- •Мақал-мәтелдер
- •Жай септеу үлгісі:
- •Тәуелді септеу үлгісі:
- •2)Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
- •3)Бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. Б.
- •5)Екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:
- •6) Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. Б.
- •Сын есімнің негізгі белгілері
- •Туынды зат есімнің жасалуы
- •Күрделі зат есімнің жасалуы
- •Туынды сын есімнің жасалуы
- •Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
- •Етістіктің шақ категориясы
- •3) Ауыспалы өткен шақ.
- •Етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •Үстеудің мағыналық түрлерінің кестесі
- •Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
- •Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.
- •Баяндауыш
- •Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі
- •Анықтауыш болатын сөз таптарының кестесі
- •Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
- •1) Сырттағылар тегіс кіріп, 2) орын-орындарына жайғасқан соң.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ |
|
|
|
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ |
СҰРАУЛЫ СӨЙЛЕМ |
ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ |
БҰЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ |
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады. |
«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің? |
Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой! |
Атаның баласы болма, адамның баласы бол. |
Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша. Тұрлаусыз мүшелер:толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болуы керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек. Мысалы: Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? –заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастантұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көптәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы:
Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі деүйірлі бола алады.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтантұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыш баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады. Мысалы: Сен оқыдың, білім алдың, ұстаз көрдің
(ІІ жақ, жекеше). Біз надан өстік (І жақ, көпше).
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына қарай бөлінуі |
Мысалдар |
Дара бастауыш |
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды.
|
Күрделі бастауыш |
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет.
|
Үйірлі бастауыш |
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын. Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы. |
