Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі анықтамалық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
757 Кб
Скачать
☆

Туынды зат есімнің жасалуы

Есім сөздерден

 

Етістіктен

 

Еліктеу сөздер

 

Аңшы, жұлдызшы, сынықшы

Әңгімеші, егінші, тергеуші

Адамшылық, аңшылық

таршылық; молшылық

Суретшілік, күйшілік

Балалық, кішілік,

достық, әділдік;

Талапкер, жүлдегер;

Дәмхана, еңбекқор,

өнерпаз, әуесқой,

арбакеш, Қазақстан;

Алым, бөлім

Сүзбе, кеспе

Бұрғы, сүзгі

Айтыс, күрес

Тарақ, күрек

Сүйеніш, қуаныш

Боран, түйін

Көсеу, бұрау

Үйінді, шайынды

Сорғыш, көргіш

Түйреуіш, сылауыш

Тарсыл

гүрсіл

шуыл

дүңкіл

уһіл

арсыл

 

Күрделі зат есімнің жасалуы

Бірігу арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

Қысқару арқылы

 

Темірқазық

Түйетабан

Көкшетау

Еңбеккүн

Көрпе-жастық

Жігіт-желең

Ата-ана

Дәрі-дәрмек

Абай даңғылы

Тау сілемі

Алма шырыны

Қамар сұлу

Ұжымшар

БҰҰ

Пединститут

Медбике

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер? – бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды.Тілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің – кімнің? – анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш. Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан – қайдан? – пысықтауыш, Алматыға – қайда? – пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.

Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіп те сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.

Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдердеп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни, зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептіңалды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.

Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.

Сын есім, түрлері, емлесі, сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы –қандай? қай?

Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапасы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үйдей (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?

Сын есім құрамына қарай: 1) дара; 2) күрделі болып екіге бөлінеді.

Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т. б.

Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.

1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, мая-мая, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таяз, жұп-жуас, т. б.

2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, ал қара көк, қою қалың қара сақалды, ақ шулан, ақ шабдар, т. б.

Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі сын есім;

2) туынды сын есім.

Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады. Мысалы: көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл, т. б.

Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады: 1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы; 2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы.