғары болып табылады. Қоғамның даму нәтижесiнде бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсуi, мiндеттердiң артып отырғандығы оның тарихынан белгiлi.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шағын және орташа кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңiл бөлiнуiне байланысты елiмiзде бухгалтер және аудитор мамандарына деген сұраныс артуда. Себебi олардың кәсiпкерлiк шаруашылығын дамытуға қосатын үлесi мен жасайтын қызметi елеулi де әрi тиiмдi. Сонымен қатар, қазiргi таңда халықаралық стандартқа көшуге байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудит жұмысына қойылатын талаптар да артуда және ол өте күрделi. Сондықтан шетелдiң тиiмдi тәжiрибесiн қолдана отырып, бухгалтерлiк есептi жаңа талаптарға сай бiр жүйеге келтiру болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi ұйымдарда бухгалтерлiк есептiң маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлiк есеп жұмысы ''Бухгалтерлiк есеп туралы'', ''Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы''. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлiк есеп стандарттары мен қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң Бас шоттар жопарына сай бекiтiлген ортақ прициптер мен ережелерi және Қазақстан Республикасы Қаржы министiрлiгiнiң бухгалтерлiк есеп жөнiнде шығаратын нұсқаулары мен ережелерi, ұсыныстары негiзiнде ұйымдастырылады. Осыған орай қазiргi кезде республикасымзда қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп жүйесi халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүргiзiлуде.

Бухгалтерлiк есеп және есеп беру мәлiметтерi шаруашылық жүргiзушi суъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн басқару, экономикалық бағдарламалар жасау және оның орындалуын бақылау үшiн қолданылады.

Елiмiздiң егемендiгін алып өз алдына ел болғанына да он бiр жыл толды. Осы уақыт аралығында көптеген өзгерiстер болды. Кеңес Одағы тұсында жоспарлы экономика жолымен дамып келген шаруашылыәтарды нарықтық жолға көшiруге тура келдi. Осыған сәйкес шаруашлылық суъектiлерiнде бухгалтерлiк есеп жұмысына да өзгерiстер енгiзу керектiгi анық байқалды.

1995 жылғы желтоәсан айының 26 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентiнiң ''Бухгалтерлiк есебi туралы'' Заң күшi бар № 2732-шi Жарлығы қабылданды. Бұл заң қабылданғаннан кейiнгi оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылғы қараша айының 25 жұлдызында қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң Бас шоттар жоспары бекiтiлiп, 1997 жылғы қаңтар айының бiрiншi жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық суъектiлерi жаңа бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша өз жұмыстарын жүргiзе бастады. Осы қолданылған бухгалтерлiк есептiң жаңа жүйесi экономикамызды көтеруге, iшкi және сыртқы инвесторлар үшiн неғұрлым тиiмдi етiп құруға мүмкiндiк бердi. Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектiлер мен еңбек ұйымдарын шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзiнiң өндiрген, шығарған өнiмдерiн халықаралық нарыққа бәсекелестiкке, салыстырмалылыққа жеткiзуге, өндiрiсiн ұлғайтуға, өндiрген өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға және оған ызиян келтiрмеуге мұдделi. Бұл орайда шаруашылық суъектiнiң материалдыә құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиiмсiз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айырыәа атап өтуге болады. Жоғарыда айтылғандарды дұрыс жүргiзу үшiн кәсiпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлi ерекше. Жаңа үлгiдегi сапалы және өнiмдiлiгi жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсiпорынның айтарлықтай жетiстiкке жетуi мүмкiн емес. Сондықтан да ''Негiзгi құралдардың есебi және аудитi'' тақырыбы бүгiнгi күнi актуалды тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырыпты диплом жұмысын жазу үшiн таңдап алынды. Дипломдық жұмыстың алға қойған негiзгi мақсаты кәсiпорынның негiзгi құралдарын есепке алу жағдайын жақсарту, оның тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады. Дипломдық жұмысты орындау барысында экономикалық, статистикалық әдістер қолданылды. Жұмыстың зерттеу объектiсiне Жаңақорған ауданындағы халыққа қызмет жасау ұйымының соңғы жалдардағы көрсеткiштерi алынды және оған экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]